- •Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары Бірінші сабақ.
- •Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі.
- •1. Сөж. Тауарлық-материалдық құндылықтар
- •Екінші сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •2. Соөж. Бухгалтерлік есептің қағидалары мен әдістері
- •Үшінші сабақ.
- •Қаржылық есеп беру және оның талаптары.
- •Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.
- •3. Соөж. Қаржылық есеп берушілікті даярлау
- •3. Сөж. Сауалнама, іс қағазын дайындау
- •Табыстар мен шығындарды тану және қаржылық нәтижелер есебі
- •4. Соөж. Табыс есебін дұрыс ұйымдастыру.
- •Бесінші сабақ
- •Күрделі сөйлем. Көп бағыныңқылы сабақтас.
- •5. Соөж. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
- •Алтыншы сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Соөж. Жалақы, оның түрлері.
- •6. Сөж. Сенімхат Жетінші сабақ
- •7. Соөж. Материалдардың бухгалтериядағы есебі
- •7. Сөж. Агент
- •Сегізінші сабақ.
- •Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •4 Тапсырма. Сөйлемнен анықтауыштарды табыңыз.
- •8. Соөж. Банкроттық кәсіпорын
- •Оныншы сабақ.
- •Аудиторлық қызметтің Қазақстандағы даму бағыты
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Онбірінші сабақ
- •Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі
- •11. Соөж. Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі
- •11. Сөж. Еңбек кітапшасы
- •Он екінші сабақ. Лексикалық тақырып: Істелген жұмыс уақытының есебі Грамматикалық тақырып: Синоним.
- •1 Тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •12. Соөж. Еңбекақы есебі
- •12. Сөж. Жеке еңбек шартының үлгісін жасау.
- •Он үшінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •13. Соөж Бухгалтерский учет.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •14. Соөж. Терминдердің мағыналарымен танысып, жатқа айтып беріңіз.
- •14. Сөж. Қызметтік хат жазу Он бесінші сабақ
- •Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2-тапсырма: Мәтіннен таныс емес сөздерді жазып алыңыз, аударыңыз.
3 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Бухгалтерлік есептің даму тарихы қандай?
2. Бухгалтерлік есеп – ақпарат көзі ретінде қандай қызмет атқарады?
3. Бухгалтерлік есептің әдіс–тәсілдері қай уақыттан пайдаланыла бастаған?
4. Мәтіндегі кодекс сөзіне анықтама бер?
5. Бухгалтерлік есептің негізін не құрайды?
6. Қай уақыттан бастап бухгалтер сөзі пайда болды?
7. 1498 жылы Әулие Рим империясының императоры Максимилиан 1 алғашқы бухгалтер етіп кімді сайлады?
8. Қай уақыттан бері есепті арнайы кітаптарда жүргізу қалыптасқан?
9. Бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы кітапты қай уақытта және кім жазды?
4-тапсырма. «Бухгалтерлік есеп, бюджет, биржа қоры, есеп әдісі, қорытынды есеп» сөздерінің орысша баламасын табыңыздар.
5-тапсырма. Берілген сөйлемді қазақ тіліне аударыңыздар.
Физическое лицо, юридическое лицо, бухгалтерский баланс, вести бухгалтерский учет, содержание хозяйственных операций, фонды юридического лица.
6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді күрделі сөйлемге айналдырыңыз:
1. Бағаның еркін қозғалысын қамтамасыз етеді.
2. Бәсекенің жалпыға бірдейлігін реттейді.
3. Өндіріс пен тұтынудың байланысын қамтамасыз етеді
7-тапсырма. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
Рынок – экономическая категория товарного хозяйства, представляющая собой сферу товарного обмена. Первоначальнорынок возник в виде непосредственных обменных операций товара на товар.
8-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.
Қағаз ақшалар, бюджет тәртібі, бюджет тапшылығы, экономикалық дағдарыс, вакансия, жалпы өнім, кәсіпорынның жалпы табысы.
9-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойыңыз.
1. Нарықтық экономика бір орталық... бағынбайды.
2. Ол жеке адам... бостандығы.... басты принциптері.... негізделеді.
3. Экономика.... табиғат... салыстыруға болады.
4. Шет елдер... жастар үйленгенде некелік шарт жасайды.
5. Экономика байлық...., бақыт...., тыныштық... барар жол.
2. Соөж. Бухгалтерлік есептің қағидалары мен әдістері
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың сандық жағын саналық жағымен үздіксіз байланыстырып, шаруашылық операцияларды табиғи және ақшалай бейнеде тіркейді.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп туралы Заңында (1995 жылы қабылданған) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі принциптері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттері мен құқықтары белгіленген. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық заңды тұлғалар, соның ішінде коммерциялық, өндірістік, сақтық, ғылыми - зерттеу, қоғамдық, саяси ұйымдар т.б. бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті.
Шаруашылық операция – жеке шаруашылық істі сипаттайды. Ол, мүлік құрамындағы өзгерісті, таратуды және құрылу қайнар көздердегі өзгерістерді білдіруі мүмкін. Шаруашылық операциялар кәсіпорын мүмкін (баланс активі) немесе оның құрылу қайнар көздерін (баланс пассиві) және бір мезгілде екеуін де бейнелеуі мүмкін. Шарушылық опреациялар негізгі қорларды, материалдық бағалықтарды, өнім өндірісінің шығындарын анықтау сияқты сипаттарда болады. Шаруашылық операция – мүлік пен оның құрамына өзгеріс әкелетін процесс.
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-қүқықтық қүжаттарда белгіленген.
Кәсіпорындарда бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі есеп принциптеріне сай, объективті, дұрыс та нақты мәліметтерді қолдану арқылы іске асырылады.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп халықаралық есеп стандарттарына жақын, еліміздегі ерекшеліктерді еске ала отырып ел нарығына икемделіп жасалған.
2. СӨЖ. Өтініш түрлерін дайындау
