- •2. Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Заң психологиясы Авторлары:
- •Пікір жазғандар:
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтары тақырыптарының жобалық тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Дәріс,семинар,практикалық,зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары Модуль атауы: Заң психологиясы негіздері
- •Соөж және сөж тапсырмаларының тақырыптық жоспары
- •Оқытушының басшылығымен орындалатын студенттің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
- •Пән бойынша сөж – оқу тақырыптық жоспары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік қамсыздандыру картасы
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
- •Дәріс кешені
- •Дәріс №3 Заңгер кәсіби іс-әрекетінің психологиясы
- •Дәріс №3 Заңгер іс-әрекетіндегі танымдық психикалық процестерді талдау.
- •Дәріс №4 Қылмыстық психология
- •1.Глоссарий
- •Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірмелі материалдар:
- •Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Реферат орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Реферат тақырыптары
- •Курстық жұмысты орындау ережесі
- •Курс жұмысы (жоба) мынадай мақсатта әзірленеді:
- •Курстық жұмысының тақырыптарын бекітуге қойылатын талаптар
- •Курс жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
- •Курс жұмысының (жобаның) мазмұны мен құрылымы
- •3. Курс жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- •4. Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:
- •Курс жұмысын (жобасын) ресімдеу тәртібі
- •Курстық жұмыс тақырыптары
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
Дәріс №3 Заңгер іс-әрекетіндегі танымдық психикалық процестерді талдау.
1.Алдын-ала тергеу мен сот мәжілісінде мәлімет беру кезіндегі түйсік пен қабылдаудың адекваттылығы мәселесі.
2. Заңгердің кәсіби бақылампаздық пен эмпатияға қабілеттілігінің қалыптасуы.
Танымдық әрекеттерге келесі процестер жатады: сенсорлы, перцертивті, мнемиқалық, интеллектуалды. Танымдық процестердің бірлігінде олардың үзіліссіз байланыстары жүзеге асады. Қылмыстық, азаматтық процестердің қатысушылары және де куәгерлердің, куәлік етуін дұрыс бағалау үшін, танымдық процестердің қасиеттерін, негізгі заңдылықтарын білу қажет. Куәгердің, жәбірленушінің, күдіктінің, айыпталушылардың беретін жауаптарының материалдарын тіркеу оны жинау мен ақпараттарды өңдеу түйсік пен қабылдау, физиологиялық негізін құрайтын сезім органдары әрекеттерінен басталады. Берілетін жауаптардың қалыптасуына әсер ететін, түйсіну қасиеті - бұл біріншіден, адамдар ажырататын, ең төменгі тітіркену күшімен анықталатын, сезгіштік анализаторлары. Сонымен қатар, екі стимул арасындағы ең төменгі айырмашылықтар, түйсінуді өзгерістерге ұшыратуға қабілетті. Ең төменгі тітіркену күші – түйсінудің төменгі абсолютті табалдырығы / түйсіну табалдырығы төмен болған сайын, сезгіштік жоғары /, ал – тітіркенудің жоғарғы күшімен анықталатын, түйсінудің жоғарғы абсолютті табалдырығы / түйсінуге адекватты/ одан жоғарылау ауырсыну сезімдерін туғызады. Жасқа және басқа жағдайларға байланыстысезгіштік анализаторлары өзгереді, оның өткірлігі 20-30 жасқа қарай жоғарлайды. Сезгіштіктің уақытша ауытқуларына әсер ететін факторлар, тәуліктің мезгілі, сыртқы тітіркендіргіштер, психикалық жағдай т.б. Мысалы: куәгер, айыпталушының сезімдерін сипатын бағалау үшін субъектіге басқа тітіркендіргіштің әсерлері /ішімдіктің, нашаның, фармакологиялық заттардың/ болмағандығын анықтау қажет.Бұл жағдайлар жауап алу, тергеу эксперименттері кезінде ескерілуі қажет. Мысалы, айыпталушының кереңдік стимуляциясын вибрациялық сезгіштігін зерттей оның жалғандығын, оның арт жағынан еденге бір затты тастау арқылы оның реакциясын байқауға болады. Естуі бұзылған вибрациялық сезгіштігі дұрыс адам бұл тітіркендіргішке жауап береді, ал стимулянт бұл тітіркендіргішке жауап бермейді. Сезгіштік анализаторлары төмен тітіркендіргіштер жоғарлайды, ал қатты әсерлерден төмендейді. Бұл заңдылықты субъект куәгерді, сотты шатастыру мақсатында “қараңғы болған” деп тұжырымдағанда ескеру қажет. Адам 3-5 минуттан соң қараңғыға үйренеді, заттарды айыра алады, 20-30 минут қараңғыда бағдарлай алу үшін жеткілікті.Абсолютті қараңғы жағдайда болу жарықты сезіну анализаторын 40 минутта 200 есе жоғарлатады. Иіс сезу, сипап сезу /тактильді/ анализаторларының бейімділігі жоғары, көру және дәм сезу анализаторларында төмендеу. Сезім органдарының қызметіне субъектінің жүйке жүйесінің типі елеулі әсер етеді. Жүйке жүйесі күшті адамдарда төзімділік пен тұрақтылық, ал жүйке жүйесі әлсіз типтерде сезімталдықтың жоғарылығы анықталады (Б.М. Теплов, А.Р.Лурия). Аутотренингтің көмегімен сөздік нұсқаулар арқылы субъекттінің қызығушылығын, мақсатын өзгерте отырып сезгіштік анализаторларының жоғарлату немесе төмендетуге, іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттеріне бағындыруға қол жеткізуге болады.
Адаптация (бейімделу) – берілген заңдылық сезгіштік анализатордың өзгергіштігінен, тітіркендіргіштің ұзақ әсер етуінен сезгіштік табалдырығының төмендеуі немесе жоғарлауы немесе тітіркендіргіштің ұзақ әсер ету процесінде толығымен жойылып кетуінен байқалады. Бейімделудің бұл түрлері негативті деп аталады. Мысалы: жағымсыз әсер ету қараңғыда әсіресе көмескі жарықта, жарыққа бейімделуге әкеледі. Мұндай жағдайда автокөлік жүргізушілерінің реакция уақыты жоғарлайды, қозғалушы объектілердің локализациясы нашарлайды. Қараңғылыққа бейімделу - миға қараңғылықтағы көзден берілетін сигналдың тежелуіне әкеледі. Мұндай тежелу адамның затты кешіктіріп көруіне әкеледі, бұл кейде авто көліктердің қарқынды қозғалысты жолдарда апатты жағдайлардың пайда болуына әкеледі. Қабылдау процесі мен оның нәтижесі қабылдау объектісіне де, қабылдаушының тұлғаның/ қажеттілігі, қызығушылығы, мүмкіндігі т.б./ индивидуалды ерекшеліктеріне де байланысты. Күндізгі немесе электр жарығымен сәулелендірілген, алыстан байқалатын объект, қабылдаушының көзінде оған жақындаған сайын өзгереді (әр түрлі қалыптарда, әр түрлі бұрышта, әр түрлі ауа-райы жағдайларында). Түс, дыбыс, иіс, заттың формасы және құбылыстардың көп немесе аз мөлшерде байқалуы тұлғаның зейіні мен мақсатына байланысты. Адамның айналасындағы болып жатқан жағдайларды бағдарлай алуы мен қабылданған объектілердің мақсатын түсінуі өмірлік тәжірибемен оның негізі болып ес, ұғыну, пайымдау арқылы іске асады. Мысалы: тергеуші, өліктің денесінің басының қатерлі жарақатын қарап, айыпталушыдан алынған қылмыс құралын зерттеуі қажет. Қылмыс құралының негізгі қасиеттерін анықтап, зиян келтірілудің нақты бас-ми жарақатының конфигурациясын анықтау. Толық ауқымды қабылдау- затты толықтай және бөлшектей жобалау сезім мен ойлау бірліктеріне байланысты. Қабылдаудың сезінуден айырмашылығы қабылдау нәтижесінде заттың, құбылыстың толық бейнесі қалыптасады, сондай-ақ қылмыста. Осындай заңдылықтар күшіне сәйкес, адам ақпараттардың жеткіліксіз болу себептерінен жеткіліксіз элементтерді өзі толықтыруға тырысады. Бұл қате пікірлердің қалыптасуына әкеледі.Сол себепті куәгерлерді тергеу кезінде тек олардың көргендерін, естігендерін ғана емес, олардың тұжырымдарының неге негізделетіндігіне, қабылданған объектінің қасиетіне аса назар аудару қажет. Куәгердің, айыпталушының, күдіктінің қабылдауында иллюзия (жалған, қате) орын алуы мүмкін. Оның себептері:
1)бақылаудың ерекше жағдайларда өтуі /бір көзбен, саңылау арқылы және т.б./
2) көрген бейнелерді қате ұғыну мен жалған пайымдау.
3) көру процесіне қатысты әр түрлі анализаторлардың жеке ерекшеліктері
мен көздің оптикалық жетілмеуі салдарынан / сетчатка, жүйке
рефлекстері/. Алыстан көре алмау (близорукость), алыстан көргіштік
(дальнозоркость), көздің қызыл, қызғылт, көк, көкшіл түстерді айыра
алмауы (далтонизм) көру аппаратының басқа да кемістігіне байланысты.
Қабылдаудың константлығына /тұрақтылығына/ аффекті, стресс жағдайлары кері әсерін тігізеді. Сол себепті куәгерді тергеу барысында, қабылданған объектінің ерекшеліктерін ғана емес, оның хал-жағдайы мен перцептивті әрекетінің қандай жағдайда өткендігін анықтаған соң оның тұжырымдарына баға беруге болады /заттың түсіне, көлеміне, т.б. қасиеттеріне/.Перцептивті әрекеттердің ішіндегі жеке заттарды қабылдаумен салыстырғанда күрделі болып кеңістікті қабылдау табылады. Кеңістікті қабылдау негізі болып вестибулярлық /сезім мүшелері/ әрекет пен көздің қозғаушы аппараттары, көздің бинокулярлы /екі көзбен бірдей көру/ қабылдауының қатысуы, көру осьтерінен берілетін ақпараттан белгіленген затқа бұлшық еттің күшеюі (конвергенция) және хрусталиктің жалтару қасиетінің өзгеруінен қисықтығын өзгерту жолын сезіну (аккомодация) табылады. Кеңістікті қабылдауда көру анализаторлары мен бірге есту, тактильді, кинестетикалық анализаторлар іске қосылады. Кеңістікті қабылдаудың нақтылығына тәжірибенің әсері үлкен.
Уақытты қабылдау – бұл адамның санасында шынайы құбылыстардың жүйелігі, ұзақтығы, жылдамдығының бейнеленуі.Бұл адамның уақытты бағдарлауы. Тергеу практикасына сәйкес куәгердің, айыпталушының, жәбірленушінің уақытты қабылдауы көбіне эмоциялық, психикалық қысым жағдайларында өтуі оқиғаның жүйелігінің бұрмалануына әсерін тигізеді. Мысалы бұл жағдайларды куәгердің тергеу барысында қылмыстың жасалу кезінде аффект жағдайында болғандығын бақылауға болады. Тергеу экспериментері барсында айыпталышыға (куәгерге, жәбірленушіге) қажетті кезеңде ол немен айналысқанын, сол іс-әрекеттерді қайта жаңғырту талап етіледі. Сонымен қатар хронометрлеу /уақытты белгілеу/ жүргізіледі.
Қимыл-қозғалысты қабылдау – бұл адам санасында кеңістікте заттың орнының: оның жылдамдығы, шапшаңдығы мен бағытының бейнеленуі. Мысалы: көлік апатын тергеу. Мұндай жағдайда куәгерлер авто көліктің жылдамдығы жайлы апат нәтижесіне немесе болған динамикалық жағдайға байланысты айтады. Деформацияланған көлікке, адамның өлі денесіне, қанға, тормоздың дауысына, қатты соққы жылдамдықты қабылдаудың маңызын мүлдем өзгертуі, қате тұжырымдарға әкелуі әбден мүмкін.
Ес – тұлғаның индивидуалды дамуы үшін маңызды, психикалық процестердің бірі. Заңгердің кәсіби әрекетінде естің алатын орны ерекше. Оның есте сақтауы ауқымды көлеммен ерекшеленуі, есте сақтаудың мықтылығы, қажетті жағдайларды нақты қайта жаңғыртуы, қажетті ақпараттарды жылдам еске түсірумен ерекшеленеді. Куәгерлік түсінік беруді қалыптастыруда ес басты рөлді атқарады. Куәгерлердің, айыпталушының, жәбірленушінің еске түсірулерінен есте сақтаудың, қайта жаңғыртудың заңдылықтары туралы білімдерін қолдана отырып қажетті ақпаратты алу тергеуші, прокурор, адвакат, соттың басты кәсіби қасиеті болып табылады.
Ойлау мен қиял. Әр түрлі таным процестері ішінде обьективті шындықты адам санасында бейнелейтін жоғарғы және күрделі процесс болып ойлау табылады. Әрбір әрекеттің мақсатқа жетуі үшін, соның қажеттілігін сезінуі және оның іске асуына мүмкіндік жасауы қажет.Ойлаудың белсенділігінсіз мақсатқа жету мүмкін емес екендігін сезіну,субъектінің алға қойған мақсатының іске асуы үшін ойлау процесінің стимулы маңызды болып табылады. Мысалы, тергеуші күрделі қылмыстық істі алғанда, өзінің ерік-жігерін, санасын да қылмысты ашуға бағдарлауы қажет.
Қиял – бұл адамның санасында бар тәжірибелер мен білімдер негізінде жаңа бейнелер мен құбылыстардың пайда болатын психикалық процесс. Тергеушінің қылмысты ашуға бағытталған іс-әрекетінде, қиял процесі маңызды орынды алады. Қажетті ақпараттың жетіспешілігі, жағдайдың анықталмағаны іздестіріліп жатқан қылмыскердің бейнесі мен жасалған қылмыстың механизмдерінің ойда қайта қалыптастыруын туғызады. Қиялдың көмегімен, куәгерге ойлаудың белсендігін арттыру нәтижесінде жеткіліксіз ақпараттарды толықтырып, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Қиялдауға бейімділіктің әсері куәлік дәлелдердің бұрмалануына әкеледі. Бұл эмоцияға берілгіш және әсершіл адамдарда кездеседі. Сондықтанда азаматтық және қылмыстық процеске қатысушы заңгерлердің мұны ескеруі қажет.
Зейін- адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуы. Бұл өзінің кәсіби іс-әрекетін іске асыруға әсерін тигізеді. Азаматтық-қылмыстық процестің қатысушыларының зейінінің сапалы жағын заңгердің дұрыс анықтай алуы, олардың дәлелдерін объективті анықтауға мүмкіндік береді. Зейіннің деңгейіне адамның жалпы денсаулық жағдайы, психофизиологиялық құбылыстардың бұзылуы, шаршау, зейіннің тұрақтылығының төмендеуі, зейіннің шашыраңқылығы әсер етеді.
Әдебиеттер:
Практикум по экспериментальной и прикладной психологии/ под. Ред. А.А. Крылова. Л. ЛГУ 1990.
Психология индивидуальных различии. Тексты/ под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. М. МГУ 1982.
Психология личности. Тексты/под ред Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я.А.А.Позырея. М. МГУ 1982.
