
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебі
«Қаржы және есеп» кафедрасы
|
«БЕКІТЕМІН» «Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» Жоғары мектебінің директоры __________________Д.Кром «_____»_________________2013 ж.
|
«ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ»
ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
-
Мамандығы
5В050600- «Экономика»
Мамандығы
5В050900- «Қаржы»
Пәннің коды
ҚТ
Пәннің коды
ҚТ3307
Оқыту түрі
күндізгі
Оқыту түрі
күндізгі
Барлығы
2 кредит
Барлығы
2 кредит
Курс
3
Курс
3
Семестр
5
Семестр
5
Дәріс
20 сағат
Дәріс
20 сағат
Практикалық, семинар сабақ
10 сағат
Практикалық, семинар сабақ
10 сағат
АБ саны
2
АБ саны
2
СОӨЖ
15 сағат
СОӨЖ
15 сағат
СӨЖ
45 сағат
СӨЖ
45 сағат
Экзамен
5 семестр
Экзамен
5 семестр
Еңбек сыйымдылығы
90 сағат
Еңбек сыйымдылығы
90 сағат
Астана – 2013
1. Оқытушы туралы мәлімет: аға оқытушы Құттыбаева Д.С.
Ғылыми қызығушылығы: Қазақстан Республикасындағы инвестиция қызметің даму және жетілдіру жолдары . Келесі негізгі пәндер бойынша дәріс оқылады: «Қаржылық есептілікті талдау», «Басқарауды талдау», «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу».
Тілді меңгеру: қазақша - еркін, орысша - еркін, ағылшынша – еркін арабша-сөздікпен.
Кафедра мәліметтері: «Қаржы және есеп» кафедрасы, Т: 70 – 30 -45, 418а-каб.
2. Пән пререквизиттері: «Экономикалық теория»
3. Пән постреквизиттері: «Мемлекеттік қаржы», «Баға белгілеу», «Салық және салық салу», «Қаржы менеджменті», «Қаржылық талдау бойынша практикум».
4. Пәннің сипаттамасы
Пәннін мазмұны: Қазіргі кезде қаржылық талдауды оқудың қажеттілігі ең бірінші дұрыс басқару шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушыларды анық ақпаратпен қамтамасыз етумен байланысты. Нарықтық экономика жағдайында талдауды басқарудың маңызды функциясы ретінде мәні өсуде. Талдау – мәнділігі уақыт талабымен бекітілмеген бірден-бір жалпы басқару қызметі. Талдаудың қолдану облыстары көп, олардың бірі – шаруашылық субъектілерінің қаржылық қызметі. Сыртқы пайдаланушылар үшін кәсіпорынның жалпы сипаттамасында қаржылық-шаруашылық қызметтің талдауы ең құнды болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы өзінше қаржыгер-талдаушы мақсатты бағытталған қызметін көрсетеді, олар, өткен кезеңде орын алған шаруашылық өмірінің фактілерінің негізделуі және факторлық түсінігі, белгілі сипаттама беруді мүмкін ететін факторлар мен алгоритмдер, идентификациялық көрсеткіштерден тұрады.
«Қаржылық талдау» курсында қаржылық талдаудың теориялық негіздері, процедуралары, оның бастапқы принциптері және логикасы қарастырылады. Сонымен қатар нарық жағдайында кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің жүйесі, табыстардың ролі және негізгі функциялары зерттеледі. Рентабелділік көрсеткіштерінің мәні және ролі анықталады, капиталдың табыстылық деңгейіне факторлардың әсер етуін талдау әдістемесі, өндірістік қорлардың рентабелділік деңгейінің талдау факторлық моделі қарастырылады. Капиталды пайдалану және орналастыруда, серіктерді таңдауда, кәсіпорынның бәсекелестігін анықтауда, пайдаланусыз қалған мүмкіндіктерді бағалауда қаржылық талдаудың мәні анықталады. Сонымен бірге кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі зерттеледі, кәсіпорынның кредиторлық берешектігінің құрамы мен құрылымы және кредиторлық берешек талданады. Кәсіпорын әрекетінің нәтижелілігі және қаржылық тұрақтылықтың талдауы көрсетіледі.
Пәннің мақсаты: курстың мақсаты кәсіпорынның қаржы-экономикалық параметрлерін зерттеу үшін білімгерлерге теориялық және тәжірибелік білім беруде, арнайы әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, басқарудың шешімдерін қабылдауды үйретуге негізделген. Олардың ішінде:
қаржылық талдаудың теориялық негіздерін зерттеу;
нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын табыстылығын талдау бойынша тәжірибелік дағдыны алу;
кәсіпорын қаржылық жағдайын талдау бойынша білім алу;
кәсіпорын шаруашылық қызметінің тиімділігін кешенді талдау бойынша теориялық және тәжірибелік білім алу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет: - экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін, олардың өзара байланыстары мен тәуелділігін түсіну; - экономикалық процестерді нақтылап, жүйелеп модельдеуді; - факторлардың ықпалын анықтауға, жеткен нәтижелерді бағалауға, кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігін көтеру резервтерін айқындауға. Білігі:
ағымды өндірістік әрекеттің түрлі салаларын талқылауға;
қысқамерзімді және ұзақмерзімді келешектегі шешім қабылдауды объективті негіздеуге;
толық қолданылмаған резервтерді тауып бағалауға.
Дағдысы:
шаруашылық субъекттердің әрекетін зерттеу үшін қаржылық талдау әдістерін қолдануға;
кәсіпорынның қаржылық жағдайына маманданған баға беруге;
шаруашылық субъекттер әрекеті тиімділігін көтеру резервтерін табу;
кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсарту жөнінде қорытындылар мен ұсыныстарды негіздеуге.
Құзыреттері: кәсіпорынның басқару нәтижелердің жағдайын объективті тәсілдерді дұрыс қолдану