Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика мамандыкка кереспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
669 Кб
Скачать
☆

1. Құндылық, рухани құндылық туралы түсініктер.

Ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда рухани құндылықтарға, жоғары деңгейдегі моральдық сананың қалыптасуына байланысты. Құндылық - объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі философиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Педагогикалық мамандықтың қоғамның рухани құндылықтарына адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Мұғалім өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.

Педагогикалық құндылықтарды мұғалім жеке бастық-шығармашылық деңгейінде меңгереді. Педагогикалық мәдениет құндылықтарын игере отырып, педагог оларды қайта құрып, интерпретациялай алады, Педагогикалық шығармашылық – сипаттамасы педагогикалық мәдениет болып табылатын адамның өмір әрекетінің түрі. Пшығармашылық педагогтан қажеттілікті, қабілетті, бостандықты, өзінділікті, жауапкершілікті талап етеді.

Кәсіби-педагогикалық мәдениет – «педагогикалық әрекет мәдениеті», «педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті» және «мұғалімнің жеке бас мәдениеті» түсініктерінің жиынтығы.

Субъектілік тәрбиелеу және мұғалімге берілетін жалпы аламгершілік мәдени-педагогикалық атақтың құндылығы оның жеке басының байлығымен, мамандық іс-әрекетке бағыттылығымен, адамның ішкі әлемімен анықталады. Соған байланысты С.Л.Рубинштейннің құнды қарым-қатынас адамның іс-әрекетінің көріну тәсілі болып қалады деп айтылуы дұрыс. Педагогикалық құндықтарды айта геле, оның үш негізгі түрін айқын көрсетуге болады.

  1. Әлеуметтік-педагогикалық құндылық

  2. Топтық педагогикалық құндылық

  3. жеке бастық педагогикмлық құндылық

Мұғалімнің рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар азаматтарымыздың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Педагогикалық мамандықтың қоғамның рухани құндылықтарына әсері қоғамдық-экономикалық жағдйда өзгеріп отырды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту және тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.