
- •2. Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Заң психологиясы Авторлары:
- •Пікір жазғандар:
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтары тақырыптарының жобалық тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Дәріс,семинар,практикалық,зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары Модуль атауы: Заң психологиясы негіздері
- •Соөж және сөж тапсырмаларының тақырыптық жоспары
- •Оқытушының басшылығымен орындалатын студенттің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
- •Пән бойынша сөж – оқу тақырыптық жоспары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік қамсыздандыру картасы
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
- •Дәріс кешені
- •Дәріс №3 Заңгер кәсіби іс-әрекетінің психологиясы
- •Дәріс №3 Заңгер іс-әрекетіндегі танымдық психикалық процестерді талдау.
- •Дәріс №4 Қылмыстық психология
- •1.Глоссарий
- •Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірмелі материалдар:
- •Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Реферат орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Реферат тақырыптары
- •Курстық жұмысты орындау ережесі
- •Курс жұмысы (жоба) мынадай мақсатта әзірленеді:
- •Курстық жұмысының тақырыптарын бекітуге қойылатын талаптар
- •Курс жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
- •Курс жұмысының (жобаның) мазмұны мен құрылымы
- •3. Курс жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- •4. Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:
- •Курс жұмысын (жобасын) ресімдеу тәртібі
- •Курстық жұмыс тақырыптары
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
Дәріс №4 Қылмыстық психология
1.Қылмыстық психологияның пәні мен міндеттері. Объект және субъект, қылмыстың объективті және субъективті жақтары.
2. Агрессивті және конфликті жүріс-тұрыстың табиғи және психологиялық алғышарттары.
3. Қажеттіліктер-құқыққа қарсы жүріс-тұрыстың алғышарттары ретінде.
4. Қылмыстық жүріс-тұрыстың мотивациясы.
Қылмыскер тұлғасының криминогендік ерекшеліктерін қарастыру үшін қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасуындағы тұлғаның психологиялық, ішкі негізін құрайтын психикалық қасиеттерінің ролін түсіну керек, егер ол ерікті мінез-құлыққа қабілеті бар адамның өз еркінің талаптануы болмаса ешқандай сыртқы жағдайлар құқыққа қайшы әрекетіңтікелей себебі бола алмайды. Әрбір адам өзінің дамуы мен тәрбие алу кезеңдерінде өзінің қажеттіліктері мен мақсаттарына жету үшін басқа адамдармен бірігуге ұмтылады. Бұл бірлестіктерде адам белгілі бір позицияны, оның ішінде тәуелді және бағыныңқы позицияларды алады. Бірақ заңға бағынушы адамдардың қылмыскерлерден айырмашылығы: оның қолайсыз қалыптасқан жағдайларда топтан, қанағаттандырмайтын байланыстан шығып кетеді немесе мұндай жағдайларға деген ішкі позициясын өзгертуге тырысады. Қылмыскер тұлғасын тек психология емес,сонымен қатар қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы, криминология мен криминалистика салалары да жан-жақты зерттейді. Кәзіргі уақытта криминологиялық зерттеулерде қылмыскер тұлғасы ең басты орындардың бірін алатыны шүбәсіз. Қылмыскер тұлғасын зерттеуде әлеуметтанулық аспект басым екенін байқаймыз. Бірақ, тек әлеуметтанулық әдістер арқылы қылмыстық мінез-құлықты түсіндіруге болмайды: онысыз алдың алудың тиімді шараларын ұсыну мүмкін емес. Қылмыскер тұлғасы пәнаралық танымның объекті болуға тиіс: философиялық, әлеуметтанулық, психологиялық, этикалық және т.б.
Қылмыскер тұлғасының ерекшелігі мен мәнін ашуға және қылмыстық мінез-құлықты түсіндуруге көмек беретін барша ғылымдардың арасында психологиялық үлкен манызы бар.
Криминалдық зерттеу барысында жеке тұлғаның әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынасын талдау маңызды рөл атқарады, себебі қылмыстық мінез жеке тұлға немесе қоршаған ортадан емес, олардың қарым-қатынасынан туындайды. Әлеуметтік ортаның қылмыстық мінезге әсері күрделі болып табылады. Басқаша айтқанда, коғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси, және мәдени аспектілері қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасуына сырттай еткенде, қылмыскердің психологиялық ерекшеліктерін, оның ішкі мазмұның құрып, оны іштей қалыптастырады.
Қылмыскер тұлғасы белгілі бір сыртқы жағдайларды көрсетіп қана қоймай, өзара қарым-қатынастың белсенді жағы болғандықтан, криминология үшін дербес мүдде болып табылады. Оған саналы мақсатты іс-әрекет тән. Әлеуметтік жағдайдың қылмыстық мінез-құлықпен байланысты күрделі, әлеуметтік жағдайлар әрқашан да тұлға арқылы бейнеленіп, қылмыстан көрініс табады. Көп жағдайларда олар ұзақ әлеуметтік қарым-қатынастар процесінде тұлғаның болмысында тұрақты із-қалдырып, тұрақты заңга қайшы бағыт кұрап, заң бұзушының көмплексінде көрініс табады. Сонда қылымыскердің басқа адамдардан айырмашылығы мен оның болмысының ерекшелігі неде?
Қылмыскер мен заңға бағынушы адамдардың болмысын зерттейтін салыстырмалы психология мен әлеуметтану мынадай қорытынды жасаған: қылымыскер-үрейленуі, өзіне сенімсіздігі, импульстивтілігі мен агресситвтілігі жоғарғы деңгейдегі, қоғамдық құндылықтар мен пайдалы қатынастардан шеттетілген тұлға. Олар заң және адамгершілік нормаларының талаптарын дұрыс меңгермеген, қоғам мен оның құндылықтарынан, шағын әлеуметтік топтардан (отбасы, жұмыс ұжымы және т.б.) сырт айналған, олардың әлеуметтік пайдалы бейімделген төмен, сол себептен шағын топтарда бейімделіп кету әркетінде ауқымды қиындықтар туады. Мұндай белгілерде қылмыс көбінесе тек қылмыстық істердің жиынтығы емес, соларды жасаған адамдардың да жиынтығы. Әрине, қылмыстылықтың құрылымын зерттеген кезде қылмыстардың факторларын таңдап қана қоймай, қылмыскерлерді де таңдап қарастырады.
Айтылған белгілер қоғамға қарсы көзқарастар мен бағыттыр жиынтығымен қылмыскерді қылмыскер емес тұлғадан айырады, ал олардан қабысуы белгілі бір тұлғаның қылмыс жасауының тікелей себебі болып табылады. Олар дара болмыс көлемінде және биологиялық шартты ерекшіліктер негізінде пайда болады.
Қылмыстықты зерттеген кезде екі амал қолданылады: әлеуметтік типологиялық және әлеуметтік-рольдік. Бірінші амалда, ең алдымен, тұлғаның әлеуметтік позициясы, соған сәйкес әлеуметтік нормалары, оларды қабылдау мен орындау зерттеледі. Ягни, әлеуметтік ықпалдардың объектісі ретінде тұлғаның мінез-құлқының әлеуметтік себептелгендігіне басты назар аударылады. Екінші амалда тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі, белсенді іскер ретінде қарастырылады. Әлеуметтік рольдік амал адамға криминогендік жағдай тудыратын факторларды айқындауға мүмкіндік береді. Бұл факторлар тұлғаға құқыққа қайшы міндеттерді жүктейді, ал ол міндеттерді адам тек құқыққа қарсы әрекеттерді жасауда ғана атқара алады (қарақшылық, шабуыл, тонау, адам өлтіру, зорлау немесе денеге зақым келтіру қылмыстарына тән).
Қылмыскер тұлғасы қолайсыз қоғамдық құбылыстар мен процестердің даралық нысанының көрінісі. Бастапқы ереже – адам қылмыскер болып тумайды, оның болмысының қалыптасу барысындағы қолайсыз жағдайлардың себебінен қылымыскер болып қалыптасады. Дегенмен, қылмыстық мінез әрдайым бұл ереже негізінде қалыптаспайды. Қолайсыз қалыптасқан жағдайлар адамның ішкі рухани дүниесін, тұлғаның психологиясын қамтамасыз етіп, адам ықпал ететін қоздырығыштан өзінің психологиялық табиғатына сай келетін факторларды таңдап, меңгереді. Әрбір жеке адам жеке тұлға ретінде қалыптасқан қарым-қатынастардың ғана емес, сонымен қатар өзінің жеке дамуы мен санасының өнімі болып табылады.
Әдебиеттер:
Антоня Ю.М. Гульдан В.В. Криминальная психология М. Наука, 1991.
Балпбанова Л.М. Судебная патопсихология (Вопросы определения нормы и отклонении) – Д. Сталкер, 1998.
Васильев В.Л. Юридическая психология. М. Юридич. Лит-ра 1991
Дәріс №5 Ұйымдасқан қылмыстың әлеуметтік психологиялық мінездемесі
Ұйымдасқан қылмыс жағдайындағы жеке адамның рольдік жүріс тұрысының ерекшелігі.
Қылмыстық топпен қауымдастықтағы лидерлік мәселесі
Ұйымдасқан қылмыстық топ- бұл көп мүшелі қылмыстық құрылым. Онда ондаған, жүздеген қаттысушылар болуы мүмкін. Мұндай топтарды қылмыстықсуб культура, иерархия,әрекеттің тәсілдері, ұлттық ерекшеліктерге байланысты бөледі.
Бұл топтар тек қылмыс жасап қана қоймайды,сонымен қатар белгілі бір райондарға (кооператив, шағын кәсіпкерлерге, дүкендерге) бақылауды жүзеге асырады. Осындай топтың лидерлері жеткілікті капитал жинап алған соң, легальды бизнес аясына көшеді. Олар банктің коммерциялық құрылымдардың директоры сияқты жоғарғы лауазымға ие болып заң шығарушы билік өкілдерімен тікелей байланыста болады.
Бандиттік құрылым. Банданың мүшелері 10 адамнан аспайды. Барлық қылмыстсқ құрылымға банды ұйымдасу деңгейінің жоғарлығымен жетекшіге қатаң бағынумен ерекшеленеді. Бандылық әрекеттің объектілері болып ақша, валюта, қару, алтын, қымбат тастар, антиквариат. Пайдакүнемдік күштеу әрекетімен қылмыс жасаған бандалар, қаталдығымен ерекшеленеді. Қылмыстың бағытталу деңгейіне байланысты банданың үш категориясын ажыратады;
1. классикалық банда
2. арнайы
3. жалдамалы
Классикалық банды банкіге инкасаторға, музей үйлерге ашық түрде ақша және тағы басқа құнды заттарды иелену үшін жасалады. Арнай - тек бір қылмыстың түрі бойынша тәжірибе жинақтаған.
Жалдаушылар тобы саны жағынан аз, бірақ физикалық тұрғыда өте жақсы дайындалған болып тұрады.
Ұйымдасқан қылмыстық топ психологиясы
Ұйымдасқан қылмыстылықтың сипаттаушы ерекшелігіне (негізгі қылмыстық топтың құрылуы) жоғарғы деңгейдегі иерархиялық құрылымы бар, бір-біріне бағынатын, өзара қылмыскерлер арасында функцияны бөлісетін қылмыстық топтыңқұрылуы жатады.
Көп жағдайжа бұл қылмыстық ұйым, пирамида тәріздес құрылымды болады. Ең жоғарғы шыңында негізгі лидер және оған тікелей бағынатын топтар болады.
Ұйымдасқан қылмыстық топ психологиясыкриминалды психологияның арнайы тарауы ретінде ұйымдасқан қылмыстық топтың құрылу генезисін, рольдерді бөлісу және оларды психологиялық басқару механизімін оқытады.
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрылуы бұл тек қылмыскердің санымен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қозғалыс сапасымен қауіпті. Қылмыстық топтың әрекетіне анализ жасау барысында келесі түрлерді ажыратуға болады:
1) топтың немесе оның жекелеген қатысушыларын ұйымдастырушы,
2) жауапты бөлімдердегі орындаушылар,
3) қосымша атқарушылар,
4) оппазиционерлер, ең әлсіз звено-бұл іштей қылмыспен келіспесе де оған қатысқан тұлға.
Қылмыстық топтың құрылуына әсер ететін факторлар:
А) тұлғаның қылмыстық әрекетті жалғызжасай алмайы,
Б) қылмыс жасау мүдделерінің ортақтығы,
В) жеке адамның беделі,
Г) бір мінез-құлық нормаларына бағыну, құқықтық сана дефектілігінің бірдейлігі.
Қылмыстық топқа келесі белгілер тән;
1. Ұйымдастырушылық – қатаң иерархиялық құрылымның болуы.
2. Тұрақтылық – тұрақты ұзаққа созылған байланыстың болуы:
3. Біртұтастылық – байланыстың болу, мүшелерінің тұтастығы:
а) мүшелерінің байланысының себепті болуы, жеке мүдделер мен қажеттіліктік байланыс.
б) бағдарлама, жарғыда көрініс берген қылмыстық топ ниетінің бірлігі.
4. Қорғанушылықтық – қорғау блогынің әрекет етуі. Физикалық және психикалық аппараттармен қамтаасызету.
Қылмыстық ұйым (одақ) тұрақты, күрделіиерархиялық тұрғыдағы криминалдық құрылым. Басқа ұйымдардан негізгі бес белгісімен ерекшеленеді.
1. материалдық базаның болуы – лауазымды тұлғаларды сатып алу және өзара көмек көрсетуі үшін арнайы фонд құру.
2. басқарушылықты ұжымды түрде жүзеге асыру.
3. мінез-құлық формальды емес түріндегі құрылтай шарттары бар, өзіндік заңдары мен әдет-ғұрыптары бар және оларды бұзғаныүшін санкция яғни, жаза түрлері қалыптастырылған.
4. функционалды иерархиялық жүйе – ұйымның негізгі құрамдас топтарға бөлінуі, аймақтық байланыстың болуы.
5. барлау жұмыстарын жүргізу үшін ақпараттық базаның болуы.
Әдебиеттер:
Антоня Ю.М. Гульдан В.В. Криминальная психология М. Наука, 1991.
Балпбанова Л.М. Судебная патопсихология (Вопросы определения нормы и отклонении) – Д. Сталкер, 1998.
Васильев В.Л. Юридическая психология. М. Юридич. Лит-ра 1991