
- •Муниципалдық менеджмент пәні бойынша
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары Оқу жоспарынан көшірме
- •3. Оқу бағдарламаның тәртібі – (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3.2 Пререквизиттері:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұнымен
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •3 Мемлекеттік басқару түсінігі
- •4 Басқару қызметтері
- •Тақырып. Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде
- •3 Тақырып. Басқарудың даму тарихы
- •4. Тақырып. Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
- •5 Тақырып. Өкілетті және атқарушы билік органдарының басқарудағы ұйымдық іс-әрекетінің негізі
- •6 Тақырып. Жергілікті басқару органдарындағы іс-әрекетті жоспарлау
- •7 Тақырып. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •8 Тақырып. Жергілікті басқарудың экономикалық негізі
- •9 Тақырып. Орталық және аймақтық экономикалық басқару органдары: жауапкершілікті бөлу және өзара қатынас механизмі
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасының аймақтық саясаты
- •11 Тақырып. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары
- •1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері
- •2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
- •3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы
- •4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару
- •13 Тақырып. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық мәселелері
- •14 Тақырып. Шет мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Әдістемелік нұсқау: Шетелдік нақты бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, басқару әдісіне тоқтал..
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10..Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1. Германиядағы муниципалды басқару қалай жүргізіледі?
- •12. Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1 Германиядағы муниципалды басқару
- •13. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Е) дұрыс жауабы жоқ
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1) 3
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары 3
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды, Гоголь к-сі, 38
Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
№№ |
Курс бойынша оқулықтар мен оқу құралдарының атауы |
КарМУ кітапханасын-дағы оқулықтар мен оқу құралдарының саны |
|
1.Негізгі әдебиеттер* |
|
1 |
Каренов Р.С.Государственный и муниципальный менеджмент. Учебник. – Караганда.: ИПЦ «Профобразование», 2003. – 204с. |
5 |
2 |
Курманбаев С.К., Гамарник Г.Н., Султанов О.С. и др. Муниципальный менеджмент: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2000. – 134с. |
4 |
3 |
Морозова Т.Г., Победина М.П., Поляк Г.Б и др. Муниципальный менеджмент. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1997. – 263с. |
3 |
|
2.Қосымша әдебиеттер** |
|
4 |
Блинов А.О.Муниципальное управление: Учебно-метод.пособие/ Блинов, А.О.. - М.: УРАО, 2001. - 156с.: |
12 |
5 |
Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекций. – М.: Юридическая литература, 1997. - 400с. |
21 |
6 |
Управление государственной собственностью: Учебник / Под ред. В.И. Кошкина, В.М. Шупыро. – М.: ИНФРА-М, 1997. – 496с. |
6 |
|
2.1 Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар) тізімі |
|
7 |
Вестник КарГУ. Серия Экономика - |
|
2.2 Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары тізімі |
||
8 |
Муниципальный менеджмент. Электронды дәріс |
|
2.3 Интернет көздері |
||
9 |
www.minplan.kz |
|
10 |
www.enbek.gov.kz/ |
|
Лекциялық кешен (лекция тезисі)
1 тақырып. Басқарудың құрамы, түсінігі және түрі
1 Басқарудың құрамы және түсінігі
2 Ішкі және сыртқы басқару
3 Мемлекеттік басқару түсінігі
4 Басқару қызметтері
1 Басқарудың құрамы және түсінігі
«Басқару» термині мемлекетті, мекемені, өндірісті, ұйымды, техниканы, сонымен бірге автокөлікті басқару деген мағынада бірдей қолданылады. Бұл кез келген үрдісті басқару үшін қолданылатын ұғым. Ағылшын тіліндегі «менеджмент» сөзі орыс тіліне аударғанда «басқару», ол негізгі түбірі латынның «қол» деген сөзі. Алғашқыда бұл сөз малдарды басқару саласында, яғни атты басқару өнерінде қолданылған. Кейіннен бұл сөз қазіргі мағынасына ие болған.
Нарықтық экономикаға көшкен соң «менеджмент», «менеджер» - терминдерімен бірге «басқару», «басқару жүйесі», «директор», «жетекші» сөздері қолданысқа енді. Менеджмент - бұл нарықтық экономикадағы басқару шарты. Мұның субъектісіне төмендегілер жатады:
экономикалық әдіспен басқаруды қолдану;
нарықтық сұранысты қадағалай білу;
сатып алушылардың сұранысын талап ететін өнімдерді шығару және одан пайда таба білу;
аз шығынмен көп пайда табуға ұмтылу;
нарықтық өндірістік бағдарламасындағы сұраныстарын үнемі бақылау.
Нарықтық экономикада соңғы нәтиже, айырбас үрдісінде ғана алынады. Шаруашылық субъектісі негізделген шешімді қабылдауға тиіс, бұл компьютерлік базасындағы жан-жақты ақпараттар арқылы көпнұсқалы есептілікті өткізуді талап етеді.
«Менеджмент» термині АҚШ-та пайда болды, қазіргі уақытта әлемнің барлық оқыған адамы біледі.
Көпшілік ұғымында менеджмент - еңбекті, интелектіні, басқа адамдарға мотивті пайдалана отырып, алға қойған мақсатқа жете білу.
Сонымен, менеджмент – бұл, басқару функциясы, яғни экономикалық өндірістің кез келген саласында адамдарды басқаруы, кәсіби шеберлік түрі, осы арқылы ол табыс таба отырып соңғы нәтижеге жету.
Басқару – белгілі іс-әрекеттің орныққан тәртібін қолдайтын, құрылымның сақталуын қамтамасыз ететін биологиялық, әлеуметтік, техникалық, ұйымдастырушылық жүйелердің функциясы. Бұл анықтамадан басқарудың үш түрі бар екені байқалады:
- өлі табиғатта (техникалық жүйелерде);
- ағзаларда (биологиялық жүйелерде);
- қоғамдық (әлеуметтік жүйеде).
Техникалық жүйелерде басқару – бұл негізінен техникалық ғылымдар зерттейтін өндірістік-техникалық үрдістерді, механизмдерді, машина жүйелерін басқару. Тірі табиғатта өтетін және ағзалардың өмірлік әрекетімен байланысты үрдістерді басқару биологиялық жүйелерді басқаруға жатады. Оларды зерттеумен көбінде, жаратылыстану ғылымдары айналысады.
Әлеуметтік жүйелерде басқару – бұл адамдарды басқару. Ол топтарға, әртүрлі мүдделерді ұстанатын ұжымдарға біріктірілген адамдардың іс-әрекетіне әсерін қамтиды. Бұл басқарудың қиын саласы. Ол әлеуметтік ғылымдардың зерттеу объектісі болып саналады. Адамдар өндірістік, материалдық молшылықты бөлу мен қолдану үрдістерінде түрлі ұжымдық формаларға, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйеге бірігеді.
Әрине, ең жоғары және көп таралған басқарудың формасы жеке адамдарға, отбасыларға, ұжымдарға, халыққа, қоғамға арналған, бағытталған адамдардың белгі, бұйрық, сөз беру, ұсыныстар және көптеген басқа да әсер ету түріндегі ақпарат болып саналады. Адамдар тарапынан адамдарды басқару қазіргі заманда басқару үрдісінің өзгешелігі және типтілігі болып табылады.
Басқару – үрдістерге белгілі бір бағыт беріп және қажетті нәтиже алу мақсатында адамның түрлі объектілер мен қоршаған өмірде жүретін үрдістерге адамның саналы түрде әсер етуі.
