Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ к практ.занятиям СПС каз.текст.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308.74 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Тасылатын жүктердің сақталуына, тиеу – түсіру жұмыстарының механикаландырылуына тұтынушылардың автокөліктік қызметіне қоятын талаптарының әрдайым өсуі мамандандырылған автокөліктік құралдарды жобалауды және шығаруды талап етеді, ал мамандандырылған автокөліктік құралдар өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, сауданың және басқа салалардың өндірістік және технологиялық процестерін кешенді механикаландыруға әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде берілген пайдалану жағдайлары үшін мамандандырылған автокөліктік құралдарды таңдауды жүргізе алатын, сонымен қатар бұл құралдардың құрылыстық ерекшеліктерін терең білетін және автокөліктік құралдың ерекшеліктері мен параметрлері қозғалмалы құрылымды пайдаланудың көліктік және жол жағдайларына сәйкестігін анықтай алатын жоғары кәсіби кадрларды даярлауға өте үлкен назар аударылып отыр.

Білім алушыларда мұндай қасиеттерді алуды қалыптастыру мәселесі көліктік кәсіпорындардың техникалық – экономикалық көрсеткіштерін жоғарылатумен тығыз байланысты кейбір тақырыптарды тереңірек қарауды талап етеді.

Практикалық сабақтардың мақсаты болып пәнді оқығанда алған білімдерін тереңдету және бекіту, сонымен қатар мамандандырылған автокөліктік құралдарды өз бетінше талдау мен техникалық деңгейлерін бағалау дағдыларын қалыптастыру табылады.

Практикалық сабақтарда шешілетін мәселелер болып жеке мамандандырылған автокөліктік құралдың құрылыстық ерекшеліктерін, олардың қажеттігін анықтайтын құрастырушы элементтерінің құрылыстарын терең игеру табылады.

Практикалық сабақ бойынша есеп бергенде келесілерді келтіру керек:

1) Тораптың эскизі (торапты оқытушы береді), оған кіретін тетіктерді, тораптың құрылысы мен жұмыс істеу принципі;

2) Практикалық сабақтың және дәріс сабағының сұрақтарына тиісті жауаптар.

Практикалық сабақ бойынша есеп беру СТ РГП 38944979 – 09 – 2012 сәйкес пішімдеу керек.

1 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Жүктердің жіктелуі және олардың автокөліктік құралдарды мамандандыруға тигізетін әсері

Мақсаты: Жүктердің тасымалдану сипаттамасын, тасымалдау кезінде жүктерге әсер ететін сыртқы факторларды және жүктердің жіктелу белгілерін, жіктелуін оқып білу.

Жалпы мәліметтер

Жүктердің сипаттамасы

Жүктердің тасымалдану сипаттамасы мыналардың жинағынан тұрады:

- физикалық – механикалық және физикалық – химиялық қасиеттер;

- көлемдік – массалық сипаттамалар;

- ыдыс пен орауыштың параметрлері;

- қауіптілік сипаттамалары;

- өздеріне тән қасиеттер.

Әрбір жүк тек өзіне тән физикалық – механикалық және физикалық – химиялық қасиеттерді, көлемдік – массалық сипаттамаларды және қауіптілік дәрежені иемденеді. Сонымен қатар олар тасымалдауға орауышпен немесе орауышсыз берілуі мүмкін. Бұлардан шығатыны, яғни кез келген жүктің өзіндік тасымалдану сипаттамасы болады және ол тасымалдау тәртібін, тиеу – түсіру, сақтау тәсілдерін, бұл операцияларды орындағанда техникалық құралдарға қойылатын талаптарды анықтайды.

Жүктің тасымалдану сипаттамасын тасымалдау процесін рационалдаумен байланысты мәселелерді шешкен кезде пайдаланады, яғни:

- қозғалмалы құрылымның лайықты түрі мен моделін таңдағанда;

- жүк ұстағыш құрылғылар мен тиеу – түсіру құралдарды таңдағанда;

- қойма жабдықтарын таңдағанда;

- орауыш пен пакеттеу құралдарын таңдағанда;

- тиеу – түсірудің және тасымалдаудың тиімді әдістері мен схемаларын жобалағанда және т.б.

Жүктің тасымалдану сипаттамасының өзгеруі жүктерді жеткізу процестерінің техникалық және технологиялық элементтерінің өзгеруіне соқтырады. Мысалы, цемент немесе минералды тыңайтқыш сияқты жүктерді төгіп тастау орына оларды ыдыста немесе орауышта тасымалдау орауыш материалдары мен пакеттеу құралдарын, басқа қозғалмалы құрылым, қоймалар мен тиеу – түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдар түрлерін қолдануды талап етеді. Жүктің тасымалдану сипаттамасының толық өзгертумен қатар кей кездерде жүк жеткізудің тиімді процестерін жобалағанда тасымалдану сипаттамасының кейбір дербес құрастырушыларын өзгертуге тура келеді: көлемдік масаны, ыдыс пен орауыш түрін, дербес орындардың сызықтық өлшемдерін және т.б.

Жүктердің массалық сипаттамаларына мыналар жатады:

- тығыздық;

- төгіп тастау тығыздығы;

- меншікті масса.

Тығыздық деп біртекті заттың көлем бірлігіндегі масасын айтады. Тығыздықтың өлшем бірлігі кг/м3. Өндірістік практикада тығыздықтың өлшем бірлігі ретінде көбінесе т/м3 қолданады. Көлік тұрғысында тығыздық ұғымын құю тасымалында, мысалы, цистерналарда сұйық жүктерді тасығанда олардың массасын анықтау үшін пайдаланады.

Төгіп тастау тығыздығы (көлемдік масса) деп заттың қуыстығы мен кеуектілігі ескерілгенде жүктің көлем бірлігіндегі массасын түсінеді. Төгіп тасталатын және сусымалы жүктер пішіндері мен өлшемдері әртүрлі болатын көп санды бөлшектерден тұрады. Жеке бөлшектер арасында және олардың ішінде бос кеңістіктер болады, ал бұлардың пайда болу себебі болып бөлшектердің бір біріне тығыз жанаспауы, сонымен қатар зат ішінде болатын кеуектілік пен капиллярлық табылады. Сондықтан мұндай жүктердің алып жатқан көлемі бір текті заттың мөлшеріне байланысты бола тұра, жүктің жеке бөлшектерінің арасындағы және жүк ішіндегі бос кеңістіктің өлшеміне тәуелді болады.

Меншікті масса деп заттың кеуектілігі ескерілгенде жүктің көлем бірлігіндегі массасын түсінеді (яғни ішкі кеуектілік пен капиллярлық ескерілгендегі көлем). Жүктің бұл сипаттамасы ағаш материалдарының, темір – бетон бұйымдардың және жүктердің кейбір түрлерінің массасын есептегенде пайдаланады.

Жүктердің көлемдік сипаттамасына мыналар жатады:

- меншікті көлем;

- меншікті тиеу көлемі.

Меншікті көлем деп жүктің масса бірлігіндегі көлемін түсінеді. Төгіп тасталатын және сусымалы жүктер үшін меншікті көлем көлемдік массаға кері шама болып табылады, ал сұйықтар үшін меншікті көлем өнімнің тығыздығына кері шама болып табылады.

Меншікті тиеу көлемі деп қозғалмалы құрылым шанағының бір тонна жүктің алып жатқан көлемін түсінеді.

Жүкке әсер ететін сыртқы факторлар

Жүкті жеткізушіден тұтынушыға апару процесінде оған әсерін тигізетін сыртқы әсерлерді үш топқа бөлуге болады.

Механикалық әсерлерге соғулар, діріл, статикалық жүктемелер, үйкеліс жатады. Бұлар тасымалдау кезінде, тиеу – түсіру жұмыстарында, қоймаға қойғанда пайда болады. Әдетте, жүкке әсер ететін механикалық әсерлер қозғалмалы құрылым шанағының, тиеу – түсіру механизмдері мен машиналарының, жүк ұстағыш құрылғылардың, қойма жабдықтарының бұзылу салдарынан пайда болады. Сонымен қатар, қозғалмалы құрылым шанағында жүктің дұрыс орналаспауы, жүк жеткізудің технологиялық процесінің бұзылуы механикалық әсерлердің қайнар көзі болады.

Климаттық әсерлерге атмосфералық жауын – шашын, ауаның газдық құрамы, температура, ылғалдылық, ауаның шаңдануы, оның құрамына кіретін микробиологиялық формалар, жарық жатады.

Биологиялық әсерлерге микроорганизмдердің, шыбын-шіркейлердің, кеміргіштердің тіршілік әрекеттерінің өнімдері жатады.

Бұл факторлардың әсер етуімен жүктерде жүктердің қасиеттеріне тәуелді әртүрлі физикалық – химиялық, биохимиялық, микробиологиялық және басқа процестер жүруіне байланысты жүктердің бұзылуы пайда болады.

