Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
студ юрид пси пх.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Пәннің мазмұны

Заң психологиясының пәні, әдістері мен салалары

Тұрмыстық және ғылыми-құқықтық психологиялық білімдердің негізгі айырмашылықтары мен салыстырмалы талдауы. Адамдардың құқықтық санасының өзгеруіне байланысты ғылыми-психологиялық білімдердің қалыптасу тарихы. Эксперименттік психологияның пайда болуы, жетістіктері және оның құқық қорғау, құқық жасау, тергеу мен түзету тәжірибелеріне әсері. XX ғасырдағы әлемдік психология ағымдары мен олардың заң психологиясының теоретикалық және тәжірибелік негіздерін қалыптастырудағы ролі.

Заң психология пәнін түсінудің ғылыми методологияға тәуелділігі. Заң психологиясының ғылымдар жүйесіндегі алатын орны мен маңызы. Заң психологиясының теоретикалық және қолданбалық міндеттерінің өзара байланысы. Психикалық көрінулердің объективті формаларымен олардың құқықтық тәжірибеде есепке алынуы. Заң психологиясының салалары мен оның өзара шектеу принциптері.

Психологиялық зерттеу әдістерін құқықтық практиканың түрлі салаларында пайдалану мүмкіндіктері мен шектеулері. Психодиагностикалық әдістер, оларды сот-психологиялық сараптау жағдайларында пайдалану.

Құқықтың психологиялық феноменологиясы мен құқықтық сана мәселелері

Адам психикасы - әлеуметтік ақиқаттылықты бейнелеудің арнайы формасы ретінде. Әлеуметтік және құқықтық сезімталдық ұғымдары. Құқық категориясы психологиялық талдау пәні ретінде. Обьективті шындықты құқықтық бейнелеу және құқықтық субъективация. Адам және жеке адам құқықтары. Сана және оның пайда болуыны” алғышарттары мен себептері. Сананың құрылымы мен функциялары. Сана және санадан тыс ұғымдарының арақатынасы.

Құқықтық сананың қалыптасуының мәдени-тарихи алғышарттары. Құқықтық сананың функционалдық құрылымы. Адам құқықтық санасының танымдық, бағалаушылық, реттегіштік компоненттері. Құқықтық мәдениет және оның әлеуметтік-психологиялық компоненттері. Адам іс-әрекеті мен жүріс-тұрысының құқықтық ерекшеліктері.

Заңгер кәсіби іс-әрекетінің психологиясы

Заңгердің (құқықтанушы) кәсіби іс-әрекеті - еңбек психологиясыны зерттеу пәні ретінде. Заңгерлік еңбектің психологиялық ерекшеліктері. Заңгерлік қызметке үміткерлерді кәсіби іріктеудің психологиялық көрсеткіштері. Сот, тергеуші, қорғаушы, кіналаушы кәсіби іс-әрекеттерінің психологиялық ерекшеліктері. Заңгер іс-әрекетінің кәсіби маңызды жақтары: әлеуметтік, ұйымдастырушылық, куәландырушы, ізденуші, реконструктивті, коммуникативті т.б. Сарапшының әлеуметтік-психологиялық мәртебесі. Сот өндірісі процесін әлеуметтік-психологиялық талдау.

Заңгер іс-әрекетіндегі танымдық психикалық процестерді талдау. Алдын-ала тергеу мен сот мәжілісінде мәлімет беру кезіндегі түйсік пен қабылдаудың адекваттылығы мәселесі. Заңгердің кәсіби бақылампаздық пен эмпатияға қабілеттілігінің қалыптасуы. Зейін мен ес механизмдері мен оларды соттық сараптау жүргізу кезінде есепке алу қажеттілігі. Зейін мен ес заңгердің кәсіби сапасы ретінде. Ойлау-қылмыстық ниетті қалыптастыру іс-әрекеті және тергеу міндеттерін шешу процесі ретінде. Құқықтық ұғымдардың психологиялық спецификасы. Сөйлеу және оның заң тәжірибесіндегі қызметтері.

Қылмыстық психология

Қылмыстық психологияның пәні мен міндеттері. Объект және субъект, қылмыстың объективті және субъективті жақтары. Агрессивті және конфликті жүріс-тұрыстың табиғи және психологиялық алғышарттары. Қажеттіліктер-құқыққа қарсы жүріс-тұрыстың алғышарттары ретінде. Қылмыстық жүріс-тұрыстың мотивациясы. Құқыққа қарсы жүріс-тұрыстың эмоциялық итермелеушілері. Қылмыскер тұлғаның құқықтық санасы және оның оперативті-іздестіру, алдын-ала тергеу, сот процесі мен пеницитарлы әсер ету жағдайындағы бағалау айырмашылықтары.

Қылмыскер тұлға мәселесі. Қылмыскер тұлғасының қалыптасу жағдайлары мен әлеуметтік-психологиялық алғышарттары. "Қылмыскер тұлға" теориясы. Мінез бітістері мен акцентуациясы, психопатия түрлері. Жеке адамның индивидуалды ерекшеліктерін талдау және оны тергеу, сот, сауықтыру және түзету жұмыстарында есепке алу. Адамның тілектері мен оларды жүзеге асыру мүмкіндіктері арасындағы шиеленіс мәселесі.

Куәгер жүріс-тұрысының психологиялық ерекшеліктері. Жәбірленуші тұлғасын психологиялық талдау. Виктимділік және виктимді жүріс-тұрыс. Сотталушы тұлғасын психологиялық талдау және оны реабилитациялау мүмкіндіктері. Кешенді психолого-психиатриялық сараптау және сот-психология тәжірибесіндегі адамның тұлғалық бітістерін талдау.

Ұйымдасқан қылмыстың әлеуметтік-психологиялық мінездемесі

Әлеуметке жат бейресми топтар мен бірлестіктер мәселесі. Жанұя ұйымдасқан қылмыстың бастапқы бірлігі ретінде. Жанұя ішілік конфликтілер және тұрмыстық қылмыс. Топтық қарым-қатынастың дамуының әлеуметтік-психологиялық де”гейлері және оларды” құқыққа қарсы тұру жағдайларындағы өнімділігі.

Ұйымдасқан қылмыстық топтардағы жеке адам аралық өзараәрекеттестіктің психологиялық ерекшеліктері. Ұйымдасқан қылмыс жағдайындағы жеке адамның ролдік жүріс-тұрысының ерекшеліктері. Қылмыстық топ пен қауымдастықтағы лидерлік мәселесі. Ұйымдасқан қылмысты ресмилендіру және оның қоғамдық, ресми және билік құрылымдарымен "тұтасып" кетуі.