Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика мамандыкка кереспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
669.18 Кб
Скачать

1. Жеке тұлға – туралы түсінік және педагогикада оған сипаттама.

Тұлға – «адамзаттық таптың жеке бір өкілі, биологиялық тірліктің түрі» оның психологиялық үрдісі биологиялық деңгейде өтеді, тіршілік ету әрекеті болмысты дене арқылы сезінумен қабылдау, есту және көрумен шектелген. Оның негізгі қызметі – жалғастырушы ролін орындау және дәстүрді тарату.

Тұлғаның басқадан айырмашылығын көрсететін белгілердің жиынтығы, сонымен қоса қабылдау негізінде алынған жобаның жиынтығы оның мәнін даралық ретінде анықтайтын ерекшелігін білдіреді. Содан болар оның психо-физиологиялық қызметі өзінің адамзат популяциясына қатыстылығын, өзі туралы пікірін, табиғат құбылыстары жайлы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

Егер философиялық категория әлеуметтік жүйеге бастапқы екеуінінің мазмұнын анықтау қиын болмаса, онда екі негізгі философиялық категориялар тұлға және субъект мазмұнын анықтау әртүрлі пайымдаулары, сан-қырлы ағымы мен бағыты бар тұтас теорияны тудырады.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табу арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы – «жекелік». Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.

Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып отыр.

2. Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің тұжырымдамасы.

ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдылықтарды белгілеу қарастырылған.

Қазақстанның білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейінен тұрады.

3. Үздіксіз білім мұғалімнің кәсіби-тұлғалық өсуінің басты шарты ретінде

Мұғалім – жалпы адамзат мәдениетін, ой-пікірдің дамуын жас ұрпаққа жеткізуші тұлға.

Қазіргі қоғамның жаңару мақсатына сәйкес әрбір ұстаз-тәлімгер өзінің жеке басының қасиеті мен қабілетіне, ой-санасы мен біліміне, кәсіби іс-әрекетіне негізгі үш бағытты тірек етуі керек:

бірінші – білімділікке негізделген ойдың, ойлаудың еркіндігі;

екінші – біліктілікке негізделген іс-әрекеттің еркіндігі;

үшінші – парасаттылық пен имандылыққа негізделген қарым-қатынастың еркіндігі.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,7,8,9,11,14,15.

Қосымша әдебиеттер: 2,3,9,11,12,13,14.

3 дәріс тақырыбы. Педагогикалық мамандық және оның дамуының қазіргі қоғамдық қайта құру жағдайындағы негізгі бағыттары

1. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік міндеті.

2. Педагогикалық мамандықтың тарихы.

3. Мұғалім-қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының түбегейлі өзгеруі жайлы.

4. ҚР-ң «Білім беру туралы заңы», «ҚР-ң 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасындағы, «ҚР-ы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы» қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері.