Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.04 Кб
Скачать

Қолданбалы мультимедиалық бағдарлама

Қолданбалы бөліміне мультимедиалық компьютердің қарапайым тұтынушысы қолданатын мультимедиалық қосымшаларды жатқызамыз. Бірінші кезекте, бұл қосымшаларға компьютерлің ойындар жатады.

Компьютерлік ойындар

Мультимедиалық қолданбалы программалардың ішінде бірінші болып қолданысқа енгені компьютерлік ойындар. Дәл осы ойындар мультимедианың барлық артықшылықтарын түгелімен пайдаланатын кеңінен тараған программалық өнім болып табылады.

Компьютерлік ойындар әлемінде өзгеріске әкелген болып үшөлшемді графиканы пайдаланатын 3D-ойындар саналады. Ойындарда компьютердің аппараттық бөлігінің барлық мүмкіндіктерімен объектілердің растығын байланыстыру қажет, қажетті жылдамдықты көп бейнежүйелердің жақсы сапалығының негізінде қамтамасыз ету, объектілердің шынайы сипаттамасымен қатар ойыннан қалатын көзқарастарды да қарастыру.

Компьютерлік ойындарда тиімді болып секундына 50 кадрдан көп көріністің орташа жылдамдығы саналады. Алайда, бөлек кадрлар бұл қатардан түсіп қалуы мүмкін. Егер сонымен қатар жылдамдық 25 кадрдан төменге түссе, көрініс қанағаттандырарлықсыз болады.

Ойындарда мамандандырылған программаларға қарағанда, барлық үшөлшемді объектілер полигондар, яғни көпбұрыштар негізінде құрылады. Бұндай элементтердің саны үшөлшемді сахналарда көп болса, соншама оның шынайырақ көрінеді.

Қорытынды

Сонымен, «мультимедиалық компьютер» дегеніміз не?

Ең бірінші, бұл үй жағдайына, оқуға және көңіл көтеруге арналған компьютер. Өйткені, офистерде мультимедиалық компьютерлерді қолдану, оның қымбыттылығына байланысты қайтарымсыз қаржы жұмсау болып табылатыны сөзсіз.

Екіншіден, мультимедиалық компьютер негізгі мынадай мультимедиалық құрылғыларды иелену тиіс:

  • AGP слотымен қондырылатын, телевизиялық тюнері және MPEG аппараттық кодекі бар 3D-жеделдеткішті бейнекарта. Direct3D кітапханасының міндетті қамсыздандыруы. RAMDAC жиілігі 170 МГц-тен кем болмауы және әр каналда 8 биттен кем емес түс тереңдігі.

  • CD-ROM компакт-дискілеріне арналған дискжетектері.

  • DVD приводының болуы.

  • PCI форм-факторының 44 кГц-тен кем емес кванттығының жиілігі бар 16-битті дыбыстық карта.

Үшіншіден, компьютерде барлық мультимедиалық құрылымдардың жұмысын қамтамасыз ететін операциялық жүйенің орнатылуы тиіс.

Сонымен, мультимедиалық компьютер – әр түрлі дыбыстарды, музыканы, бейнеклиптерді ойнататын және графикалық кескіндерді көруге мүмкіндігі бар, яғни мультимедиалық программалардың қызметін толық қамсыздандыратын компьютер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]