
- •Муниципалдық менеджмент пәні бойынша
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары Оқу жоспарынан көшірме
- •3. Оқу бағдарламаның тәртібі – (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3.2 Пререквизиттері:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұнымен
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •3 Мемлекеттік басқару түсінігі
- •4 Басқару қызметтері
- •Тақырып. Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде
- •3 Тақырып. Басқарудың даму тарихы
- •4. Тақырып. Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
- •5 Тақырып. Өкілетті және атқарушы билік органдарының басқарудағы ұйымдық іс-әрекетінің негізі
- •6 Тақырып. Жергілікті басқару органдарындағы іс-әрекетті жоспарлау
- •7 Тақырып. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •8 Тақырып. Жергілікті басқарудың экономикалық негізі
- •9 Тақырып. Орталық және аймақтық экономикалық басқару органдары: жауапкершілікті бөлу және өзара қатынас механизмі
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасының аймақтық саясаты
- •11 Тақырып. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары
- •1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері
- •2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
- •3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы
- •4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару
- •13 Тақырып. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық мәселелері
- •14 Тақырып. Шет мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Әдістемелік нұсқау: Шетелдік нақты бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, басқару әдісіне тоқтал..
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10..Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1. Германиядағы муниципалды басқару қалай жүргізіледі?
- •12. Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1 Германиядағы муниципалды басқару
- •13. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Е) дұрыс жауабы жоқ
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1) 3
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары 3
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды, Гоголь к-сі, 38
6 Тақырып. Жергілікті басқару органдарындағы іс-әрекетті жоспарлау
Аймақтың өндірістік күштерін дамытудың және
орналастырудың бас сызбасы
2 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы
3 Аймақтың дамуының индикативті жоспары
4 Әлеуметтік саланы жоспарлау
1 Аймақтың өндірістік күштерін дамытудың және
орналастырудың бас сызбасы
Өндірістік күштерді дамытудың және орналастырудың Бас сызбасы болашаққа өндірістік күштерді дамытудың және орналастырудың ғылыми түрде негізделген стратегиялық сипаттағы болжамдық құжат болып табылады. Ол ел аймақтарының кешенді экономикалық және әлеуметтік дамуын, аумақтық еңбек бөлінісін жетілдіру негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында қалыптастырылады.
Бас сызба келесі құрылымда болу қажет:
1. базистік кезең бойынша өндірістік күштерді дамытуды және орналастыруды талдау.
2. болашаққа бағытталған өндірістік күштерді орналастыру міндеттері.
3. болашақтағы өндірістік күштерді орналастыру жағдайлары мен объективті алғышарттары.
4. еңбек ресурстарын қайта үйлестірудің аумақтық масштабы және бағыты, орналастырудың әлеуметтік мәселелері.
5. кәсіпорындардың және салааралық кешендердің, халық шаруашылығы салаларын дамытудың және орналастырудың болжамы.
6. Аймақтың өндірістік күштерін орналастырудағы халықаралық еңбек бөлінісіне әсерінің бағамы.
7. халық шаруашылығының аймақтық құрылымындағы ұсынылатын өзгерістердің экономикалық тиімділігінің есебі
2 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы
Әлеуметтік- экономикалық дамуды талдау және болжамдау аймақтық дамуды басқару бойынша жұмыстардың бастапқы кезеңі болып табылады. Дәлелденген болжам негізінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары және аймақтық шаруашылық кешенінің дамуындағы бағдарламалық шаралар мен басымдықтар анықталады.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын болжамдау құрамы келесі жиындарды енгізеді: қоғам өмірінің бөлек жақтарының болашағын сипаттайтын жеке болжамдар мен аймақтың экономикалық және әлеуметтік ортаның дамуының жалпылай формасын сипаттайтын кешенді экономикалық болжам.
