- •Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары Бірінші сабақ.
- •Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі.
- •1. Сөж. Тауарлық-материалдық құндылықтар
- •Екінші сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •2. Соөж. Бухгалтерлік есептің қағидалары мен әдістері
- •Үшінші сабақ.
- •Қаржылық есеп беру және оның талаптары.
- •Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.
- •3. Соөж. Қаржылық есеп берушілікті даярлау
- •3. Сөж. Сауалнама, іс қағазын дайындау
- •Табыстар мен шығындарды тану және қаржылық нәтижелер есебі
- •4. Соөж. Табыс есебін дұрыс ұйымдастыру.
- •Бесінші сабақ
- •Күрделі сөйлем. Көп бағыныңқылы сабақтас.
- •5. Соөж. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
- •Алтыншы сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Соөж. Жалақы, оның түрлері.
- •6. Сөж. Сенімхат Жетінші сабақ
- •7. Соөж. Материалдардың бухгалтериядағы есебі
- •7. Сөж. Агент
- •Сегізінші сабақ.
- •Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •4 Тапсырма. Сөйлемнен анықтауыштарды табыңыз.
- •8. Соөж. Банкроттық кәсіпорын
- •Оныншы сабақ.
- •Аудиторлық қызметтің Қазақстандағы даму бағыты
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Онбірінші сабақ
- •Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі
- •11. Соөж. Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі
- •11. Сөж. Еңбек кітапшасы
- •Он екінші сабақ. Лексикалық тақырып: Істелген жұмыс уақытының есебі Грамматикалық тақырып: Синоним.
- •1 Тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •12. Соөж. Еңбекақы есебі
- •12. Сөж. Жеке еңбек шартының үлгісін жасау.
- •Он үшінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •13. Соөж Бухгалтерский учет.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •14. Соөж. Терминдердің мағыналарымен танысып, жатқа айтып беріңіз.
- •14. Сөж. Қызметтік хат жазу Он бесінші сабақ
- •Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?)
Үшінші сабақ.
Лексикалық тақырып:
Қаржылық есеп беру және оның талаптары.
Грамматикалық тақырып:
Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.
1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және ннвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқада ережелерді сақтау болып табылады.
Қаржылық есеп берушілік түрлеріне: ақшалардың қозғалысы туралы есеп, табыстар мен шығындар туралы есеп, меншікті капитал құрамындағы өзгерістер туралы есеп, бухгалтерлік баланс кіреді.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.
3-тапсырма. Мәтіннен таныс емес сөздерді жазып алыңыз, аударыңыз.
4-тапсырма. Біріңғай мүшелерді ажыратып, тыныс белгілерін қойып, тексті көшіріңіз.
Қара қошқыл кілегей бұлттың жоғарғы шетін ала кірген ай бір көрініп сүңгіп, ... дәл жасырынбақ ойнағандай құбылды. Әрі сұлу әрі сенімді мықты үміт. Ұйымнын бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа яғни айдың тоқсаннын немесе жылдың басына жасалынады.
Бұдан шығатын қорытыңды бухгалтерлік шоттың бастапқы қалдығы баланстын есепті кезеннің басындағы сомасы деп аталатын бағанынан алынады да керісінше шоттың соңғы қалдығы баланстын есепті кезең соңындағы бағанаға жазылады.
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды жалғаңыз.
1. Қаржы саясат.... нақты шаруашы..... өмірде қаржы механизм..... арқылы жүзе.... асырылады.
2. Қаржы қатынастары..... даму.... экономика.... заңдар жүйесін саналы түрде пайдалану...... байланысты.
3. Қаржы арқылы қоғам.... жиын..... өнім құнын өндіріс.... пайдаланған негізгі өндіріс..... қор.... орнын толтыру және таза өнім.... бөлу жүзе... асады.
6 – тапсырма. Шашылған сөздерден сөйлем құраңыз.
1. Бюджетті әр түрлі жүйесі деңгейдегі қаржы қамтиды
2. Функциясы көп қаржының атқаратын.
3. Қорларын биржа қаражат қамтиды – жүйесі.
4. Мемлекет қалыптастырады функцияларын орындау үшін бюджеттер және жергілікті өзінің республикалық.
7 – тапсырма. Сұраулы сөйлемді қатыстыра отырып, қаржылық есеп беру және оның талаптары туралы сұрақ-жауап түрінде сөйлесіңдер.
