- •Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары Бірінші сабақ.
- •Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі.
- •1. Сөж. Тауарлық-материалдық құндылықтар
- •Екінші сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •2. Соөж. Бухгалтерлік есептің қағидалары мен әдістері
- •Үшінші сабақ.
- •Қаржылық есеп беру және оның талаптары.
- •Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.
- •3. Соөж. Қаржылық есеп берушілікті даярлау
- •3. Сөж. Сауалнама, іс қағазын дайындау
- •Табыстар мен шығындарды тану және қаржылық нәтижелер есебі
- •4. Соөж. Табыс есебін дұрыс ұйымдастыру.
- •Бесінші сабақ
- •Күрделі сөйлем. Көп бағыныңқылы сабақтас.
- •5. Соөж. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
- •Алтыншы сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Соөж. Жалақы, оның түрлері.
- •6. Сөж. Сенімхат Жетінші сабақ
- •7. Соөж. Материалдардың бухгалтериядағы есебі
- •7. Сөж. Агент
- •Сегізінші сабақ.
- •Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •4 Тапсырма. Сөйлемнен анықтауыштарды табыңыз.
- •8. Соөж. Банкроттық кәсіпорын
- •Оныншы сабақ.
- •Аудиторлық қызметтің Қазақстандағы даму бағыты
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Онбірінші сабақ
- •Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі
- •11. Соөж. Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі
- •11. Сөж. Еңбек кітапшасы
- •Он екінші сабақ. Лексикалық тақырып: Істелген жұмыс уақытының есебі Грамматикалық тақырып: Синоним.
- •1 Тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •12. Соөж. Еңбекақы есебі
- •12. Сөж. Жеке еңбек шартының үлгісін жасау.
- •Он үшінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •13. Соөж Бухгалтерский учет.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •14. Соөж. Терминдердің мағыналарымен танысып, жатқа айтып беріңіз.
- •14. Сөж. Қызметтік хат жазу Он бесінші сабақ
- •Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?)
Сегізінші сабақ.
Лексикалық тақырып:
Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
Грамматикалық тақырып: Жай сөйлемнің түрлері
1-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар, мазмұндаңыз
Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.
Бухгалтерлік құжат - кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Құжат көрсеткіштерін деректемелер (реквизиттер) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер (реквизиттер) бухгалтерлік құжаттарды занды құқықпен қамтамасыз етеді.
Міндетті деректемеге (реквизитке) жататындар:
құжаттың аты, нысанының коды;
құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы);
құжатты толтырған занды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
шаруашылық операцияның мазмұны;
шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);
шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес қркаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
жауапты атқарушының қолы.
Қосымша деректемелер (реквизиттер) шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады.
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысыңда толтырылуы керек.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2-тапсырма
Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
Құжат қай кезде толтырылады?
Бухалтерлік құжат дегеніміз не?
Бухгалтерлік құжатты қалай толтырамыз?
3-тапсырма. Аударыңыз.
Қосымша деректемелер (реквизиттер) шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады.
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысыңда толтырылуы керек.
4 Тапсырма. Сөйлемнен анықтауыштарды табыңыз.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды
8. Соөж. Банкроттық кәсіпорын
1-тапсырма. Мәтінді аударыңыз. Мәтіннен сөйлемнің түрлерін анықтаңыз.
Банкроттық кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте фирманың банкроттығы олардың шығыны кірісінен асып кеткен уақытта туындайды. Мұндай жағдайда борышкер тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады.Егер борышкер өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Ал, ықтиярсыз банкроттық туралы іс қозғауға кредит берушінің талабы негіз болады. Кейде фирмалардың алған қарыз ақшаны жасырып қалу мақсатымен жалған “Банкротқа” ұшырау деректері кездеседі. Бұл теріс әрекет ретінде танылып, заңмен қудаланады. Борышкерге, фирмаға (банкротқа ұшыраған) жәрдем берушілер болмаса, кәсіпорын мемлекеттік тіркеу регистрінен шығарылып таратылады.
2-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдік қатарын анықта.
1. Валюта, …
2. Борышкер, …
3. Деректер, …
4. Маңызды, …
5. Жәрдем беруші, …
3-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Халықаралық валюталық қаржы операциялары … … .
2. АҚШ жетекшілігіндегі доллар аймағы … … .
3. Валюта үстемдігін орнату … … .
4. Банкроттыққа ұшыраған фирмалар … .
5. Банкирлер өз қызметтерін … … .
6. Банк құпиясы үнемі … … … .
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ресей ақшасы қалай аталады?
2. Борышкер қай уақытта банкрот болады?
3. Ерікті банкрот дегеніміз не?
4. Ықтиярсыз банкрот қалай жасалады?
5. Борышкер қай уақытта қудаланады?
8. СӨЖ. Өмірбаян. Резюме
Тоғызыншы сабақ
Лексикалық тақырып: Аудиторлық қызмет.
Грамматикалық тақырып:
Біріңғай мүшелі сөйлемдегі жалпылауыш сөздер.
1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
Аудит – кәсіпорындардың, фирмалардың т.б. қаржы-шаруашылық операцияларын белгіленген тәртіппен орындалуына ревизия жасау және тексеру. Алғашқы кәсіби аудит Ұлыбританияда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Ресейде «аудит» сөзі І Петр (1689-1725 жж.) патшалығы тұсында пайда болды.
Аудиттің міндеті – шаруашылық органының экономикалық жағдайына дұрыс баға беру.
Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын шыққан (лат. auditor - тыңдаушы) – тексеруші компания басшылығымен келісім шарт негізінде акционерлік компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметінің жәй-күйін тексеруші кісі дегенді білдіреді. Аудитор тиісті акционерлік қоғамдардың (банктер, сақтандыру компаниялары) қызметін бақылаушы мемлекеттік органдардан арнайы рұқсат алады. Аудитордың негізгі міндеті – тексерілген компанияның қаржы жағдайы жөнінде қорытынды беру. Ол заңды белгіленген тәртіп бойынша аталған компанияның қызметі туралы оның ресми балансымен және пайдаларымен шығындары шотымен бірге жылдық есепке жарияланады.
Аудиторлық қызмет – шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есептемесі мен басқа да құжаттарын жасалған қаржы және шаруашылық операцияларының дұрыс болуы және қолданыстағы заңдарға сай келуі түрғысынан баға беру мақсатымен аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың (фирмалардың) тәуелсіз тексеруі. Меншік иелерінің мүдделерін қорғауға, кәсіпорындарға көмек көрсетуге, олардың бюджетпен дұрыс есеп айырысуына, қызметінің тиімділігін арттыруына жәрдемдесуге бағытталған.
Аудиторға қойылатын негізгі талаптар:
- даярлығы;
- құзыреттілігі
- тәуелсіздігі
- ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, ұсыныс жасауды дайындауға тиісті көңіл бөлу
Сөздерді есте сақтаймыз:
аудит – аудит
ақпарат алу – получить информацию
бюджет – бюджет
бухгалтерлік есеп - бухгалтерский учет
кәсіпорын - предприятие
фирма - фирма
ұйым - организация
тәуелсіздігі - независимость
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша жауап іздеңіз.
1. Аудит дегеніміз не?
2. Алғашқы аудит қашан пайда болды?
3. Алғашқы аудит қай елде пайда болды?
4. Аудиттің міндеті қандай?
5. Аудит термині осыдан неше жыл бұрын шыққан?
6. Аудит термині қандай кісі дегенді білдіреді?
7. Аудиторлық қызмет дегеніміз не?
8. Аудиторға қойылатын негізгі талаптар қандай?
3-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды жалғаңыз.
1. Ол заңды белгілен... тәртіп бойынша аталған компания.... қызметі туралы оның ресми балансымен және пайдалары... шығындары шотымен бірге жылдық есеп.... жарияланады.
2. Аудитордың негіз... міндеті – тексерілген компания... қаржы жағдай... жөнінде қорытын.... беру.
3. Аудитор тиісті акционер... қоғамдар... қызметін бақылау.... мемлекеттік органдардан арнай.... рұқсат алады.
5-тапсырма. Біріңғай мүшелерді жалпылауыш сөздерімен бірге тауып, тыныс белгісінің әр түрлі қойылуын түсіндіріңіз.
Осы жұмысымды тындырып, бір ынғайлаған соң, бес-алты ай Қырым, Кавказға не шет елге барып дем алам. Біз болып жатқан істі телеграмма, хат, газет арқылы ғана біліп алдық. Баланың да, жігіт-желеңнің де, егде-мосқал үлкеннің де – барлығының аузында бір жаңалық, бір хабар. Мінезі де, түрі де – бәрі өзім. Сөз әдемісі де, ән шұғыласы да сонда тәрізді.
6-тапсырма. Жалпылауыш сөздері бар біріңғай мүшелі сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып жазыңыз.
Аудитте және қаржылық экономикалық талдауда қолданылатын әдістерде жіктеу тәсілдемесі оларды мына қосалқы жүйелерде топтастыруға мүмкіндік береді техникалық талдамалы есептік құжаттық қорытындылаушы және нақты бақылау.
Оның үстінде аудиторлық бақылауда шектес ғылымдардың бухгалтерлік есеп экономикалық талдау статистика құқық салалық экономика қаржылық басқа да бірқатар техникалық заң және қолданбалы ғылымдардың әдістік тәсілі кеңінен қолданылады. Сондықтан да аудитор клиент кәсіпорынмен танысар алдында мыналарға дайын болу керек мәселен бухгалтерия басшылары өнеркәсіп есебін жақсы білгенімен сауда есебін жеткілікті дәрежеде меңгермеген т.с.с әмбебап білімге ие болмағандықтан есептің қай учаскесінде елеулі кемшіліктер кездеседі.
