Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
студ юрид пси пх.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«БЕКІТЕМІН»

Экономика ғылымдар

Жоғары мектебінің

орындаушы міндеті ретіндегі

директоры Каржаубаева А.И.

_____________________________

«___» _________________ 2014 ж.

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Модуль атауы: Заң психологиясы негіздері

Пән атауы: Заң психологиясы

Модуль деңгейі: Бакалавриат

Мамандықтар шифры: 5В050300 – Психология

Астана – 2014 ж.

5В050300 - Психология бакалавр мамандықтары бойынша мемлекеттік білім берудің жалпы стандарттарының негізінде пәннің оқу-әдістемелік кешені дайындалды.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, пс.ғ.м Болатбекова Назгуль Жоламанқызы дайындады__________________________________________________

Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедра отырысында талқыланды

Хаттама № ____ «_____» _________________________________2014_____ж.

Кафедра меңгерушісі .

________________________________ ж.

Экономика Жоғары мектебінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.

Хаттама № ____ «_____»_______________________ 2014 _________ж.

Төраға

____________________________ж.

Пәннің мазмұны

бет

Типтік бағдарлама......……………………………………….

-

Жұмыс оқу бағдарламасы........................................................

Syllabus…….....……………………………..………………..

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздануының картасы…...

Дәрістер тезистері....................................................................

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар…..…………

Белсенді үлестірме материалдар.........................................

Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары ………………………………………………...

Оқытудың техникалық құралдары, демонстрациялық материалдардың тізімі (плакаттар, слайдтар, мультимедиялық қамтылуы және т.б.)……………………..

2. Жұмыс оқу бағдарламасы

Семестр

Кредиттер саны

Сабақ түрі

СӨЖ сағаттарының саны

Жалпы сағаттар саны

Бақылау түрі

Контактылы сағаттар саны

Контактылы сағаттардың жалпы сағат

дәріс

семинар

СОӨЖ/консультация сағаттарының саны

6

3

30

15

10

55

80

135

Қорытынды тапсырма

Заң психологиясы Авторлары:

психология ғылымының кандидаты, доцент Д.Д. Дүйсенбеков

психология ғылымының кандидаты, доцент С.М. Илюсизова

Пікір жазғандар:

психология ғылымының кандидаты, профессор Ш.С. Байтикова

психология ғылымының кандидаты, доцент К.Е. Басыбекова

АЛҒЫ СӨЗ

Типтік оқу бағдарламасы 050503 - "Психология" мамандығы ҚР МЖМБС талабына сай кредиттік технологиясына негізінде құрастырылған.

Университеттік дәрежедегі болашақ маман-психологтарды кәсіби даярлау мазмұны - арнайы құқықтық білімдер, жекелей алғанда, заң психологиясы бойынша білімдер жүйесінсіз толық емес сипатта болар еді.

Бұл курсты оқып-үйрену аясында заң психологиясының зерттеу объектісі туралы білімдер, яғни адам және оның басқа адамдармен, қоғам, табиғатпен құққықтық қатынасы; құқық және заң психологиясының пәні - құқық арқылы реттелетін адамның іс-әрекетінің психологиялық механизмдері мен заңдылықтар жүйесі туралы білімдерді қалыптастыру қажет.

Осыған орай, бұл курста құқықтық сана, ауытқымалы және қылмыстық жүріс-тұрыс, сот-тергеу әрекеті мен сот өндірісі, әлеуметтік реабилитация мен түзету психологиясы бойынша білімдер жүйесі берілуі қажет.

Заң психологиясы пәнінің басты тезисі-құқық, іс-әрекет, жүріс-тұрыс субъектісі ретіндегі жеке адам болуы қажет.

Заң психологиясы пәнін оқып-үйрену мектептегі биология, қоғамтану және университетті” алғашқы сатысындағы пәндер: құқық негіздері, әлеуметтік психология, дифференциалды психология, психодиагностика негіздері сияқты пәндерден алынған білімдерге негізделеді.

Пәннің оқыту мақсаты. Заң психологиясының негізгі ұғымдарын беру, адамның құқықтық санасының қалыптасуының және оның құқықтық жүріс-тұрысы мен әрекетінің психологиялық заңдылықтарын айқындау.

Пәннің оқыту міндеттері.

  • Заң психологиясының ғылымдар жүйесі мен әлеуметтік тәжірибедегі алатын орнын нақты айқындау;

  • Заң психологиясындағы түрлі ағымдармен концепциялармен таныстыру;

  • Студенттерді Заң психологиясы бойынша алған білімдерін күнделікті тұрмыста, кәсіби іс-әрекетте пайдалануға және осы ғылым саласында өз бетінше терең білім алуға.

Студент заң психологиясының объектсі мен пәнін, оның негізгі салалары мен құқықтық сана мен құқықтық жүріс-тұрыстың зерттеу әдістерін білуі тиіс.

Студент заң психологиясы бойынша алынған білімдерін психодиагностика мен психологиялық кеңес беру практикасында пайдалана білуі тиіс, сонымен қатар психологиялық сараптаудың түрлі формаларын жүргізгенде оларды жетік білуі қажет.

Пререквизиттер: жалпы психология, әлеуметтік психология, дифференциалды психология, медициналық психология, еңбек психологиясы, психодиагностиканың негіздері.

Постреквизиттер – осы курсты тыңдағаннан кейін студент келесі білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды игереді:

  • білімдер – әлеуметтенудің нәтижесі ретіндегі және құқықтық мәдениеттің психологиялық бөлшегі ретіндегі адамның құқықтық сана-сезімі туралы, заңгерлердің кәсіби әрекетінің психологиялық ерекшеліктері туралы, қылмыстық психологияның, әлеуметтік-психологиялық профилактика мен түзету психологиясының негізгі аспектлері туралы;

  • іскерліктер – заң психологиясының негізгі ұғымдарымен және категорияларымен, оның концептуалды ізденістерімен, психодиагностикамен және психологиялық кеңес беруді талдау жұмыстары барысында қолға алу;

  • дағдылар – құқық сақтау саласындағы практикалық жұмыстардың түрлі формаларына қатысуға қабілетті кәсіби психологтың дағдылары (психопрофилактика мен түзету, сараптау процедуралары және т.б.).

Осымен ұсынылған пән бойынша алынған білімдер студенттің маман ретінде жоғары теоретикалық, ғылыми және практикалық дайындықтың деңгейін қамтамасыз етеді – себебі адамдардың құқықтық және құқыққа қарсы жүріс-тұрысы мен әрекеті туралы, заң бұзу мен қылмыстың психологиялық себептері туралы, қылмыскерлердің тұлғалық типологиясы туралы және құқықтық қатыныстар саласындағы адамды сынаудың психологиялық тәсілдер мен әдістемелер туралы дәріс береді.