2 Ішкі және сыртқы басқару
Басқару теориясында ішкі және сыртқы басқару деген ажырату бар. Басқару әсерлері басқарылатын жүйе өзінде, өзінің ішінде қалыптасқан басқаруды ішкі басқару деп атайды. Басқару әсерлерін жүзеге асыратын басқару органы басқарылатын жүйемен шаруашылық кешенін түзетеді. Басқару органы, сонымен қатар басқаруды жүзеге асырушы адамдар ішкі басқару кезінде басқарылатын ұжымның құрамына, штатына кіреді.
Сыртқы деп басқарылатын жүйеге басқару әсерлері сырттан беріліп тұратын басқарудың түрін айтады. Бұл жағдайда басқару басқарылатын жүйенің құрамына кірмей, жеке сыртқы орган болып бөлінеді.
Ішкі басқару Сыртқы басқару
1-сурет. Ішкі және сыртқы басқарудың сызбанұсқасы
Сырттай басқаруды жүзеге асыратын адамдар, басқарылатын ұйымның штатына қосылмайды, олардың жұмысшылары болып саналмайды.
Ішкі және сыртқы басқарудың сызбанұсқасы сурет 1.2-де көрсетілген.
Кәсіпорындар, мекемелерге, олардың бөлімдеріне (цех, лаборатория) байланысты шартты дәреже түрі екендігін атап өту керек. Мысалы, бөлімше жетекшісінің ұйғарымы бөлімшеге байланысты ішкі болады, ал өндірістік дирекциясының берілген бөлімшеге байланысты сұрақтар бойынша шешімі сыртқы деп қарау дұрыс болады. Сонымен қатар, өз іс-әрекетін бүкіл кәсіпорынға тарататын кәсіпорын дирекциясының шешімін ішкі басқаруға жатқызу қажет.
Ұйымның жұмыс істейтін ортасы сыртқы факторларды қалыптастырады. Оларға басқарушылық жүйе онша әсерін тигізе қоймаса да, пайда болған проблемаларды шешу барысында, басқарушылық жүйені есептен шығарып тастауға болмайды. Осы ұйымның әрекетімен тікелей байланысты жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер арқылы реттейтін органдар, несие берушілер және қоғамның басқа институттары оның жұмысында пайда болған проблеманың сипатына және оларды шешу жолына тура әсерін тигізеді. Бұған мысал біздің қазіргі жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы қатынастардың түбірімен өзгеруі және барлық кәсіпорындар арасындағы байланыстардың күрделіленуі жатады. Қазіргі кей кәсіпорындарда жұмыс түгелдей тоқтап тұр, басқаларында шығарылатын өнімнің ассортиментін өзгертуге тура келеді, үшіншілері жабдықтаушылар мен тұтынушыларды іздеудің ауыр жолында. Тағы да айта кететін бір жағдай - ол тұтынушылар жағынан кездесіп, пайда болатын проблемалар. Көптеген сүрақтар түріне жауап беруге тура келеді: бұйымның ассортименті мен сапасьш өзгерту керек пе?, "ескі" өнімді сату үшін жаңа рыноктар іздеу керек пе?, өндірісті және компанияның басқа бөлімшелерін қайта кұру керек пе дегендей.
Сыртқы факторлардың екінші тобы ұйымның әрекетіне қосымша әсерін тигізеді, тәжірибеде менеджерлер оны қарай алмайды, бірақ та сөзсіз есепке алынулары керек. Бұл жерде елдің немесе аймақтың экономикалық жағдайы, ғылыми-техникалық, әлеуметтік даму деңгейі, әлеуметтік-мәдени және саяси жағдайлармен қатар, осы ұйым үшін басқа еддердегі елеулі өзгерістер қашанда есте болуға тиіс. Ұйымның жұмысына елдің экономикалық жағдайы, өндіріс құралдарына және жұмыс күшіне қол жету мүмкіншілігі, баға мен инфляцияның деңгейі, қоғамдық еңбектің өнімділігі, тұтынушылардың кірісі, үкіметтің қаржы, салық саясаты сияқты параметрлер ортасы әсерін тигізеді.