
- •2. Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Заң психологиясы Авторлары:
- •Пікір жазғандар:
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтары тақырыптарының жобалық тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Дәріс,семинар,практикалық,зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары Модуль атауы: Заң психологиясы негіздері
- •Соөж және сөж тапсырмаларының тақырыптық жоспары
- •Оқытушының басшылығымен орындалатын студенттің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
- •Пән бойынша сөж – оқу тақырыптық жоспары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік қамсыздандыру картасы
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
- •Дәріс кешені
- •Дәріс №3 Заңгер кәсіби іс-әрекетінің психологиясы
- •Дәріс №3 Заңгер іс-әрекетіндегі танымдық психикалық процестерді талдау.
- •Дәріс №4 Қылмыстық психология
- •1.Глоссарий
- •Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірмелі материалдар:
- •Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Реферат орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Реферат тақырыптары
- •Курстық жұмысты орындау ережесі
- •Курс жұмысы (жоба) мынадай мақсатта әзірленеді:
- •Курстық жұмысының тақырыптарын бекітуге қойылатын талаптар
- •Курс жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
- •Курс жұмысының (жобаның) мазмұны мен құрылымы
- •3. Курс жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- •4. Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:
- •Курс жұмысын (жобасын) ресімдеу тәртібі
- •Курстық жұмыс тақырыптары
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
Семинар сабақтары тақырыптарының жобалық тізімі
1. Заң психологиясының ғылымдар жүйесіндегі алатын орны мен маңызы.
2. Заңгердің кәсіби іс-әрекетінің түрлі формаларын психологиялық талдау.
3. Құқыққа қарсы мінез-құлықтың психологиялық алғышарттары.
4. Қылмыстық ниеттің қалыптасуы мен жүзеге асуының психологиялық механизмдері.
5. Қылмыскер тұлғаның психологиялық типтері.
6. Қарым-қатынас механизмдері және олардың сот-тергеу тәжірибесіндегі маңызы.
7. Сот-тергеу тәжірибесіндегі психологиялық әсер етудің құралдары мен әдістері және оны” ситуативті-құқықтық нәтижелері.
8. Ұйымдасқан қылмыстың психологиялық ерекшеліктері.
9. Сот-тергеу және кешенді психолого-психиатриялық сараптауда адамның тұлғалық бітістерін талдау.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Антонян Ю.М., Гульдан В.В. Криминальная патопсихология. – М.: Наука, 1991.
Балабанова Л.М. Судебная патопсихология (вопросы определения нормы и отклонений). – Д.: Сталкер, 1998.
Васильев В.Л. Юридическая психология. М.: Юридич. лит-ра, 1991.
Еникеев М.Х. Общая и юридическая психология. М.: Юридическая литература, 1998.
Коченов М.М. Введение в судебно-психологическую экспертизу. М., 1980.
Романов В.В. Юридическая психология: Учебник. - М.: Юpистъ, 1998.
Чуфаровский Ю. В. Юридическая психология. М.: Юрист, 1995.
Қосымша:
Практикум по экспериментальной и прикладной психологии /Под ред.
А.А.Крылова. Л.: ЛГУ, 1990.
Психология индивидуальных различий. Тексты / Под ред. Ю.Б.Гиппенрейтер, В.Я.Романова. М.: МГУ, 1982.
Психология личности. Тексты /Под ред. Ю.Б.Гиппенрейтер, А.А.Пузырея. М.: МГУ, 1982.
Психология эмоций. Тексты /Под ред. В.К. Вилюнаса, Ю.Б. Гиппенрейтер. М.: МГУ, 1984.
Ратинов А.Р. Структура правосознания и некоторые методы его следования. – В кн.: Методология и методы социальной психологии. – М.: Наука, 1977.
Фрейд З. Психология бессознательного / Под ред. М.Г. Ярошевского. М.: Просвещение, 1989.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«БЕКІТЕМІН»
Экономика ғылымдар
Жоғары мектебінің
орындаушы міндеті ретіндегі
директоры Каржаубаева А.И.
_____________________________
«___» _________________ 2014 ж.
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)
Пәннің атауы: «Заң психологиясы»
Мамандық: 5В050300 – Психология
Пәннің атауы:«Заң психологиясы»
Мамандығы : 5В050300 – Психология
Атау коды: YUP3228
Барлығы 3 кредит
Курс ____3__
Семестр ___6____
Дәріс___30_ сағат
Семинарлық 15 сағат
СОӨЖ 10сағат
СӨЖ 80 сағат
Емтихан 6 семестр
Барлығы 135 сағ.
А С Т А Н А – 2014
5В050300 – Психология мамандығы бойынша мемлекеттік білім берудің жалпы стандарттарының негізінде пәннің оқу-әдістемелік кешені дайындалды.
