
- •Муниципалдық менеджмент пәні бойынша
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары Оқу жоспарынан көшірме
- •3. Оқу бағдарламаның тәртібі – (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3.2 Пререквизиттері:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұнымен
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •3 Мемлекеттік басқару түсінігі
- •4 Басқару қызметтері
- •Тақырып. Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде
- •3 Тақырып. Басқарудың даму тарихы
- •4. Тақырып. Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
- •5 Тақырып. Өкілетті және атқарушы билік органдарының басқарудағы ұйымдық іс-әрекетінің негізі
- •6 Тақырып. Жергілікті басқару органдарындағы іс-әрекетті жоспарлау
- •7 Тақырып. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •8 Тақырып. Жергілікті басқарудың экономикалық негізі
- •9 Тақырып. Орталық және аймақтық экономикалық басқару органдары: жауапкершілікті бөлу және өзара қатынас механизмі
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасының аймақтық саясаты
- •11 Тақырып. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары
- •1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері
- •2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
- •3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы
- •4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару
- •13 Тақырып. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық мәселелері
- •14 Тақырып. Шет мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Әдістемелік нұсқау: Шетелдік нақты бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, басқару әдісіне тоқтал..
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10..Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1. Германиядағы муниципалды басқару қалай жүргізіледі?
- •12. Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1 Германиядағы муниципалды басқару
- •13. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Е) дұрыс жауабы жоқ
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1) 3
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары 3
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды, Гоголь к-сі, 38
4. Тақырып. Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
1 Жергілікті мемлекеттік басқару ұйымының құқықтық негізі.
2 Аймақтық өкілетті органдардың қызметі
3 Жергілікті әкімшілік басқару органдарының өкілеттілігі
1 Жергілікті мемлекеттік басқару ұйымының құқықтық негіз
2001 жылдың қаңтар айында қабылданған «ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы ҚР-ның Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару облысындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкіметті және атқарушы органдардың қызметінің құзыретін, ұйымдастыруын, тәртібін, сондықтан қатар мәслихат депутаттарының құқықтық мәртебесін анықтайды.
ҚР-ның аталған Заңына қатысатын, жергілікті мемлекеттік басқару-бұл жергілікті өкілетті және атқарушы органдар тарапынан сәйкес территорияда мемлекеттік саясатты өткізу, «жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен және берілген территорияда істің жағдайына жауапты басқа да заңдылық актілерімен анықталатын, мемлекеттік саясаттың құзреті шегінде даму мақсатында жүзеге асырылатын қызмет.
Заңда төмендегідей маңызды анықтамалар келтірілген:
жергілікті атқарушы орган (акимат)-облыс (республикалық дәрежедегі қала, астана ) аудан (облыстық дәрежедегі қала ) әкімімен басқарылатын және өз құзіреті шегінде сәйкес территорияларда жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын колегиялды атқарушы орган;
жергілікті өкілетті орган (мәслихат)-облыс (республикаллық дәрежедегі қала, астана) немесе аудан (облыстық дәрежедегі қала) халқымен сайланатын және халық қалауын білдіретін, ҚР-ның заңына сәйкес оны жүзеге асыруға қажет шараларды анықтайтын, олардың іске асырылуын бақылайтын орган;
әкімшілік- (территория) аумақтық бірлікті басқару сызбасы-сәйкес территорияларда орналасқан, сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетінен қаржыландыратын атқарушы органдардың жүйесі;
орталық атқарушы органның территориялардың бөлінуі-әкімшілік-территориялардың бірлікке сәйкес орталық атқарушы органның қызметі шегінде жүзеге асатын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлінуі.
2 Аймақтық өкілетті органдардың қызметі
Қазақстан республикасының «Қазақстан республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық (республикалық дәрежедегі қала, Астана) акимат ҚР-ның атқарушы органының біріңғай жүйесіне енеді, сәйкес территорияларының дамуының мүдделері мен қажеттіліктерімен ұстастырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Облыстық (республикалық дәрежедегі қала, Астана) акиматы облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) әкімімен басқарылады.
Облыстық (республикалық дәрежедегі қала, Астана) акимат әкімінің тікелей араласуы арқылы әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының жетекшілерінен, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдар жетекшілерінен құрылады.
Облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) акиматтының отырыстарын дайындау мен өткізу тәртібі, сонымен бірге отырыстарда қабылданатын шешімдер акимт регламентімен анықталады. Типтік регламент ҚР-ның Үкіметімен бекітіледі.
