
- •3 Дәріс. Жадтың құрылымы. Компьютердің ішкі және сыртқы жады. Жедел және тұрақты жады. Кэш жады. Bios модулі. Жадты өлшеу бірлігі.
- •Аппараттық құрылғылар: жүйелік блок пен шеткері құрылғылардан тұрады.
- •Дербес компьютердің шеткері құрылғылары
- •Плоттер. Плоттер (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік ақпаратты қағазға, плакаттарға шығарады.
- •Сыртқы жад
- •Ақпаратты сақтаудың техникалық құралы
- •Магниттік дискіде мәліметтерді сақтаудың физикалық ұйымдастырылуы
3 Дәріс. Жадтың құрылымы. Компьютердің ішкі және сыртқы жады. Жедел және тұрақты жады. Кэш жады. Bios модулі. Жадты өлшеу бірлігі.
Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары және әрекет жылдамдығы үлкен компьютерлерді дербес компьютер деп атаймыз. Қазіргі кездегі оқу орындар дербес компьютерлермен қамтамасыз етілген. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары классикалық Нейман архитектурасына негізделген.
Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы дегеніміз аппараттық құрылғылардың және программалық жабдықтардың жиынтығы, сол сияқты олардың өзара қатынасы мен дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі өзара байланыс жүйелері.
Дербес компьютер бір-бірімен байланысты екі бөлімнен тұрады: аппараттық құрылғылар (Нагdwаге), (2.1-сурет) және (Sоftwаге) программалық жабдықтар (2.2-сурет).
Аппараттық құрылғылар: жүйелік блок пен шеткері құрылғылардан тұрады.
Жүйелік
блок элементтері:
Жүйелік
тақша
Иілгіш
дискі енгізгіш; СD
– ROM (компакт дискіні оқитын құрылғы) Қатты
диск (винчестер); Енгізу
– шығару порттары; Қоректену
блогы; Таймер; Дыбыстық
құрылғы.
Шеткері құрылғылар: Монитор; Пернетақта; Принтер; Плоттер Сканер; Модем; Тышқан
тетігі
Жүйелік тақшада: Микропроцессор; BIOS
микросхемасы; Жедел
жад модулі; КЭШ-жады
микросхемасы; Жүйелік
шина; Адаптерлер; Контроллерлер
орналасқан.
2.1- сурет. Дербес компьютердің аппараттық құрылғылары
Жүйелік блок – процессор, жад, адаптер (бақылаушы), жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары орналастырылған компьютердің негізгі бөлімі. Олар орналасқан тақшаны аналық тақша немесе жүйелік тақша деп аталады. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары деп, ал басқа құрылғылар (пернетақта, монитор, принтер, т.б.) шеткері құрылғылар деп аталады.
Процессор – компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы (жұмыс өнімділігі) процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді. Компьютерлік жүйелерде компьютер жұмысының жылдамдығы үшін, оған балама етіп, электрондық схемалардың жұмыс ритмін ұйымдастыратын электр импульстерінің тактілік жиілігі алынған (такт -тізбекті берілген екі сигнал арасындағы уақыт). Такт – процессор орындайтын ішкі операцияға жұмсалған уақыт. Тактілік жиілік – процессорде 1 секунтта орындалатын такт саны, өлшем бірлігі – МГЦ (мегагерц). Процессор барлық есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор - микропроцессор деп аталады.
Микропроцессор - компьютердің негізгі компоненті. Арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды, қажетті программалық есептерді басқарады. Микропроцессор екілік разрядтармен ғана жұмыс істейді. Микропроцессор өңдей алатын сандардың максимум ұзындығы (разрядтар саны) - оның разрядтылығы.
Микропроцессор үлгілері. Қазіргі кездегі кәсіби дербес компьютерлерде пайдланылатын микропроцессорлар, типіне қарай 100 МГц–тен асатын тактілік жиілікпен жұмыс істей алады. (1 МГц=1000000 такт/сек).
Дербес компьютердің (ДК) типі онда орналастырылған микропроцессордың модельдеріне сәйкес (Іntеl 8088, 80286, 803865Х, 80386ОХ, 80486, Реntuim маркалы) және жұмыс өнімділігімен (дәлірек айтқанда, тактілі жиілігі МГц-пен өлшенетін) анықталады. Процессорда жедел жад пен қатты дискінің (винчестордың) өлшемі маңызды роль атқарады. Микропроцессорға жедел және тұрақты жады, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады. ІВМ тәрізді компьютерлерде INТEL фирмасының және басқа да фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады. Дербес компьютердің типтері 1-кестеде көрсетілген.
1- кесте. ДК типтері мен мінездемесі
Процессор моделі |
Жұмыс өнімділігі (тактілі жиілігі) МГц |
Жедел жады, Мб |
Қатты диск (винчестор), Мб |
Intel 286 |
8-20 |
1-2 |
20-80 |
Intel 386 |
40-60 |
2-4 |
40-200 |
Intel 486 |
66-100 |
4-8 |
80-500 |
Pentium |
100-300 |
8-32 |
500-2000 |
Pentium ІІ |
300-450 |
16-32 |
1000-4000 |
Pentium ІІІ |
500-1000 |
32-128 |
10000-40000 |
Pentium IV |
1000-3400 |
128-512 |
10000-80000 |
Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде), яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші - тактілік жиілігінде жатыр. Жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өсе түседі. Қазіргі уақытта PentiumIV процессорлы компьютер қолданысқа еніп, басқалары ескірген. Микропроцессордың құрамы:
Басқару құрылғылары;
Арифметикалық – логикалық құрылғы (АЛҚ);
Микропроцессордың интерфейстік жүйесі – жалпы міндет атқаратын регистрлер.
Микропроцессорлық жад- кэш жад.;
Басқару құрылғылары (БҚ) - Орындалып жатқан операцияларда қолданылатын басқару импульстерін (сигналдары) қажет кезінде қалыптастырып, машинаның барлық блоктарына жібереді. БҚ – жад ұяшықтарының адресін жасайды және бұл адрестерді ЭЕМ- нің сәйкес блоктарына жөнелтеді.
Арифметикалық – логикалық құрылғы (АЛҚ) - сандық және символдық информациялармен орындалатын барлық арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды.
Жалпы міндет атқаратын регистрлер – регистрлерде негізгі жадтан түсетін аралық мәндер сақталады.
Кэш – жад – Қойма сияқты, оған аралық деректер мен командалар келіп түседі. Көп мәліметтерді кэш – жадтан алу әрекеті процессордың мәліметтерді алуына жеңілдік келтіріп, оның жылдамдығын арттыруға жәрдемдеседі. Яғни кэш – жады компьютердің жұмыс өнімділігін арттыруға арналған. Кэш – жад екі деңгейлі. Біріншісі процессор ішінде, екіншісі процессордан сырт (тақшада) орнатылады, көлемі 256-512 Кбайт шамасында.
Енгізу/шығару порттары компьютерді сыртқы баспа, модем сияқты құрылғылармен жалғастыру үшін қажет. Порттар екіге бөлінеді:
жалпы мақсаттық параллель;
асинхронды (бір уақтылы емес) тізбекті.
Олардың сәйкес түрде белгіленуі: LPT1- LPT3, COM1 - COM3.
Енгізу/шығару құрылғылары мен процессор арасында информация алмасу алдында, адаптер деп аталатын, осы құрылғылардың жұмысын үйлестіруші интегралдық схемаға келіп түседі (латынша adaptere –үйлестіруші).
Адаптер - әр түрлі құрылғылардың жұмысын басқаратын құрылғы. Контроллер – мәліметтерді тасымалдау құрылғыларын компьютерге жалғау қондырғысы
Адаптердің жұмысына мысал: екілік кодтарды жадтан мониторға жіберу кезінде сәйкес адаптер (бейнеадаптер) алдымен оларды түрлі символдарға аударатын сигналдарға айналдырады: кез келген пернені басып, қоя берген кезде пернетақта сәйкес екілік кодтың сигналдарын процессорға , жадқа бірінен соң бірін ретімен жібере бастайды. Бұл кодты алдымен пернетақта адаптері қабылдайды да, оны процессор жұмыс істей алатын параллель кодқа айналдырады. Адаптерлердің өздері қабылдаған ағымдық команданы не деректерді жазып қоятын ұяшықтары бар. Оларды порт регистрлері деп атайды. Адаптерлер процессор, жад және басқа құрылғылармен жүйелік шина немесе магистраль деп аталатын көп қабатты платаның (тақшаның) ток өткізгіш желісі арқылы байланыстырылып қойылған. Байланыстыру шинаға дәнекерленіп қосылған порттар деп аталатын ажыратып қосқыштар арқылы орындалады. Шина үш бөлімді: адрестік шина, мәліметтер шинасы және басқару шинасы. Әр шина сандары бірдей емес көптеген өткізгішті сымдар тобынан тұрады. Адрестік шина арқылы информация жазылатын ұяшықтың адресі жіберіледі. Мәліметтер шинасы арқылы информация, ал басқару шинасы арқылы «информацияны жазу», «информацияны оқу» сияқты түрлі командалар жіберіледі.
Таймер (уақытты белгілеу) – кәдімгі сағат рөлін атқаратын интегралдық схема. Оның қызметтерінің бірі – монитор экранында кескіндерді қалпына келтірудің уақытша аралықтарын беру, яғни синхрондау, т.б.