Силлабусты әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, пс.ғ.м Болатбекова Назгуль Жоламанқызы дайындады__________________________________________________
Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедра отырысында талқыланды
Хаттама № 1__ «_25___» ___тамыз______________________________2014_____ж.
Кафедра меңгерушісі .
________________________________ ж.
Экономика Жоғары мектебінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.
Хаттама № __1__ «__28___»______тамыз__________________2014_________ж.
Төраға
____________________________ж.
Курс оқытушысы туралы мәліметтер: Болатбекова Назгүл Жоламанқызы п.п.ғ.магистрі , ӘПП кафедрасының аға оқытушысы.
Әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасы, каб. 442
Бұл курсты оқып-үйрену аясында заң психологиясының зерттеу объектісі туралы білімдер, яғни адам және оның басқа адамдармен, қоғам, табиғатпен құққықтық қатынасы; құқық және заң психологиясының пәні - құқық арқылы реттелетін адамның іс-әрекетінің психологиялық механизмдері мен заңдылықтар жүйесі туралы білімдерді қалыптастыру қажет.Осыған орай, бұл курста құқықтық сана, ауытқымалы және қылмыстық жүріс-тұрыс, сот-тергеу әрекеті мен сот өндірісі, әлеуметтік реабилитация мен түзету психологиясы бойынша білімдер жүйесі берілуі қажет.Заң психологиясы пәнінің басты тезисі-құқық, іс-әрекет, жүріс-тұрыс субъектісі ретіндегі жеке адам болуы қажет.
Заң психологиясы пәнін оқып-үйрену мектептегі биология, қоғамтану және университетті” алғашқы сатысындағы пәндер: құқық негіздері, әлеуметтік психология, дифференциалды психология, психодиагностика негіздері сияқты пәндерден алынған білімдерге негізделеді.
Пәннің оқыту мақсаты. Заң психологиясының негізгі ұғымдарын беру, адамның құқықтық санасының қалыптасуының және оның құқықтық жүріс-тұрысы мен әрекетінің психологиялық заңдылықтарын айқындау.
Пәннің оқыту міндеттері.
Заң психологиясының ғылымдар жүйесі мен әлеуметтік тәжірибедегі алатын орнын нақты айқындау;
Заң психологиясындағы түрлі ағымдармен концепциялармен таныстыру;
Студенттерді Заң психологиясы бойынша алған білімдерін күнделікті тұрмыста, кәсіби іс-әрекетте пайдалануға және осы ғылым саласында өз бетінше терең білім алуға.
Студент заң психологиясының объектсі мен пәнін, оның негізгі салалары мен құқықтық сана мен құқықтық жүріс-тұрыстың зерттеу әдістерін білуі тиіс.
Студент заң психологиясы бойынша алынған білімдерін психодиагностика мен психологиялық кеңес беру практикасында пайдалана білуі тиіс, сонымен қатар психологиялық сараптаудың түрлі формаларын жүргізгенде оларды жетік білуі қажет.
Пререквизиттер: жалпы психология, әлеуметтік психология, дифференциалды психология, медициналық психология, еңбек психологиясы, психодиагностиканың негіздері.
Постреквизиттер – осы курсты тыңдағаннан кейін студент келесі білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды игереді:
білімдер – әлеуметтенудің нәтижесі ретіндегі және құқықтық мәдениеттің психологиялық бөлшегі ретіндегі адамның құқықтық сана-сезімі туралы, заңгерлердің кәсіби әрекетінің психологиялық ерекшеліктері туралы, қылмыстық психологияның, әлеуметтік-психологиялық профилактика мен түзету психологиясының негізгі аспектлері туралы;
іскерліктер – заң психологиясының негізгі ұғымдарымен және категорияларымен, оның концептуалды ізденістерімен, психодиагностикамен және психологиялық кеңес беруді талдау жұмыстары барысында қолға алу;
дағдылар – құқық сақтау саласындағы практикалық жұмыстардың түрлі формаларына қатысуға қабілетті кәсіби психологтың дағдылары (психопрофилактика мен түзету, сараптау процедуралары және т.б.).
Осымен ұсынылған пән бойынша алынған білімдер студенттің маман ретінде жоғары теоретикалық, ғылыми және практикалық дайындықтың деңгейін қамтамасыз етеді – себебі адамдардың құқықтық және құқыққа қарсы жүріс-тұрысы мен әрекеті туралы, заң бұзу мен қылмыстың психологиялық себептері туралы, қылмыскерлердің тұлғалық типологиясы туралы және құқықтық қатыныстар саласындағы адамды сынаудың психологиялық тәсілдер мен әдістемелер туралы дәріс береді.