
- •Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •1.С.Т.Күлтелеев, е.Ш.Рахметов қр экологиялық құқығы. Алматы, 2008.
- •Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы реттеудегі мемлекеттік органдардың құзыреті мен жүйесі.
- •Қоршаған ортаны қоргау саласындағы мемлекеттік басқарудың арнаулы органдары.
- •Экологиялық бақылау ұғымы, түрлері және мақсаттары
- •Экологиялық бақылау әдістеріне жататындар:
- •Инспекторлық экологиялық тексерулер ұғымы, түрлері және оларды ұйымдастыру.
- •Өндірістік экологияльқ бақылау.
- •Қоршаған ортаға әсерлерді бағалау ұғымы.
- •Қоршаған орта мен табиғи ортаның мониторингі.
- •Қоршаған ортаны қорғау саласындағы табиғи ресурстық кадастр және кадастрлардың басқа да түрлері.
- •Ескертпе:
Қоршаған орта мен табиғи ортаның мониторингі.
Мемлекеттік экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі) - табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйінің өзгеруін бағалау, болжау және бақылау мақсатында олардың жай-күйін қадағалаудың кешенді жүйесі.
Атмосфералық ауа, Жер, жер үсті мен жер асты сулары, жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, сондай-ақ климат пен Жердің озон қабаты, экологиялық жүйелер, қоршаған ортаның халықтың денсаулығына әсер ететін факторлары мемлекеттік экологиялық мониторинг объектілері болып табылады (ҚР ЭК 137-бабы).
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі - экологиялық қауіпсіздікті, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешімдерінің қабылдануы үшін қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйі туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйе.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган арнайы мемлекеттік уәкілетті органдармен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі мынадай түрлерді қамтиды:
атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі;
атмосфералық жауын-шашын жай-күйінің мониторингі;
су ресурстарының сапалық жай-күйінің мониторингі;
топырақ жай-күйінің мониторингі;
метеорологиялық мониторинг;
радиациялық мониторинг;
трансшекаралық ластану мониторингі;
фондық мониторинг.
Қоршаған орта жай-күйінің мониторингін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.
Фондық мониторинг - қоршаған ортаның кешенді фондық мониторингі станцияларының мамандандырылған желісіндегі атмосфера мен басқа да ортаның биосферамен өзара іс-қимылының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі (ҚР ЭК 141-бабы).
Табиғи ресурстар мониторингі мынадай түрлерді қамтиды:
жер мониторингі;
су обектілері және оларды пайдалану мониторингі;
жер қойнауы мониторингі;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингі;
таулы экожүйелер мен шөлейттену мониторингі;
орман мониторингі;
жануарлар дүниесі мониторингі;
өсімдіктер дүниесі мониторингі.
Табиги ресурстар мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады (ҚР ЭК 142-бабы).
Мониторингтің арнайы түрлеріне жататындар:
әскери-сынақ полигондарының мониторингі;
«Байқоңыр» зымыран-ғарыш кешенінің мониторингі;
парниктік газдардың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мониторингі;
санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг;
климаттың және жердің озон қабатының мониторингі;
төтенше экологиялық жағдайлар және экологиялық зілзала ай-мағының мониторингі;
ғарыштық мониторинг (ҚР ЭК 143-бабы).
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің мониторингін жүргізу мынадай үш деңгейде жүзеге асырылады:
жергілікті (өндірістік мониторинг және елді мекендердің нақты учаскелерінің, су тоғандары мен өзендердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингі;
өңірлік (өңірлердің физикалық-географиялық және экономикалық ерекшеліктерін, экологиялық тұрғыдан ауыртпалықты аймақтардың бар-жоғын және қоршаған ортаның жай-күйімен табиғи ресурстардың пайдаланылуына әсер ететін табиғи және техно-гендік факторлар кешенін ескере отырып, әкімшілік-аумақтық бірліктер шегіндегі мониторинг);
республикалъщ (қажет болған кезде жалпы мемлекеттік мәні бар ірі өңірлер мен жекелеген объектілерді бөліп көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын мониторинг).
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі бюджет қаражаты және Қазақстан Рес-публикасының заңнамасыныда тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.