Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
onkologia-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.06 Кб
Скачать

9.Жатыр мойны рагының клиникасы.

Жатыр мойны рагының симптоматикасы ерте кезеңде байқалмайды н/е оны анықтау қиын. Аурудың кеш кезеңінде мынадай клиникалық белгілер байқалады:

  • Вагинальді патологиялық қан кету

  • Жыныстық қатынастан кейін гинекологтың вагинальді қарауында қан кетудің байқалуы

  • Еттеккірдің сипаты мен ұзақтығының өзгеруі

  • Менопаузадан кейін қынаптан қанды бөліністердің бөлінуі

  • Кіші жамбас астау аймағында ауырсынудың болуы

  • Жыныстық қатынас кезіндегі ауырсыну

Осы жоғарыда көрсетілген клиникалық көріністердің барлығы жатыр мойны рагына арнайы белгілер емес,сонымер қатар жатыр мойны рагы жүйелік эффектпен байқалуы мүмкін. Мысалы;

  • күшейген әлсіздік пен шаршағыштық

  • аз уақытта тез салмақ жоғалту

  • субфебрильді температура, 37,5С жоғары емес

  • анемия ж/е ЭТЖ жоғарылауы

Науқастарда клиникалық белгілердің ж/е шағымының болмауынан жатыр мойны рагын ерте диагностикалау қиын ж/е жазылу болжамы нашар.

10. Жатыр денесі рагының диагностикасы және емдеу принципі

Жатыр денесі рагы бұл жатырдың шырышты қабаты мен бұлшықетті қабатында дамитын қатерлі ісік.

Диагностика. Биопсия. Эндометриден тін алу. Бұл процедура кезінде эндометриден кішкене бөлігін микроскоппен зерттеу үшін алады. Зерттеу дәрігердің кабинетінде жансыздандырусыз жүргізеді.

Жатырды қырнау.Егер зерттеуге алынған материал жеткіліксіз болса н/е рак клеткалары табылса, бұл жағдайда жатырды қырнау жүргізіледі. Бұл процедура ота бөлмесінде анестезия арқылы жүргізіледі.

Вагинальді датчик арқылы УДЗ: осы зерттеу кезінде кіші астауындағы мүшелердің құрылысын көруге болады. Ол үшін қынапқа арнайы датчик орнатылады. Ол ішкі мүшелерден келген жоғары жиіліктегі толқындарды жібермей, өзіне,яғни датчикке қарай кері жібереді. Экран мониторында эндометрийдің функционалды қабатының құрылысын көруге болады.

Емдеу. Жатыр денесі рагын емдеудің негізгі жолы операциялық. Операция жатырдың өзін н/е қосалқыларымен бірге алып тастау арқылы жүргізіледі. Операция кезінде лимфалық түйіндерде алынады, себеі олардың рак клеткалары болуы мүмкін. Егер рак клеткалары басқа да көрші мүшелерге жайылған болса операция және қосымша ем қолданылады.

Сәулелік терапия. Бұл емдеу әдісі ісік клеткаларын жою үшін қолданылады. Бұл сәулелік терапияны операция аймағында жоғары ісіктің рецидив беруіне қолданады, мысалы жатырды алыптастағаннан кейін қайталанса.

Сәулелік терапияның басқа түрі брахитерапия. Бұл кезде сәуле көзі бүкіл жатыр денесін емес , тек ісік орналасқан ошақ айналасын ғана сәулелендіреді. Бұл әдістің артықшылығы дәстүрлі сәулелік терапияға қарағанда кері әсері аз. Кемшілігі әсер етуі тек кішкене бөлігін ғана қамтиды.

Гормонды терапия. Егер ісік басқа мүшелерге метастаз берсе , бұл кезде прогесстерон гормонының аналогы жаңа ісік ошақтарының өсуін тоқтатуға қолданылады. Прогестеронды хирургиялық емге келіспеген рактың ерте кезеңіндегі бала сүйгісі келктін жас аналар қабылдайды.Бұл жағдайда прогестеронды қабылдау аурудан толық жазылдырмайды,бірақ бала таба алады.

Химиотерапия.

Химиотерапиялық терапияның препараттары ісіктің өсуін тоқтатады. Химиотерапия эндометрий рагымен ауыфратындардың барлығына бірдей тағайындалмайды. Препараттар ішке енгізу ж/е таблетка түрінде қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]