Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.7 Тәж саб.doc Учет и Аудит. СРСП+СРС doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
349.7 Кб
Скачать

3. Соөж. Қаржылық есеп берушілікті даярлау

Мәтінді мазмұндап, аударыңыздар.

Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өндеулерден өтеді. Бұл өндеу процесі төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері қүжатталады (іскерлік мәміле жасалады).

Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО, ведомость, Бас кітап).

Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп беру, ақшалардың қозғалысы туралы есеп беру т.б.).

Төртінші кезең. Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі талданады. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде анықталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.

Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құрылтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.

Кәсіпорындар (бүған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының зандарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты қүнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері белгілейді.

Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

3. Сөж. Сауалнама, іс қағазын дайындау

Төртінші сабақ

Лексикалық тақырып:

Табыстар мен шығындарды тану және қаржылық нәтижелер есебі

Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндап, аударыңыздар.

Табыстар –бұл активтердің келуі мен өсуі жолымен немесе субъектінің қызметі нәтижесінде міндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі. Шығындар – бұл активтердің азаюы не басқа да қызметтерді жүзеге асыруда, тауарларды өндіру не жеткізу салдарынан қарыздардың пайда болуы, яғни міндеттемелердің көбеюі. Басқаша айтқанда, шығындар – бұл табыс табу мақсатында таурларды өндіруге не қызметтер көрсетуге кеткен шығындар.

Пайда- бұл кәсіпорынға қатысты негізгі және негізгі емес қызмет нәтижесінде капиталдың өсуі, бұған акционерлік капиталға жарна жатпайды.

Зияндар- бұл кәсіпорынға қатысты жағдайлардан капиталдың азаюы.

Тану – кәсіпорынның қаржылық есебінде баптарды енгізу процесі. Тану есептің жиынтық көрсеткіштеріне сомаларды бейнелеуден тұрады. Танудың төрт критерийі : анықтау, бағалау, мерзімділік, сенімділік.

Табыс- кәсіпорынның өзінің сатып алушыларына қандай да бір уақыт кезеңі ағымында берген қызметтері немесе өнімдерінің жиынтығын ақшалай бейнелеу.

Табыстар есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндететмелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтады. Мұндай табыстарға : дайын өнімдер мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивидендтер, роялти және процент түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады.

Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2-тапсырма. Мәтіннен таныс емес сөздерді жазып алыңыз, аударыңыз.

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

4-тапсырма. Берілген мақалдың мағынасын түсіндіріңіз. Орыс тіліндегі баламасын дұрыс орналастырыңыз.

Ақша ашпайтын құлып жоқ.

Того нет замка, бы устоял против который денег.

Ақшада көз жоқ.

Нет денег у глаз.

5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аударыңыздар:

Денежная единица, денежная масса, денежно-кредитное регулирование, денежно-кредитный кризис, денежное обращение, денежные знаки, денежный агрегат, денежный начет.

6-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз:

табыс, кіріс, пайда, кәсіпорынның жалпы табысы, өзіндік еңбек әрекетінен түсетін табыс.

7-тапсырма. Сөйлемдерден салалас құрмаласты тап.

Бұл күнде ел де өзгереді, адамдар да өзгереді. Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарды. Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар. Ақша саясаты ақша айналымы заңын өмірге келтірген. Негізгі активті операцияларға банкаралық несие беру жатады.

8-тапсырма. Сөйлемдерден салалас құрмаласты тап, қалай байланысып тұрғандығын анықтаңыздар.

Сегіз жасынан бергі, өмірін теңіз бетінде өткізген оның талай қызықтыәңгімелері бар екен және дәмдендіріп айтады. Әсемгүл сәлем беріп еді, -ол қырын қарап кетті (Ғ.С.). Ректорат мынаны еске салады: студенттерді ерте бастан ғылымиеңбек жазуға төселдіру. Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес. Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын. Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды.