
- •Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •1.С.Т.Күлтелеев, е.Ш.Рахметов қр экологиялық құқығы. Алматы, 2008.
- •Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы реттеудегі мемлекеттік органдардың құзыреті мен жүйесі.
- •Қоршаған ортаны қоргау саласындағы мемлекеттік басқарудың арнаулы органдары.
- •Экологиялық бақылау ұғымы, түрлері және мақсаттары
- •Экологиялық бақылау әдістеріне жататындар:
- •Инспекторлық экологиялық тексерулер ұғымы, түрлері және оларды ұйымдастыру.
- •Өндірістік экологияльқ бақылау.
- •Қоршаған ортаға әсерлерді бағалау ұғымы.
- •Қоршаған орта мен табиғи ортаның мониторингі.
- •Қоршаған ортаны қорғау саласындағы табиғи ресурстық кадастр және кадастрлардың басқа да түрлері.
- •Ескертпе:
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы табиғи ресурстық кадастр және кадастрлардың басқа да түрлері.
Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудің маңызды шарты табиғи ресурс-объектілері туралы, олардың жай-күйі мен жағдайы туралы толық және шынайы мағлұматтар алу болып табылады. Мұндай деректерді алу табиғи ресурстардың мемлекеттік есебін алу және мемлекеттік кадастрлар жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары табиғи объектілердің саны мен сапасы туралы жағдайының ақпарат көзі болып табылады. Бұл кадастрлардың мазмұнындағы мәліметтер басқару қызметтерін жүзеге асыру кезінде міндетті түрде ескеріледі. Толық және шынайы ақпараттардың болуы тиімді басқару шешімдер қабылдауға ықпалын тигізеді.
Кадастрлардың негізінде оның сатылу бағасы, табиғаттың бұзылған жай-күйін қалпына келтіру бойынша шаралардың табиғи нысандарды ақшалай бағалау жүргізіледі. Тиісті кадастрлар мазмұнындағы табиғи ресурстардың сапасы жөніндегі деректер табиғи ресурстарды пайдалануға ұсыну туралы шешімді қабылдау кезінде негіз болатындығы маңызды.
Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары Экологиялық кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы ақпараттың жүйелендірілген жиынтығы болып табылады.
Қоршаған ортаның қүрамдас бөліктері: жер, су, орман, топырақ, жер қойнауы, өзара байланыста болатын жануарлар мен өсімдіктер дүниесі Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің объектілері болып табылады.
Кадастрлардың бірыңғай жүйесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи ресурстардың жай-күйі мен оларды пайдалану есебі деректерінің негізінде табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мониторингін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті органдармен бірлесіп жүргізеді.
Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Экономикалық реттеудің мәні
Қоршаған ортаны және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлері.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу;
табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу;
қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
нарықты тетіктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін квоталарды сату;
экологиялық сақтандыру;
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Технологиялық, техникалық ұйымдастыру, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешені ретінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және олардың сапасы ҚР ЭК-нің 96-бабында айқындалған.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржылан-дыру: бюджет қаражаты; табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты; Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынба-ған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Экологиялық бағдарламаларды әзірлеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстары жүргізілуі мүмкін, оларды өткізу тәртібін Қазақтсан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды таби-ғат пайдаланушы дербес жоспарлайды.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.
Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегінде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ластаушы заттардың және қалдықтар түрлерін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбесіне сәйкес алынады. 2007 жылы 28 желтоқсанда ҚР Үкіметі Қоршаған ортаға эмиссиялар төлемақысының базалық және шекті ставкаларын бекітті.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008 жылға төлемақының ставкалары
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Атаулары |
Ставкалары, теңге |
1 |
Ластаушы заттардың тұрақты көздерден шығарындылары «1» |
шартты тонна |
|
2200 |
2 |
Ластаушы заттардың қозғалмалы көздерден шығарындылары: |
тонна |
|
|
- этилденбеген бензин үшін |
|
890 |
||
- дизель отыны үшін |
|
1 411 |
||
- сұйытылған, сығылған газ үшін |
|
800 |
||
3 |
Ластаушы заттардың төгінділері: |
шартты тонна |
|
|
-су көздеріне «2» |
|
35 000 |
||
-жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне |
|
21 000 |
||
4 |
Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар «3» |
тонна |
|
770 |
5 |
Өнеркәсіптік қалдықтар: |
|
|
|
-өндіріс пен тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастыру |
тонна |
«қызыл» тізім |
38 500 |
|
«янтарлық» тізім |
19 200 |
|||
«жасыл» тізім |
4 800 |
|||
Классификацияланбағандар |
2 500 |
|||
Бұдан басқа: |
|
|
|
|
-аршынды жыныстар «4» |
Куб метр |
|
10,7 |
|
-байыту шлактары,шламдары, қалдықтары «4» |
|
109,5 |
||
-күл мен күлшлактар «4» |
тонна |
|
1536 |
|
-ауылшаруашылығы өндірісінің қалдықтары |
тонна |
|
512 |
|
6 |
Радиоактивті қалдықтар: |
Гигабеккерель |
|
|
-трансурандық қалдықтар |
|
2 060 |
||
-альфа – радиоактивті қалдықтар |
|
1 030 |
||
-бета–радиоактивті қалдықтар |
|
103 |
||
-шынылы радиоактивті көздер |
|
1 030 |
||
7 |
Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары |
шартты тонна |
|
61 134,5 |