7-тапсырма. Сөйлемді қазақ тіліне аударыңыздар.
Аудитор – лицо, проверяющее состояние финансово-хозяйственной деятельности акционерных компаний на основе контракта, заключенного с руководством проверяемой компании. Аудитор обычно получает специальное решение от государственных органов, наблюдающих акционерных компаний. Основная задача – дать заключение о финансовом положении проверяемой компании, которое в установленном законом порядке публикуется в годовом отчете о деятельности данной компании с ее официальном балансом и счетом прибылей и убыткой.
9. СОӨЖ. Әлемдік аудиторлар компаниясы. Әлемдік баға.
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
Әлемдік баға – әлемдік рынокта сатылатын тауар бірлігінің бағаланған әлемдік құнының шамасы немесе бағаның әлемдік сауда-саттықта қолданылатын түрі. Әлемдік баға, көбінесе, ауқатты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы келісімшарт арқылы мемлекеттер арасында емін-еркін айналыста болатын ақшамен белгіленеді. Әлемдік баға кейде сатушылар мен сатып алушылар белгілеген баға ретінде халықаралық сауда орталықтарында қолданылады. Қазіргі кезде мырыштың, қорғасынның, қалайының, алюминийдің, мұнайдың әлемдік бағасы ретінде Лондон биржасының бағасы алынады. Сол сияқты машинаның және жабдықтардың бағасы ретінде Еуропаның, Жапонияның және Американың белгілеген бағасы пайдаланылады. Әлемдік рыноктағы тауардың бағасы бір мезгілде бірнеше дәрежеде болуы мүмкін. Әлемдік баға дәрежесіне алуан түрлі жағдайлар әсер етеді. Оған тауар сұранымы мен ұсыныстарының қатысы, төленетін ақшаның валюталық түрі, сауда келісімінің уақыты, тауарды жеткізу мерзімі және сауда әлеміндегі экономикалық және экономикалық емес әр түрлі жағдайлар жатады. Егер сұраныс ұсыныстан артық болса, әлемдік баға дәрежесін анықтауда тауар сатушының ықпалы артып, баға көтеріледі, ал ұсыныс сұранымнан жоғары болған жағдайда, әлемдік баға тауар сатып алушының үстемдігі басым болып, әлемдік баға төмендейді.
Тауарды жеткізу тұрғысынан алғанда әлемдік баға бірнеше түрге бөлінеді. Тауарды бағалау тұрғысынан әлемдік бағаның 3 түрі бар. Оның біріншісі – сатушылардың бәсекелестігінен туындаған баға, екіншісі – шағын сауда тобының бәсекесінен туындаған баға, үшіншісі – бірнеше сатушы тобының бәсекесінен пайда болған баға.
«Қазақстан» энциклопедия, І том, 657-бет.
2-тапсырма. Сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.
Әлемдегі баға дегеніміз не?
Әлемдік баға қалай және немен белгіленеді?
Әлемдік баға қайда қолданылады?
Әлемдік бағаға қай биржаның бағасы алынады?
Машинаның және жабдықтардың бағасы ретінде қай мемлекеттердің бағасы пайдаланылады?
Әлемдік баға қай уақытта төмендейді?
3-тапсырма. Есте сақтаңыз. (Запомните).
Цена монопольная-монополиялық баға
Цена предложения-ұсыным бағасы
Цена производства-өндіріс бағасы
Цена рабочей силы-жұмысшы күшінің бағасы
Цена мирового рынка-дүниежүзілік рынок бағасы
Цена розничная-бөлшектік баға
Цена оптовая-котерме баға
Цена стабильная-тұрақты баға
Цена свободная-еркін баға
.
4-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
Есеп айырысу ешқандай кедергісіз ақшалай жасалатын болса, әлемдік бағаның дәрежесі жоғарылайды. Есеп айырысу қолма-қол немесе несиеге беру және бөліп-бөліп төлеу жолымен жүргізілсе: онда әлемдік бағаға кері әсер етеді.
5-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.
Еркін сауда базар … сатылатын тауар … әлемдік баға … келісімшарт тауар … баға … және көмек … арналған тауар баға … өзгеше болады.
9. СӨЖ. Өзіндік құн.
1-тапсырма. Оқып, аударыңыз.
1. Себестоимость-өзіндік құн. Өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы, т.б. кіреді.
Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
2. На базаре оптовая цена огурцов 60 тенге. На мировом рынке цена одного баррель нефти 65 долларов. Розничная цена хлеба 30 тенге. В этом году потребительская стоимость возросла.
2-тапсырма. Жоғарыда берілген мәтіндерге бірнеше сұрақтар дайындаңыз.
3-тапсырма. Мына терминдердің қазақша баламасын тауып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Рост цен, цена скользящая, цена справочная, цена потребительская, «теневая» экономика, ақша айналымы.
4- тапсырма. Шағын диалогтар құрастырып, әңгімелесіңіз.
