Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бауыр биохимиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
472.06 Кб
Скачать

Бауыр биохимиясы

Бауыр паренхиматоздық мүшелердің арасындағы ең үлкені. Ересек адамда оның салмағы 1,5 кг. Бауыр дене массасының 2-3% -н алғанмен де, оған ағза қабылдайтын оттегінің 20-30% келеді.

Ол келесі негізгі қызметтерді атқарады:

1.Метаболиттік қызмет. Тағамдық заттардың қорытылу өнімдері асқазан-ішек трактісінен қақпалы вена арқылы бауырға түседі. Бауырда белоктар мен аминоқышқылдар, липидтер, көмірсулар, биологиялық активті заттардың (гормондар, биогенді аминдер және витаминдер), микроэлементтердің, судың алмасулары реттелуінің күрделі процессі өтеді. Бауырда басқа мүшелердің қызметіне қажетті көптеген заттардың синтезделуі өтеді, (мысалы, өттің).

2.Деполаушы қызмет. Бауырда көмірсулардың (мысалы, гликогеннің), белоктардың, майлардың, гормондардың, витаминдердің, минералдық заттардың қор ретінде жиналуы өтеді. Ағзаға бауырдан күрделі молекулаларды синтездеуге қажетті құрылымдық блоктар макроэргиялық қосылыстар тұрақты түсіп тұрады.

3.Бөгеттік қызмет. Бауырда, тағам құрамында түскен, ішектерде түзілген, сонымен бірге экзогендік көздер арқылы түсетін бөтен және улы қосылыстардың залалсыздануы (биохимиялық трансформация) атқарылады.

4.Экскреторлық қызмет. Эндо- және экзогендік көздер арқылы түскен әртүрлі заттар бауырдан өт жолдарына түсіп өт құрамын да шығарылады (40-тан астам қосылыс), немесе қанға өтіп, ол арқылы бүйрекке жеткізіліп шығарылады.

5.Гомеостатикалық қызмет. Бауыр қанға әртүрлі метаболиттерді синтездеп, жинақтап, оның тұрақты құрамын ұстауда (гомеостаз), қан плазмасының көптеген компоненттерін трансформациялау және экскрециялауды қамтамассыз етіп маңызды қызметті атқарады.

Бауырдың, мұндай, әртүрлі қызметтері оның өзінің және жеке жасушаларының құрылысының ерекшеліктері бойынша қамтамассыз етіледі. Гепатоцитте эндоплазмалық ретикулумның (жазықта, бұдырлы да) (ЭР) жүйесі жақсы дамыған. ЭР-дің негізгі қызметінің бірі – бұл басқа мүшелерде, ұлпаларда қолданылатын белоктардың (альбуминдердің), немесе бауырда қызмет ететін ферменттердің синтезі. Олардан басқа, бауырда фосфолипидтер, триглицеридтер және холестерол синтезделеді. Жазық ЭР құрамында ксенобиотиктер детоксикациясына қатысатын ферменттер болады.

Бауырдағы зат алмасулары

Бауыр барлығына жуық кластағы қосылыстардың метаболизміне қатысады.

Көмірсулардың метаболизмі. Глюкоза және басқа да моносахаридтер бауырға қан плазмасынан түседі. Мұнда олар гликолиз өнімдері глюкозо-6-фосфатқа және басқаларына айналады. Глюкоза резервтік полисахарид гликоген түрінде деполанады немесе май қышқылдарына айналады. Қан плазмасында глюкоза мөлшері төмендегенде бауыр глюкозаны гликогеннің мобилизациясы есебінен толықтыра бастайды. Егер гликогеннің қоры көп азайған болса ол глюконеогенез процессі арқылы лактат, пируват, глицерин, аминоқышқылдардың көмірсутекті бөліктерінен, немесе, көмірсу емес табиғаттағы заттардан синтезделе алады.

Липидтер метаболизмі. Май қышқылдары, бауырда, ацетаттық блоктардан синтезделеді. Сонан кейін майлар мен фосфолипидтердің құрамына қосылып қанға липопротеиндер формасында түседі. Май қышқылдары бауырға қаннан да түсе алады. Ағзаны энергиямен қамтамассыз ету үшін бауырдың май қышқылдарын кетондық денелерге айналдыруы да маңызды болып табылады. Кетондық денелер қайтадан қанға түседі.

Холестерин, бауырда ацетаттық блоктардан синтезделеді. Сонан кейін ол липопротеиндер құрамында басқа мүшелерге тасымалданады. Холестериннің бір бөлігі өт қышқылына айналады немесе артық мөлшері ағзадан өт құрамында шығарылады.

Аминоқышқылдар мен белоктардың метаболизмі. Қан плазмасындағы аминоқышқылдардың деңгейі бауыр арқылы реттеледі. Артық аминоқышқылдар ыдырайды, олардан бөлінген аммиак орнитиндік циклге қосылып мочевина түзілуіне қатысады. Мочевина бүйректерге тасымалданаып олар арқылы шығарылады. Аминоқышқылдардың көміртектік бөлігі аралық метаболизмге глюкоза синтезі үшін алғызат ретінде немесе энергия көзі ретінде қосылады. Мұнан басқа, бауырда қан плазмасының көптеген белоктарының синтезі мен ыдырауы атқарылады.

Деполану. Бауыр ағзаның энергиялық резервінің (гликогеннің мөлшері бауыр массасының 20%-не дейін жетуі мүмкін) және көптеген алғызаттарының, минералдық заттарының, витаминдерінің A, D, K, B12 және фоль қышқылының, темірдің (ағазадағы темірдің 15%-ке жуығы) деполану орны болып табылады.

Биохимиялық трансформация. Стероидтық гормондар және билирубин, сонымен бірге дәрілік заттар, этанол және басқа да ксенобиотиктер бауырға түседі де олар инактивтеліп жоғары полярлы қосылыстарға айналады.