
Қазақстан Республикасында Лафей мен Баласстың алынған индекстеріне сәйкес сараптамаланған мезгілдің барлық кезеңдерінде бәсекелестік басымдылыққа ие болған бір ауылшаруашылық тауар анықталды ( күнжара және қатты қалдықтар). Ресей Федерациясында және Беларусь Республикасында бәсекелестіктің жоғары деңгейлеріне қабілетті тауарлар анықталмады. КО және БЭК мемлекеттері арасындағы сыртқы нарықтың бәсекелі басымдылықтарын жетілдіруде Белорусь Республикасы көшбасы болып табылады. Кедендік одақ пен Біріңғай экономикалық кеңістік құрылғаннан кейін Белорусь Республикасының 60,0% - дан астам ауылшаруашылық тауарлары әлемдік нарықта өз ұстанымдарын арттырды.
Кедендік одақ құрылғаннан кейін Қазқақстан Республикасында бәсекелестік басымдылықтарға ие болған тауарлар бары анықталды: Кедендік одақ пен Біріңғай экономикалық кеңістік құрылғаннан кейін 55,0% - дан артық анықталған тауарлық ұстанымдар экспорттала бастады. Ресей Федерациясының барлық анықталған тауарларының 31,2% жаңа тауарлық ұстанымдар алған кезде, Белорусь Республикасы - 19,1% алды.
Қазақстан, Белорусь және Ресей үшін Лафей мен Баласстың индекс динамикасының сараптамасы сыртқы нарықта өз деңгейін төмендеткен тауарлық ұстанымдарды анықтады және олардың экспортын Кедендік одақ пен Біріңғай экономикалық кеңістік құрылғаннан кейін тоқтатты.
Жоғарыда көрсетілген белгілерге сай анықталған тауарлардың көп мөлшері Қазақстан Республикасына тиесілі. Анықталған барлық тауарлардың 52,6% бойынша Лафей мен Баластың индексі төмендеді. Бұл белгіленген ауылшаруашылық тауарлардың экспорт көлемінің төмендеуімен немесе экспорттың жылдық орта өсу қарқынының әлемдік экспорт көлемінің қарқынымен салыстырғанда төмен болуымен түсіндіріледі.
Алынған нәтижеге сәйкес, аталған мемлекеттің үшеуіне де ауыл шаруашылығының бәсекелі саласы - қайта өңдеу өнімдерін шығару болып отыр.
Ко және бэк қатысты мемлекеттердің ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің сараптамасы1
Қазақстан, Ресей және Белорусь мемлекеттерінің ішкі нарықтағы экспорттық ұстанымдарының салыстырмалы басымдылықтарын анықтау үшін КОСҚТА-ның(ТНВЭД) 6 таңбалы экспорттық-бағдарлық тауарлық топтар әрекетінің бес үрдісі белгіленді.
Үрдістің айқындалуы барысында Лафей мен Балас индексінің бастапқы мағыналары орнықтырылды.
КО және БЭК нарығында бәсекелес басымдылықтарға ие анықталған бәсекелі тауарлар шартты түрде келесі бағыттарға бөлінді:
«айрықша бәсекелі ұстанымдар», яғни тауар бағыттарының КО және БЭК құрылғанға дейінгідей КО және БЭК құрылғаннан кейінгі бәсекелі сапасында сақталуын білдіреді;
«ұстанымдардың арттырылуы», КО және БЭК құрылғанға дейін ішкі нарықта бәсекелестік жетістіктері болмаған, алайда КО және БЭК құрылғаннан кейін өз бәсекелестік басымдылықтарын арттырған ұстанымдарды ұсынады;
«ұстанымдардың нашарлауы» КО және БЭК құрылғанға дейін тауарлық ұстанымдар бәсекеге қабілетті болса, КО және БЭК құрылғаннан кейін бұл ұстанымдардың ішкі нарықта өз бәсекелі басымдылықтарынан айырылатынын көрсетеді;
«жаңа ұстанымдар», бұл КО және БЭК мемлекеттерімен алдын ала нарыққа шығарылмаған, алайда, КО және БЭК құрылғаннан кейін өзара нарықта бәсекеге қабілетті болған ұстанымдар;
«жоғалған ұстанымдар» КО және БЭК құрылғанға дейінгі бірақ КО және БЭК құрылғаннан кейін экспортты тапсырылымы болмаған бәсекелілікті көрсетеді.
Сараптама нәтижесінде Кедендік одақ және Біріңғай экономикалық кеңістік нарығында бәсекеге қабілетті 363 бәсекелі ауылшаруашылық тауарлары анықталды:
РФ бойынша 889 сараптамаланушыдан 189 тауар ұстанымдары немесе 21,2%;
БР бойынша 760 сараптамаланушыдан 93 тауар ұстанымдары немесе 12,2%;
ҚР бойынша 893 сараптамаланушыдан 81 тауар ұстанымдары немесе 9,1%;
Сараптама шешімі бойынша ресей тауарлары Кедендік одақ мемлекеттеріндеріндегі серіктес елдермен салыстырғанда ішкі нарықта басым бәсекелестік қабілеттерге ие екендігі аталды. Ресей Федерациясының бәсекелі тауарларының үлесі барлық КО және БЭК мемлекеттерінің бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық тауарларымен шаққанда 52,1% құрайды
Қазақстандық және белорусьтік бәсекелі экспорттық ауылшаруашылық тауарлық бағдарларының үлесі 22,3% және 25,6% құрады.
Ресей федерациясы көбіне КО және БЭК нарығына шикі немесе дайын ауылшаруашылық бәсекелі өнімдерін қоятынын атап өткен жөн. Ресей Федерациясының шикізат өнімдерінің үлесі барлық тапсырылған бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық тауарларының 42,8%-ын құрады. Дайын өнім үлесі - 38,6%. Белгіленген бәсекелі тауарлардың 18,6%-ын жартылай фабрикаттар алады.
Анықталған бәсекеге қабілетті экспортты ауылшаруашылық тауарында Қазақстан дайын өнімге ие. Белгіленген бәсекелі ауылшаруашылық тауарлық ұстанымында дайын өнім үлесі 40,7% көрсетті. Барлық бәсекелес тауарлық ұстанымдардың 33,1%-ын шикізат тауары алды. 25,9%-ы жартылай фабрикаттар.
Белорусь Республикасы ішкі нарықта бәсекелі 46,2% үлесі бар дайын ауылшаруашылық тауарларына ие. Шикізат тауарларының үлесі 32,2%. Жартылай фабрикаттар барлық Белорусь тауарлық ұстанымдарының 21,6%-ын иеленді.
Сараптама Кедендік одақ пен Біріңғай экономикалық кеңістік нарығында мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін анықтап - арттыру мақсатында өткізілді.