Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмұны1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

2.3 Технологиялық жабдықтарды жөндеу үшін дайындық жұмыстары

Әрбір технологиялық жабдықтарды жөндеу механикттердің міндеті болып табылады.

Дайындық жұмыстары былай жүргізіледі (пеш тоқтағанша):

  • Жөндеу жұмыстарына керекті бөлшектерді, материалдарды цехқа кіргізіп, оны тексеріп, керекті белгілеулерін беру керек;

  • Контакты жақтарды жинау керек. Қыспалы сақиналы жақты жинау, жоғарыда айтылған бөлшектерді 4,5 метр белгіге беру керек;

  • Керекті жұмысқа жарамды аспаптарды дайындау керек;

  • Керекті пісіру аспаптарымен қамтамасыз ету керек;

  • Жөндеу жұмыстары жүргізілетін алаңмен төсемдерді қондыру үшін металл прокаттарды дайындау;

  • Жүк арбаларды тексеру (лебедка), жөндеу жұмыстарында қолданылатын домкраттарды тексеру.

2.4 Механикалық жөндеу цехының жұмыс істеу принципі және бөлімдері

Өндiрiстегi ең iрi қосалқы шаруашылық – жөндеу шаруашылығы. Жөндеу шаруашылығының құрамына: • жөндеу-механикалық және басқада цехтар, немесе жабдық жөндеу шеберханалары; • жөндеу-механикалық немесе электра-механикалық учаскiлер кiредi. Жөндеу шаруашылығының бөлiмiн бас механик басқарады. Әрбiр геологиялық барлау, бұрғылау, өндiру кәсiпорында жабдықты пайдаланумен байланысты көп көлемде жөндеу жұмыстарын өткiзедi. Сондықтан, жабдықтың iстен шығуын алдын-ала болдырмау, оны жөндеуге кеткен шығындарды қысқартудың, бiрден-бiр амалы жабдыққа техникалық қызмет ету немесе техникалық күту.  Техникалық қызмет ету – дегенiмiз әр сменалық күту, яғни механизмдердi (тетiктердi) уақтылы қалыпқа келтiру, майда бұзылыстарды жою, профилактикалық техникалық байқау өткiзу. Мұнын бәрi белгiленген уақытта өткiзiлiп, бұзылыстардың байқалып, қалпына келтiру мақсатымен атқарылады.  Жөндеу шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру, жабдықтардың үздiксiз, әрi тиiмдi пайдалануда маңызды жағдай болып келедi. Мен өндірістік практикадан өткен Ақтөбе фероқорытпа зауытының негіздері.

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бірінші цех, екінші цех, үшінші цех, төртінші цех және механикалық жөндеу цехынан тұрады. Механикалық жөндеу цехының жұмыс істеу принципі бұзылған жабдықтарды жөндеу мен сынған материалдарды өз ішінде жасап шығару мен тікелей айналысады. Механикалық жөндеу цехы басқа цехтарда бұзылған жабдықтарды да жөндеу жұмыстарымен де айналысады.

Механикалық жөндеу цехы бөлімінде жұмышсы буындарының барлық бөлімдері жоғары білімді механиктері, конструкторлар, сварчик және қарапайым жұмысшылармен қамтылған. Механикалық жөндеу цехында металды құю пештері, металды икемге келтіру, станоктар т.б. құрал жабдықтармен толық қамтылған. Қазіргі уақытта механикалық жөндеу цехы зауыттың толық жабдықтарын жөндеуге және жасап шығаруға барлық жағдайы жеткілікті.

Механикалық жөндеу цехының бөлімдері. Механикалық жөндеу цехында құю бөлімі металды құйып алады. Бұл бөлімде бір ғана ескі пеш жұмыс жасап тұр. Айына бір-ақ рет болат және шойын құяды. Пеш жұмыс істеген уақытта бөлімде артық, бөгде адамдар болмайды. Бөлім толығымен сыртқы бөліммен жабық қатынаста жұмыс жасайды.

Механикалық жөндеу цехының келесі бөлімінде, құю бөлімінде құйылған дайындамаларды осы бөлімдегі станоктарда өңделіп жасалады. Осы бөлімде жартылай автоматты және автоматты станоктардың ескі және жаңа апараттары толық жұмыс жасауда. Осы практикалық жұмысымда мен осы бөлімде жұмыс жасап тұрған көптеген станоктар мен жабдықтарды көрдім және осы жұмысымда станоктардың бірін қарастырып өттім.

Келесі бөлімде сызба конструкциялық және суыту бөлімінде жасалған дайындамалар суытылады. Осы бөлімде конструкторлар дайындаманың сұлбасы сызылып механикке тапсырылады. Мен осы бөлімдердің барлығымен жете танысып, жұмыс жасап көрдім, әрине механикпен бірге.

Механикалық жөндеу цехы толығымен жұмыс жасап тұр, және толық жабдықтармен қамтылған. Маған цехтың жұмысы ұнады.

Мен зауытта механиктермен бірге жөндеу жұмыстарын жүргізген бегуны смешивающие жүгіріп араластырғыш, оның атқаратын қізметі балқыған металды құятын қаліп жасайтын раствор дайындау. Жүгіріп араластырғыш мынадай негігі бөлшектерден тұрады: үлкен бөшке, айналатын екі дөңгелектерден, екі қалақтан, ортаңғы айналдыру білігінен, қиғаш тісті дөңгелек, қозғалысқа келтіруші жетек, т.б бөліктерден тұрады.

Жүгіріп араластырғыштың жалпы сұлбасы:

Кинематикалық сұлбасы.

Жүгіріп араластырғыштың үстіңгі сүлбасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]