
- •Мазмұны
- •Ақтөбе фероқорытпа зауытының пайда болу тарихы
- •1.2 Зауыттың жетістіктері
- •1.3 Зауыт ішіндегі тәртіп
- •2.2 Құрылғылар мен жабдықтардың жұмыс істеу принциптері
- •2.3 Технологиялық жабдықтарды жөндеу үшін дайындық жұмыстары
- •2.4 Механикалық жөндеу цехының жұмыс істеу принципі және бөлімдері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ақтөбе фероқорытпа зауытының пайда болу тарихы
Ақтөбе фероқорытпа зауытының тарихына тоқталып кететін болсам, 1939 жылы күзде Ақтөбе қаласына заводтың құрылысы жүретін алаңды таңдау үшін үкімет комиссиясы келді. Сөйтіп 1940 жылдың басында қазақ жерінде Ақтөбе ферроқорытпа зауытының құрылысы басталды.
Қазақ жеріндегі алғашқы Ақтөбедегі метталугия зауытының құрылысына көршілес республикалардан құрылысшылар келе бастады. Коп кешікпей зауыттың құрылысының алға қозғалуына қозғалуына септігін тигізген үлкен қуатты құрылыс комбинаты өсті. Зауыт құрылысы барысында көптеген қиыншылықтар болды. Осы қиыншылықтарға қарамастан құрылысшылар өз жұмысын тоқтатпады. 1943 жылы жауыты кезең болды. Қазақтардың арасында бірлескен бұйрық бойынша зауытты іске қосатын комиссия құрылыды. 18 қаңтарда 1 қазан жағылып, турбогенератор іске қосылды. Ақтөбе ферро қорытпа зауытындағы ТЭЦ өнеркәсіптік тоқ берді. 19 қаңтарда бірінші электробалқыту пеші іске қосылды. Металлургтер металл балқыту жұмысына кірісті. Көз шағылыстыратын жарық ұшқындары күрілдей бастады. Металл алғаш пештен ағып шығып ковашқа төгілді.
Ең бірінші балқыту пешін Ақтөбе металлургтері «Комсомолка» деп атаған.
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының маркасы бойынша бірінші Қазақстандық феррохром балқытылып шығарылды.
1.2 Зауыттың жетістіктері
Жылдан жылға зауыттың жетістіктері көбейіп келеді. Қазіргі кезде дүниежүзілік рынокқа төмен көміртекті, жоғарғы көміртекті, көміртегі мөлшері орташа рафинатталған феррохром, металдық хром, металло концентраты шығарылды.
Тағы бір жетістіктеріне ауа тазартатын аспирационды құрылғылардың пайда болуы. Бұл адам денсаулығына үлкен септігін тигізуде. Бұл құрылғының сипаттамасы пештерден шығарылған шаңдалған ауа моржалы газды салқындатқышта салқындатылады, энерционды газ ұштағыштарда тазаланады және газ тазалағыш шахтасынан өтіп, атмосфераға шығарылады.
Осындай құрылғылардың пайда болуы, адам денсаулығын сақтау бірінші орында екенін көрсетеді.
1.3 Зауыт ішіндегі тәртіп
Ақтөбе ферроқорытпа зауытты жоғары қауіптілікті кәсіпорындардың біріне жатады. Зауыт аймағында темір жолдар көлік жолдары орналасқан. Бірақ олар күзетілмейді. Сондықтан зауытта жүргенде өте абай болу керек. Соған байланыста зауытта жұмыс жасау, жүру, қауіпсіздік техникасы қатаң түрде сақталған. Балқыту цехтарында да соның ішінде өндірістік практика өткен соның ішінде МЖЦ-да қауіптілік өте жоғары. Крандармен балқытылған металл және қож (шлак) тасымалданады. Ферроқорытпа өндіргенде газбен шаңдар пайда болады және цехта көптеген жабдықтар бар.
Қауіпсіздікті сақтау жұмыс істеп тұрған адамға немесе айналасындағы адамдарға зиянын тигізуі мүмкін.
Технологиялық жабдықтар істен шыққан уақытта, оны жөндеу үшін, ең алдымен әрбір жұмысшы (слесарь жөндеуші) қауіпсіздік техникасымен міндетті түрде танысып, танысқаны жөнінде қол қояды.
Осы зауытта ең басты он қағида қатаң сақталады (золотые правила). Атап өтетін болсам:
Қауіпсіздік талаптарына сай емес жұмыс өндіріс бойынша тапсырмалар берілмейді. Нұсқаулықсыз және жазбаша тапсырмасыз жұмысқа кіріспейді.
Бұзушылықтарды көре тұрып, бей жай өтіп кетпе. Жедел жоюға шаралар қолданылып, басшыларға хабарла және айналаңдағыларға ескерт.
Жеке қорғаныс құрылдарынсыз жұмысқа кіріспе. ЖҚҚ-ын дұрыс және тиісінше орындалатын жұмысқа пайдалан.
Жарамсыз жабдықпен, қоршаусыз қорғансыз және тосқаулысыз, аспаптар мен құрал саймандарсыз жұмысқа кірспе.
Сұйық қорытпалардың сумен өзара әрекетін болдырма. (мұз, ылғал материалдар, қар).
Барлық талаптар және наряд рұқсат жүйесі талаптарының орындалғанына кезең жетпесе жөндеу жұмыстарына кіріспе.
Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзба. Шылымды тек арнайы орындарда шек.
Құлап қалу қаупі бар және заттар, жұктер, материалдар орналасқан қауіпті аймақта жүрме.
Жетекші тоқ бөлектеріне жақындама. Секцияланбаған электр жабдықтарға жақындауға рұқсат етілмейді.
Сондықтан құралдарынсыз жоғарыда жұмыс істеме. Зауытқа кіріп – шығуының да өз тәртібі бар. Оның қатаң сақталынатынын өз көзімізбен көрдік. Арнай кіру куәлігін көрсетіп, жұмысшылар ішке кіреді, медециналық бақылаудан (допинг контроль) міндетті түрде өтеді. Біз практика өткен уақытта, бізге уақытша кіру құжаты берілді. Осы тәртіптердің сақталынғанын өз басым дұрыс деп білемін.
2.1 РКО-7 электр пешінің конструкциялық ерекшеліктері
РКО-7 (печь рафинировочная, круглая, открытая, накнаяющейся ванной с трансформатором мощностью 7000кВт) рафиниратталған домалақ ашық электр пеші хромды ферроқорытпаларын балқытуға арналған. Электр пешінің конструкциялық ерекшеліктері мыналар болып табылады.
Пеш ваннасының дөңгелек болуы;
Вагонның иілу гидромеханизмнің болуы;
Пештің үстінде үшбұрышша орналасқан өзі балқытып немесе графитталған 3 электроттың болуы;
Электродтардың орындарын ауыстыру тәсілі электромеханикалық
Электродты қайта қосу құрылғыларының дистанционды немесе механикалық жолмен басқарылатын серіппелі пневматталған «Висдом тежегішінің» болуы;
Болат салпыншағы, қысылатын контакты беттің цех сақинасы және № 21 -№23 пештердегі мысты құбыр мен калачтардың болуы;
Шихталық материалдардағы автоматтандырылған тараумен өлшеу (дозировка) жүйесінің болуы;
Су салқындатқыш жүйесінің болуы;
Пеш шатыры;
Желдету жүйелерінің және газ тазарту жүйесінің болуы;
Қысқа сетпен жалғанған пеш транформаторлары.