Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.7 Тәж саб.doc Учет и Аудит. СРСП+СРС doc.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
349.7 Кб
Скачать

7. Соөж. Материалдардың бухгалтериядағы есебі

Мәтінді мазмұндаңыз.

Материалдардын бухгалтериядағы талдамалық есебі сан-дық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудын көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұгымды жаңа түрлері еңгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолданылуда. Соңғы кезгі уақыттарға дейін ұйымдардың бухгалтерияларында материалдардын талдамалық сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізіп келді. Жалпы бухгалтерияда материалдардын әр номенклатуралық нөміріне бөлек карточка ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуына жасалған әр құжат деректері тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін немесе ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кіріске алынуы мен шығыс етілуінің қорытындысы шығарылып, олар материалдардын айналым тізімдемесіне жазылады. Сөйтіп, бухгалтериядағы карточкаларда қоймадағы карточкаларда жазылған деректер қайталанады.

Банк жүйесіндегі бухгалтерлік есепті реформалау – нарықтық эконмика талаптарына жауап беретін жалпыға ортақ халықаралық прициптер мен стандартарды банктердің тәжірибесіне енгізу мүмкіндігін беретін шаралар кешенін білдіреді.

Бухгалтерлік есеп реформасын аяқтауға байланысты жұмыстар мынадай мерзімдерді қамтыды:

-Ұлттық банк бойынша:

1996 жылы қосымша және бас бухгалтерия бойынша нұсқаулар материалдар дайындап, оларды баспадан шығару. 1997 жылы 1996 жылдың жұмыс нәтижелері бойынша жаңа шоттар жоспары мен нұсқаулық материяларға өзгерістер енгізу, Ұлттық банктің қызметіне байланысты халықаралық аудит жүргізу, банк мекемелерінде ескі шоттар жоспарынан жаңаға өтуді аяқтау шаралары жүзеге асырылды. 1998 жылдың бірінші жартысында қосымша есеп бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа пакетін әзірлеу және екінші жартысында Ұлттық банктің бюджетін жоспарлау әдісін жасау.

-Екінші деңгнейдегі банктер бойынша:

1996 жылы екінші деңгейдегі он банктер бойынша жаңа шоттар жоспарын енгізіп, ай сайын осы жоспарға сәйкес жиынтық балансын алу.

1997 жылдың екінші тоқсанында екінші деңгейдегі банктерде бухгалтерлік есептің стандартын жасау, барлық екінші деңгейдегі банктер бойынша үшінші тоқсанда жылдық жинақ есебін құру шаралары жүзеге асты.

Сонымен қатар, бұл банктік реформаның басты нәтижесі – Бұл банктік жүйенің тұрақ тылығын сақтап қалу мақсатында халық салымдарын ұжымдық сақтандыру қоры құрылды.

Бұл қорды құру уақыты 1997 жылдан кешікпеуге тиіс еді, бірақ әр түрлі себептерге байланысты қор 1999 жылдың аяғында құрылып, өз қызметін 2000 жылдың қаңтарынан бастады.

7. Сөж. Агент

1-тапсырма. Мәтінді аударып, мазмұндаңыздар

Агент (лат. (agentis) – әрекет етуші) - мүлік иесінің белгісі бір операциялар жасайтын, келісімді даярлауға қамтамасыз ететін адам. Олар брокерлер, маклер, менеджерлер, бірақ оның келісімге қол қоюға құқы жоқ. Агент өз әрекетін принципальдау нұсқауымен жүзеге асырады, ол қызмет ақысын агенттік келісім бойынша алады. Өнімді өндіруші мен әртүрлі тұтынушылар арасындағы бұл делдал көбінесе өз фирмасының белгілі бір аймақтағы тұрақты өкілі ретінде қызмет етеді. Бұл үшін оған келіссөз жүргізуге және өнімді байланысты келісімді хаттау жөнінде шектеулі құқық беріледі. Агент, әрине тауарлардың иесі емес. Тауарлардың бағасын және оны беру шартын тауарды өндіруші белгілейді. Агенттің негізгі міндеті өнінмді молынан сатып алушыларды іздестіру.

Агент банк – халық аралық несие беру синдикатының түпкі мақсатын, сенім берілген және құжаттағы көрсетілген мерзімдегі уақыт бойынша кепілдеме бере алатын банк.

Агенттік фирмалар – мүлік иесінің атынан және оның есебінен жұмыс істейді. Ол фирма келісімде көрсетілген шарттарға сәйкес фирма атынан және оның есебінен шартқа отырады немесе шарт жасасқан кезде үлестіру қызметін атқарады. Агенттік фирмаларға тән жағдай-ұзақ мерзімге уәкілдік етеді және мүлік иесімен тығыз байланыста болады. Заң тұрғысынан олар әрқашанда өздерінің толық тәуелсіздігін сақтайды. Агенттік фирмалар орналасуына қарай мүлік иесі еліндегі агенттер (шетелге тауар шығару жөніндегі агент, агент резидент) және шет елдік мемлекеттегі агенттер (шетелдер тауар өткізу жөніндегі агент, шетелде тауар сатып алу жөніндегі агент) болып бөлінеді.

Агенттік операциялар – халықаралық және экономикалық инфрақұрылымның кең тараған түрі: олар тапсырыста принципал деп аталатын (мүлік иесі) бірінші жақтан және оған тәуелсіз агент (сауда коммерциялық) деп аталатын екінші жақтан тұрады, бұлар белгіленген территорияда тауарды сатуға немесе сатып алуға байланысты іс жүзіндегі және заңды әрекеттерді принципальдық есебінен және оның атынан атқарады. Агенттік операциялар агенттік келісімдер деп аталатын азды көпті ұзақ мерзімді келісімдер (көпжылдық) негізінде орындалады. Агент мүлік иесіне тәуелсіз, себебі ол еңбек қатынастарына қатысты болмайды және өз қызметін дербес атқара алады.