Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жайна Отчет Рсапс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
475.61 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

`Мұнай грек халқының “нафта” деген сөзінен шыққан, “нафта” жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Мұнайдың шаруашылықтағы маңызын халық ерте кездерден-ақ жоғары бағалаған. Оны “жер майы”, “асыл май”, “тау майы” деп құрметеп атаған.

Мұнай қуатты және арзан отындардың қатарына жатады. Тас көмірмен салыстырғанда оның қызуы әлдеқайда артық. Мысалы бір тонна мұнай 1,3 тонна антроциттің, 3 тонна қоңыр көмірдің, 3,3 тонна шымтезектің, мұнай тектес газдың да қуатынан күшті. Соңғы 1997 жылға дейінгі Егеменді тәуелсіз мемлекеттер бойынша өндірілген газдың жылу қуаты бүкіл Донецк, Москва түбіндегі Печорск, Қазақстандағы Қарағанды бассейндерінде өндірілген тас көмірдің барлық жылуынан анағұрлым артық. Газ күлінен резина, машиналардың дөңгелектері, пластмасса, т.б. көптеген өмірге керек заттар шығарылады.

Қазіргі уақытта мұнай құрамынан 1000-нан астам халық шаруашылығына қажет заттар алынып отыр.

Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығындағы көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде-ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан мұнайды сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ. Атырау өңірін алғаш зерттеушілердің бірі-Н.А.Северцов. Ол 1860 жылы “Горный“ журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда “Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен”- деп жазған.

1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы 7 скважинадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді.

Мұнай өндіру үшін тек жұмысшылар ғана емес, білімді мамандар да қажет болды. Сондықтан 1930 жылы Гурьев мұнай техникумы ашылды. Кейіннен бұл оқу орны политехникум деп аталды.

Қазақстан мұнайшылары үшін үлкен сын болған белестің бірі-Ұлы Отан соғыс жылдары еді. Майданға аттанған ер азаматтардың орнын жоқтатпай, өндіріс ырғағын қалыпты ұстауы-мұнайшылардың алдына қойған талабе еді. Қорғаныс қажетіне көптеп мұнай беру үшін қажымай еңбек етіп, ерлер қатары майданға кетіп сиреген соң, солардың орнын толтыратын жұмысшы күшіне мұқтаждық туды. Міне сондай қажыр-қайрат буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалардың, еңкейген кәрілердің бойынан табылды. Ерлердің мамандығын әйелдер меңгерді.

Ұлы Отан соғысы тұсында төрт кәсіпшілік өндіріске қосылса да, соғыс аяғына таман шығарылатын сұйық отынның көлемі төмендеп кетті, 1945 жылғы өндірілген мұнай 1943 жылғы өндірілген мұнайға қарағанда 20 пайызға кем болды. Алайда бұл Қазақстан мұнайының азайғанынан емес. Жер қойнауындағы тұнып жатқан мол байлықтың кең көлемде игерілмеуінің басты себебі табиғаттың қаталдығынан еді.

Cnps ”Сырдария нефтесервис” жшс компаниясы

CNPS ”Сырдария нефтесервис” ЖШС компаниясы Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастық шеңберінде құрылған кәсіпорындардың бірі.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

-мұнай және газ өндіру;

-іздеуші, құрылымды және пайдаланушы ұңғымаларын бұрғылау;

-мұнай және газ кен орындарын іздеу, зерттеу және пайдалану;

-мұнайды,газды және оларды қайта өңделген өнімдерін өткізу;

-іздеу,зерттеу, мұнай-газ және қайта өңдеу саласындағы жобалық-іздестіруші, құрылыс-монтаждық, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды орындау.

Қазақстанның мұнай саласындағы қытайлық компаниялардың үлесі шамамен 24 пайызды құрайды. Бұл компанияның бизнесі-мұнайды геологиялық барлау мен өңдеуден бастап, оны жоғары сапалы мұнай өнімдеріне қайта өңдеу мен дамыған маркетинг пен тасымалдау жүйесіне дейінгі біртұтас технологиялық тізбек.

Компания негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өндіреді. Сондай-ақ сусабындар, іштен жанатын двигательдерге арналған “Тосол-А-50М” майы, ыдыстар мен сантехникалық құралдарды жууға арналған Афол сұйығы өндіріледі.

1.1. Үш шарошкалы қашаулардың тағайындалуы және қысқаша сипаттамасы

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау процесінде кенжардын жыныстарын бұзу үшін жыныс бұзушы аспаптардың келесі түрлері қолданылады:

- ұңғыларды жалпылама кен жармен бұрғылауға арналған бұрғылау қашаулары;

- ұңғыларды сақиналық кен жарлармен бұрғылауға арналған бұрғылау басшалары;

- ұңғы оқпанын кеңейтетін кеңейткіштер;

- бұрғылау тізбектерін центрлер және ұңғылардың қабырғаларын түзетуге арналған комбиротор, тұрақтандырғыштар, цент раторлар;

Бұрғылау қашаулары бұрғылау процесі кезіндегі ұңғыма қабырғаларын және кен жар қалыптастыру үшін және де тау жыныстарын бұзуды қамтамасыз ететін аспап.

Шарошкалы қашау - ұңғы кен жары бойынша сығып отырып жұмыс істейтін жыныс бұзушы аспап.

Шарошкалы қашаулар жұмыс органының саны бойынша бөлінеді:

- бір шарошкалы қашаулар;

- екі шарошкалы қашаулар;

- үш шарошкаы қашаулар;

- копшарошкалы қашаулар;

Ен коп тарағаны үш шарошкалы қашаулар, үлесіне терең ұңғыларды бұрғылаудың 90% тиесілі.

Үш шарошкалы қашаулардың бір немесе екі шарошкалы қашауларға қарағандағы артықшылығы кен жардағы тұрақтылығы, шорошкалардың ұңғыманың дөңгелек қимасына жақсы орнығуы, қанағаттанарлық өзін-өзі центрлеуі, бұрғылау процесі кезіндегі ұңғыма қабырғаларының жақсы комибровкасы бұрғылау процесі кезіндегі ұңғыма қабырғаларының аз мөлшерде табиғи қисаюы.

IАDС (International Association of Drilling Contractors) сыныптамасын бұрғылау мердігерлерінің халықаралық ассоциациясына сәйкес үш шарошкалы қашаулар 2 классқа, 8 топқа және 32 типке бөлініп, осының өзінде қащаулардың әр тиінде 9 модификация бар.

Үш шарощкалы қащаулар кластарға қащаудың жарақтандырылуы бойынша (фрезерлеген тістер немесе қондырмалы тістер) топтарға жыныстар тобының бұрғылағыштығына сәйкес (1 - үш топ шарошкалардың фрезерлі жарақтығына жатады, яғни, 1 - класты қашауларға қалғандары қондырмалы, яғни 2 - класты қатты қорытпалы шарошкалармен жарақталған), қашаулардың әр тобы 4 типке бөлінеді және қашулардың әр типіне 9 модификация бар, қашаулардың модификациялары өнімді өндіруді шығарған кезде серияларға реттелген кезде негіз болады.

1-топқа сығылуға төмен беріктілікпен және жоғарғы бұрғыланғыштықпен, өте жұмсақ қопсыма және жұмсақ жыныстарды бұрғылауға арналған қашаулар кіреді.

2-топқа сығылуға жоғары беріктілікпен сипатталатын орташа және орташа қатты жыныстарды бұрғылауға арналған қашаулар кірелі.

3-топтың қащаулары қатты жартылай абразивтік және абразивтік емес жыныстарды бұрғылауға арналған.

4-топтың қащаулары төмен беріктікке және жоғары бұрғылаулыққа иелі, жұмсақ жыныстарды бұрғылауға арналған (1-топ қащауларынан қатты қорытпалы жарықтандырылумен ерекшеленеді).

5-топтың қащаулары қаттылығы бойынша орташаға жақындайтын жұмсақ және сығылуға дейін төмен кедергімен Сипатталатын жыныстарды бұрғылауға арналған.

6-топтың қашаулары сығылуға өте берік, орташа жыныстарды бұрғылауға арналған.

7-топтың қашаулары қатты (берік) жартылай абразивтік және абразивтік жыныстарды бұрғылауға арналған.

8-топтың қашаулары берік және өте берік абразивтік жыныстарды бұрғылауға арналған.

1-модификациялық қащауларда қарапайым стандартты шарашкалармен жарықтандырылу және де үлкен тербелуші подшипнигі бар, әдетінше ол роликті болатын, ашық тіреуі болуы керек.

2-модификациялы қащаулар тіреуді және ұңғы кен жарын сығылған ауамен газбен немесе газды - сұйықты қоспамен желдете отырып бұрғылауға арналған. Сондықтан да олар лапа мен цапфаларда желдеткішті көмегімен жасалынып шығарылады. Мұндай қашаулардың тіреуі ашық етіп жасалады және өзіне тербелуші подшипнигін әдетінше роликті кірістіреді.

3-модификациялы қашаулардың 1-модификациялы қашаулардан айырмашылығы шарошканың перифериялы калибрлейтін векцитерінің күшейтілген қорғанысымен ерекшеленеді, ол перифериялы тістерді қатты қорытпалы қондырмалармен армирлеу түрінде жасалады.

4-модификациялы қашаулар герметиктелген тіреу және сылағыш (май)беретін компенсатормен жасалады. тіреудің құрамына үлкен роликті перифериялы подшипник кіреді калибрлейтін элементтер –жебелік (шыбықты) нығайтқышсыз.

5-модификациялы қашаулар 4-модификациялы қашауадағыдай ерекшелікке йе, бірақ оларда шарошка конусының тыл жағынан немесе перифериялы венецтердің нығайтылуы қарастырылған.

6-модификациялы қашаулар 4-модификациялы қашаулардан үлкен роликті подшипниктің фрикцондысына ауыстырылғанмен ерекшеленеді.

7-модификациялы қашаулар сырғанау тіреулерінің герметиктелгендігімен (үлкен фрикциондысына подшипникпен) және шарошканың кері (тілді) конусының жәнеде перифериялы қатты қорытпалы қондырмалармен нығайтылуымен сипатталады.

8-модификациялы қашаулар тік, еңіс және басқа ұңғымаларды бағытталған бұрғылауға арналған. Оларға арнайы тазартушы қондырғылары бар қашаулар жатады.

9-модификациялы қашаулар арнайы тағайындалумен ерекшеленеді. (геотермалды ұңғыларды бұрғылауға,кен жарлық қозғалтқышпен тұтастыруға және .т.б арналған).

IADC бойынша қашаулардың сыныптамасы төрт символды кодқа негізделген олар қашау конструкциясын, тау-кен жыныс топын көрсетеді. Бірінші үш символ санды, ол төртінші әріпті, санды символдардың тізбегі мынадай «серия – тип - тіреу калибрлеуші беткей» төртінші әріптік символ «қосымша сипаттама»ретінде.

Кодтың бірінші саны –жарықтандырылуының сериясы (1-8) жарақтандыру серияларының 8 категориясы қашаулардың тау-кен жынысын бұрғылауға арналған жалпы сипаттамасына сәйкес келеді. 1-ден 3-ге дейінгі сериялар фрезерлі жарықтандырылған, ал 4-тен 8-ге дейінгі сериялар қатты қорытпалы жарқтандрылумен анықталады. Фрезерлеген және шыбықты қашаулар тобы ішіндегі серия санының өсуі қашаудың сол жынысты бұрғылауға жыныстың қаттылығының ұлғайтуын білдіреді.

Кодтың екінші саны – қашудың жарықтандырылу типі (1-4) әр серия ұрланатын жыныстың қаттылығына байланысты 4 типке бөлінген, тип бырдың қашау серия төңірегінде жұмсақ жыныстарды бұрғылауға арналған, ал тип 4- қашау серия төңірегінде қатты жыныстарға арналғанын білдірді.

Кодтың үшінші саны (1-7) іреу конструкциясын және шарошканың калибрлеуші беткейінде қатты қорытпалы қондырғылардың бар не жоқтығын білдіреді.

1 - ашық (герметиктемеген) тіреу;

2 – ауамен желпіп бұрғылау үшін арналған ашық тіреу;

3 - ашық тіреу + шарощкалардың калибрлеуші беткейіндегі қатты қорытпалы қондырғылар;

4 - тербелу подшипниктері бар герметиктелген тіреу;

5 - тербелу подшипниктері бар герметиктелген тіреу шарошкалардің калибрлеуші беткейіндегі қатты қорытпалы қондырмалар;

6 - сырғанау подшипниктері бар герметиктелген тіреу;

7 - сырғанау подшипниктері бар герметиктелген тіреу шарошкалы беттегі қатты қортпалы қондырғылар;

Әлем бойынша үш шарошкалы қашаулар шығарудан жетекші фирмалардың бірі «Хюз тул», олардың өнімі 1-кестеде мысал ретінде көрсетілген.

Кесте 1 - IADC сыныптама жүйесі бойынша «хюз тул» фермасының үш шарошкалыы қашаулары

ТМД аумағында терең бұрғылау қашауларының негізгі өндірушісі Ресей.

Үш шарошқалы қашауларға қойылатын талаптар МЕСТ 20692-75 және үш шарошқалы қашаулардың салалық стандарттың техникалық шарттары мен ОСТ 26-02-1315-84 реттеліп осыларға сәйкес Үш шарошқалы қашаула 46-508мм ұ (кесте2) диаметрі аралығында 39 типті көлемдері шығарылады.

Үш шарошқалы қашаулардың әр моделіне шифр беріледі . шифр бойынша түрін,сериясын,типін,класс,модификация және өлшемдерін анықтайды. Мысалға 111, 215,9 СВ-ГВ-2 қашауының жазылуы МЕСТ 20692-75 бойынша былай шығарылады:

111- жұмыс органдарының (шарошкалардің) санын білдіреді;

215,9 - номиналды өлшемі (диаметр), мм;

С3 - орташа абразивтік жыныстарды бұрғылайтын қашаулардың типі (екінші класты қатты қорытпалы жарақтандырылған) ;

ГВ – жуу (г - гидроманиторлы және ағынды) және тірелу (екі немесе одан көп тербелу подшипникті) жүйесі бойынша қашаудың сериясы;

2 - осы модельдің конструкциясының реттік нөмірі ресейдегі қашау өндіру бойынша жетекші зауыт ААҚ «Вол габурмали» кәсіпорын қашаулардың барлық түрлерін шығарып, ресейдің 90% тұтынсын қамтамасыз етеді. Кәсіпорында сапа менеджмент жүйесі енгізіліп, халықаралық сапа сертификаты алынған және де ААҚ «Вол габурмали» бұрғылаушы мердігерлердің халықаралық ассоциациясының мүшесі (IADC) болып келеді. Кәсіпорында халықаралық стандартқа сәйкес келетін ,шығарылған өнімді өздерінің нумерациялануы қабылданған .

Үш шарошкалы қашаулар екі нұсқада шығарылады:

- секциялы;

- корпусты.

Секциялы үш шарошкалы қашаулар барлық сериялары түрлері 393,7мм дейін шығады көрустыеар үлкен диаметрлі 393,7 және одан жоғары етіп шығарады.

Секциялы үш шарошкалы қашаулар өзара пісірме мен қосылған үш лападан тұрады. Қашаудың әр секциясы қисық уарпалды лападан тұрады. Оларға шарошканың тіреу подшипникті конусты шарошка орнатылады. (Сурет-1)