- •9.Жатыр мойны рагының клиникасы.
- •10. Жатыр денесі рагының диагностикасы және емдеу принципі
- •11. Аналық без ісігінің этопатогенезі, қауіп қатер факторы
- •12. Сүт безінің фондық ж/е ракалды аурулары, клиникасы, емі
- •6)Жатыр денесі обырының патогенетикалық түрлері, қауіп факторлары
- •7) Аналық бездің ісік алды аурулары, клиника, диагностикасы, емі
- •8) Сүт безі обырының гистологиялық құрылымы және метастаздануы. Клиника, диагностика, емі.
- •14)Жатыр денесі обырының клиникасы.
- •15)Жатыр денесі обырының диагностикасы, емдеу принципі
- •Анамнез.
- •Жалпы қарау.
- •16) Сүт безі обырының этиопатогенезі, қауіп факторы
- •17) Жатыр мойнының фондық және обыралды аурулары
- •3. Жатыр мойнының ісік алды аурулары
- •19)Аналық без обырының клиникасы
- •20) Сүт безі рагының диагностикасы, емдеу принциптері
11. Аналық без ісігінің этопатогенезі, қауіп қатер факторы
Аналық без ісігі ерте босанған әйелдерде ж/е менопаузадан кейінгі әйелдерде кездеседі. Ол қатерлі ж/е қатерсіз түрде кездесуі мүмкін.
Этопатогенез. Ерте басталған климакс, біріншілік бедеулікпен зардап шегетіндер, аналық бездің жиі қабынуымен, біріншілік аменоррея, жатыр миомасымен ауыратындар қауіп қатер факторы болып табылады, сонымен қатар ерте аборт жасауда жатады. Сонымен басқа да кездесетін ауруларға байланысты аналық без рагы кездесуі мүмкін, ол герпес вирусінің екінші типі, адам папилломасы вирусын таратушы ж/е қан диабеті мен қалөанша безі ауруының асқынуы осы ісікке әкелуі мүмкін.
Қауіп қатер факторы: ертен ж/е кеш менархе, кеш менопауза,менустральді циклдің бұзылуы.
12. Сүт безінің фондық ж/е ракалды аурулары, клиникасы, емі
Клиникасы: масталгия (сүт безінің ауырсынуы 50% жағдайда 40-49 жастағы әйелдерде, 38% 30-39 жастағы әйелдерде байқалады); мастодиния (сүт безінің ісінуі ж/е үлкеюі.)Бұл симптом барлық кезде кездеспейді; еттеккірге дейін 7-10 күн кейде одан жоғары күндері сүт безі аймағында жағымсыз әсердәі пайда болуы, науқастар әртүрлі интенцивті ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну қозғалған кезде сүт бездерінің ауырсынуы мен ісінуі, ауырлық сезімнің болуымен, екі жақты сүт бездерінің ісінуіғкейде үрпілерден әртүрлі сипаттағы бөліністер ( серозды, сүтті, жасыл түсті)бөлінеді.
Диагностикасы:
Қарау және пальпация, маммография,удз,түйінді түзілістердің функциясы,Бұл зерттеуді етеккір кеткеннен соң 2-3күні жасаған дұрыс.
Маммография бұл екі түрлі проекцияда жүргізілетін рентенографиялық әдіс. Маммографияға қарсы көрсеткіш жүктілік пен лактация ж/е 35 жасқа дейін.
Емі. Сүт безінің рак алды ауруының емі. Бұл гормонды бұзылудың нәтижесінде дамығандықтан, негізгі медикомонтозды ем орынбасушы гормонотерапия.Оған витаминотерапия,йод құрамды препараттар,қабынуға қарсы ж/иммуностимуляторлар қолданылады. Сонымен қатар диета тағайындалады.Егер асқынса хирургиялық жолмен ісікті алып тастау. 13. Жатыр мойны рагының клиникалық өсу формасы ж/е гистологиялық құрылысы.
Жатыр мойны рагы жатыр мойнында дамитын ісік. Гистологиялық құрылымы бойынша екі негізгі топқа аденокарцинома ж/е жалпақ клеткалы рак деп бөледі.
Жатыр мойны рагының қатерлі ісігінің клиникалық формасы.
Жатыр мойны рагының оның кез келген жерінде дамуы мүмкін.
Қынаптық бөлігінің рагы (жатырды төсеп жатқан көп қабатты эпителийден дамиды)
Жатыр мойны каналының рагы (цилиндрлік эпителийден дамиды)
Жатыр мойны рагының формасы:
Экзофильді (жатыр мойны рагы дамуының ерте кезеңінде анықталуы мүмкін)
Эндофильді (кеш кезеңінде н/е асқынып кеткен кезеңінде дамиды)
Мезофильді (өте сирек кездеседі)
6)Жатыр денесі обырының патогенетикалық түрлері, қауіп факторлары
Жатыр денесінің обыры гормон тәуелді ісіктерге жатады. Эстрогендер эндометрий пролиферациясына әсер етуші фактор. Егер қанда эстрогендер мөлшері жоғарылаған, прогестеронмен басылмайтын болса, эндометрий жасушаларының эстрогенге сезімталдығы жоғарлап, пролиферацияланады. Осы кезде эндометрийдің секреция фазасына дейін пісіп жетілуі болмайды. Бұндай өзгерістер гипоталамо гипофизо аналық без бұзылыстарында, ановуляторлы циклда, аналық бездің феминизирлеуши ісіктерінде, семіздікте кездеседі. Эндометрийдің ұзаққа созылған стимуляциясы безді пролиферацияға, ал ол ісіктік ауруға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар, генетикалық және вирустық теория бар. Эндометрий обырының дамуына организмнің иммунды статусы да жауапты. Я.В.Бохман эндометрий обырының екі патогенетикалық түрін ажыратқан: 1)гормон тәуелді 60-70% жа5дайда атипиялық гиперплазиямен, май және көмірсу алмасуы бұзылуы нәтижесінен созылмалы гипер эстрогения дамиды. Клиникалық симптомокомплекс ановуляторлы жатырлы қан кетулермен, бедеулікпен, менапаузаның кешігуімен, аналық бедің жұмсақ тіндерінің гиперплазиясымен көрінеді. Аналық бездәі фиминизирлеуши обырымен, Штейн Ливенталь синдромымен, эндометрийдеги гиперпласимкалық үрдістермен, полиптермен, жатыр миомасымен бирге жүреді. 2)автономды 30-40% жағдайда, эндокринді бұзылыстар байқалмайды немесе аз. Аналық без стромасының фиброзы, аналыұ без атрафиясы нәтижесінде полип, атипиялық гиперплазия және обыр дамуы мүмкін. Жатыр денесі обырымен ауыратын науқастарда полинеоплазия байқалады. (сүт безі, тоқ ішек, асқазан, аналық без, жатыр мойны обыры қоса жүреді)
Қауіп факторы:
бедеулік, менстральды циклдың бұзылуы, босанудың болмауы (қаупі 2,3есе көбейеді),
кеш менапауза (52 жастан кейін менапауза қаупін 2,5 есе көбейеді)
семіздік (қаупі 3 есе көбейеді егер дене массасы қалыпты массадан 9,5-22,5 кг асса 10 есе ұлғаяды)
аналық бездің склерокистозды синдромы (Штейн Ливенталь)
қант диабеті (қаупі 1,3-2,8)
анамнездегі эндометрийдің гиперпластикалық үрдістері
пре және постменапазадағы жатыр миомасы
сүт безі обырын емдеуде тамоксифен қолдану(қаупі 2-3 есе жоғарылайды)
