Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика мамандыкка кереспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
669.18 Кб
Скачать

1. Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері.

Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.

Өзінің кәсіби потенциалын ауқаттандыруда және әрдайым жаңаруда қоғамның талабына сай жас ұрпақты жаңа деңгейде оқыту қажет. Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы зор. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен болатын. Мұғалім үшін қастерлі міндет «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда»,-деп есептейді А. Дистервег.

Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу – мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста мұғалімнің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі.

2. Мұғалімнің кәсіби білімін көтеруі.

Педагогикалық тәжірибе процесінде мұғалімнің педагогикалық іскерлігі мен өзіне тән кәсіптік сапаларын қалыптастыру міндеті шешіледі, оған мыналар жатады:

қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді орнықтыру, тереңдету, әрі байыту, оларды нақтылы оқу-тәрбие міндеттерінде шешуге қолдану;

мұғалім мамандығына деген ықыласы мен сүйіспеншілігін, өзінің кәсіптік-педагогикалық тәрбиесі мен біліміне қажеттілігін, педагогикалық қызметке шығармашылық тұрғыда ұдайы тәрбиелеу.

3. Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы.

Мұғалімдік жоғары деңгейге сәйкес болу үшін өзін педагогтық мамандығына арнаған әрбір адам өмірге және кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке қажетті жаңа мінез бітістерін қалыптастырып, мінез-құлығындағы кемшіліктерден арылып өзін-өзі жетілдіруге тырысу керек.

Өзін-өзі тәрбиелеудің дербес мақсатының да маңызы бар. Өйткені деннің саулығы, ақылды, сезім мен ерікті жетілдіру, ақырында, педагогикалық мамандық қызметіндегі жетістік көп жағдайда адамның өзіне байланысты. Адам өзімен жұмыс істеу нәтижесінде өзін оптимистік үлгіге икемдейді, өз қызметіндегі практикалық жетістікке талпынады, өзінің ақыл-ойы мен эстетикалық қабілетін жан-жақты дамытады.

4. Өздігінен білімін көтеру жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен дамуының көзі.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі үздіксіз білім алу принципі негізінде халық-ағарту жүйесін қайта құруды талап етіп отыр. Сондықтан «өздігінен білім алу» заңдылығы, оның мазмұны қазіргі қоғам дамуының қажеттілігіне айналған.

Өздігінен білім алу - бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы міндет көздеген жұмысы, өздігінен білім алу адамның өзі қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгеруі, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқылы білімін жетілдіру болып табылады.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,10,11,12,14,15.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,14.

15 дәріс тақырыбы. Мұғалім мамандығын таңдау уәжі және оның қазіргі студенттер тұлғасын дамытуға әсері

Жоспар

1. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік міндеті.

2. Педагогикалық мамандықтың тарихы.

3. Мұғалім-қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының түбегейлі өзгеруі жайлы.

4. ҚР-ң «Білім беру туралы заңы», «ҚР-ң 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасындағы, «ҚР-ы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы» қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері.