- •3 Дәріс. Жадтың құрылымы. Компьютердің ішкі және сыртқы жады. Жедел және тұрақты жады. Кэш жады. Bios модулі. Жадты өлшеу бірлігі.
- •Аппараттық құрылғылар: жүйелік блок пен шеткері құрылғылардан тұрады.
- •Дербес компьютердің шеткері құрылғылары
- •Плоттер. Плоттер (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік ақпаратты қағазға, плакаттарға шығарады.
- •Сыртқы жад
- •Ақпаратты сақтаудың техникалық құралы
- •Магниттік дискіде мәліметтерді сақтаудың физикалық ұйымдастырылуы
Дербес компьютердің шеткері құрылғылары
Дербес компьютердің шеткері құрылғылары көмекші операцияларды орындауға арналған. Олар мынадай түрлерге бөлінеді:
Мәліметтерді енгізу құрылғысы;
Мәліметтерді шығару құрылғысы;
Мәліметтерді сақтау құрылғысы;
Мәліметтерді алмастыру құрылғысы.
Мәліметтерді енгізу құрылғысы. Ақпарат мен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғыларға пернетақта (клавиатура), графикалық курсормен басқарылатын құрылғы "тышқан" қолтетігі және графикалық немесе мәтінді ақпараттарды оқуға арналған оптикалық кұрылғы сканер (із кескіш) жатады. Осындай функцияларды бұлардан өзге жарық қаламұштары, жарық сезгіш планшеттер, компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік - джойстиктер (ұршық тәріздес тетік) және басқа да мәселелерді шешуге қолданылатын құралдар орындайды.
Мәліметтерді шығару құрылғысы - бейнемонитор. Бейнемонитор екі құрылғыдан тұрады: монитор және бейнеадаптер. Бейнеадаптер (Видеокарта) - бейне құрушы символдарды, график және түрлі түстерді түзетін сигналдарды монитор экранына жіберетін интегралдық микросхема.
Монитор - ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды (ақ-кара) және түрлі түсті болып, ал экранға шығарылатын ақпарат түрлеріне байланысты символдық (тек символдық ақпарат) және графиктік (символдық және оған қоса графиктік ақпарат) болып бөлінеді. ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электронды-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Онда монитор экранына шығарылатын бейнелердің кодтарын (көрінісін) сақтауға арналған бейнелік жады (бейнежады) бар құрылғы. Бейнеадаптердің бейнелерді тудыру мүмкіндігіне қарай монитор жұмысының режимі мәтіндік және графикалық болып екіге бөлінеді. Мәтіндік режимде кәсіби компьютер экранына 80 символдан 25 жол сияды (80х25). Графикалық режимде, монитор үлгісіне қарай, экран бетіне 320х200, не одан да көп пиксельдердің орналасуы мүмкін.
Экранда бейненің көріну сапасы және нүктелердің экранда бір түсті не түрлі түсті боялып көрсетілуі бейнеадаптердің үлгісіне байланысты (2-кесте).
2 - кесте. Бейнеадаптер үлгілері
Бейнеадаптер үлгілері |
Экран сыйымдылығы |
|
Мәтіндік режим |
Графикалық режим |
|
CGA-Color graphics Adapter |
80х25,16 түс |
320x200, 4 түс |
EGA-Enhanced Graphics Adapter |
80х25,16 түс |
640-350, 16 түс |
VGA-Video Grapich Array |
80х25,16 түс |
720х350, 16..256 түс |
SVGA-SuperVGA |
80х25,16 ..256 түс |
800х600, 16..256 түс |
Соңғы кездерде көбірек пайдаланатын бейнеадаптер - SVGA. SVGA-ның басқа адаптерлерге қарағанда бағасы қымбат, онда пайдаланатын түстердің саны көп және мониторда символдар мен нүктелер экранда анығырақ көрінеді. Соңғы кездерде шығарылған Pentium типті дербес компьютерлерде осы бейнеадаптер орналастырылған.
Принтер - ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы. Мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған. Принтерлердің негізгі артықшылығы — олар көптеген қаріп түрлерін пайдаланып (3-кесте), күрделі мәтіндерді басып бере алады.
3-кесте Принтер түрлері
Типі |
Басу тәсілі |
Басу жылдамдығы ( символ/сек) |
Матрицалық (Матричный) |
Символдарды қағазға нүктелер жиынтығы түрінде бояғыш лента арқылы 9, 18 не 24 инелі бастикпен басып шығарады. |
200-400 |
Сия бүріккіш (Струйный) |
Ақпаратты қағазға арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарады. Жоғары сапалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді. |
200-500 |
Лазерлік (Лазерный ) |
Ксерография принціпін қолданатын құралдарға жатады. Ақпаратты қағазға лазерлік сәулелер арқылы басып шығарады. |
1000-5000 |
Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары — орташа есеппен алғанда, секунтына 200-ден 500-ге дейін символ (бір бетті 5-15 секунтта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей.
