Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 кр СИЛЛАБУС қаржталдау.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
961.54 Кб
Скачать

1.2 Қосымша әдебиет:

1. «Бухгалтерлік есеп және Басқару есеп беру туралы» ҚР Заңы

2. Кривогуза Н.А. Управленческий анализ. Учебное пособие для дистанционного обучения Кэу Караганда 2005г.

3. Сейдахметова Ф.С. Бухгалтерская отчетность, ее виды и назначение / Ф.С.Сейдахметова - Алматы: ЛЕМ, 2001.- 45с.

4. Ашенова А.А. Анализ финансового положения предприятия (практическая помощь) // Библиотека аудитора // БИКО. – 1999. - №10.

5. Бланк И.А. Управление формированием капитала. – Киев: Ника-Центр, Эльга, 2002. – 512с

6. Управленческая деятельность на микроуровне: экономич.: учебник, М, 2010

Периодикалық әдебиеттер

  1. Қаржы-Қаражат -Финансы Казахстана. Ежемесячный журнал

  2. Статистический бюллетень Министерства финансов РК.

  3. Транзитная экономика. Ежемесячный журнал.

  4. Аль-Пари. Ежемесячный журнал.

  5. Деловая неделя. Ежемесячная газета Республики Казахстан.

  6. Бухгалтер бюллетені

2. Файл бухгалтера .

3. Библиотека бухгалтера и предпринимателя

4. Досье бухгалтера за последние

5. Компьютер плюс бухгалтер

6. Вестник налогоплательщика

7. Практический бухгалтерский учет. Ежемесячник

Ғаламтор – ақпарат көзі

  1. http://www. www.minfin.kz - Қаржы Министерлігі сайты

  2. http://www.minplan.kz – Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі сайты

  3. http://www.government.kz – ҚР Үкіметі сайты

  4. http://www.nalog.kz , www.taxkz.kz – ҚР Салық комитеті сайты

  5. www.nationalbank.kz – ҚР Ұлттық Банкі сайты

11. Глоссарий

Абсолюттік шама- белгілі бір мерзімді, нақты бір жердегі бірлік сан жиынтығы бойынша оның белгісін және көлемін, мөлшерін айқындайтын (деңгейі, көлемі) социалды-экономикалық құбылыс. Абсолюттік шама (барынша шама) – ол салмақ, қашықтық, көлем, уақытпен, құнымен немесе сан бірлігінің жиынтығы мен өлшем арқылы анықталынатын атаулы сан

Абсолюттік пайда- шығынды шегеріп тастағанда сатушы барлық тауардан алған табысқа тең пайда

Аванстау-өндіріске жұмсалған ақша қаражаты, қосымша өнім құны түрінде өзінің бастапқы нүктесіне өсіммен қайтып оралатын экономикалық процесс

Авансылған қаражат- белгілі бір міндеттерді орындау кепілдігімен жұмсалған немесе бөлінген ақшалай каражат

Авизо- банк практикасында, коммерциялық және бухгалтерлік практикада - өзара есеп айырысудың жай-күйіндегі өзгерістер туралы немесе ақша аудару, тауар жіберу туралы бір контрагенттің басқа контрагентке жолдайтын хабарламасы

Авансталынған капитал- кәсіп иесінің пайда алу жолында өндіріс құралдарын сатып алу жұмысшылар мен қызметкерлерді жалдап, ақша жұмсалануы

Ағымдағы активтер- бухгалтерлік баланстың бөлігі ретінде активтер, бұл активтерде ашылуға тиіс мына баптар қамтылады: өндеу мен өткізу мезгіліне қарамастан бір жылдың ішінде есептен шығарылуға тиіс тауар-материалдық босалқы қорлар; ақшалай қаражат; қысқа мерзімді қаржы инвестициялары; бір жылдың ішінде алынатын дебиторлық берешек

Ағымдағы шығындар- күнделікті пайдалануға, тұтынуға арналған тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын ақшалай шығындар

Ағымдағы баға- белгілі бір кезеңде қолданылатын баға мен тарифтер

Айналыс қорлары -айналым аясындағы тауарлы және ақшалай түрдегі ресурстар (дайы өнім және ақшалай қаражаттар)

Айналымнан тыс активтер-кәсіпорын қызметінде бір жылдан аса жүзеге аса отырып, өзінің құнын біртіндеп, өндірілетін активтерге аударатын кәсіпорындардың активтері

Айналымды қаражаттар(активтер)- кәсіпорынның активтерінің жаңа құндылықтарын құру мақсатындағы өндіріс факторларының өзара байланысына тікелей әсер ететін инвестициялық қордың өзгертілген түрі

Айналыстың қосымша шығыны- айналыс саласында өндіріс процесін жалғастыруға, соның ішінде тауарды жеткізіп беруге, құнттауға және ыдысқа салуға байланысты жұмсалған шығын

Айналыс шығындары- өндірушілер мен тұтынушылардың тауарларды өткізу мен сатып алуға байланысты шығыстары

Айналым қаражатының ашыратылуы- айналым қаражатының кәсіпорын айналымынан көзделмеген немесе белгіленген өтеу көздері жоқ шығындарға жұмсалуы, мұның өзі кәсіпорынның төлем қабілетін нашарлатады

Айырбас құны -бір тауардың екіншіне қатысты сатып алыну қабілеттілігін сипаттайтын тауар өндірісімен және айналысының құбылысы. Айырбас құны бұл айырбасталатын тауралар арасындағы сандық пропорция болып табылады

Айналым қаражатының нормасы -тауар-материалдық құндылықтардың босалқы қорларының өнімді өндіру мен өткізу жоспарын орындау үшін жеткілікті, экономикалық тұрғыдан негізделген ең аз мөлшері

Айналым құжаттары- ақша құжаттарының тобын көрсету үшін қолданылатын термин, сол құжат бойынша басқа адамға жай бере салу немесе беру, басқадай шарт бойынша, құжатты арнаулы толтырмай-ақ, тапсырма арқылы беруі (вексельдер, чектер, депозиттік сертификаттар, ұсынба акциялар мен облигациялар, қазыналық вексельдер)

Айналым қорлары- өндірістің бір кезеңінде түгелімен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бір бөлігі. Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аударылады

Айналым қаржылары - өндірістік қорлар мен айналыс қорына авансталған ақшалай қаражаттар

Айналым капиталы -өндірістік капиталдың шикізатқа жұмсалған шығындарды, материалдарды, жұмыс күшін қамтитын бөлігі, ол өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толық көшіріп, өндірушіге капиталдың әрбір ауыспалы айналымының соңында ақшалай нысанда қайтарылады

Айналыс- сатып алу мен сату арқылы жүзеге асырылатын тауар өндірісінің, еңбек өнімдерінің, ақшаның және меншіктің басқа да, объектілерінің айырбасқа келу нысаны

Айнымалы шығындар- -өдіріс деңгейіне (көлеміне) тікелей тәуелді шығындар

Акционер -акционерлік кәсіпорынның ортақ иесі; белгілі бір табысты алу және істерді басқаруға қатысу құқығын беретін акциялардың иесі

Аккредитив- контрагентке міндеттеме орындалған бойда дереу аккредитивтік тапсырмада көрсетілген шарттар негізінде тауар, жұмыстар, қызметтер көрсету үшін төленетін төлемді алуға мүмкін беретін банк шотының түрі

Актив -бухгалтерлік баланстың бөлігі (әдетте сол жағы); ұдайы өндіріс процесіндегі ролі бойынша топтастырылған қаражаттың құрамын, орналасуын және пайдаланылуын сипаттайды

Активтер -құндық ренкі бар мүлік, мүліктің және өзіндік беймүліктік игіліктер мен субъект құкықтары. Активке көрсетілген келешектегі экономикалық пайда – субъектінің ақшалай қаражатының ағынына қосылған қомақты тікелей немесе жанама салым

Ақшалай қорлар -нақты бір экономикалық субъектіге (меншік иесіне) қатысты нақты бір мақсатқа негізделген (жұмыс күшінің қоры, еңбек ақы қоры, амортизациялық қор) ақшалардың белгілі бір құны

Ақша активтері -тіркелген немесе анықталатын ақшалай қаражат нысанында алуға арналған ақша және активтер

Акционерлік капитал -акционерлік қоғамның негізгі капиталы. Акцияларды шығарып, сату арқылы құралады. Акционерлік капитал акционерлердің біріктірілген жеке капиталдарының жиынтығы болып табылады

Алып тастау, аластау -алдын ала зерделенген, талданған, бақыланған процестерге, құбылыстарға байланысты емес белгілерді талдау, есептеу, бақылау барысында қараудан алып тастау

Амортизация мөлшері (нормасы) -белгілі бір уақыт аралығындағы амортизациялық аударымдардың негізгі өндірістік қорлардың баланстық құнына пайыздық түрдегі қатынасы

Амортизациялық аударым -негізгі құрал-жабдықтың тозығын толтыру үшін, яғни оны ұдайы жаңғырту үшін осы құрал-жабдық құнының бір бөлігін аударып отыру. Өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарының элементін құрайды

Амортизация -негізгі құрал-жабдықтың қолданылуы, өндірісте пайдаланылуы барысында ақшалай тұрғыда есептелген тозуы. Тозымпұл сонымен бірге тозған еңбек құралдарының

құның олардың көмегімен өндірілген өнімге аудару құралы, тәсілі, үдерісі

Амортизациялық мерзім -өндіріс құрал-жабдықтардың құнын бөлінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеу қажет

Амортизациялық қор- негізгі қорларды жай ғана және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты; экономикалық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейте көбейту процесіне бір мезгілде қызмет көрсетеді

Артық сұраным -экономикалық жағдай, мұнда қолданылып жүрген баға жағдайында тауарлар мен қызметтерге сұраным олардың ұсынымынан асып түседі. Сондай-ақ тапшылық деп те аталады

Арнайы баланстар -экономикалық субъектлердің қаржылық қызметінің әр түрлі аясын, ақша қаражаттарының жағдайы мен қозғалысын сипаттайды

Аудит -кәсіпорындардың қызметіне клиенттің тілегі бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есепке тәуелсіз тексеру түріндегі қаржы бақылауының ерекше түрі

Аударымдар -кәсіпорын жүзеге асыратын төлемдер мен шығындар. Аударымдар олардың кірістерінен алынып, мемлекеттік және жергілікті бюджетке аударылады. Аударымдардың келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады: амортизациялық аударымдар, әлеуметтік сақтандыруға жұмсалатын аударымдар, пайдадан резервті қорға аударылатын аударымдар және т.б.

Әртараптандыру -маркетинг стратегиясының түрі, ол фирманың өндірілуі негізгі өндіріспен байланысты емес жаңа өнімдер рыноктеріндегі кызметі аясының санын ұлғайтуға бағытталған

Баға индексі -белгілі бір уақыт аралығындағы тұтыну тауарлары мен қызметтерінің сомасының базалық кезеңдегі сомасына қатынасы

Баға -тауар мен қызметтің бір бірлігіне берілетін ақшалай түрдегі құн

Базалық пайда -есепті жылдың күтіліп отырған пайдасы: номенклатуралық айқындамалар бойынша сан мен өзіндік құн белгісіз болған кезде бұйымдардың түр-түрін шығаратын кәсіпорындар бойынша жоспарланып отырған жылға пайданы талдау әдісімен анықтау кезінде базалық рентабельділікті есептеу үшін пайдаланылады

Базистік баға -жалпы алғанда халықаралық саудада тауарлардың бағасын анықтауда және тауарлардың кейбір топтары бойынша негіз ретінде қабылданатын баға

Базистік баға -тауардың сортын немесе сапасын анықтауға арналған, талаптар сатып алу-сату барысында келіскен және нақты жеткізілетін тауардың түпкі бағасын анықтау үшін негіз болып табылатын баға

Базистік жыл - экономикалық индексті анықтауда негіз ретінде қабылданатын жыл

Байланыс аудиториясы -фирмаға нақты немесе әлеуетті ықылас білдіретін немесе оның алға қойылған мақсаттарына қол жеткізу қабілетіне ықпал ететін топ

Бақылау нәтижелері -бақыланған объектінің қаржыларын бағалау

Баланстық құн -негізгі құрал-жабдықтың бастапқы және ағымдағы құны, мұнда актив есепте және қаржы есептемесінде көрсетілетін қорланған тозымпұл сомасы шегеріп тасталады

Баланс -қайсыбір құбылысты оның жеке жақтарын салыстыру немесе қарама-қарсы қою жолымен сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі

Баланс материалдық - өнімнің аса маңызы түрлерін өндіру мен бөлуді заттық өлшеммен сипаттайтын экономикалық кесте. Материалдық баланс еңбек заттарына (шикізат, отын, материалдар), еңбек құралдарына (машиналар мен жабдықтар), тұтыну заттарына (тамақ өнімдері, киім-кешек) бөлінеді

Баланстық есеп -фирманың немесе жеке адамның белгілі бір күнгі активтері, пассивтері және таза құны туралы жиынтық есеп

Баланстың өтімділігі -бір жағынан, кәсіпорынның балансында көрсетілген қаражат, екінші жағынан, оның қысқа мерзімді міндеттемелері арасындағы арасалмақты сипаттау үшін шаруашылық практикада қолданылатын термин

Банкрот-төлеуге шамасы жоқ қарыздар адам, кедейлену жағдайынан несиеге алған несиесінен төлей алмағандықтан бас тарту

Банкроттық -жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың немесе банктердің қарызын төлеуге дәрмені болмай, қалғандығын білдіретін ұғым

төлемдік, тез өткізілетін

Бастапқы құн -негізгі құрал-жабдықты салу мен сатып алуға жұмсалған шығындардың, төленген өтелмеген салықтар мен алымдарды, активті арналған мақсатына пайдалану үшін оны жұмыс істеу күйіне келтірумен тікелей байланысты жұмсалған кез-келген басқа да шығындарды қоса алғанда, қорларды тиісті жеріне жеткізу және құрастыру шығындарының нақты самосынан құралатын құн

Бастапқы құн - негізгі қорларды сатып алуға жұмсалынған, оларды жеткізу мен жөндеуге кеткен және төленген салықтар мен активтерді жұмыс орнына жеткізіп, пайдаланғанға дейінгі барлық шығындарды қоса есептегендегі жұмсалған қаражаттар

Бас (жалпы) бюджет (смета) -кәсіпорынның барлық қызметіне байланысты қаржылық құжаттар

Бәсекелесуге жарамдылықтың интеграл көрсеткіші -тауардың бәсекелесуге жарамдылығының сандық сипаттамасы, бұл сипаттама техникалық шамалар бойынша топтық көрсеткіштің экономикалық шамалар бойынша топтық көрсеткішке қатынасы болып табылады

Бәсекелестік -жеке пайдаға ие болу барысындағы жеке және заңды тұлғалардың бәсекелеске келуі

Бәсекелесу қабілеті - белгілі бір тауардың немесе өнімнің тұтынушылық қасиетінің, жиынтығы, ол тауардың немесе өнімнің бәсекелесуші тауардан немесе өнімнен өзгешелігін сипаттайды

Бейматериалдық активтер -ақшаға жатпайтын, нақты мәні жоқ, тауарларды өндіруде немесе өткізуде әкімшілікмақсаттарда, басқа субъектілерге жалға беруде ұзақ уақыт бойына (бір жылдан артық уақытқа) пайдалануға арналған активтер. Бейматериалдық активтерге материалдық нысандары жоқ, физикалық қасиеті болмайтын, бірақ кәсіпорынға ұзақ уақыт бойы немесе тұрақты табыс алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін объектілер жатады. Мысалы, табиғи ресурстарды, жерді пайдалану құқықтары, өнертабыстар, патенттер, лицензиялар ж.т.б.

Берешек - белгіленген мерзімде төленуге немесе өндіріп алынуға тиіс міндеттемелердің құндық бағалануы. Дебиторлық және кредиторлық берешек түрлеріне бөлінеді

Бөлістірілмеген пайда - кәсіпорынның таза пайдасы яғни кәсіпорынның шығындарының көлемінен артық түсімінен корпоративті табыс салығын шегергеннен кейінгі қалатын сома

Бөлінбеген пайда -акционерлік компанияның резервке түскен, бірақ акционерлерге дивиденд түрінде төленбеген таза пайдасы

Болжамдау -басқару объектісінің жоспарланған келешектегі қаржылық жағдайы

Бөлістіру -өндірістік өнімді өндіруде қайта өндіру субъектлері қатынасатын ең басты ерекшелігі арақатынасты дұрыс сақтау болып табылатын. Объективті экономикалық үрдістер мен қатынастардың жиынтығы

Босалқыларды ұстауға кеткен шығындар- босалқыларды сатуп алу және сақтаумен байланысты шығындар

Бухгалтерлік баланс -шаруашылық жүргізуші субъектілер қаражатының жай-күйін, олардың құрамымен орналасуы бойынша да, олардың көздері, нысаналы мақсаты және қайтарылу мерзімі бойынша да ақшалай көрсететін жиынтық тізімдеме

Бюджеттік құқық -бұл қаржылық құқықтың бөлігі яғни мемлекеттің бюджеттік құрылымының негізін анықтайтын мемлекетпен бекітілген жалпы қоғамдық нормалардың жиынтығы

Бюджет заңнамасы -белгілі бір уақыт аралығында орындалуын міндеттейтін бюджеттің заңдылықты негізі және билік органдарының қаржылық-құқықтық актлердің жиынтығы

Бюджеттік несиелер -мемлекеттік бюджеттен ақылы негізде берілетін, жедел қайтарылатын ақшалай қаражаттар

Бюджеттік субвенция -төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерден заңнамалық актлермен және маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегіндегі алынатын ресми трансферттері

Гудвилл -материалдық өлшемге келмейтін активтер, фирма капиталы, мысалға атақ, техникалық серіктестік, байланыс, маркетингалық қабылдау, әсер ету және т.б.

Дайын өнім өзіндік құнына еңгізілетін шығындар -сату мерзіміне дейінгі аяқталмаған өндіріс және дайын өнім өндірумен байланысты шығындар

Дебет -бухгалтерлік есепке алу есептерінің сол жақ бөлігі, бұл шаруашылық операциясын екі рет жазу әдісімен жүзеге асырылады, яғни бір есептің дебетіндегі жазу сол сомада басқа есептің қредитіне жазылады

Дебитор -кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге қарыздар болып келетін заңдық құқы бар мекеме

Дебиторлық қарыздар -өзара шаруашылық қатынастар жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға төленбеген қарыз сомалары

Дегрессивті шығындар -ауытқымалы шығындардың түрлерінің бірі. Шығындар өсімінің деңгейі кәсіпорынның іскерлік активтілігінің өсуінен төмендеуі

Дефолт -міндеттемелердің орындалмауы, салықтарды төлеуден бас тарту

Дивиденд -акционерлік қоғамның есепті кезеңде алған және акционерлердің иелегіндегі акциялардың саны (сомасы) мен түріне сәйкес олардың арасында бөліскетүсуге тиіс пайдасының бір бөлігі

Еркін босату бағалары -тауар өндіретін кәсіпорындардың көтерме және бөлшек сауда орындары мен сол тауарларды рыноктан тыс тұтынушыларымен есеп айырысу үшін тікелей тауар өндірушілермен сатып алушылар тең құқықты негізде келісіп алады

Есеп айырысудың аккредитивтік түрі -кәсіпорындар мен ұйымдар арасында тауар-заттар құндылықтар және аккредитивтер арқылы көрсеткен қызмет үшін қолма-қол ақшасыз есеп айыру түрі

Есепті рентабельділік -баланстық пайданың жоспарлы жиынтығының (өндірістік қор үшін төленетін ақыны, бюджетке аударылатын төлемдерді және банк кредиті үшін төленетін пайыздарды шегеріп тастағанда) өндірістік қордың құнына қатынасы ретінде айқындалады

Есептік ставка -вексельдерді есептегендегі банктердің ұстап қалатын пайызы, яғни төлем мерзімі жетпей оларды банктің сатып алған жағдайда

Есепті пайыз -вексельдерді есепке алу кезінде банк алатын төлем пайызы. Банк вексельдерді сатып алуды оның төлем мерзімі басталғанға дейін жүргізеді

Есептік жылдағы шығындар -аяқталмаған өндіріс және дайын өнім босалқыларына жұмсайтын шығындарды шығарып тастайтын шығындар

Жалпы шығындар -өндірістің әрбір нақты деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындар жиынтық сомасын айтады

Жалпы айналым -белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнімнің барлық түрлерінің және өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар жиынтығы

Жалпы ішкі өнім -бір жыл ішінде бір мемлекеттің ішінде сол елге қатысты өндіріс факторларын пайдалана отырып, өндірген тұтыну өнімдерінің жиынтығы

Жалпы табыс -кәсіпорынның өнім, тауарлар өндіру мен сату, қызметтер көрсету нәтижесінде алынған, ақшалай есептелген жиынтық табысы. Жалпы табыс тауарларды сатудан түскен ақша түсімі мен оларды өндіруге жұмсалған материалдық шығын арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жалпы табыс жалақы мен таза табыс (пайда) сомасына тең

Жалпы ұлттық өнім -кеңінен таралған макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, ол елдің бір жыл бойына өндірілген түпкі (дайын) өнімінің рыноктық бағамен есептелген құны болып табылады. ЖҰӨ-ге осы елге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып ел ішінде де, шет елде де жасалған өнімнің құны кіреді. ЖҰӨ қосылған құндарды жиынтықтау әдісімен, шығындар ағыны және кірістер ағыны әдістерімен есептелуі мүмкін

Жалақы -еңбек үшін ақшалай сыйақы; еңбекпен жасалған өнім құнының, оны сатудан алынған табыстың бір бөлігі, оны қызметкерге өзі жұмыс істеген кәсіпорын, жұмыс беруші береді

Жалпы пайда -кәсіпорынның, өнімі мен қызметтерін өткізу нәтижесінде алынған, негізгі қорларды пайдаланудан (жер учаскесін қоса есептегенде), өткізуден тыс операцияларды жүзеге асырудан түскен ақшалай есептелген жиынтық табыс сомасы

Жалпы рентабельділік -баланстық пайданың жоспары жиынтығының негізгі өндірістік қордың және мөлшерленетін айналым қаржысының жоспарланатын орташа жылдық құнына қатынасы

Жарғылық капитал -кәсіпорын құрылтайшыларының кәсіпорынды құру кезінде оның қызметін қамтамасыз ету үшін олар кәсіпорынның құрылтай құжаттарында айқындалған мөлшерде салған салымдардың ақшаға шаққандағы жиынтығы

Жарғылық қор (капитал) -алғашқыда шаруашылық жүргізуші субъектлерді құрған кезде өндірістік капиталдарды, материалдық емес активтерді, айналым қорларын сатып алуға жұмсалатын ақшалай қаражаттар жатады

Жарғылық капитал -құрылтайшылардың құжаттары негізінде кәсіпорынның қызметін құруға салынатын кәсіпорын құрылтайшыларының ақшалай түрдегі салымдарының (негізгі қорлардың құны, материалдық емес активтердің құны, айналым және ақша қаражаттарының құны) жиынтығы

Жеке өндіріс -әр түрлі мөлшердегі (үлкен, орташа, майда) қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын өнімдер шығаратын ұзақ циклдағы өндіріс

Жиынтық табыс -өнімді өткізуден түскен түсімнен шығындарды алып тастағаннан кейінгі айырмашылық түрінде есептелінеді

Жылдық есептік көрсеткіш -бір жыл ішіндегі айлық есептік көрсеткіштердің қосындысы

Жойылу құны -бейматериалдық актив үшін оның пайдалы қызмет көрсету мерзімінің соңында өткізу бойынша болжанған шығыстарды шегергеннен кейін субъект алмақшы болып күтіп отырған сома

Жөндеу қоры -бұл қор шаруашылық субъектлерде негізгі қорлардың барлық түріне күрделі жөндеу жүргізу үшін қалыптасады

Жоспарлау - қаржы қызметінің мақсатты бағыттарын қабылдау мен дайындаудың субъективті үрдісі

Жоспар -іс әрекет шараларды белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асыруға бағытталған өзара байланысты мақсаттардың жиынтығы

Зиян -алынбай қалған олжа, ақша және мүлікті жоғалту, қаралмаған шығыс зиян

Идеалды стандарттар - шығындар сметалық ставкаларына және еңбекақы ставкаларына, қызметтер, тарифтер, материалдарға жағымды бағаларды болжамдайды

Икемді бюджет -кәсіпорын іскерлік активтілігінің бірнеше альтернативті деңгейін құраушы бюджет

Инвестициялық қорлар -өндірістің қаржысын ұйымдастыруға алынатын бастапқы капитал.Ұйымның меншікті қаржыларында – пассивте (акционерлік, жарналық, қоймалық) орналастырылады

Инвестициялық саясат -контрагенттердің ұқсас жақтарымен салыстырғанда салынған қаржылардан максимум көлемде нәтиже алу

Инвестициялық бағдарлама -мақсатты бағытталған инвестициялық жобалардың жиынтығы

Инвестор-жеке серіктертіктермен мемлекеттер шығаратын облигация, акцияларына және басқа да бағалы қағаздарға қаржы жұмсайтын жеке адам немесе фирма

Инвестициялар -капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы

Инвестицияға бөлінетін пайда мөлшері -негізгі және айналым капиталындағы инвестицияға бөлінген, инвестиция бойынша берешек алып тасталған, салықтарды шегеріп тастағанға дейінгі жалпы пайдаға тең мөлшері

Индекс -экономикалық статистикада – белгілі бір экономикалық құбылыстардың өзгеруін пайыз есебімен көрсететін салыстармалы көрсеткіш. Әрбір индекс белгілі бір кезеңдегі әлдебір құбылыс шамасының (деңгейінің) базистік кезең немесе индекс базасы дем аталатын кезеңмен салыстырылатын кезеңге қатынасын көрсетеді

Индикативті (ұсынбалы, нұсқамалық) жоспарлау- ол ақпараттық үйлестіруші ролді атқарады және қаржы қызметінің субъектлеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді

Инкременттік шығындар және табыстар -өнімнің қосымша партиясын шығару жағдайында пайда болатын қосымша шығындар мен табыстар

Ішкі есеп беру - белгілі мерзім ішіндегі бөлімшелердің қызметінің нәтижесін сипаттайтын өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер жүйесі

Калькуляция -өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу; бухгалтерлік есеп әдісінің элементінің бірі

Капитал айналымының уақыты -капиталдың айналым уақыты, капиталдың айналыс уақыты мен өндіріс уақытынан тұрады

Капитал -жалпылама түрде оны тауарлар өндіру және қызметтер көрсету үшін адамдар жасаған ресурстар деп түсінуге болады

Капитал сыйымдылығы

Капиталдың тиісті мерзімдегі өндірілген өнімге немесе оның бір бөлігіне – ұлт табысына, пайдаға қатынасын сипаттайтын көрсеткіш

Капиталдың орнын толтыру -капитал қаражатын жұмсау тиімділігі көрсеткіштерінің бірі. Ол ұлттық табыстың жылдық көлемінің өсуінің материалдық өндіріс сферасында жұмсалған ақша қаражатына қатынасымен анықталады

Капиталдың шоғырлануы -капиталдың қорлануы барысында жеке капитал көлемінің ұлғаюы, яғни қосымша құнның капиталға айналуы. Капиталдың шоғырлануы өндіргіш күштердің ұдайы дамуымен объективті түрде байланысты, бәсекенің өршуінен туындайды

Капиталдың ауыспалы айналымы -капиталдың өндіріс саласындағы және айналыс саласындағы қозғалыс процесі, бұл процесте ақша капиталы өндіргіш капиталға, өндіргіш капитал тауар капиталына және тауар капиталы ақша капиталына айналады

Капитал айналымы -жүйелі түрде жаңарап отыратын үрдістегі капитал айналымы. Капиталдың бір айналымы капиталдың ақшалай түрде берілген уақытынан бастапқы қалпына келтірілгенге дейінгі уақыт кезеңін қамтиды

Капитал айналысы -нарықтағы ақшалардың тауарға немесе тауарлардың ақшаға айналу үрдісі. Капитал айналысы капиталдың айналымының құрамдас бөлігі болып табылады

Капиталдың айналымдылығы -инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға авансыланған ақшалай қаражаттын қайтарылу жылдамдығы. Капитал айналымдылығы коэффициентінің көмегімен сыртқы инвестор кәсіпорын балансының өтімділігі проблемасын нақты түрде зерделейді

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы –кәсіпорынның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізуіне және өз уақытысында ақшалай есеп айырысуына қажетті ақшалай қаражататтармен қамтамасыз етілуімен, қамтамасыз етілмеу жағдайы

Келісім бағасы -тауарды сатуға және сатып алуға белгіленген баға, бұл баға тауар сатушымен, тауар сатып алушылар арасындағы келісім-шарт арқылы белгіленеді

Келтірінді шығындар -негізгі уақыт кезеңіндегі шығындар, олар өзінің мәні жағынан уақыттың әртүрлі сәтінде жұмсалған шығындардың жиынтығына бара-бар

Кешенді бақылау -мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жалпыға ортақ әдіспен тексеру және бағалау

Кіретін шығындар -болашақта табыс алып келетін иеленген және нелік ететін қолда бар ресурстар

Контрбаланс, қарсы теңгерім -балансты немесе оның қайсыбір бөлігін тексеру, талдау мақсатымен бухгалтерлік деректер негізінде жасалатын кесте; бұл орайда талданатын баланста қолданылған әдістен өзге әдіс қолданылады

Коммерциялық есеп-айырысу-нарық жағдайында ұйымды шаруашылықтандыру әдістері

Қорды жөңелту уақыты-екі пункт арасында қорларды ауыстыруға кеткен және ауыстыруға дайындалуға кеткен уақыт

Кредиторлық қарыздар-жабдықтаушылармен есеп айырысу барысында қалыптасатын қарыздар яғни кәсіпорынның ақша айналымында кредитордың қаражаттарының болуы

Кредитор-несие келісімінің белсенді субъектісі яғни еркін құныдылықтардың иегері

Кредит өтеу қабілеті (төлем өтеу қабілеті)-кредит алу үшін алғы шарттардың болуы, оны қайтару қабілеті. Қарызгерді сипаттайтын көрсеткіштермен айқындалады

Қысқа мерзімді ссудалар -айналым капиталының қозғалысы мен кездейсоқ шығындарды қамтамасыз етумен байланысты қарыз алушылардың ағымдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету

Қарыз қаражаты-кәсіпорындардың шаруашылық қаражатының қысқа мерзімді банк кредиті және айналымға тартылған қаражат (кредиторлық берешек) есебінен құралатын көздерінің бірі. Қарызға берілген қаражаттың ішінде банк кредиті басты орын алады

Қарызгер, қарыздар-несие субъектісінің пассивті субъектісі яғни құндылықтарды қажет етуші қарыз алушы субъект

Қайта инвестициялау-инвестициялық операциялардан алынған табыс нысанында алынатын қаражаттың қайталама, қосымша жұмсалымы

Қаржы капиталы -ақшалай қаражат нысанындағы капитал

Қарызды ұластыру-қысқа мерзімді мемлекеттік қарыздарды ұзақ мерзімді немесе мерзімсіз қарыздарға айналдыру жөніндегі операция

Қайта қаржыландыру -мемлекеттік берешекті жаңа қарызды шығар (беру) арқылы жабу

Қаржылық капитал -ақшалай түрдегі капитал

Қаржылық ресурстар -ұлттық табыс пен жиынтық қоғамдық өнімді өндіру, бөлу және қайта бөлудегі мемлекетпен және басқада экономикалық агенттермен жинақталатын ақшалай қаражаттар

Қаржылық қор -қаржылық әдістермен қалыптасатын белгілі бір қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылатын мақсатты ақшалай қаражаттар

Қаржыландыру -кәсіпорынның жеке қаражаттарының, бюджеттік қаражаттарының негізінде халық шаруашылығының дамуын, әлеуметтік-мәдени шараларды, қорғаныс саласын қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі

Қаржылық жоспарлау -қаржылық өзгерістердің нақты шамаланған бағыттары яғни қаржылық қызметтің жағдайын мақсатты түрде шамалау мен дайындаудың субъективті үрдісі

Қаржылық нормалар мен нормативтер- қаржылық ресурстарды құру, бөлу, реттеу және бөлістіруде қаржылық жоспарлауға ықпал ететін минималды, орташа және максималды шекті өлшемді көрсеткіштер

Қаржылық тәртіп- бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің оның шаруашылық жүргізуші субъектлерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын жасау

Қаржылық бақылау -ақшалай қаражаттардың қалыптасуы мен пайдаланылу үрдісіне қоғамның экономикалық субъектлерінің бақылау жасауы

Қаржылық резервтер -кәсіпорындарда, банктерде, экономика салаларында кездейсоқ шығындар мен арнайы қажеттіліктерді жабу мақсатында резервте жинақталатын ақшалай қаражаттар

Қорлану мөлшері –қосымша құнның жинақталатын мөлшерінің жұмыс істеп тұрған капиталға немесе қосымша құнның бүкіл мөлшеріне қатынасы

Қорлану қоры-өндіріске арналмаған негізгі қорларды молайту, қоғамның резервін және қамсыздандыру қорларын құру, өндірісті өркендету және оны кеңейтудегі ұлттық табыстың бөлігі. Ал ұлттық табыстың басқа бөлігі тұтыну қоры болып табылады

Қор сыйымдылығы -кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының көлемін өндірілген, өткізілген өнім көлеміне қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш

Қор қайырмы -негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіш жиынтығы

Қосылған құнға салық -бұл жанама салықтың бір түрі болып табылады. Кәсіпорынның өнім өндіру айналымының жалпы көлемінен алынып, бюджетке аударылатын салықтың түрін айтамыз

Қосылған құн -белгілі бір қәсіпорында тауарлар өндіру барысында жасалатын құн өсімі. Онда еңбекақы, пайда, тозымпұлдық аударым және басқа кейбір нышандар қамтылады

Қосылған құн- жалдамалы жұмысшының еңбегімен еңбек күшінің құнының үстіне қосылған құны

Қосылған (қосымша ) өнім -еңбек шығындарын жабуға бағытталған қажетті өнім көлемінен артық өндірілген өнім. Қосымша өндірілген өнімнің құны қосылған құн деп аталады

Қосылған шығындар -бұрын жасалған шығындарға қосымша біреулермен өндірілген шығындар

Құн -бірдененің ақшаға шаққандағы бағасы немесе бірдеңеге жұмсалған шығынның шамасы

Лимит-белгілі мерзімге қаражаттар тұтынушылары үшін орнатылатын шығындардың шектелген шамасы

Материалды шығындар лимиті -барынша көп материалдық шығындар мөлшерінің шектен шығуын болдырмауы

Материал сыйымдылығы-материалдық шығындардың құнының барлық өнімдер құнына қатысатын айтады

Маргиналды -ең төмендеп кету шегі (кәсіпорынның тіптен зиянға батуы, ал халықтың хал ауқаты кедейлік деңгейде)

Маржа- сатушы мен сатып алушының валюта курсы арасындағы өзгешелік, банктің шығындарын жабуға пайдаланады және әдетте пайда әпереді. Саудада, биржада, сақтандыруда, банктердің тәжірибелерінде қолданылатын термин. Тауар арасындағы бағалардың, бағалы қоғамдардың курстарының, пайыздық ставкалардың арасындағы айырмаларды көрсету

Маржиналдық шығын -жалпы өнім бірлігінің азаюы немесе жалпы өндіріс шығынының азаюы немесе көбеюі; өте жоғары шектегі шығын, мұндай жағдайда кәсіпорын өндірісін шығынмен аяқтайды

Маржиналды табыс -қосымша өнім бірлігін сатудан алынған шектегі қосымша табыс

Маржиналды шығындар және табыстар -өнім бірлігіне есептелетін қосымша шығындар мен табыстар

Мемлекеттік резервтер -мемлекетпен жүзеге асырылатын шикізаттардың маңызды түрлерінің, отынның, машинаның кейбір түрлерінің, бидайдың, азық-түлік тауарларының, қорғанысқа қажетті басқа да тауарлардың жинақталған қоры

Мемлекеттік шығындар - мемлекеттің қызметіне жұмсалатын ақшалай шығындар

Мемлекеттік табыстар -мемлекеттің қызмет етуіне қажетті материалдық базаның негізін құрайтын мемлекеттің меншігіне келіп түсетін және экономикалық қатынастар нәтижесінде құралатын қаражаттардың жиынтығы

Меншікті капитал -бұл міндеттемелерді төлегеннен кейінгі қалған субъектінің активтері болып табылады. Кәсіпорынның меншікті капиталына құрылтайшылардың алғашқы жарналары, амортизациялық аударымдар және таза табыс жатады

Міндеттемелер- жасалынған шарттардың, таратылған тапсырыстардың немесе алынған қызметтердің жиынтық көлемі, бұл көлем қажетті қорлардың (қаражаттың) қашан бөлінгеніне және нақты төлемдердің қашан төленетініне қарамастан білгілі бір уақыт кезеңіне тиесілі

Монополиялық баға -рынокта монополистік бірлестіктер белгілейтін және мол пайда алынуын қамтамасыз ететін баға

Нақты төлемдер -ұжымның қызметіне байланыссыз факторлардың негізінде қалыптасқан кәсіпорынның пайдасының бір бөлігінің мемлекеттің кірісіне алыну нысанын айтамыз

Нарық бағасы -нақты сатып алу-сатуға жүретін баға

Негізгі құрал-жабдықтар- материалдық өндіріс аясында да, бейөндірістік аяда да еңбек құралдары ретінде ұзақ уақыт кезеңінде бір жылдан артық қолданыста болатын материалдық активтер

Негізгі өндіріс құралдарының баланс құны -жыл басы немесе жыл аяғындағы (немесе белгіленген қүнге) бухгалтерлік баланстағы негізгі өндіріс қорларының құны. Тәжірибеде негізгі өндіріс қорлардың ақшалай құнын төмендегідей есептейді: бастапқы толық құны, орнын толтыру шығындары, қалдық құны, жоғалту құны

Негізгі қорлардың калпына келтіру құны -қазіргі кезде қолданылып отырған бағалар жағдайында негізгі қорларды үдетте өсіру үшін қажетті шығын сомасы

Негізгі шығындар - технология процесімен тікелей байланысты шығындар

Несие -қажетті қаражаттарды жеделділік, қайтарымдылық және төлемділік шарттары негізінде қалыптастыру мен пайдалану жүйесі

Несие менеджменті - несие қатынастары мен ссудалық құндылықтар ағынын басқару жүйесі

Норма -өнімнің бір өлшемін дайындауға ( жоспарланатын кезең жағдайында қызметтерді межелі сапада орындауға) жұмсалатын ресурстардың қоғамдық қажетті шығындарының гылыми негізделген мөлшері

Нормативті шығындар -кәсіпорынды болашаққа бағыттайтын және бір қатар шектеулермен қамтылатын шығындардың ғылыми негізделген деңгейі

Нормативті пайда -көтерме сауда бағасымен есеп айырысуда пайдаланылатын көрсеткіш

Нормативті рентабельділік- баға құрамындағы пайданың мөлшерін анықтау үшін тек баға белгілеу ғана пайдаланылатын көрсеткіш

Орның толтыру қоры -өндірісте өнім өндіруге шаққан қаржының орнын толтыруға жалпы қоғамдық өнімнің бөлігі жұмсалады

Өзіндік құн калькуляциясы -өнім өндіруге және өткізуге, жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығындарды ақшаға шағып есептеу

Өзін-өзі жабу -бұл шаруашылық жүргізудің негізгі қағидасы болып табылады және ол шаруашылық субъектінің өнімін өткізуден түскен табыс негізінде өнімді өндіру мен жеткізуге кеткен барлық шығындарды жабуға міндетті болып табылады

Өзін-өзі қаржыландыру -кәсіпорынның өнімді өндіру мен өткізуге қатысты шығындарын өздерінің меншікті қаражаттарының негізінде жабу мүмкіндігі

Өзін-өзі сақтандыру немесе тәуекелділік қоры - шаруашылық субъектінің натуралды қосалқы бөлшектері түріндегі орталықтандырылған қор

Өнімнің материалдық сыйымдылығы -бір өлшем өнімді өндіруге жұмсалған шикізат, материал және басқа да материалдық қорлардың шығындары. Материал – сыйымдылығын азайту сол материалдық қорлардан дайын өнімді көбірек алуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және шикізат дайындайтын саланың жұмысын дамытуға жұмсалатын шығындарды кемітуге мүмкіндік туғызады

Өндірістік ая (сфера) -тұтынушылармен өндіріліп, жеткізілетін тұтыну заттары мен өндіріс құралдары немесе өндірілген қызмет түріндегі материалдық игіліктер өндірілетін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы

Өнімнің өзіндік құны -өнімді өндіру мен өткізумен байланысты ақшалай түрдегі ақшалай шығындар

Өнім маржиналдығы -тауар сатудан түсетін түсімге (бағаға) пайыздық түрде көрінетін өнім бірлігіне шаққандағы маржиналды табыс

Өндіріс бағасы -тауарлардың рыноктық бағасы негізінде жатқан құнның өзгерген нысаны. Тауарды өндіру шығындары мен орташа пайдадан құралады

Өндірістің тиімділігі -өндірістік өнімнің рыноктық құны, ол ұйым ресурстарының жиынтық шығынына бөлінеді

Өндірістің жалпы рентабельділігі -баланстық пайданың негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құнына және пайыз түрінде есептелінетін айналыс құралдарының мөлшеріне қатынасын береді

Өндіріс қорлары -айналым қорларының белгілі, өндіріс шеңберінде болуы. Өндірістің процесінде әлі қатыспаған, еңбек заттарына жататын: шикізат, материалдар, жағар-жанар май, отын, тұқым, жем-шөп, қосалқы бөлшектер және т.б.

Өндіріс аясындағы құралдар -өндіріс үрдісіне тікелей қатынасатын еңбек құралдары мен еңбек заттары. Оларға: негізгі қорлар, материалдық емес активтер және еңбек заттары кіреді

Өндіріс шығындары -ақшалай түрде көрінетін өнімді өндіру және сату бойынша кәсіпорынның жиынтық шығындары

Өндірістік өзіндік құн -басқарудағы және өткізіс шығындарын шегеріп, тек қана өндірістік шығындарды еңгізетін өзіндік құн

Өндірістік цикл -өнім шығаруға қажетті уақыт

Өндірістік қаражаттар -тұтыну құндарын құру үшін өндіріс процесіне тартылған негізгі қорлардың, еңбек және материалдық қаражаттардың жиынтығы

Өсім шығындары (табыстары) -өнімнің қосымша партиясын шығару немесе сату нәтижесінде пайда болатын қосымша шығындар (табыстар)

Өтімділік коэффициенті -қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу қабілетін көрсететін коэффициент. Өтімді активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің ара салмағы шаруашылық орган балансы жай-қүйінің өлшемі ретінде қаралады

Өтімді коэффициент -несие алушының қысқа мерзімде төлей алатындығын көрсететін міндеттеме

Өтімді қаражат -борышқорлық міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланылуы мүмкін ақшалай қаражат пен басқа да активтер

Өтемпаздық (өтімділік) -өзінің міндеттемелерін, берешегін (пассивтерін) мезгілінде өтеу үшін кәсіпорындар, банктер активтерінің ақшалай қаражатқа тез айналу мүмкіндігі; кәсіпорынның аса маңызды көрсеткіші мен сипаттамасы, оның қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі жайында осы көрсеткіш бойынша пайымдайды

Өтімділігі төмен - базарда сатуға және оны жоюға да ырық бермейтін тауар

Өтіп кеткен шығындар -қазіргі кезде табыс алып келген, бірақ болашақта табыс алып келмейтін жұмсалып кеткен шығындар

Пайда балансты -өндірістік қызметтің барлық түрлері бойынша пайданың баланста көрсетілетін жалпы сомасы

Пайданың ішкі нормасы -жүргізілетін инвестициялардың өтелімділік коэффициенті

Пайда нормасы -пайыз түрінде көрсетілген бүкіл авансыланған капиталға қосымша құнның қатынасы

Пайда - жиынтық табыстың шығындардан артық қалыптасуы яғни жиынтық табыс пен шығынның айрмашылығы. Микроэкономика пайданы есептеу барысында оның құрамына меншікті капиталды қосады, ал ссудалық капиталдың пайызының көлемі шығындарға жатқызылады

Прогрессивті шығындар -ұйымның іскерлік белсенділігінен тез өсетін шығындар

Пропорционалды шығындар - айнымалы шығындардың бір түрі. Ұйымның іскерлік белсенділігімен қатар өседі

Резервті капитал -қызмет ету барысында орын алатын жоспарланбаған шығындарды жабу үшін заңдылықты және құрылтайшылардың құжаттарына сәйкес қалыптасатын кәсіпорынның қаражаттарының сомасы

Резервті қор -Ұйымның кездейсоқ қалыптасатын шығындарын жабуға және арналған және бөлістірілмеген пайда негізінде қалыптасатын ақшалай қаражаттар болып табылады

Рентабельділік -кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі жұмысының экономикалық тиімділігінің қорытындылаушы көрсеткіші, бұл көрсеткіш олардың табыстылығы мен пайдалылылғын сипаттайды

Ресми баға -сатушылар және сатып алушылар үшін орнатылатын баға

Роялти -пайдалы қазбаларды игеруге төленетін төлем түрі

Рыноктың сыйымдылығы -қайсыбір уақыт кезеңінде, мысалы, жыл бойына рынокта сатылатын тауардың көлемі

Сақтық капитал - жұмыс процесінде пайда болған жоспарланбаған шығындарды жабу үшін кәсіпорынның заңнамаға және құрылтайшылық құжаттарға сәйкес қаражатының сомасы

Сақтандыру қорлары -адамдардың өмір сүру барасында мемлекетте, ұйымдарда қалыптасатын кездейсоқ табиғи және тағы басқа құбылыстардың нәтижесінде қалыптасатын әлеумметтік- экономикалық шығындарды жабуға бағытталатын қаржылар

Сақтандыру резервтері -сақтандыру жарналары негізінде қалыптасатын және ең біріншіден сақтандырушының сақтандыру төлемдеріне жұмсалатын арнайы қорлар

Салық базасы - салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқада міндетті төлемдердің сомасы анықталады

Салық жеңілдіктері -заңға сәйкес салық төлеушінің жартылай немесе толықтай салық төлеуден босатылуы

Салық мөлшерлемесі -салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын береді

Табыс -қандай да бір қызметтен түскен ақшалар мен ақшалай құндылықтар; өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижесі яғни өніммен қызметті өткізуден түскен түсімнен өндірістік шығындарды алыптастағаннан кейінгі қалған ақшалай қаражаттар

Табыс саясаты -субъектінің қоғамдағы, ұжымдағы орны мен әлеуметтік-экономикалық қызметімен сипатталады және аз шығын шығарып, көп пайда табу қағидасына негізделеді

Табыстылық -алынған табыстың базалық көрсеткішке қатынасын сипаттайтын салыстырмалы шама

Таза пайда -жиынтық пайда мен пайдаға салынатын салық арасында айырмашылық түрінде анықталады

Таза пайданы есептеу әдісі -өндіріске жұмсалатын шығындардың жалпы сомасы мен қор қайтарымы нормасы арасындағы қатынасында құрылған әдіс

Таза бюджеттік несиелеу - бюджеттік несиемен оны жабу арасындағы айырмашылық

Талдау -ойымен ғылыми-зерттеу әдістемесі немесе элементтері бойынша кеңістікті бөлшектеп, құрам бөлімдерін нақты зерттеу

Тексеріс (Ревизия) -белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне қызметіне бақылау жүргізілуі

Тіркелген активтер -салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін және жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын негізгі құрал-жабдық пен бейматериалдық активтер

Тікелей шығындар -өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін өндіруге, орындауға, көрсетуге тікелей байланысты және олардың құнына тікелей жатқызылатын шығындар

Тиімділікті бақылау -мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік беретін қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарлары мен қызметтерін өткізуден түскен ақшаның мақсатты түрде жұмсалуын бақылау

Тиімсіз шығындар -өнім шығаруға жұмсалмайтын өндірістік емес сипаттағы шығындар

Тұтыну -қажеттіліктерді қамтамасыз ету үрдісінде өнімнің пайдаланылуы, тұтынылуы.

Түсім-ақша - бір нәрсені сатудан алынған немесе пайда, табыс ретінде алынған ақша

Тұтыну құны -еңбек өнімінің адамның қайсыбір қажетін қанағаттандыруға жарамдылығы

Тұрақты баға -қысқа мерзімді перспективада жиынтық сұраным өзгергенде өзгеріссіз қалатын баға

Тұтыну қоры -қоғам мүшелерінің рухани және материалдық сұраныстарын қамтамасыз етудегі ұлттық табыстың бөлігі. Тұтыну қоры өзінің арнаулы белгіленуіне байланысты жұмысшылардың өндіріс материалдық еңбек ақысына, ақылы қызмет көрсету және қоғамдық тұтыну қорына бөлінеді

Уақытша көтерме баға - қолданылатын уақыты белгілі бір мерзіммен шектелген көтерме сауда бағасы; жаңадан игеріліп жатқан халық тұтынатын жаңа тауарлардың жекелеген түрлеріне қойылады

Уақытша шығын (вмененные затраты) -бұл шығын дұрыс басқару шешімді қабылдау үшін аналитиктің қиялдауы керек; кәсіпорынның жіберіп алған табысына байланысты

Ұдайы өндіріс -өндірістің ұдайы қайталануы, үздіксіз жаңартылуы арқылы өндірістің жұмсалған факторларын ұдайы жаңғырту. Кез келген ұдайы өндіріс дегеніміз ең алдымен материалдық игіліктерді немесе қоғамдық жиынтық өнімді ұдайы өндіру. Ұдайы өндірістің екі тұрпаты бар, олар – жай ұдайы өндіріс пен ұлғаймалы ұдайы өндіріс

Ұсыным - рыноктағы немесе рынокқа жеткізілуге жарамды тауарлардың жиынтығы. Ұсыным өндірілген тауарлардың түр-түрі арқылы және олардың бағасы арқылы сұранымға қалыптастырады

Халықаралық мемлекеттік несие -халықаралық экономикалық қатынастар аясында елдердің материалдық ресурстарының тауарлы және ақшалай түрдегі қозғалысы және оларға уақытша қолданғаны үшін қайтарымдылық негізінде пайыздық-төлемдердің жүруі

Халықаралық төлем құралдары -әр түрлі мемлекеттер арасында сырқы экономикалық байланыстар мен халықаралық есеп-айырысудағы ақшалай бірліктер

Халықаралық несие -бір мемлекетке, банктерге, заңды және жеке тұлғаларға басқа мемлекеттен берілетін қарыздар

Шартты баға -нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде халықтың тұрмыс дәрежесіне елеулі ықпал етпейтін тауарларға қолданылады

Шартты-айнымалы (шартты-тұрақты) шығындар -айнымалы және тұрақты компоненттен тұратын шығындар

Шаруашылық субъектлер -өздер активтерді басқарып, міндеттемелерді алып, экономикалық қызметтерді және басқа да операцияларды жүзеге асыратын экономикалық бірліктер

Шектелінген бағалар -машина жасау құрылысының жаңа өніміне, жасап шығару кезеңдеріне байланысты нәтижелі пайдасын ескере отырып анықталатын шектелген бағалар

Шекті пайдалылық -тұтынушы тауардың немесе қызметтің бір қосымша өлшемінен алатын қосымша пайдалылық; пайдалылықтың жалпы мөлшерінің өзгеруіне тең, бұл өзгеру тұтыну шамасының өзгеруіне бөлінеді

Шекті шығындар (табыстар) -қосымша өндірілген өнімнің бірлігіне есептелінетін қосымша шығындар (табыстар)

Шоғырландырма әртараптандыру - бұрыннан бар тауарларға қосымша түрде жаңа тауарлар шығару арқылы тауарлардың түр-түрін кеңейту

Шығындар инфляциясы -шаруашылық субъектлердің еңбекақы шығындарының, несие бойынша пайыз мөлшерлемелерінің, шикізаттар мен материалдарға бағаның, қызметтерге бағаның артуына байланысты шығындардың артуы

Шығын саясаты -әр түрлі таурлар мен қызметтердің шығындарына қатысты субъектлердің өзара байланысы

Шығыстар -шаруашылық қызмет барысында өндірісті қамтамасыз етуге, ресурстарға, материалдар, жабдықтар сатып алуға, қызметкерлерге еңбекақы төлеуге жұмсалынатын қаражат

Шығынсыздық талдауы - бұл талдау табыстар, шығындар мен пайдалардың қысқа мерзімді кезеңдер арасындағы кәсіпорынның шығынсыздық нүктесін табуға негізделген

Шығындық баға -өнім өзіндік құнына негізделген баға. Рентабельділік табылдырығын белгілеу үшін қолданылады

Шығындардың идеалды нормалары -өндірістің идеалды жағдайындағы қызметті жүргізу үшін минималды шығындар

Шығындардың негізгі нормалары -ұзақ уақыт бойы тұрақты болып қалатын, өзгермейтін шығындар нормалары

Экономикалық көрсеткіштер - экономикалық үрдістер мен құбылыстарды, заңдылықтарды, экономикалық өсуді сандық түрде сипаттау үшін пайдаланылатын абсолютті және салыстырмалы өлшемдер

Экономикалық тиімділік -экономикалық қызметтің, экономикалық бағдарламалар мен шаралардың нәтижелілігі, ол алынған экономикалық пайданың, нәтиженің осы нәтижені алуға септігін тигізген факторлардың, ресурстардың шығынына қатынасымен сипатталады

12.Студенттердің үлгерімін бағалау жүйесі

Студенттердің білімін қорытынды бағалау кестесі

Студенттердің білімін және сабаққа қатысуын бағалау критерийлері (сабақ түріне қарай):

1. Дәріс:

- дәріс сабағына келіп және жұмыс жасаса – 100% (дәріске келгені үшін бағаның үлесі сомалық есептеген кезде құрайды - 20% (100%х0,2))*;

- дәріс сабағына келмесе – 0%.

2. Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ, СОӨЖ):

- СӨЖ, СОӨЖ тапсырмасын сапалы және өз уақытында орындаса (модульдің силлабусына сәйкес) – 0-ден 100%-ге дейін. Тапсырмалар СОӨЖ уақытысында тапсырылуы керек.

(СӨЖ тапсырмасын сапалы және өз уақытында орындау бағасының үлесі, аралық бақылау сомалық есептегенде құрайды - 80% (100%х0,8))*. Тапсырмалар СОӨЖ уақытында тапсырылады.

Дәріске келу, СӨЖ тапсырудың орташа арифметикалық бағасы 100% сомаланып, ескеріледі (бір баға секілді).

3. Семинарлық (практикалық, лабораториялық) сабықтар:

- Семинарлық (практикалық, лабораториялық) сабықтарында келіп және жұмыс жасаса– 20-дан 100%-ге дейін (осының ішінде семинарлық (практикалық, лабораториялық) сабықтарында келіп сабақ үстінде жәй отырғаны үшін – 20%);

- Семинарлық (практикалық, лабораториялық) сабықтарында келмесе – 0%.

Берілген модуль бойынша студенттердің білімін бағалау қортынды бақылау бойынша баға 40% құрайды.

Оқып білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері

Баға «өте жақсы» (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) - егер оқып білім алушы бағдарламадағы материалды терең және мықты менгерсе. оны толық, сабақтастықпен, сауатты және қисынды айтып берсе, тапсырманың түрін өзгерткен кезде жауап беруге қиналмаса, алдыға қойыған міндеттерді еркін жүзеге асыра алса, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздесе, тәжірибелік жұмыстарды орындаудын жан жақты дағдылары мен тәсілдерін игерген болса, материалдарды қате жіберместен, өздігінен айта алып, қорытынды жасай алса;

Баға «жақсы» (В+;3,33; 85-89%; В; 3,0; 80-84%; В-; 2,67; 75-79%)- егер оқып білім алушы материалды нақты білсе, сауатты түрде оның негізгі мәнін айтып бере алса, сұракқа жауап беру кезінде түбегейлі дәлсіздіктерге жол бермесс, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсе және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қажетті дағдыларға ие болса;

Баға «қанағаттанарлық» » (С+; 2,33; 70-74%; С – ;2,0; 65-69%; С-; 1,67; 60-64%; D+; 1,33; 55-59%; D; 1,0;50-54%) - егер оқып білім алушы материалды ғана менгерсе, дәлсіздіктерге жол берсе, жеткілікті түрде дұрыстап қисынмен айта алмаса, бағдарламалық материалды баяндау сабақтастығын бұзса және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қиналса;

Баға «қанағаттанарлықсыз» (F; 0; 0-49%) - егер оқып білім алушы бағдарламалық материалдың маңызды бөлігін білмесе, түбегейлі қателіктерге жол берсе, тәжірибелік жұмыстарды үлкен қиындықпен орындаса.

Емтихан бағасын қою процесінде оқытушы осы жоғарыда айтылған өлшемдерді басшылыққа алады.

А-дан А- -ға дейінгі, В- -тен В+ -ке дейінгі, Д-дан С+ -ке дейінгі ауытқу амплитудасындағы бағаларды таңдау оқып білім алушының білімі мен біліктілігінің жоғарыда берілген өлшемдерге сәйкестік дәрежесімен анықталады.

Апелляция процедурасы. студент емтихан бағасымен келіспеген жағдайда, емтихан өткеннен кейін келесі күні 13 сағаттан кешіктірмей апелляция беруге құқылы. апелляция беру өтініші жеке студенттің өзімен апелляциялық комиссия төрағасына беріледі. осы мақсатпен емтихан сессиясы кезінде жоғары мектеп директорының өкімімен емтихан сессиясына шығарылған профилді пәндерге сәйкес квалификациялы оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады. өтініш апелляциялық комиссиямен өтініш берген күннен бастап, студенттің және оқытушы-зкзаменатор қатысуымен 2 күнішінде қарастырылады. студент апелляция нәтижелерімен танысуына (ауызша немесе жазбаша) міндетті. апелляция нәтижелері апелляциялық ведомостқа енгізіліп, пән бойынша қорытынды бағаға қосылады. апелляция пәні болып табылмайтын емтихан бойынша бағалардың өзгеруіне жол берілмейді.

Пән бойынша қорытынды баға ағымдық үлгерім және қорытынды бақылау бағасын қосқанда шығады.

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Сандық эквивалент баллы

%-тік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы

А

А-

4,0

3,67

95-100

90-94

өте жақсы

В+

В

В -

3,33

3,0

2,67

85-89

80-84

75-79

жақсы

С+

С

С-

Д+

Д

2,33

2,0

1,67

1,33

1,0

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

канағаттанарлық

F

0

0-49

канағаттанарлықсыз

Студенттің қорытынды бағасы (Қб) келесідей есептеледі:

Қ б. () = (А1+А2)/2*0,6+Е*0,4;

Бұл жерде:

А1- Бірінші аралық бақылау бағасы

А2 –Екінші аралық бақылау бағасы

Е-емтихан бағасы

Қ б.- қорытынды баға

  • Сабақ үстінде сөйлесіп,басқа тақырыптарға ақылдасуға болмайды;

  • Ұялы телефондарды қолдануға,бір-біріне кедергі жасауға,ауиториядан шығуға болмайды;

  • Аудиторияға сыртқы киіммен кіруге болмайды.

  • Оқу процессінде белсенді қатысып,сонымен қатар курстың жеке тақырыптары бойынша қосымша әдебиеттер таңдана өзіндік қабілеттерін таныта білу керек;

  • Себепсіз сабақтарды босатуға болмайды.Егерде себепті жағдайларға байланысты болса,онда себепті дәлелдейтін құжат ұсынуы керек. Сосын оқытушы бекіткен уақытқа сәйкес сабақтар тапсырылады.

  • Бекітілген уақытта тапсырмаларды орындамаған жағдайда,қорытынды баға келесі апталарда 10%-ке кемиді де,одан кейінгі уақыттарда қабылданбайды.

  • Ұқыпты,жауапкершілікті қарым-қатынаста болу қажет;топпен жұмыс істей білуі керек.

  • Ұжымдық жұмыстар нәтижесін ұсына білу керек.