- •2. Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Заң психологиясы Авторлары:
- •Пікір жазғандар:
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтары тақырыптарының жобалық тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Дәріс,семинар,практикалық,зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары Модуль атауы: Заң психологиясы негіздері
- •Соөж және сөж тапсырмаларының тақырыптық жоспары
- •Оқытушының басшылығымен орындалатын студенттің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
- •Пән бойынша сөж – оқу тақырыптық жоспары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік қамсыздандыру картасы
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
- •Дәріс кешені
- •Дәріс №3 Заңгер кәсіби іс-әрекетінің психологиясы
- •Дәріс №3 Заңгер іс-әрекетіндегі танымдық психикалық процестерді талдау.
- •Дәріс №4 Қылмыстық психология
- •1.Глоссарий
- •Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірмелі материалдар:
- •Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Реферат орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Реферат тақырыптары
- •Курстық жұмысты орындау ережесі
- •Курс жұмысы (жоба) мынадай мақсатта әзірленеді:
- •Курстық жұмысының тақырыптарын бекітуге қойылатын талаптар
- •Курс жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
- •Курс жұмысының (жобаның) мазмұны мен құрылымы
- •3. Курс жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- •4. Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:
- •Курс жұмысын (жобасын) ресімдеу тәртібі
- •Курстық жұмыс тақырыптары
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
Дәріс №3 Заңгер кәсіби іс-әрекетінің психологиясы
1.Заңгер іс-әрекетінің кәсіби маңызды жақтары: әлеуметтік, ұйымдастырушылық, куәландырушы, ізденуші, реконструктивті, коммуникативті т.б.
2.Сарапшының әлеуметтік-психологиялық мәртебесі.
3.Сот өндірісі процесін әлеуметтік-психологиялық талдау.
Заң еңбегінің психологиясының негізгі қызметі - мамандықпен ұсынылатын рационалдық қатынастар мен міндеттер арасын әшкерелеу . Осылар арқылы заң еңбегі психологиясы әдістер , теориялық және әдістемелік дәлелдерге сүйенеді.
Заң мамандықтарының еңбегі қиын және жауапкершілігі мол болғандықтан, оған жоғары талап қойылады. Бұл мамандықтар қазіргі таңда беделді, бірақ көптеген жастар бұл мамандықтарды таңдауда оның барлық қиындықтары туралы анық елестері болмайды. Олардың алдына қандай талаптар қойылатынын білмейді.
Заңдық қызмет-құқық нормаларымен байланысты қызмет және оның кейбір түрлері өз атауында негізгі түсінікті иемденген:
құқық қорғау қызметі, құқық реттеу қызметі, құқық қолдану қызметі және т. б.
Көптеген заң мамандықтарына ұйымдық қызмет сипатты. Оның екі негізгі аспектілері бар:
1 / жұмыс күні , аптасы бойы өздік жұмысы бар ұйым ; мөлшер-
ленбеген жұмыс күні бар нақты іспен айналысатын ұйым ;
2 / басқа жұмыскерлермен , құқық қорғау органдарымен және т.б. бірге жұмыс істейтін ұйым.
Сот жұмысында шындықты іздеу - шығармашылық процесс, сондықтан тергеуші, прокурор, сот, адвокатқа әрқашан сезгіштік, зейін, адамгершілік, адамның ішкі дүниесіне кіре алушылық т. б. қажет.
Шындықты табуда заңгер қызметінде бірнеше этаптар қалыптасады. Олардың ішінде бөлінетіні: танымдық, қатынастық, ұйымдық, куәландырушылық, тәрбиелік.
Қызмет түрлерін жүйелеуде екі топ бөліп алуға болады: негізгі және көмекші. Негізгі түр қызметі тергеуші және құқықтық мақсаттарға жетуге бағытталған. Оларға танымдық, тәрбиелік, конструктивтік жатады. Көмекші түр негізгі түрлердің мақсаттарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған .
Заңгер мамандықтарының профессиограммасы .
Заң психологиясы психологиялық қызметті тергеу, сот немесе т. б. заң қызметінде зерттеумен қатар, оның өзіндік ерекшеліктерін ашу керек, мамандық қасиеттерінің психологиялық жағын сипаттау керек, оларды иемдену және жетілдіру жолын көрсету керек.
Заңгер еңбегінің қасиетін көтері оның тұлғалық жеке ерекшеліктері мен бұл мамандыққа объективті талаптарынсыз мүмкін емес .
Әрбір заң мамандықтарының қызметі өзіне келесі жақтарды қосады: әлеуметтік, іздеу, жаңарту, қатынастық, ұйымдық және куәландыру.
1. Әлеуметтік қызмет . Тергеуші , прокурор , тындырымды қызметкер, түзету мекемесінің тәрбиелеушісіне және т. б. ұйымдастырушы ретінде оларға берілген жерде қылмыспен күрес саяси аспектті қамтиды . Профилактикалық , құқықтық , насихат , қылмыскерді қайта тәрбиелеуді қосады .
2 . Іздеу қызметі шыққан ақпаратты жинауды , мамандық істерді шешуді қамтиды .
3 . Жаңарту қызметі . Бұл барлық жиналған ақпаратты іспен және синтез базасына шығару , анализ және гипотезалар арқылы шығаратын анализдеу . Жұмысты жоспарлау сол жаңарту қызметінің нәтижесі .
4 .қатынастық қызметі керекті ақпаратты байланыс арқылы табуға негізделген . Мұнда негізінен сұрау арқылы адвокат , тындырымды жұмыскер , түзету мекемесінің тәрбиелеушісінің қызметі .
5 . Ұйымдық қызмет жұмыстық жоспары мен болжауларын тексеру мен реализациялау . ол екі аспектке бөлінеді : өзін -өзі ұйымдастыру және сұрақты ұжымдық шешудегі адамдар ұйымы .
6 . Куәландыру қызметі - барлық алынған ақпаратты заңмен қаралған формада келтіру / протокол , приговор , т. б. /
Қылмысты ашу мен зерттеу іздеу , жинау , тексеру , бекіту , дәлелдемелерді бағалау мен шешімдерді іспен дәйектеу арқылы іске асады . Васильевтің айтуы бойынша , тергеушінің профессиограмма-
сында негізгі қызмет - іздеу қызметі болып табылады . Тергеушінің іздеу қызметі іздеуің бірінші этабында айрықша мағынасы бар , ол тергеушіге заң сұрауы бойынша нақты фактілерді береді . Васильев бұл сұрақты шешуде : « біріншіден , іздеушінің талаптары ; екіншіден , оның қылмыстық білімі , мамандық өмірлік тәжірибесі үлкен роль атқарады , » - деп айтқан .
Тіл мен сөз , яғни қатынастық қызмет – тергеу ісінде басты қызмет атқарады . Ол тергеушінің қатысушылармен қарым – қаты-
нас жүйесін келтіреді . Сүрауларда көптеген адамдардың және тер- геушінің тағдыры шешіледі . Мұны жеңу үшін тергеушінің психология және тергеу тактикасын білуі , оның мамандық шеберлігі қажет .
Тергеушіге әрқашан әр түрлі беделді көтеру , әр түрлі ықпалдарға қарсы түра білу керек .
Сондықтан тергеуші өз психологиялық ахуалын ұйымдастыра білуі қажет.
Тергеуші - тергеуді ұйымдастырушы , жауапты шешімдерді қабылдайды , олардың таратуларына қол жеткізеді және сонымен қатар көптеген адамдардың ұйымдастырушысы ретінде шығады. Жұмыс әрқашан тергеушіден жинақтық , нақтылық және ұйымдас-
тықты қажет етеді .
Тергеушінің жаңарту қызметі оның ақпаратты қайта жасауы мен шешімдерді қабылдаудан тұрады . Тергеушінің үлкен білімі болу керек : қылмыстық, құқық, қылмыстық процесс, қылмыстық, қылмыс пен психологияны , бухгалтерлік есеп , сот баллистикасын т. б. білу керек .
Қылмыспен күрес кезінде оның қызметі қылмыстың неге болғанын білу және оның ликвидациясына шаралар қолданудан тұрады .
Криминалистикалық бақылау - қылмыс болған жерді қарауда-
жоспарлы , мақсаты бар , ойланылған іс . Бұл психологияда бақы-
лау деп аталады .
Бақылау максималды эффективті болу үшін , қарауды бастау-
дан бұрын болған іс жайлы жалпы елес болу керек . Бастапқы ақ-
рат әрқашан дұрыс болмауы мүмкін , сонда да ол тергеушіге қараудың жоспарын жасауға , болған істің құрылысын жасауға кө-
мектеседі .
Тергеуші керекті ақпараттың келуін , оны дүрыс анализдеп және жүйелеп , керек , не керек емесін ұйымдастыру керек .
Платоновтың айтуы бойынша , бақылау тұлғаның аз білінетін нәрсені көру қасиеті , бірақ нақты мақсатта « кескін » сияқты болады . Бақылау тек адамның түрінде емес , сонымен қатар тергеушінің зерттеп жатқан адамымен қатынасында көрінеді . Со-
нымен қатар бақылау адамның сезіміне , ойына , мотиві мен мақса-
тына , тұлғаның психологиялық қасиеттерін көруде керек .
Қылмысты ашуда және шындықты табуда фактілердің жай тіркелуі аз . Оларды нақты дәлел ретінде пайдалану үшін оған дұрыс түсінік болу керек , себептерді тауып , оның іспен қатынасын табу керек . Дұрыс дәлел – құбылыстар арасындағы байланысты дұрыс табу ; дұрыс емес дәлел – тергеушінің байланыстарды білмеуі және оларды дұрыс таба алмауының айғағы .
Тергеушінің байқағыштығы - түсінікті мінез . Ол барлық заңдық маңызды қасиеттерді білуді қамтамасыз етеді . Ондай байқағыш -
тықты - өткізгіштік деп атайды . Бұл қасиет тергеушіге өте қа-
жет .
Психологиялық байқағыштық - адамның іс -әрекетін көруі және оны тергшеуші басқару үшін керек шарт . Тағы психологиялық байқағыштық - ол өзін -өзі байқай білу , сонымен өзін бақылау ,өз іс-
әрекетін басқару және жіберілген қателерді жөндеу . Байқағыштық-
табиғатпен берілмеген , ол өмірлік практикамен қалыптасады , ма-
мандық қатынаста жасалады және күндегі жаттығуды қажет етеді .
Тергеуші қызметінде бастылардың бірі – қатынастық аспект , ол сөйлеушінің дарынын қажет етеді . Ол қиын , экстремалды жағдайда қарым- қатынас жасай алуы керек . Тергеуді сұхбат деп алып , екі адамның қарым – қатынасында әр адамның ролдік айырма
шылығын білуге болады . Тергеуші мен тергелушінің жақсы қарым –қатынасы екеуінің арасындағы психологиялық контактқа байланыс-
ты . Тәжірибелі тергеушілер интуиция арқылы және біліп тұрып сұхбаттың параметрлерін өзгертіп отырады , тергелушінің тұлға-
лық ерекшеліктеріне байланысты тактикалық әдістерді қолданады .
Ең басты проблемасы – қарым – қатынасты жасау . Тергеуші мен тергелушінің арасында әр түрлі қарым – қатынас болады , ол тергеушінің тергеуді жасау мақсатына байланысты . Бұл жерде дұ-
рыс жауап тергеушінің білім деңгейіне , мамандық тәжірибесіне бай
ланысты . Ол шекті айқын болу керек . Сонымен бірге тергеуші екі жақтылық пен жетіспеушілікті алып , естігенін нақтылау керек . Тергеу – шындық үшін күрес . Бұл күресте күшті тергеушіге әр түрлі интуициялар береді .
Интуицияның тергеу процессіндегі негізгі жұмысы – ол барлы-
ғын түсіну және оны жүргізе білу .
Ойлау қиял сияқты тергеудің барлық уақытында қатысады . Тергеуші әрқашан қылмыстық іс қоятын істің барлық сұрақтарына жауап береді .
Дискурсивті ойлау нақты сызылған ортада, яғни нақты нәрселерді табу арқылы, не берілді және не түсіндіру керек, яғни тергеудің соңғы шегінде жұмыс істейді . Гипотезалардың туылуы мен фактілердің табылуы бұдан терең және кең процессте жүреді. Ол логикалық ойлау . Ол психологиямен қойылған, бұл жерде шығармашылық ойлау қойылады .
Әрбір ойлау екі компоненттен тұрады : білім және іс - әрекет . Біздің біліміміз , яғни бір нәрсе туралы түсінігіміз - ойлау емес , тек оның бір нәтижеге деген шарты . Ойлау сол білімдердің бір нәтиже беру үшін қолдана білуі . Барлық іс - әрекеттер ойлау қыз-
метін құрайды .
Психологиялық инерция – сұрақты шешкенде белгілі бір нақты әдіске немесе ойлау кескініне түсініктеме . Саяси жақ әлеуметтік қызметті тергеушінің бір жерде қылмыспен күресуші ретінде көр-
сетеді. Тергеу – оның ойлануының, өмірлік және мамандық тәжірибесінің, интуиция мен талаптың нәтижесі .
Тергеуші өз жұмысында әрқашан әр түрлі эмоциялық артық салмақты сезеді . Оған көп кері эмоциялар әсер етеді : қорқыныш , аяныш , жеркеніш , ашу –ыза. Оларды өз мүмкіндігінше басып , кейбір кезде көрсетпеу керек. Оларды шешу үшін тергеуші өз ісіне қанағаттану керек .
Әр іс кезінде тергеуші криминолог және социолог , бұл қылмыс-
тың мақсаты мен мүддесін шешуші ретінде, қылмыскерге тәрбие беретін педагог ретінде көрінеді .
Сот мамандығы өте қиын , алуан түрлі және көптеген қасиеттер мен дағдыларды жасайтын мамандық. Оның қызметі нақты заңмен регламенттелген. Соттың үкімет өкілеттілігі бар, үкіметті мемлекет атынан қолданады, ал бұл оның өз істері үшін жауапкершілігін арттырады . Ол жоғары моральдік қатынастар негізінде, құқық білу, өз жауапкершілігі мен маңыздылығын түсінумен қалыптасады .
Сот өз қызметінде Конституция мен т . б. заң актілеріне негіз делу керек. Ол барлық беделін жоятын нәрселерден аулақ болу , өз қызығушылықтары немесе басқа адамдар қызығушылықтырынан өз мамандығына залал келтірмеу керек .
Сот болуға өз ісімен, өз жұмысына деген қатынастарымен сенім мен беделге ие болған ,қоғамдық – саяси тәжірибесі бар, адамдарды танитын және мәдени адам құқылы .
Сот қызметінің ерекшелігі – ол тек қызмет емес, сонымен қатар бейімділік болып табылады .
Мединский айтқандай: «...бастысы - сот психологиясы , оның философиялық ойлауы адамға және қоғамға қатынасы ... Сот жұмыс емес , соқыр сот халыққа сот емес . »
Әрбір сот өмірге заңдағы жазылған ойларды әкеледі. Сонымен қатар ол адамдарды тәрбиелейді .
Соттың негізгі жұмысы – заңға негіздеп, барлық зерттелген түсініктерді қарастырып , қылмыстық істе әділ үкім жасау немесе азамат ісінде шешім шығару .
Сот практикалық қызметте келесі қоғамдық пікірге ие :
азаматтарда заң білуді қалыптастырады;
қылмыстық процесстер саяси – психологиялық атмосфераны қалыптастырады;
сот процессінің жоғары мәдениеттілігінде қылмыскерлер арасында және оларды қолдаушыларда моральдік айыптаушылық құрылады ;
сот процесстері қылмыс жасау үшін әкелген мақсат пен мүдделерді қоғамдық пікірді ынталандырады .
Соттың коммуникациялық тұлғалық ерекшеліктерінде негізгі - қоғамда қатынасуда жағымды болу емес , өз түрі мен өз зейінін , шын ынтасын көрсету. Дәл осы сот пен соттың әділдігіне беделдік береді .
Сот тұлғасында жоғары ишаралау, қоздырғыштық, көкіректік болмауы керек . Сот міндетті түрде кішіпейіл, әдептілік, өз істерінде, сөзінде, эмоциясында ұстамдылық болу керек .
Сот қызметінің ерекшелігі - ол өз пікірін басқа соттарға, процесске қатысушыларға таңымауы керек .
Сот ролі тек оның зейін қойып барлық түсініктер мен жауап-
тарды тыңдауында ғана емес , ол сотталып жатқанға, жәбірленушіге , куәгерлерге, жалған сөйлеушілерге белсенді дүмпу жасау керек . Сот мінез – құлық нормасын айта білу, адамның соттағы дұрыс емес жақтарын, қарама –қайшылықтарын көрсету керек. Тәжірибелі сотты процессте бейтараптылық пен шыдамдылық айырады .
Соттың ойлауы оның тек жан – жақтылығымен, нақтылығымен, объективтілігімен және анықтылығымен айырмашылығы болады. Интуиция мен қиял тек ақпаратты бағалауда тергеудің бастапқы этаптарында қатысады .
Куәландыру соттың профессиограммасында соңғы болып келеді, ол барлық табылған ақпаратты заңмен қабылданған түрде береді, яғни хаттама, анықтама, шешім және т. б. түрінде . Бұл қызметті соттың жалпы және арнаулы мәдени жазба сөзі қалыптасуымен, оның жазбаша құжаттарды жазуда мамандық дағдылары пайда болады .
Психологиялық білімдердің болуы соттың айтылған дәйектерінің кілтіне қатынасын дұрыс анықтауына мүмкіндік береді , тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін түсінуге, мотивті түсінуге мүмкіндік береді, тұлғаға дүмпу жасайды .
Адвокат қызметі оның әлеуметтік – психологиялық ролінің ерекшелігімен шартталады . Адвокаттар – азаматтар мен мекемелерге заңдық қызмет көрсететін адамдар . Заңмен азамат өз қорғанушысының барлық құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау керек .
Адвокат қызметі адамдардың дұрыс психологиялық байланысын бекітуінен, қорғанушыға тұлғаға сияқты дұрыс қатынасуымен, оның сотпен , тергеушімен, прокурормен қарым- қатынасымен тікелей байланысты .
Мұнда адвокаттың ұйымдастыру қызметі үлкен роль атқарады:
процесске қатысудағы дайындық жоспарын құру, практикамен және тәжірибемен жасалған әдістер мен тәсілдер орындау. Бұл оған әр түрлі жағдайларда дұрыс дағдылануға , мүмкіндігінше түсінбеушілік пен нақтылықсыздықты жоюға, өз жоспарына жаңа жағдайларға байланысты дұрыстаулар енгізуге болады . Адвокат оған соттық іс кезінде және соттық тергеу кезінде керек сұрақтарды ойлап , біліп алу керек. Тек оқып, талдап, қорытындылап ғана, қорғанушының тұлғасын зерттеп, логикалық ойлап, адвокат жағымды нгәтижеге жете алады .
Іс жүзінде адвокат қорғанушының қызығушылықтарын қорғаумен қатар , оны тәрбиелеп , заңдық сезімді қатайту керек . Адвокат жетістігі оның дұрыс және белсенді дәлелдемелерді табуына байланысты. Сол арқылы ол қорғанушының айыбын жеңілдету жәнеоны ақтауға мүмкіндігі бар . Процессте адвокат өзінің дайындаған жоспары бойынша және мақсаты арқылы қандай да бір істерді атқарып, шешімдер қабылдауы керек .
Әдебиеттер:
Антоня Ю.М. Гульдан В.В. Криминальная психология М. Наука, 1991.
Балпбанова Л.М. Судебная патопсихология (Вопросы определения нормы и отклонении) – Д. Сталкер, 1998.
Васильев В.Л. Юридическая психология. М. Юридич. Лит-ра 1991
