- •Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары Бірінші сабақ.
- •Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі.
- •1. Сөж. Тауарлық-материалдық құндылықтар
- •Екінші сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •2. Соөж. Бухгалтерлік есептің қағидалары мен әдістері
- •Үшінші сабақ.
- •Қаржылық есеп беру және оның талаптары.
- •Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.
- •3. Соөж. Қаржылық есеп берушілікті даярлау
- •3. Сөж. Сауалнама, іс қағазын дайындау
- •Табыстар мен шығындарды тану және қаржылық нәтижелер есебі
- •4. Соөж. Табыс есебін дұрыс ұйымдастыру.
- •Бесінші сабақ
- •Күрделі сөйлем. Көп бағыныңқылы сабақтас.
- •5. Соөж. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
- •Алтыншы сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Соөж. Жалақы, оның түрлері.
- •6. Сөж. Сенімхат Жетінші сабақ
- •7. Соөж. Материалдардың бухгалтериядағы есебі
- •7. Сөж. Агент
- •Сегізінші сабақ.
- •Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •4 Тапсырма. Сөйлемнен анықтауыштарды табыңыз.
- •8. Соөж. Банкроттық кәсіпорын
- •Оныншы сабақ.
- •Аудиторлық қызметтің Қазақстандағы даму бағыты
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Онбірінші сабақ
- •Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі
- •11. Соөж. Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі
- •11. Сөж. Еңбек кітапшасы
- •Он екінші сабақ. Лексикалық тақырып: Істелген жұмыс уақытының есебі Грамматикалық тақырып: Синоним.
- •1 Тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •12. Соөж. Еңбекақы есебі
- •12. Сөж. Жеке еңбек шартының үлгісін жасау.
- •Он үшінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •13. Соөж Бухгалтерский учет.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •14. Соөж. Терминдердің мағыналарымен танысып, жатқа айтып беріңіз.
- •14. Сөж. Қызметтік хат жазу Он бесінші сабақ
- •Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?)
5. Соөж. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
Оқыңыз! Білініз!
Тіршілік пікір жоқ 307 рет оқылды
Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз үшін қуанышты сәт. Алайда жұмысқа қабылдану барысындағы нысандылықтарды
Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз үшін қуанышты сәт. Алайда жұмысқа қабылдану барысындағы нысандылықтарды сақтауды естен шығармаңыз. Бүгінгі күні жұмыс беруші мен жұмыс алушы құқықтарының тең еместігін білу керек. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдауда басымдыққа ие еңбек шартын құрастыруда да, алдымен оның талаптары ескерілген. Алайда өзіңіздің негізгі құқықтарыңызды біліп, оларды қолдануға Сіздің мүмкіндігіңіз бар.
Жұмысқа қабылданғанда жұмыскерден бұрынғы жұмысынан анықтамалар, бұрын алған төлемақы туралы мәлімет, отбасылық жағдайы, бұрынғы жұмыстағы мінездемелері, т.б – осы документтерден басқасын талап етуге заңмен тыйым салынады.
Жеке еңбек шартын жасасу. Жұмысқа қабылдау барысында жеке еңбек шартын жасасу шарт (ары қарай – келісімшарт). Ол жазбаша негізде екі данамен Сіздің және жұмыс берушінің қолдары қойылып, әрқайсысына бір данадан қалады. Жұмыскер келісімшартының бір данасы алынғандығы туралы жазбаша негізде расталады. (Сіз жұмыс берушінің данасына өз данаңызды алғандығыңыз жөнінде белгі қоясыз).
Жұмыскердің іске кірісу күні, яғни жұмыстың басталуы келісімшартта көрсетіледі.
Келісімшарт жасалғаннан кейін, жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдауы жөнінде бұйрық шығарып, Сізге қолхат ретінде берілуі тиіс.
Тәжірибе көрсеткендей, келісімшарт мүлдем не дұрыс жасалмаған оқиғалар көптеп кездеседі. Келісімшартсыз жұмысқа қабылдануға келіссеңіз, онда Сіз өз құқықтарыңызды толықтай қорғай алмайсыз. Алайда бұл Сіз барлық құқықтарыңыздан айырыласыз деген сөз емес. Жұмысқа қабылдау бұйрығы мен жұмысқа кірісу фактісі келісімшарттың жасалғанын растайды. Алайда қарама-қайшылық туындаған жағдайда, Сіз төлемақы көлемін, қызмет міндеттемелерін тағы басқа жағдайларды дәлелдей алмайсыз. Өйткені олар ешқайда көрсетілмеген. Сондықтан, келісімшарттың жазбаша формасы Сіз үшін маңызды.
5. СӨЖ. Еңбек нарығына байланысты реферат жазыңыз.
Алтыншы сабақ
Лексикалық тақырып: Еңбекақының түрлері мен нысандары (формалары)
Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем.
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбек ақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына төленеді. Негізгі еңбекақыға мыналар жатады:
Мерзімді және кесімді еңбекақы.
Сыйлықтар мен сыйақылар.
Үстеме сыйлықтар.
Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Олар:
Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және да басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдер.
Әскери жиындарға қатысқаны үшін сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер жатады.
Өндіріс пен құрлыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысананы (формасы) қолданылады.
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс істеген уақытына, оның жұмыста болған уақытына төленеді
Мерземдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:
Жай мерзімді-жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді;
Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.