Жеке болжамдарда бағаланады:
• аймақтағы демографиялық жағдай;
• табиғи орта, соның ішінде, жер ресурсы, су ресурсы;
• болашақтағы ғылыми техникалық жетістіктер және оларды өндіріске енгізу мүмкіндігі;
• өндірістің негізгі факторлары (капитал, еңбек, инвестиции);
• халықтың тауарға жәнге қызметке деген сұранысының мөлшері және динамикасы;
• жеке тауар мен сұранысқа деген халықтың төлемқабілеттілігі;
• халық шаруашылығының жеке салаларының даму деңгейі.
Кешенді экономикалық болжамда біртұтас құрылым ретінде аймақ экономикасының болашақ дамуы сипатталады.
Аймақтың экономиклық дамуының кешенді болжамы мерзіміне қарай үшке бөлінеді: ұзақмерзімді, ортамерзімді және қысқамерзімді.
Ел дамуының стратегиялық жоспары — Аймақтың дамуы бойынша қызметтің әртүрлі аспектілерінің өзара байланысы сипатталған басқару құжаты. Бұл құжатты дайындау қарастырады:
• аймақтың даму мақсаттары;
• қойылған мақсаттарға жету жолдарын анықтау;
• потенциалды мүмкіншіліктерді талдау;
• таңдалған бағыттар бойынша қозғалыстарды ұйымдастыру әдістерін қалыптастыру;
• ресурстарды қолданудың ұтымды әдістерін дәлелдеу.
Аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуының стратегиялық жоспары — бұл мемлекеттің әкімшілік аппаратының аймақтық қоғамдастықпен бірге ірекет етуге мүмкіндік беретін индикативті құжат.
3 Аймақтың дамуының индикативті жоспары
Индикативті жоспар- бұл дамудың тиімді жолдарын таңдауға бағытталған кәсіпкерлік секторын бағдарлау құралы болып мтабылады. Ол бекітілген индикаторларға жету мақсатымен әлеуметтік және экономикалық үрдістерге мемлекеттік ықпал ету шараларын қалыптастыруды көздейді. Индикативті жоспардың көрсеткіштері директивті сипатты иеленбейді. Ол міндетті тапсырмалардың шектелген соңын енгізеді. Және мақсатты сипатта болады..
Әлеуметтік -экономикалық дамудың маңызды индикаторы болып мынадай көрсеткіштер табылады, экономиканың құрылымы мен тиімділігі, динамикасы, қаржылық жағдайн, ақша айналымы, бағалы қағаздар мен тауар нарықтары, баға қозғалысы, жұмысбастылық, халықтың өмір сүру деңгейі, ішкі экономикалық байланыстар және т.б.
Директивті - жоспарлы экономиканың бұзылуы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеуі мен нарықты экономиканы жоспарлы қабылдануындағы мақсаттарға қарама-қарсылықты білдірмейді.
Индикативті жоспарлау мақсаттарды, бағыттардың негізін, мемелекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын реттеу тәсілдерін, тікелей және көлденең басқару органдарының тиімді қарым-қатынасын қамтамасыз етуін экономикалық жүйенің жалпы және жеке бөліктерін жетілдіру мақсатында анықтайды.
Индикативті жоспарлауды қолдану жүйесіндегі тәжірибе нарықтық механизмдер мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық үрдістерімен сәйкес келетін дамыған елдердегі ( ФРГ, Франция, Япония) оның негізі қағидаттарын өтпелі экономикасы бар елдерде , яғни ҚР-да кіретін қолданылуы туралы сөз қозғап отыр. Ол бірінші кезекте мынаған негізделген:
индикативті жоспарлау мен болжау арқылы мемлекет шаруашылық субьектілерге қалайтын экономикалық саясат туралы ақпарат береді (ақпараттық қызмет );
әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторлары нарық субьектілеріне ұзақ мерзімді Үкімет мақсаттарына, ұстанымдарына бейімделуге, осыған орай іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді ( тұрақтандыру қызметі ).