Магниттік дискіде жинақтауыш (дискіжетек) – информацияны қатты магниттік дискіге (винчестерге) немесе иілгіш магниттік дискіге жазу, не онда жазылған информацияны машина жадына енгізу құрылғылары. Винчестр мен иілгіш магниттік дискілерді сыртқы есте сақтау құрылғылары деп те атайды. Диск түрлері:
Иілгіш магниттік диск немесе дискет (табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск), көлемі: диаметрі
89 мм болатын 3,5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады - 1,44 Мб және 720 Кб;
2) Қатқыл магниттік диск (орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады). Өте көп информация сақтауға болады. Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) информацияны тұрақты сақтауға арналған. Винчестер компьютердің ішіне орналастырылған дискіжетекке бекітіліп қойылған, сондықтан ол дискіжетектен алынып-салынбайды. 80286 процессорлы ІВМ РС-де катқыл дискінің мәлімет сиымдылығы 20 - 40 Мб, ал Pentuim - 6 Гб-қа дейінгі деңгейде немесе одан да жоғары болады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестрге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.
Жазу құрылғыларын дискіжетек деп, жинақты (компакт) дискілерге жазатын, не олардан оқитын құрылғыны CD-ROM деп атайды. Бұл құрылғыны компьютерге арнайы орнату қажет. Ол қозғалатын бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстармен жұмыс істеу үшін кеңінен пайдаланылады.
3) Компакт-диск (CD-R), қарапайым компакт-дискінің көлемі 650Мб, яғни 650 миллион символ сияды, бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады, ал жазуға болмайды.
Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар - стримерлер шықты. Стример - мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы. Олар үлкен көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жәй жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.
ЭЕМ-нің ішкі жадтары
ЭЕМ-нің жедел жады (RАМ - Random Access Memory - ОЗУ), мен тұрақты есте сақтау құрылғысы (RОМ - Read Only Memory, тек оқуға арналған жад – ПЗУ) компьютердің ішкі жадын құрайды. Осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез-келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадыға жазылады.
Жедел жады (RАМ) - компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.
Сиымдылығы 1 Мб немесе одан да жоғары болып келетін компьютерлердің жедел жады екі бөлімнен тұрады - алғашқы 640 Кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады:
Операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін және компьютердің жұмысқа жарамдылығын тексеретін операциялық жүйенің бөлігін сақтауға, сондай-ақ төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шығару жұмыстарын орындау үшін;
Экранға кескіндерді беру үшін;
Компьютердің қосымша құрылығыларымен бірге жүктелетін операциялық жүйелердің әр түрлі кеңейтілген мәліметтерін сақтау үшін қажет болады.
Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация 360 Кб, 720 Кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Винчестер деп аталып жүрген қатты дискіде, 1000-10000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді 1 Тбайт (1 Терабайт)=1012 байт информация жазылып сақталады. Жедел жадтың көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады.
Компьютер өшкен кезде, оның жедел жады ешқандай программаны да, мәліметті де сақтай алмайды. Сондықтан компьютер өшкен мезетте–ақ процессордың адрестік шинасына бастапқы адрес қойылады. Бұл программаның қатысуынсыз аппаратпен іске асырылады. Бұл адрес жедел жадты көрсетпей тұрақты есте сақтау құрылғысын көрсетеді.
Тұрақты жады (ROM - (ПЗУ)) – энергияға тәуелсіз жады, өзгертуді қажет етпейтін мәліметтерді сақтайды, оны тек оқуға ғана болады, өшіріп қайта жазуға болмайды. Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) - процессордың жұмыс кезінде жедел жад пен тұрақты есте сақтау құрылғысымен мәлімет алмасып отырады. Тұрақты есте сақтау құрылғысы компьютер өшіп тұрғанда да, информацияны ұзақ уақыт сақтайды. Тұрақты жадқа керекті программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді токқа жалғаған кезде оны тексеріп, іске қосу үшін қажет. Көлемі - 32-64 Кб шамасында.
Тұрақты есте сақтау құрылғысында орналасқан программа BIOS (Basic Input Output System – енгізу/шығару базалық жүйесі) деп аталады. BIOS – MS DOS жүйесінің «Енгізу/шығару базалық жүйесі», ол ЭЕМ іске қосылған сәтте процессордың, жедел жадының және де басқа құрылғылардың жұмыс істеуге қабілеттілігін тест арқылы тексереді, сондай-ақ сыртқы құрылғылар адаптерін басқаруды қамтамасыз етеді. Операциялық жүйенің келесі бөлігі болып саналатын жүктеуішті дискіден шақырып іске қосады.
Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жады (Саsh) деп атайды. КЭШ-жад - жедел жад пен процессордың жұмысын жеделдету үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.
Энергияға тәуелсіз жад – СMOS технологиясы бойынша жасалған, аналық тақшада орналасқан микросхема. Бұл микросхема аналық тақшада орналасқан шағын батареямен қоректенеді. Компьютер бірнеше жыл іске қосылмаса да батарея зарядын жоғалтпайды. Күнтізбе мен уақытқа арналған жүйелі сағат осы жадта орналасқан.