
- •Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •1.С.Т.Күлтелеев, е.Ш.Рахметов қр экологиялық құқығы. Алматы, 2008.
- •Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы реттеудегі мемлекеттік органдардың құзыреті мен жүйесі.
- •Қоршаған ортаны қоргау саласындағы мемлекеттік басқарудың арнаулы органдары.
- •Экологиялық бақылау ұғымы, түрлері және мақсаттары
- •Экологиялық бақылау әдістеріне жататындар:
- •Инспекторлық экологиялық тексерулер ұғымы, түрлері және оларды ұйымдастыру.
- •Өндірістік экологияльқ бақылау.
- •Қоршаған ортаға әсерлерді бағалау ұғымы.
- •Қоршаған орта мен табиғи ортаның мониторингі.
- •Қоршаған ортаны қорғау саласындағы табиғи ресурстық кадастр және кадастрлардың басқа да түрлері.
- •Ескертпе:
Ескертпе:
1) ІSC 14001:2004 халақаралық стандартына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
«1»- 0,75 коэффициенті,
«4»- 0,75 коэффициенті енгізіледі;
2) халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
«1»-0,3 коэффициенті;
«2»-0,43 коэффициенті;
«4»-0,25 коэффициенті;
3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
«3»-0,2коэффициенті;
4) кәсіпорындар төлемнің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдер есептеу әдістемесі қоршаған ортаны қорғау саласының уәкілетті органымен бекітіледі.
Қоршаған ортаға төлемақы ставкаларын облыстардың жергілікті өкілдік органдары белгілейді (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар), бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық ставкалардан төмен болмайтындай және шекті ставкалардан төмен болмауы тиіс.
Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін бюджетке төленетін міндетті төлемдер.
Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін бюджетке төленетін міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.
Қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері
Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер квоталар белгілеу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелер саудасының тәртібін бекіту жолымен нарықтық тетіктер енгізілуі мүмкін.
Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау
Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың қүндық көрінісі.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғаларды қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күннен бастап бір ай мерзімі ішінде қажетті материалдарды жинау мен талдауды жүргізеді және келтірілген залалға экономикалық бағалауды белгілейді.
Атмосфералық ауаны және су ресурстарын белгіленген нормативтерден тыс ластаудан, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін ережелерге сәйкес тура немесе жанама әдістермен айқындалады.
Залалды экономикалық бағалаудың тура әдісі неғүрлым тиімді инженерлік, ұйымдық-техникалық және технологиялық іс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтіруге жұтаңдаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тірі организмдерді сауықтыруға қажетті нақты шығындарды анықтаудан тұрады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары бірінші кезекте қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады.
Залалды тура әдіспен экономикалық бағалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тәуелсіз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретінде экологиялық аудиторлар, жобалау, инженерлік және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады.
Тәулсіз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөніндегі міндет қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаға жүктеледі.
Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі залалды экономикалық бағалаудың тура әдісін қолдану мүмкін болмаған жағдайда қолданылады.
Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаға әсер ету түрлеріне қарай залалды әрбір ингредиент бойынша жиынтықтау жолымен айқындалады.