Автокөліктік құралдардың мамандандыруына сәйкес жүктердің барлық номенклатурасы бес топқа бөлінеді, сонда жүктердің негізгі параметрлерін нұсқау ретінде пайдаланады: физикалық – химиялық және биологиялық қасиеттер, масса, көлем, өлшемдері, тиеу – түсіру әдістері, санитарлық шарттар.

І – топтағы жүктерді бұйымдардың үш үлкен түрі болады:

- ұзын өлшемді жүктер (арқалықтар, бағаналар, ригельдер және басқалары);

- көлемді және үлкен габаритті жүктер (будкалар, сантехникалық кабиналар, киоскілер және басқалары);

- даналық жүктер (жеңіл автомобильдер, өзі тиегіштер және басқалары).

Бұл жүктерді тасығанда оларды сынудан, сызат алудан және басқа механикалық бұзылудан, сонымен қатар оларды жылжудан немесе қозғалыс кезінде жоғалудан сақтау керек.

Жүктің сипатына, оның жағдайына, өлшемдеріне, пішініне байланысты қозғалмалы құрылымда оның қатал орналасуын қамтамасыз ету керек және оны әрбір жүктің тасымалдау нұсқауында көрсетілген жерлеріне тіреу керек.

Жүктердің түріне, қажеттігіне және құрылыстық ерекшеліктеріне сәйкес жүк толық бетіне, ұзындығы бойынша бірнеше нүктеге, шеттеріндегі нүктелерге немесе бұрыштарындағы арнайы орындарға тіренуі мүмкін. Кейбір жүктерді бір біріне қойып тасуға болады, ал кейбіреулерін бұлай тасуға болмайды, мысалы, жеңіл автомобильдер, орағышсыз тоңазытқыштар.

Бұл шарттарды орындау үшін қозғалмалы құрылымның платформасы тегіс немесе ұзартылатын, тұғырлармен жабдықталған, арнайы тіреніш төсемдермен, горизонталь немесе вертикаль орындарын, жылжуды болдырмауын қамтамасыз ететін кассеталармен немесе бағаналармен жабдықталуы тиіс.

ІІ - топтағы жүктерге сусымалы және төгіп тасталатын жүктер жатады.

Бұл жүктерді тасығанда келесі талаптарды орындау керек:

- кәдімгі сусымалы жүктер (топырақ, инертті материалдар), бұлар өздерінің физикалық қасиеттері мен сапасын тасу кезінде сақтайды, сондықтан ерекше жағдайларды керек етпейді;

- атмосфералық жауын-шашыннан қорғауды талап ететін сусымалы жүктер;

- жартылай сұйық және тұтқыр жүктер (бетон, ерітінді, асфальтті масса), бұларды тасығанда сапа сақтау бойынша алдыңғы жүктермен салыстырғанда өте күрделі шарттарды орындау керек. Мысалы, бетонды керек жеріне дейін тасымалдағанда қоспаның біртектілігін, яғни қоспаның сұйық бөлігі бөлінбеуін сақтау керек, сонымен қатар ұзақ уақыт жолда болғанда бетон қатып қалуы мүмкін. Қыс кезінде төменгі температураларда бетон тез қатады да шанақ борты мен түбіне мықты жабысады. Сондықтан автомобиль – бетон тасығыштар мен автомобиль – ерітінді тасығыштардың құрылысы жүктердің жіктелмеуін, тасымалдау кезінде борт үстіне асып немесе борттың саңылауларынан төгілмеуін, қатып қалмауын, сонымен қатар қол еңбекті қолданбай толық түсірілуін қамтамасыз етуі тиіс.

ІІІ – топтағы жүктерге негізінде сауда жүктері мен жеңіл және тамақ өнеркәсібінің шикі заттары жатады. Олар екі топтамаға бөлінеді:

- азық-түлік товарлары (бакалея, кондитер, кулинарлық бұйымдар);

- халық тұтынатын өнеркәсіп товарлары (аппараттар мен құрал-саймандар, дәрі-дәрмектер).

Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің шикі заттары (талшықтар, иірілген жіптер, мақта, жүн, ұн, шекер, темекі) тасымалдауға қарапайым талаптар қояды, солардың ішінде жүктерді атмосфералық әсерлерден сақтау және механикалық бұзылудан қорғау.

Азық-түлік товарларында сақтау кезінде және тасымалдағанда физикалық – механикалық, биологиялық қасиеттерінің өзгерістері орын алуы мүмкін. Бұларды тасымалдауға дайындағанда және тасығанда арнайы шарттар мен ережелерді сақтау керек. Бұл ережелерді орындамағанда өнімнің сапасы жойылуымен қатар бағалы жүктің құндылығы толығымен жойылуы орын алуы мүмкін.

