Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.7 Тәж саб.doc Учет и Аудит. СРСП+СРС doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
349.7 Кб
Скачать

11. Соөж. Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі

Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.

Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уқытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады.Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:

  • тарифтік кесте;

  • тарифтік еңбекақы мөлшері;

  • тарифтік мамандық анықтамалары;

Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай лоарға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме біріледі және жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.Тарифтік кестеде – жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті мөлшерінің анықтамасы айқындалады. Тарифтік кестеде; тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшеріде бекітіледі. Жоғарғы дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған дәрежелі еңбектің арақатынасының тарифтік коэффициентін, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.

11. Сөж. Еңбек кітапшасы

Мәтінді мазмұндаңыз.

Еңбек кітапшасы мамандар бөліміде сақталып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай-ақ ескертулері сөгістері және тағы басқа деректер жазылады.

Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек кітапшасына төл құжаттарындағы тиісті жазулар жазылып және оған үлгілі түрі Т-2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің білімі, жұмыс орны, аты-жөні, ұлты, еңбекстажы, дүниеге келген күні, айы және жылы, мекне-жайы, тағы керекті мәліметтер толтырылады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті тізімдігі саны қызметкерлердің жұмысуақытын пайдалану есебінде табелінің деректеріне сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін айдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа саны сол айдағы күнтізбенің (календардың) әрбір күніндегі жұмысшылар мен қызметкерлардің тізімдегі санын қосып, яғни 1-нен 30-на дейін немесе 1-нен 31-не дейін (ақпан айында 1-нен 28-не дейін немесе 1-нен 29-на дейін) мейрам және қызмет істемейтін, демалыс күндерін қоса алдындағы қосынды санды сандық күнтізбесінің (календарьлық) күніне бөлу арқылы табады. Демалыс иемесе мейрам күні, сондай-ақ басқа басқа жұмыс істемейтін күндері екі немесе одан да көп қатар болса, жұмыскерлердің тізімдегі саны ол күндердің әрқайсысына демалыс немесе мейрам күндерінің сондай-ақ жұмыс істемейтін күндерінің алдыңғы жұмыс күніндегі тізімдегі санына теңеліп алынады.

Орташа еңбекақы есептеу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамына үйде отырып жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлер де кіреді.Оладың саны ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген айлық еңбекақы қорының сомасын сол ұйымда негізгі қызметті атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің есепті айдағы орташа еңбек ақысына бөлу арқылы анықталады.