
- •9.Жатыр мойны рагының клиникасы.
- •10. Жатыр денесі рагының диагностикасы және емдеу принципі
- •11. Аналық без ісігінің этопатогенезі, қауіп қатер факторы
- •12. Сүт безінің фондық ж/е ракалды аурулары, клиникасы, емі
- •6)Жатыр денесі обырының патогенетикалық түрлері, қауіп факторлары
- •7) Аналық бездің ісік алды аурулары, клиника, диагностикасы, емі
- •8) Сүт безі обырының гистологиялық құрылымы және метастаздануы. Клиника, диагностика, емі.
- •14)Жатыр денесі обырының клиникасы.
- •15)Жатыр денесі обырының диагностикасы, емдеу принципі
- •Анамнез.
- •Жалпы қарау.
- •16) Сүт безі обырының этиопатогенезі, қауіп факторы
- •17) Жатыр мойнының фондық және обыралды аурулары
- •3. Жатыр мойнының ісік алды аурулары
- •19)Аналық без обырының клиникасы
- •20) Сүт безі рагының диагностикасы, емдеу принциптері
19)Аналық без обырының клиникасы
Аналық бездердің рагының бастапқы сатылары белгісіз жүреді. Бірақ дерт тез күшейеді, ерте метастазданады.
Процестің клиникалық белгілері асқынған сатыларында пайда болады. Науқастар өздерінің тез шаршайтындығын, әлсіздігін, терлейтіндігін, жүдегенін, жалпы күйінің төмендегенін, тыныс алудың қиындағанын (іш қуысында және өкпеқапта сары судың пайда болуына байланысты) байқайды. Некрозды үлкен ісіктерде лейкоцитозсыз СОЭ жоғарылауы, субфебрилді температура (кейде фебрилді – 38 С дейін) болуы мүмкін.
Ісіктің айналасындағы мүшелерге жасайтын механикалық әсеріне байланысты іштің төменгі жағында, эпигастрийде немесе қабырға астында сирек, түсініксіз сыздаған ауырсынулар пайда болады. Ауырсынулар үздіксіз мазалайды, бірақ арасында белгілі бір уақытқа тоқтауы да мүмкін, кейде іш керілген сияқты болады.
Дерттің алғашқы жиі кездесетін белгісіне кіші жамбас қуысындағы ісікті түзілімге және асцитке байланысты іштің өсуі жатады.
Аналық бездерінің рагының асқынған түрлерінде (III-IV сатылары) кіші жамбас қуысының жоғарғы жартысы толық немесе жартылай ісікті конгломератпен толады, мөлшері үлкейген және инфильтрацияланған іш перде қолға білінеді, кіндікте, бұғана үсті аймағында, артқы жатырлы-тік ішекті тереңдікте метастаздар болады.
Асқынған процестерде менструалдік цикл дисфункционалды жатырлық қан ағу түрі бойынша бұзылады, бөлінетін несептің мөлшері азаяды, іш қатады.
Осындай ерекшеліктер – белгісіз жүруі, процестің тез күшеюі және ерте метастаздану – аналық бездер рагының кеш анықталуына әкеледі. Сондықтан да аталған дертті айқындау үшін клиникаға дейінгі диагноз қою жетекші орын алуы керек.
20) Сүт безі рагының диагностикасы, емдеу принциптері
Диагностика
Маммография
Қарау
Пальпация
КТ
МРТ
УДЗ
Биопсия
Сүт безі обырының диагностикасы 2 этапта жүргізіледі
Скрининг-сүт безінің ерте диагностикалау әдісі, бұған әйелдің сүт безің өзі қарау, дәргердің қарауы, скриненгтік маммография жатады
Айқындалған диагностика – сүт безі обыры кезінде сүт безіндегі өзгерістер, табиғаты, сипаты, таралуы анықталады. Бұған МРТ,КТ, УДЗ, биопсия жатады
Емдеу принциптері: