- •2. Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Заң психологиясы Авторлары:
- •Пікір жазғандар:
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтары тақырыптарының жобалық тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Дәріс,семинар,практикалық,зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары Модуль атауы: Заң психологиясы негіздері
- •Соөж және сөж тапсырмаларының тақырыптық жоспары
- •Оқытушының басшылығымен орындалатын студенттің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
- •Пән бойынша сөж – оқу тақырыптық жоспары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік қамсыздандыру картасы
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
- •Дәріс кешені
- •Дәріс №3 Заңгер кәсіби іс-әрекетінің психологиясы
- •Дәріс №3 Заңгер іс-әрекетіндегі танымдық психикалық процестерді талдау.
- •Дәріс №4 Қылмыстық психология
- •1.Глоссарий
- •Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірмелі материалдар:
- •Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Реферат орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Реферат тақырыптары
- •Курстық жұмысты орындау ережесі
- •Курс жұмысы (жоба) мынадай мақсатта әзірленеді:
- •Курстық жұмысының тақырыптарын бекітуге қойылатын талаптар
- •Курс жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
- •Курс жұмысының (жобаның) мазмұны мен құрылымы
- •3. Курс жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- •4. Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:
- •Курс жұмысын (жобасын) ресімдеу тәртібі
- •Курстық жұмыс тақырыптары
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
Дәріс кешені
Дәріс №1 Заң психологиясының пәні, әдістері мен салалары
Тұрмыстық және ғылыми құқықтық психологиялық білімдердің негізгі айырмашылықтары мен салыстырмалы талдау.
Эксперименттік психологияның пайда болуы, жетістіктері және оның құқық қорғау, құқық жасау, тергеу мен түзету тәжірбилеріне әсері.
Заң психологиясының ғылымдар жүйесіндегі алатын орны мен маңызы.
Заң психологиясының салалары мен оның өзара шектеу принциптері.
Заңгердiң кәсiптiк қызметiндегi жеке адамды зерттеу әдiстерi.
Әңгiмелесу, бақылау, эксперимент, iс-әрекет нәтижелерiн талдау, “биографиялық” әдiс, тәуелсiз сипаттамаларды жалпылау әдiстерi.
Психологиялық әдiстер.
әртүрлi заң бұзушылық кезiндегi заңгердiң кәсiптiк қызметiндегi жеке адамды зерттеу әдiстерiн таңдау көп жағдайда оның алдына қойған мақсатынан тәуелдi. Кейбiр зерттеу әдiстерiн заігерлердің өздерi де қолдана алады, ал кейбiр арнайы жағдайларда психологтардың көмегiнсiз жүргiзу мүмкiн емес. мәселен, сот-психиатриялық сараптама. Олардың бiршамасына тоқталуға болады:
Әңгiмелесу. Бұл әдiс субъектiмен контакт құру үшiн және ол туралы алғашқы мәлiметтер жинау үшiн қолданылады. Әңгiмелесу барысында сол тұлғаның индивидуалды даму ерекшелiгi, оның интеллектiсi, психикалық күйi анықталады.
Әңгiмелесу кезiнде заңгер ол тұлғамен жағымды психологиялық қарым-қатынас құруға ұмтылуы қажет. Өйткенi бұдан көптеген нәтижелер тәуелдi болады. Бұдан басқа, әңгiмелесу өзiн жақсы жағынан көрсетуге мүмкiндiк бередi және объективтi түрде шешуге мүмкiндiк бередi. Сондықтан да әңгiмелесу әдiсi өте қажет әдiс болып табылады. Тұлғаға қойылатын сұрақты психологиялық контакт орнатылғаннан кейiн ғана қою керек, және де әңгiме барысы жасанды емес, табиғи түрде өтсе көптеген жоғары нәтижелерге алып келедi.
Бақылау. Белгiлi бiр жоспар бойынша жүйелi түрде бiраз уақыт бойына зерттелушi адамның психикалық ерекшелiктерiн қадағалауды бақылау әдiсi деп атайды. Бақылау әдетте табиғи жағдайда зерттелiнушi адамның әрекетiне әдейi араласпай-ақ жүргiзiледi. Осы әдiс арқылы зерттелiнушiнiң мимикасын, сөз реакцияларын, түрлi қозғалыстарын, мiнез-құлқын, жалпы әрекетiн байқауға болады. Бақылау әдiсi заңгер қызметiнде танымдық мәселелердi шешуде маңызды болып келедi, мәселен тергеушiнiң тергеу жүргiзу процесiнде, оқиға болған орынды қарау, тiнту, тергеу эксперименттерiн жүргiзу кездерiнде қолдануға қолайлы.
Эксперименталдық әдiс. Жеке адамды зерттеу әдiстерi iшiндегi маңызды әдiс болып табылады. Зерттелушiлердiң психикалық процестерiн зерттеу мақсатындағы сот-психологиялық сараптама жүргiзу кезiнде кеңiнен қолданылады, мәселен, қабылдау, ес, ойлау, зейiн. Осы эксперименталды-психологиялық әдiстердi қолдану арқылы психикалық процестердiң сандық және сапалық сипаттамаларды зерттеуде қолданылады.
“Биографиялық” әдiс. Адамның өмiрiндегi маңызды әлеуметтiк-психологиялық мағынасы бар мәлiметтер мен фактiлердi жинау мақсатында қолданылады. Бұл мәлiметтердi сол тұлғаны жақсы бiлетiн субъектiлер, ата-аналары, оны тәрбиелеген адамдар, бiрге оқыған сыныптастары, қызметтегi әрiптестерi бере алады.
Сонымен қатар, әртүрлi медициналық құжаттар мен мектептен, қызмет орнынан алынатын мiнездемелер, жеке iс-қағазы, хаттар, күнделiктер т.б. зерттеледi.
Тәуелсiз сипаттамаларды жалпылау әдiсi. Жоғарыда аталған әдiстерге бұл тәуелсiз сипаттамаларды жалпылау әдiсi қосымша ретiнде қолданылады. Бұл әдiс жеке адамды жан-жақты байқап, бағалау үшiн қолданылады. Заңды бұзған субъектi туралы толық мәлiмет жинау үшiн тек бiр ғана сипаттама жеткiлiксiз болуы мүмкiн. Сондықтан да тұлға бұрын соңды оқыған немесе қызмет жасаған бiрнеше орындардан сипаттама алу қандай до болмасын iстi толықтыра түседi, өйткенi бұл сипаттамалар бiр-бiрiнен тәуелсiз, әртүрлi мекемелерден, адамдардан алынған. Соларды зерттеу нәтижесiнде белгiлi бiр тұтас мiнездеме қалыптасады.
Iс-әрекет нәтижелерiн талдау әдiстерi. Бұл әдiс iздеуга ұсынылған тұлғалардың тұлғасын зерттеуде басқа зерттеу әдiстерiмен бiрге қолданылатын әдiс. Мәселен, жасаған қылмыстық әрекеттерiне байланысты оның тек қоғамдық қауiптiлiгiн емес, сонымен қатар оның мiнездiк ерекшелiктерi, психикалық күйi, интеллектiсi. қылмысты жасау себептерi туралы мәлiмет алуға болады.
Соңғы кездерi осы әдiстiң бiр түрi – қылмыскердiң психологиялық портретiн құру кеңiнен қолданылып жүр. Бұның көмегi арқылы психолого-криминалистикалық сипаттама құрылады: оның психикалық, мiнез-құлықтық ерекшелiгi, сыртқы дене пiшiнi, физикалық белгiлiрi т.б.
Жеке адамды зерттеудегi ең нәтижелi әдiс бұл сот-психологиялық сараптама.
Жеке адамды зерттеудегi психологиялық әдiстердiң (тест) классификациясы. Қазiргi кезде көптеген тестiлiк әдiстемелердi қарастыру заң психологиясы оқулықтарында орын алмайды. өйткенi сот тәжiрибесiнде олардың көпшiлiгi қолданылмайды.
Бiрақ заңгер үшiн психологтардың сот-психологиялық сараптама жүргiзу кезiнде, құқық қорғау органдарына кәсiптiк таңдау жасағанда жиi қолданатын тест туралы бiлгенi жөн. өйткенi психологтың қандай бағытты қолдана отырып зерттеу жүргiзуiн, психодиагностикалық әдiстемелердi таңдау принципiмен танысу үшiн қажет.
