Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.87 Mб
Скачать

8 Дәріс. Мәліметтер қорын басқару және жобалау құралдары. Мқ функциялары. Ms access мқбж қолдану және оның негізгі түсініктері.

Мәліметтер қоры (МҚ) деп өзара байланысқан мәліметтердің интеграцияланған (шоғырланған) жиынтығын айтады. Көбінесе мәлімет қорлары нақты бір аумаққа, ұйымға немесе қолданбалы есептерге құрылады.

Мәліметтер қорымен жұмыс жасауды жеңілдету мақсатында мәліметтер қорын басқару жүйесіМҚБЖ (СУБД) автоматтандырылған жүйесі қолданылады. МҚБЖ дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауды жеңілдету мақсатында мәліметтер қорын басқару жүйесіМҚБЖ (СУБД) автоматтандырылған жүйесі қолданылады. МҚБЖ дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені. МҚБЖ өзінің құрылымында тек қана мәліметтерді сақтап қоймай, сонымен қатар түрлі амал-әдістерді де сақтайды. Ал олардың арқасында пайдаланушымен немесе басқа да программалық – аппараттық кешендермен байланыс түзіледі. Мәліметтер қоры - объектілердің жағдайын және олардың қатынасын қарастырып отырған мамандық саласында көрсететін белгілі бір аты бар ақпараттар жиынын айтады.

Ақпарат дегеніміз - әр түрлі объектілерден, процесстерден шығатын мәліметтер жиыны.

Мамандық саласына сәйкес ақпараттың өте үлкен көлемін тез арада өңдеп, пайдалану қажет болған жағдай - ақпараттық процесстерді автоматтандыруды, яғни мәліметтерді жинау, тасымалдау, сақтау, т.с.с. мәліметтер қорымен жұмыс істеуді қажет етеді. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) арқылы мәліметтер қорымен жұмыс атқару - автоматтандырылған информациялық жүйені құруды талап етеді (9 сурет).

Мәліметтерді және олардың арасында байланыстарды ұйымдастыру модельдері: иерархиалық, реляциялық және тораптық модельдер болып үшке бөлінеді.

Иерархиялық мәліметтер қорында жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы Norton Commander программасындағы каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі, т.б.

Реляциялық МҚ - кесте түрінде дайындалған шамалар. Мәліметтердің реляциялық моделінің концепциясын 1970 жылы МҚБЖ зерттеу облысының белгілі маманы Е.Ф.Кодд ұсынған. Реляция сөзі ағылшынның relation – қатынас сөзінен алынған. Шынында да реляциялық моделдің негізі кестелер арқылы көрсетілген қатынастардан тұрады. Коддтың дәлелдеуі бойынша қатынастардың жиыны өмірдегі объектілер туралы мәліметтерді сақтау үшін және оларды өзара байланыста ұстау үшін пайдаланылады. Реляциялық МҚ-да домен деп белгілі өріске пайдаланылатын мәндер жиынын айтамыз.

Мәліметтер қорының құрылымының негізін кестелер құрайды. Кесте - баған және қатардан тұрады. Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады.

Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады, мысалы, сандық немесе символдық. Мұндай мәліметтер қорында кестелерді байланыстырып, олардың кейбір өрістері арқылы түрлі жаңа кестелер құруға болады. Мұндай кестелерді сұраныстар деп атайды. Реляциялық мәліметтер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған, олар: dBASEII - dBASEIV, FoxPro, Clipper, Access, т.б. Олардың бәрін де мәліметтер қорын басқару жүйесі деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]