Үкімет пен мемлекеттік емес меншіктегі шаруашылық субьектілер арасындағы келісімдер мен екі жақты консультациялар экономикалық саясаттың негізгі сұрақтарды шешудегі бірлігімен мүмкін болады ( келісімді қызмет ).
4 Әлеуметтік саланы жоспарлау
Нарық экономикасын мемлекеттік реттеуде маңызды болып, халық жұмысбастылығы аймағындағы басқару шешімін даярлау мен қабылдау табылады. Бұл мәселені тиімді шешу үшін, халықты сандық және сапалық талдау жасау қажет.
Халық өндіріс күші ретінде мемлекеттік реттеу объектісі болып келеді, екі маңызды бағытта:
- Халық жандандыруды реттеу мен жоспарлау.
- Еңбек күшін құрау үрдісін бөлу мен жоспарлау.
Демографиялық үрдісті жоспарлаудың маңызы халықтың қай көлемінің өзгерісі еңбек нарығында еңбек бөлуі мен анықтау мен қоғамның тұтыну табысының көлемі мен құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.
Демографиялық жағдайда үш негізгі түрді бөледі:
экстенсивті;
интенсивті;
тарылтылған өндірістік;
Бірінші тип ерекшеліктері: а) туудың жоғарылығы; б) халықты жандандыру көрсеткіші; в) халықтың салыстырмалы өсімі; г) өнімнің жоғарылығы; д) миграция деңгейінің төмендігі.
Екінші тип ерекшеліктері: а) туу көлемінің төмендеуі; б) халық жандандыруыдң төмендігі; в) өнім деңгейінің күрт төмендеуі; в) қоғам құрылымының айқын үрдісі; д) миграцияның жоғары деңгейі,
Үшінші тип экстрималды жағдайдағы елдерге тән, оған келесі сипаттар тән: а) туудың төмендеуі; б) өнімнің жоғарылығы; в) халық санының қысқаруы; д) бейберекет миграция.
Өкінішке орай Қазақстан Республикаға осы үшінші тип сәйкес келеді. Демографиялық жағдайдың нашарлауы туудың төмендеуімен, өнім көбеюмен сипатталады, ол жүргізіліп отырған демографиялық саясатқы да байланысты.
Болжам жасау арқылы халық саны мен құрамын анықтау мүмкіндігі туады, миграциялық ағындар мен оларды ұлттық экономика салаларына бағытталғандығын да анықтайды.
Демографиялық болжамды жүзеге асыру, бірнеше кезеңдерден тұрады.
Бірінші кезеңде халық санының мүмкін өсімі анықталады, болжам уақытының ішінде. Бұл мақсатқа негізінен екі әдіс қолданылады: ретроспективті экстрополяция мен жастарды жылжыту әдісі.
Экстрополяция әдісі өткен жылдардағы жалпы халық санының қарқыны жайлы көрсеткіштер арқылы жүзеге асады. Көрсеткіштердің орташа темптік анықтау негізігнде болжам жоспарланған уақытқа жасалады. Бұл әдісте халықтың мүмкін саны (Ht + n), өткен жылдағы халық санының (Ht) және жалпы хыалықтың орташа жылдық өзгерісінің (К) туындысымен анықталады.
Егер халық саны біркелкі өзгермесе оны келесі формула арқылы анықтаймыз.
Ht + n = Ht *(Ka)*(Kb)*(Kg);
Мұндағы, Ka ,Kb, Kg - халық өсімінің жылдық орта қалпыны, талданып отырған уақыттың әр кезеңінде.
Халық өсімі өзіне үш өздігінен дамитын көрсеткіштерді кіргізеді: туу, өлім, миграция коэфиценттері. Табиғи өсім коэфицентін де қолдануға болады.
Жасты жылжыту әдісі түрлі топтардың жас құрамының өзгерісін ескеруге мүмкіндік береді. Берілген тапсырманы шешуде өмір сүргіштік қасиеттері де маңызды, келесі жас тобына дейін өмір сүретін адам санын анықтау үшін.
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3
Қосымша әдебиеттер: 4,5