Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
onkologia-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.06 Кб
Скачать

7) Аналық бездің ісік алды аурулары, клиника, диагностикасы, емі

Клиника:тәбеттің төмендеуі, салмақтың өзгеруі, құрсақ қуысыныі және белдің төменгі бөлімінің әртүрлі сипаттағы ауырсынуы, іштің көлемінің өзгеруі, ентігу, жыныс жолдарынан қанды бөліністер, минструалды циклдың бұзылуы

Диагностика: УДЗ(қынаптық дәне абдоминалды датчик арқылы). УЗД минстр цикл басталғаннан кейін 5-9 күні жүргізіледі. КТ(қатерлі және қатерсіз ісіктің диференциалды диагностикасы, локализациясы, өлшемі, обыр пішіні мен құрылымын анықтау үшін). Лапороскопия (аранйы техника арқылы кішігірім тілік жасап 1см дейін жансыздандырып, құрсақ қуысын қарау жүргізеді, гистологиялық және цитологиялық тұрғыдан дәлелдеу үшін). Өкпе рентгенографиясы, гастро және колоноскопия жүргізіледі. СА 125 маркерін анықтау (қж 35мЕд /мл)

Емі:хирургиялық операцияға көрсеткішті гинеколог немесе онкогинеколог қояды.

8) Сүт безі обырының гистологиялық құрылымы және метастаздануы. Клиника, диагностика, емі.

Сүт безі обыры гистологиялық құрылымына қарай:

  • Инфильтрацияланбайтын

  • Өзекішілік in situ обыры

  • Бөлікшелік in situ обыры

  • Инфильтрацияланатын

  • Өзекшелік обыр

  • Өзекішілік компоненттің иеленуімен өзекшелік обыр

  • Бөлікшелік обыр

  • Шырышты (медуллярлы)

  • Папиллярлы

  • Тубулярлы

  • Аденокистозды

  • Секреторлы

  • Апокринді

  • Метаплазиялы обыр

  • Жалпақ жасушалы

  • Ұршық жасушалы

  • Хондроидты немесе остеоидты түрі

  • Аралас

  • Педжет ауруы (үрпі обыры)

  • Саркома

  • Лимфома (бириншилик)

  • Басқа мүшелер обыры менастаздануынан

Сүт безі обыры кезінде лимфогенді метастаздар реионарлы лимфа түйіндерінде (алдыңғы кеуде, қолтық асты, бұғана үсті және бұғана асты, кеуде маңы) табылады. Гемотогенді метастаздар кеуекті сүйектерде, өкпеде, жұлында, бүйректе, бауырда, бас миында кездеседі.

Клиникасы. Сүт безі обыры бастапқы сатыда симптомсыз және аурсынусыз өтеді. Әйел сүт безінің тығыздануын сезеді. Менс цикл кезінде қолтық асты шұңқырында және бұғана үстінде жоғалмайтын тығыздалуы сезіледі.

  • Сүт безінен мөлдір немесе қанды бөліністер

  • Үрпінің ішке тартылуы

  • Сүт безі терісінің түсі мен құрылымының өзгеруі

Диагностика. Анамнез, әйелдің жалпы жағдайы, мамография, жалпы қан анализі, онкомаркерлерге қан анализі, сүт безі УДЗ, биопсия, цитологиялық зерттеу, ПЭТ.

Емі.

  • хирургилық (мастэктомия немесе лампэктомия). Профилактикалық мастэктомия BRCA1 BRCA2 бар науқастарға жүргізіледі.

  • Сәулелік терапия (хирургиялық емге адьювантты терапия ретінде, ісіктік жасушаларды жою және рецидивтердің алдын алу үшін қолданады)

  • Химиотерапия (ісіктік жасушаларды химиялық препараттар арқылы жоюға арналған. Хирургиялық емге дейін немесе кейін қолданылады)

  • Иммунотерапия

  • Таргетті терапия (бұл терапия обыр спецификалық ген HER2 экспрессияласа қолданылады. Моноклонольды антиденелер препараты трастузумаб HER2генін белсенділігін төмендетіп ісіктің өсуін тежейді. Химиотерапиямен қоса немесе хирургиялық емнен кейін адьювантты терапия қолданылады,)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]