Акиматының персонал құрамы облыстық (республикалық дәрежедегі қала, Астана) маслихат сессияларының шешімімен келісіледі.
Облыс (республикалық дәрежедегі қала, астана) акиматынның жұмастырында кеңес беру құқығына ие орталық атқарушы органдардың аймақтық бөлімшілерінің жетекшілері қатыса алады.
Облыстық (республикалық дәрежедегі қала, Астана) акимат заңды тұлға болмайтын коллегиялды орган.
Заңды көрсетілгендей облыстық (республикалық дәрежедегі қала, Астана) акимат заңдылыққа сәйкес келесі қызметтер атқарады:
облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) дамуының жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, облыстық (республикалық дәрежедегі қала, астана) бюджетті жасауды және маслихат бекітуіне ұсынады, олардың орындалуын, сонымен қатар сәйкес әкімшілік-территориялардың бірліктің бюджеттінің орындалуы туралы шешім белгілеуді қамтамасыз етеді;
облыстық (республикалық дәрежедегі қала, Астана) коммуналды меншікті басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;
азаматтар мен ұйымдарға ҚР-ның Конституциясының нормаларын, заңдарды, Президент пен Үкімет актілерін, орталық және жүйелі мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерін орындауға жәрдемдеседі;
облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) территориясында кәсіпкерлік қызметінің және инвестициялық қызметінің дамуы үшін жағдай жасау;
аграрлы сектордың регионалды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
ҚР-ның өндіріс күштеріне араластыру сызбасымен сәйкес облыс жоспарларының аудандық сызбасын, облыс орталығын, республикалық дәрежедегі қаланы және астананы салуды басты жоспарларын жасайды, оларды облыс(республикалық дәрежедегі қала, Астана) маслихатына қарастыруға ұсынады облыстық(республикалық дәрежедегі қала, астана) коммуналды меншік объектілерін және әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілерді салу бойынша тапсырыс беруші ретінде есептеледі, коммуналды желілерді және құрылыстарды салуға рұқсат беріледі; әкімшілік аудандардың аудандық жоспарының сызбасын және аудан әкімшіліктерін (республикалық дәрежедегі қала, астана) салудың басты жоспары жасайды және облыстық маслихаттқа бекітуге ұсынады;
су желілерінің тазарту құрылғыларының, электр тоғын беру желілерінің және т.б көлік және инженерлік инфрақұрлым объектілерін салуын және іске қосылуын ұйымдастырады;
ҚР-ның жер туралы заңдылығы бойынша жер қатынастарын реттеуді іске асырады;
экологиялық сараптаманы ұйымдастыруды және өз әкімшілігінің ішінде табиғатты пайдалануды бақылау жұмысын жүзеге асырады, табиғатты қорғау объектілерін салынуын және жөңдеуден өткізілуін ұйымдастырады;
облыстық дәрежедегі жолдарды тиімді пайдалануды және қорғауды қамтамасыз етеді;
мемлекеттік стандарттарды сақтауды қамтамасыз етеді;
облыс (республикалық дәрежедегі қала, астана) территорияларында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
ауданаралық (қалааралық) пассажирлік көлік байланысын ұйымдастырады;
қалыптасқан жалпымемлекеттік стандарттар ұстана отырып, азаматтардың кепілді медициналық қызмет көрсету құқығын іске асыруды жүзеге асырады;
азаматтардың тегін білім алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікпен күрес бағдарламаларын жасайды, маслихат бекітуіне ұсынады және жүзеге асырады;
әлеуметтік әлсіз халық топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
тарихи және мәдени мұраны сақтап қалу бойынша жұмыссыздарды ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлері мен салттарын дамытуға жәрдемдеседі;
аудандық (мемлекеттік дәрежедегі қала, қаладағы республикалық дәрежедегі аудан, астанадғы аудан) акиматтардың өз құзіретіне жататын сұрақтар бойынша жұмыссыздықтарды үйлестіруі;
ҚР-ның Заңына сәйкес маслихаттқа қарыз салу бойынша шешімдерді қабылдау туралы ұсыныстарды қарастыруға жібереді;
ведомство аралық сипаттағы сұрақтар бойынша кеңес беру органдарын құрады;
мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құрады, атқарушы органдардың штаттық санына лимит қояды, жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын ішкі істер органдарының штаттық саны ҚР-ның Заңына сәйкес анықталады.
3 .Жергілікті әкімшілік басқару органдарының өкілеттілігі
Облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) акиматы өзіне жүктеген қызметтерді жүзеге асыру үшін облыс (республикалық дәрежедегі қала, астана) маслихаттының алдында жауапкершілік алады.
Облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) әкімнің құзіреті ҚР-ның Заңымен келесі түсініктер енгізіледі:
әкімшілік-жергілікті атқарушы органды басқаратын өзіне қарасты территорияларда мемлекеттік саясатты жүргізу, ҚР-ның орталық атқарушы органдарының барлық территориялардың бөлімшелерінің келісімімен қызметін, сәйкес бюджеттіктен қаржыландыратын атқарушы органдарға жетекшілік етуді қамтамасыз ететін, ҚР-ның Заңына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттіне ие, өзіне қарасты территорияларының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына жауапты ҚР-ның Президенті мен Үкіметінің өкілі.
әкім апараты-жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
Заңда айтылғандай, облыс (республикалық дәрежедегі қала, астана) әкімі Пример-Министірдің ұсынысы бойынша ҚР-ның Президентімен қызметке тағайындалады.
Облыс (республикалық дәрежедегі қала, астана) әкімі ҚР-ның Президентінің бұйрығы бойынша қызметінен басталады.
Облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) әкімінің өкілеттігі ҚР-ның қайта сайланған Президенті өз қызметіне кіріскен мезгілден бастап тоқтатылады сонымен бірге, әкім өз міндеттерін орындауды ҚР-ның Президенті жаңа әкім тағайындағанға дейін жалғастыады.
Заңға сәйкес облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) әкімінің құзіреті келесілерден тұрады:
мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қатынаста облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) мүдделерін білдіреді;
заңдарды, ҚР-ның Президенті мен Үкіметінің актілерін, әкімнің және облыс акиматының актілерін орындау бөлігінде орталық атқарушы органның территориялдық бөлімшесінің қызметі туралы ұсыныстарды орталық атқарушы органдар жетекшілеріне ұсынуға құқылы;
белгілі тұлғаларды мемлекеттік сыйлықпен марапаттау, оларға құрмет және т.б атақ беру туралы ҚР-ның Президентіне ұсыныстар жасайды;
келесі лауазым тұлғаларды қызметтке тағайындайды және қызметінен босатады:
өкіметті жоғарғы мемлекеттік органдардың келісімімен облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) әкімдердің орынбасарларын; олардың саны ҚР-ның Үкіметімен анықталады;
облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) әкімі аппаратының жетекшісін және оның құрамдық бөлімшелерінің жетекшілерін;
заңмен бекітілген тәртіп бойынша формалық мундир киген құқығы берілген және әскери немесе басқа айрықша атаққа ие жетекшілердің басқа, облыстық (республикалық дәрежедегі қала, Астана) бюджеттен қаржыландыратын барлық атқарушы органдардың жетекшілерін. Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ішкі істер азаматтарының бөлімшілерінің жетекшілерін қызметке тағайындау және босату ҚР-ның Заңына сәйкес жүзеге асырылады;
облыстық (республикалық дәрежедегі қала, астана) бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдар жетекшілеріне, сонымен бірге аудан (облыстық дәрежедегі қала, республикалық дәрежедегі қаладағы аудан, астанадағы аудан)әкімдеріне ҚР-ның заңына сәйкес дисциплиналарлы жауапкершілік шараларын қолдану
мәселелерін шешеді. Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ішкі істер органдарының қызметкерлеріне дидициплинарлы жаза қолдану тәртібі ҚР-ның заңына сәйкес жүзеге асырылады;
аудан (облыстық дәрежедегі қала, республикалық дәрежедегі қаладағы аудан, астанадағы аудан) акиматтары мен әкімдерінің жұмысын үйлестіреді;
аудан (облыстық дәрежедегі қала, республикалық дәрежедегі қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкімі арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзі қызмет жасайды;
маслихат бекітуіне ведомство аралық сипаттағы сұрақтар бойынша кеңес беру органының персонал құрамын ұсынады;
заңмен бекітілген жағдай мен тәртіпте кәсіпкерлік қызметті лицензиялауды іске асырады;
өз құзыретінің шегінде жалпы әскери міндет пен әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сонымен бірге жұмылдыру мен жұмылдырған дайындық сұрақтары бойынша заңдылықтың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
мәмілелерге қол қою және жекешелендіру, жалға беру, кәсіпорындарды, кен орындарын және мемлекет меншігіндегі басқа объектілерді сату сұрақтарын қарастыратын ҚР-ның өкілетті мемлекеттік органымен тең дәрежеде мәмленің орындалуын бақылау үрдістеріне қатысады.
Негізгі әдебиеттер: 1,2
Қосымша әдебиеттер: 4,5