Психологиядағы қолданылатын әдiстердi шартты түрде төрт топқа бөлуге болады:
Бiрiншi тобы – индивидтiң функционалды күйлерiн диагностикалаудағы психофизиологиялық әдiстер. Бұл тесттер арқылы адамның орталық, вегетативтi жүйке жүйесi көрсеткiштерi туралы әртүрлi мәлiметтер алуға болады. Бүған электрофизиологиялық көрсеткiштер жатады: электроэнцефалограмма, электромиограмма, кожно-гальваническая реакция, электрокардиограмма. Сонымен қатар, экстремалды жағдайларда организм бойында болатын биохимиялық өзгерiстердi зерттейтiн әдiстемелердi қосуға болады. Мысалы, стресс кезiндегi маңызды көрсеткiштер – қан және зәр құрамында стресс гормоны- адреналин мен норадреналиннiң жоғары болуы.
Екiншi топ – интеллектуалдық психологиялық тестiлер. Бұл тестiлер көмегi арқылы адамның интеллектуалдық даму деңгейi туралы бiлуге болады. Ойлау, ес, қабылдау, зейiн, сөйлеу, бөлек дағдылар, iскерлiктер мен қабiлеттерi туралы мәлiмет алуға арналған.
Әртүрлi тест әдiстемелерi арасынан IQ американдық клиниикалық психолог Д.Векслердiң «үлкен адамдардың интеллект деңгейiн өлшейтiн шкаласы» тестi жиi қолданылады.
Интеллект коэффицентiн анықтайтын тест ретiнде Дж.Равеннiң прогрессивтi шкалалар тестiн атауға болады.
Үшiншi топқа жеке адамдық, анкеттiк тесттер мен сұрақтамалар жатады. Бұл топ тесттерi жеке адамның дара психологиялық ерекшелiктерiн зерттеу мен бағалау мақсатында қолданатын тест түрi. Тесттер тұжырымдамалар, бiрнеше вариантты жауаптар түрiнде құрылады. Зерттелушi еркiн түрде жауап беруiне тыйым салынған. Сондықтан да, бұл сұрақтамаларды жабық деп атайды. Қысқа жауапты таңдау ерекшелiгi зерттелушi бойында қандай да бiр қасиеттiң көрiнуiне байланысты. Дайын жауаптар арқылы жауап берушi тұлға өзi туралы мәлiмет бередi, оның қабiлетi, мiнезi, мiнез-құлық мотивтерi, жеке адамдық бағыттылығы туралы бiлуге болады. Кең тараған зерттеу әдiстерi ретiнде: Миннесоттық көппрофильдi жеке адамдық сұрақтама MMPI, адаптацияланған екi варианты: СМИЛ (Л.Н.Собчиктiң стандарталған жеке адамды зерттеу әдiсi және ММИЛ (Ф.Б.БерезиннiЎ көпжақты стандарталған жеке адамды зерттеу әдiсi), Р.Б.Кэттеллдiң 16-факторлық жеке адамдық сұрақтамасы (16-ФЛО), Г.Айзенктiң (ЕPI), А.Е.Личконың жас өспiрiмдерге арналған патохарактерологиялық диагностикалық сұрақтамасы (ПДО).
Төртiншi топ – проекция механизмiн негiзге алатын проективтi тестiлер. Психологияда проекция бґл субъектiнiң өзiнiң жеке сапаларын, күйлерiн, көзқарастарын, идеяларын, қажеттiлiктерiн, мотивтерiн басқа адамдарға көшiру, алмастырумен байланысты санасыз психикалық процесс.
Проекция сонымен қатар, қате, дұрыс емес ой-қортыныдыларында, шешiмдерде көрiнiс беруi мүмкiн.
Бұл психикалық құбылыстар стимул ретiнде алып қарасақ жасырын, және де адам санасында бейнеленбейдi, бiрақ оның адам мiнез-құлқына жасайтын ықпалы орасан зор. Сондықтан да адамның қандай да бiр әрекет жасау себептерiн анықтау үшiн осы проекцияларды, яғни жасырын сенiмдер мен импульстарды, сезiмдердi, күйлердi анықтау керек. Бұл мақсатта әртүрлi проективтi вербальдi және вербальдi емес әдiстер қолданылады.
Қылмыстық iс бойынша сот-психологиялық сараптама жүргiзу тәжiрибесiнде кең тарағаны: тематикалық апперцептивтi тест (ТАТ), С. Розенцвейгтiң адамның фрустрациялық реакцияларын зерттейтiн әдiстеме, Г. Роршахтың қара дақ әдiстемесi, Люшердiң түстiк тестi және т.б.
Әдебиеттер:
Еникеев М.Х. Общая и юридическая психология М. Юридическая литература 1998.
Коченов М.М. Введение в судебно психологическую экспертизу. М. 1980
Романов В.В. Юридическая психология Учебник М. Юрист 1998.
Чуварковский Ю.В. Юридическая психология М. Юрист, 1995.
Дәріс №2 Құқықтың психологиялық феноменологиясы мен құқықтық сана мәселелері
Адам мінез құлқы курделі көп факторлы құбылыс.
Қылмыстық феноменология.
Қылмыстық құқықтық сана
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір формасы және оның мазмұны мен дамуы қоғамдағы материалдық жағдайлармен себептеледі. Ол құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық сана мынадай белгілерге ие болады:
-құқықтық сана әлеуметтік шындықты бейнелеп қана қоймай, оған белсенді түрде әсер етеді, сонымен қатар қоғамдық заңдарда көрініз табатын адамдардың әлуметтік-экономиқалық қатынастарың жоғары дәрежеде бейнеулеуі болып табылады;
- құқтық сана қоғамдық қатынастары реттейтін құқықтық білімдер мен ұғымдардын жүйесі;
- ол жеке адамсыз өмір сүре алмайды. Сонымен қатар топтың да ‘құқықтық сана’ деген категориясы бар, ол әлеуметтік қауымдар мен тарихи дәулерге тән.
Тұлға мен қоғамның құқықтық шеленістері – заң бұзышылық, қылмыс – мен криминология мен пенитенциярлық психологияда құқықтық сананың қандай даму кезендері бұзылғаннын анықтау және қандай заң бұзушылардың әлеуметтік бейімделу шаралары оларды ‘қалыптық құқықтық санаға қайтып әкеледі’ деп қарастырылады.
Жеке адамның құқықтық санасын дамыу қоршаған әлеуметтік органмен себептейлінеді. Оның қалыптасыуна сол тұлғаны тікелей қоршаған микроорта мен жалпы әлеуметтңк тәртіп сияқты коптеген факторлары әсер етеді. Тұлғанын жеке құқықтық санасын қалыптысуы кезеңінде бұл факторлар тұлған психологиялық ерекшеліктері мен өміріннің нақты жағдайларын өзгертіп, оның қызметінде жүзеге асады.
Сананың қалыптарынан ауытқұлар бірнеше себептеріне байланысты, оның ішінде ең маңыздысы – тұлға санасының қалыптасуына жағымсыз факторлардың әсер етуі. Осы тұрғыдан бірнеше заңдылықтарды болып көрсетуге болады:
Қылмыс жасаған адамның құқықтақ санасы қоғамдық санаға сәйкес келмейді, құқықтық нормаларға қайшы болып табылады;
Сотталған қылмыскер құқықтық нормаларға дұрыс және әділ деп санайды, бірақ өзіне қатысты үкімді ''әділетсіз'' деп есептиді.
Сондықтан сотталғандарды қайта тәрбиелеген кезде оларды құқықтық санасының жоғалған және мойындамайтын әспектілерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Құқықтық нормаларын тиімділігі үшін мына шартттар керек:
Тұлға құқықтық нормаларды сақтайтын және қорғайтын әлеуметтік құндылықтарды мойындауы керек;
Қоғамдық құқықтық санада болып жатқан өзгерістері ескеру, құқықтық нормаларды дамып, өзгеріп тұруы керек;
Құқықтық нормалар қоғамның қажеттіліктерінің, материалдық және рухани мүдделерінің дамуының соңынан еріп отыру керек.
Әдебиеттер:
Антоня Ю.М. Гульдан В.В. Криминальная психология М. Наука, 1991.
Балпбанова Л.М. Судебная патопсихология (Вопросы определения нормы и отклонении) – Д. Сталкер, 1998.
Васильев В.Л. Юридическая психология. М. Юридич. Лит-ра 1991
