
- •Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары Бірінші сабақ.
- •Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі.
- •1. Сөж. Тауарлық-материалдық құндылықтар
- •Екінші сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •2. Соөж. Бухгалтерлік есептің қағидалары мен әдістері
- •Үшінші сабақ.
- •Қаржылық есеп беру және оның талаптары.
- •Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.
- •3. Соөж. Қаржылық есеп берушілікті даярлау
- •3. Сөж. Сауалнама, іс қағазын дайындау
- •Табыстар мен шығындарды тану және қаржылық нәтижелер есебі
- •4. Соөж. Табыс есебін дұрыс ұйымдастыру.
- •Бесінші сабақ
- •Күрделі сөйлем. Көп бағыныңқылы сабақтас.
- •5. Соөж. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
- •Алтыншы сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Соөж. Жалақы, оның түрлері.
- •6. Сөж. Сенімхат Жетінші сабақ
- •7. Соөж. Материалдардың бухгалтериядағы есебі
- •7. Сөж. Агент
- •Сегізінші сабақ.
- •Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •4 Тапсырма. Сөйлемнен анықтауыштарды табыңыз.
- •8. Соөж. Банкроттық кәсіпорын
- •Оныншы сабақ.
- •Аудиторлық қызметтің Қазақстандағы даму бағыты
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Онбірінші сабақ
- •Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі
- •11. Соөж. Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі
- •11. Сөж. Еңбек кітапшасы
- •Он екінші сабақ. Лексикалық тақырып: Істелген жұмыс уақытының есебі Грамматикалық тақырып: Синоним.
- •1 Тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •12. Соөж. Еңбекақы есебі
- •12. Сөж. Жеке еңбек шартының үлгісін жасау.
- •Он үшінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •13. Соөж Бухгалтерский учет.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •14. Соөж. Терминдердің мағыналарымен танысып, жатқа айтып беріңіз.
- •14. Сөж. Қызметтік хат жазу Он бесінші сабақ
- •Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?)
№ 7 қосымша
Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары Бірінші сабақ.
Лексикалық тақырып: Қаржы және басқару есептері.
Грамматикалық тақырып: Сөйлем түрлері. Жай сөйлем.
Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
Есеп - кәсіпорындарды ресурстармен, материалдармен және басқада түрлерімен қамтамасыз ету үшін, қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жасалатын, материалдық игіліктерді бөлу саласын қамтиды. Есеп деректері шаруашылық процесстерді бақылау, оларды басқару үшін пайдаланылады. Есеп басқа экономикалық пәндермен: статистика, қаржы, талдау, бақылау, менджмент, аудит, маркетинг және т.б. тығыз байланысты. Өндіріс процесін бейнелеу үшін есептің үш түрі қолданылады, оперативтік есеп, статистикалық есеп, бухгалтерлік есеп.
Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы — кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қаптастыру.
Бухгалтерлік есепті меншік түріне тәуелсіз барлық кәсіпорындар жүргізеді. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мыналар жатады:
Шаруашылық құрал-жабдықтар (активтер)
Олардың құралу көздері (міндеттемелер мен меншікті капитал)
Шаруашылық процестер мен шаруашылық операциялар
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметі барысындағы кәсіпорын қаржысының ауыспалы айналымын есепке алады. Ол дайындау, өндіріс, сату процесін қамтиды.
Қаржының сақталуы мен қозғалысын бақылайтын және шаруашылық қаржының ауыспалы айналым процесін оның көздерін ескеретін әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы бухгалтерлік есеп есеп әдісінің негізгі элементтері болып табылады:
1. Құжаттау және түгендеу.
2. Есеп объектілерінің құнын өлшеу тәсілі ретінде бағалау.
3. Шоттар мен екі жақты жазу шаруашылық операцияларын тіркеу.
4. Баланс және есеп беру деректерін қорытындылау тәсілі ретінде қолданылады.
Шаруашылық қаржысы өлшенетін және жасалған операцияларды есепте бейнелейтін өлшеу бірліктерін есептік өлшемдер деп атайды. Олардың үш түрі бар. Олар: заттай өлшемдер, ақшалай өлшемдер, еңбек өлшемдері.
Бухгалтерлік есеп меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындарда жүргізіледі.
Азаматтық кодексіне сәйкес заңды тұлғалар екі түрге бөлінеді:
-коммерциялық, мақсаты - табыс алу және оны акционерлеріне тарату;
- коммерциялық емес ‑ табыс алу мақсаты жоқ. Оларға табысты акционерлер арасында бөлуге тыйым салынған.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Бухгалтерлік есептің даму тарихы қандай?
2. Бухгалтерлік есеп – ақпарат көзі ретінде қандай қызмет атқарады?
3. Бухгалтерлік есептің объектілері қандай?
4. Кәсіпорынның есеп саясаты дегеніміз не?
5. Бухгалтерлік есеп қандай ережелерге сүйенеді?
3 – тапсырма. Мәтіннен таныс емес сөздерді жазып алыңыз, аударыңыз.
4 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден жай сөйлемдерді теріп жазыңдар.
Біздің еліміз үлкен аумақты алып жатыр. Экономикалық даму қарқыны зор елміз. Мүшелікке қабылдандық.
Махаббат, музыка және бухгалтерлік есеп – мәңгілік! Бухгалтерлік есеп адамзат дамуымен бірге қалыптасып, дамып келе жатыр. Ежелгі Египетте, Месопатамиде, Вавилонда, Иранда шаруашылық есеп жүргізетін есепшілердің болғаны анық. Египетте - папирустарға, Вавилонда - қыш кестелерге жазбалар жазылған. Біздің уақытқа дейін келіп жеткен есеп регистрлары ретіндегі бос парақтар сол уақытта – ақ қалыптасқан.
Бұл кітап математикадан болатын, «Арифметика, геометрия сомалары, пропорциялар мен қатынастар туралы ілім» деп аталған.
Онда «Жазбалар мен шоттар туралы трактат» деп аталатын бөлім қосарлы бухгалтерияны жүргізудің тәсілдерін сипаттайды.
5 – тапсырма. Сұраулы сөйлемді қатыстыра отырып, төмендегі сызбада бухгалтерлік есеп туралы түсінікті сұрақ-жауап түрінде сөйлесіңдер.
5 – тапсырма. Мәтіндегі сұраулы сөйлемдерді жасалу жолына қарай ажыратыңыз.
6 - тапсырма. Ауызша мәтінге байланысты төрт сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.
7 - тапсырма. Мәтіннен жай сөйлемдерді тауып, синтаксистік талдау жасаңдар.
1. СОӨЖ.