Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бауыр биохимиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
472.06 Кб
Скачать

Өт, нәжіс және несеп пигменттерінің түзілуі

Билирубин – бұл адам гемоглобині ыдырауының соңғы өнімі. Өтпен ішекке түскен соң босатылған бос билирубин ашішекте бастапқыда мезобилирубинге, сонан кейін мезобилиногенге дейін (уробилиногенге) дейін тотығады.

Мезобилиноген (уробилиноген) бұл жағдайда қан айналымының жалпы ағынына түспейді. Мезобилиногеннің бір бөлігі ыдыраған өнімдермен бірге өт құрамында ішек қуысына түседі (энтерогепатикалық айналыс). Бірақ бауырда өтетін өте аздаған өзгерістің өзінде оның бөгеттік қызметі көп жағдайда «алынады» және мезобилиноген бастапқыда қан айналысының жалпы ағынына түседі, сонан кейін несепке.

Оның негізгі массасы ашішектен тоқ ішекке бағытталады. Тоқ ішекте анаэробтық микрофлораның әсерінен (әшек таяқшасы мен басқа да бактерия) ары қарай стеркобилиногенді түзілдіріп тотысызданады. Түзілген стеркобилиноген (тәуліктік мөлшері 100-200 мг) толығына жуық нәжіс құрамында шығарылады. Ауада ол тотығады және стеркобилинге айналады, ол нәжіс пигменттерінің бірі. Стеркобилиногеннің аз бөлігі тоқ ішектің шырышты қабаты арқылы төменгі вена жүйесіне сіңіріледі және қан арқылы бүйрекке жеткізіліп несеп құрамында шығарылады.

Сондықтан, дені сау адамның несебінде мезобилиноген (уробилиноген) болмайды, бірақ онда стеркобилиннің аздаған мөлшері болады (оны жиі түрде, қателікпен, «уробилин» деп атайды.

Нәрестелерде ішектерінің стерильдігіне байланысты билирубин оның келтірілген туындыларына (метаболиттеріне) айналмайды, бірақ қанға белсенді сіңіріледі. Қанында гипербилирубинемия туындайды.

Қалыпты жағдайда:

Қан: Билирубин (негізінен, тікелей емес) - қалыптысы (8-17мкмоль/л); Гемоглобин - қалыптысы: ДСҰҰ ұсынысы бойынша гемоглобин мөлшерінің төменгі шегі: ерлерде - 13.0 г/дл, әйелдерде — 12.0 г/дл, жүктілерде - 11.0 г/дл.

Несеп: ашық – сары түсті, стеркобилиноген - қалыпты, мезобилиноген болмайды.

Нәжіс: қалыпты түсте, стеркобилиноген - қалыпты

Этанолдың метаболизмі

Бауырда этиль спиртінің айналуын да цит Р450 ферменті («этанолдың микросомаллық тотығу жүйесі») катализдейді. Себебі, спирт және дәрілік заттар бір ғана ферменттік жүйенің субстраты, олардың ағзаға бірлескен әсері тіршілік үшін қауіпті болуы мүмкін. Осылай болғандықтан цит Р450 ферменті фармакология үшін ерекше маңызды болыр табылады.

Рисунок 18

Ағзаға түскен соң этанол диффузия жолымен жылдам сіңіріледі, қанддағы максимальді концентрациясына 60-90 минутта жетеді. Сіңірілу жылдамдығы әртүрлі факторларға тәуелді. Мысалы, ашқарында, ішімдіктің жоғары температурасында (мысалы, горга), құрамында қанттың және көмірқышқылы газы болуында (шампан шарабы) этанолдың сіңірілуі стимулденеді. Толық тағамнан кейін қабылданған этанолдың сіңірілуі бәсеңдейді. Ағзада этанол жылдам таралады, басым түрде жалпы массаның 70% алатын мүшелер – бұлшықет пен миға түседі. Аз мөлшерде май мен сүйек ұлпаларына түседі.

Сыраның бір шишасында болатын этанолдың (16 г (%) этанол) жылдам және толық сіңірілген кезінде 70 кг салмақтағы адамның (этанол оның 49 кг ұлпасына (70 кг *0,7=49 кг) таралады) және оның қанындағы концентрациясы 16 г/ 49 кг = 0,33 промилл (7,2 мМ) болады. Этанолдың өлімдік концентрациясы жуық шамамен - 3,5 промилл (76 мМ).

Этанолдың метаболиттік биотрансформациясы өтетін негізгі орын - бауыр болып табылады. Бұл үдеріске асқазан эпителийі де қатысады. Алғашқыда алкогольдегидрогеназа арқылы дегидрленіп этанальге (ацетальдегид) айналады, сонан кейін альдегиддегидрогеназа арқылы ацетатқа (сірке қышқылы) айналады. Сірке қышқылы ары қарай ацетат-КоА-лигаза (тиокиназа) катализдеуімен, АТФ қатысында, ацетил-КоА-ға айналады. Аралық метаболизм үдерісі жақсы сәйкестікпен жүреді. Этанол метаболизмінде цитоплазмалық алкогольдегидрогеназа ферментімен бірге, шектеулі мөлшерде каталаза және микросомалық «индуцибельді» алкогольоксидаза да қатысады.

Этанолдың бауырдағы трансформациясының жылдамдығы негізінен алкогольдегидрогеназа белсендігі бойынша шектеледі. Басқа шектеуші факторға НАД+ болуы жатқызылады. Реакцияның максимальді жылдамдығы этанолдың аздаған концентрациясының өзінде де байқалады. Сондықтан, ағзадағы этанол деңгейі тұрақты жылдамдықпен төмендейді (этанолдың ыдырауы – нольдік ретті реакция).