Тасу жағдайларының күрделілігі бойынша алдыңғы қатарды тез бұзылатын өнімдер иемденеді. Бұлардың тамақ өнімдері ретінде пайдаға жарамдылығы сақтау кезінде және тасымалдағанда белгілі мерзімдермен және температурамен шектелген және ерекше шарттармен регламентациялаған. Тез бұзылатын жүктердің үлкен бөлігін тасымалдау кезінде арнайы санитарлық – гигиеналық тәртіпті талап ететін ет және ет өнімдері, балық және балық өнімдері, сүт және сүт өнімдері, кулинарлық бұйымдар құрайды.

Санитарлық ережелер бойынша тез бұзылатын жүктер мыналарды талап етеді:

- жабық шанақты қозғалмалы құрылымда тасымалдау;

- температуралық тәртіпті сақтау;

- шанақтың ішіне әрдайым санитарлық тазалау;

- шанақ пен тиеу құрылғыларын тазалықта ұстау.

Өте тез бұзылатын өнімдерге ет және балық өнімдері, кулинарлық бұйымдар, жартылай фабрикаттар, көкөніс кулинарлық өнімдер, кейбір сүт өнімдері жатады.

Санитарлық ережелер бойынша жылдың жылы кездерінде бұл өнімдерді тасымалдау олардың температурасы + 8оС аспайтын жағдайларда және шектелген уақытта жүргізілуі тиіс. Сонда өнімдерде адам денсаулығына зиянды бактериялар пайда болмайды және бұл өнімдерді сақтағанда және тасымалдағанда олардың ең үлкен ұйғарынды температурасымен қамтамасыз етіледі. Кейбір тез бұзылатын өнімдерде қыс кезінде сапалық өзгерістер болуы мүмкін, тіпті олар үсіп кетуі мүмкін (балғын көкөністер). Сондықтан бұларды тасығанда кейбір кездерде тоңазытқыш көзделуі керек, ал басқа уақыттарда жылулықтың қайнар көзі болуы тиіс, сонда қолданатын арнайы қозғалмалы құрылымға ерекше талаптар жүктеледі.

Нан және кондитерлік бұйымдар сатып алушының талаптарына сай тасымалдануы керек, ал бұл талаптар нан өнімдері жеткізілімінің және сауда ережелерінің ерекше жағдайларында келтірілген.

Нан өнімдеріне келесі талаптар қойылады: жоғары дәмдік сапа мен балғындық; жақсы сыртқы түрі; өнімнің кең ассортиментінің сатылымда әрдайым болуы.

Бұл топтағы жүктердің айрықша ерекшеліктері мыналар: ылғалға сезімталдық; сақтау және сату мерзімінің шектелуі; иістілігі (темекі, парфюмерлік товарлар, жуғыш және шаруашылық құралдар); жыл уақытына баланысты сұраныстың өзгерісі (салқындатқыш сулар, пиво, квас, сүт, тірі балық, балмұздақ және т.б.).

IV – топтағы жүктер екі топтамаға бөлінеді: сұйық (құйылатын) және ұнтақталған жүктер.

Сұйық жүктер өздеріне тән жалпы және айрықша қасиеттерді иемденеді, сондықтан тасымалдау кезінде бұларды ескеру керек.

Бұл жүктер келесі жалпы қасиеттермен сипатталады: тығыздықпен; гидравликалық дүмпу пайда болу қабілеттілігімен, бұған байланысты қозғалмалы құрылымның қозғалыс жылдамдығы шектеледі және оның пішіні мен құрылысының ерекшелігі анықталады; сапасы температураға тәуелділігімен (температура өсуіне байланысты сүттің қышқылдығы жоғарылайды, яғни ол ашып кетеді, сұйықталған газдар тез буланады, ал битум мен мазут температура төмендегенде қоюланады және де оларды қотару қиындай түседі).

Сонымен қатар бұл жүктер айрықша қасиеттерді иемденеді:

- жарылғыштық қауіптілік;

- коррозиялық (мұнай өнімдері);

- көпіргіштік (сүт, пиво);

- жыл мерзімдері бойынша тасымалдау көлемінің біркелкі еместігі (сүт, пиво, квас, мазут);

- тасымалдау ұзындығы кең аралықта өзгеруі (мысалы, сүт үшін 20 километрден 500 километрге дейін);

- шалғай заводтардың өнім шығару көлеміне және қалалық сүт заводтарының тәулік өндіріс жоспарына байланысты кейбір жүктердің (сүт, бензин) тасып жеткізілуінің сатылы сағаттық графигі болуы.

Сондықтан тасымалдау кезінде мыналарды қамтамасыз ету керек:

- жүкті қоршаған ортадан толық жекелеу;

- қозғалмалы құрылым шанағының мықты қымтау;

- тұрақты температураны ұстап тұру (салқындату немесе қыздыру);

- гидравликалық дүмпу қуатын төмендету;

- жүк мөлшерін тиімді бақылау.

Құрылыс, өнеркәсіп, сауда және тамақ өнеркәсібі жүктерінің бір бөлігін ұнтақталған (шаң тәрізді), қиыршық (гранул) және түйіршік (жемнің кейбір түрлері) жүктер құрайды. Бұлар шамалап бірдей қасиеттерді иемденеді:

- үлкен ылғал тартқыштық (жүкке ылғал тисе, ол бұзылады және ысырмалар мен құбырларды бітеп тастайды);

- күшті тығыздалу қабілеттілігі;

- ылғалдылығы мен жағдайына байланысты көлемдік массасының кенет өзгеруі, сонда бұл жіберілетін жүктің мөлшерін, массасын есептеуді қиындатады;

- шаңның абразивтігі, ал бұл жұмыскерлерге зиянды еңбек жағдайларын туындатады және қозғалмалы құрылым механизмдері мен тораптарының жоғары тозуы пайда болады;

- тез шаңдануы және бұл ашық шанақтарда тасымалдағанда және тиеу – түсіру процестерінде жүктердің үлкен шығынына соқтырады.

Ұнтақталған жүктердің көпшілігін тамақ өнімдері немесе адам денсаулығына зиянды заттар құрайды, сондықтан бұларды тасымалдағанда және тиеу – түсіру процестерінде қоршаған ортадан мұқият жекелеу керек. Сонымен қатар бұл жүктердің көпшілігін жеткізу жасайтын кәсіпорындарда және тұтынушыларда қолданатын технологияға тәуелді болады.

V – топтағы жүктерге ірі өлшемді жүктер жатады. Бұлар вертикаль қалпында тасымалдануы тиіс. Олардың омырылғыштығы мен жоғары заводтық дайындығы болуын ескере отырып, бұл жүктерді, кабельді өнімдерді санамағанда, бірінің үстіне бірін қоюға болмайды және тасымалдау кезінде зақымданудан және ластанудан қорғау бойынша өте жоғары талаптарды орындау керек.

Жоғарыда келтірілген жүктердің топтастырылуы арнайы қозғалмалы құрылым үлгілерін жасауға және кейбір жиі кездесетін жүктерді арнайы шанақтары бар қозғалмалы құрылымдармен тиімді әдістермен тасымалдауды ұйымдастыруға жеткілікті негізделген болжам беруге мүмкіндік береді.

Тапсырма. Түрлері, әрбір топтағы жүктерді тасымалдағанда қойылатын талаптар бойынша жүктердің топтастырылуын, арнайы қозғалмалы құрылымның жіктелуін оқып білу керек.

Әдебиеттер: бірінші дәріс материалдары, 1 [7-12].

Бақылау сұрақтары:

1) Жүктердің тасымалдау сипаттамасын не құрастырады?

2) Тасымалдау кезінде жүкке қандай сыртқы факторлар әсер етеді?

3) Қандай белгілер бойынша жүктерді топтарға бөлу іске асырылады?

4) Екінші топтағы жүктер қалай бөлінеді?

5) АҚҚ қалай жіктеледі?

6) АҚҚ артықшылықтары мен кемшіліктерін айтыңыз.

7) АҚҚ үлгілеуді түсіндіріңіз.

2 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Автопоездер, олардың жіктелуі, артықшылықтары мен даму тенденциясы

Мақсаты: АҚҚ қойылатын жалпы техникалық талаптарды, автокөліктік құралдардың жіктелуін, автопоездердің жіктелуін оқып білу

Жалпы мәліметтер

Арнайы қозғалмалы құрылымға қойылатын жалпы техникалық талаптар

Арнайы қозғалмалы құрылымға қойылатын жалпы техникалық талаптар жаңа құрылым, техникалық және жұмыстық жоба жасауға арналған техникалық тапсырма жасауға негіз болып табылады, сонымен қатар жаңа бұйымдарды өндіріске қою мәселелерін шешкенде, олардың техникалық деңгейі мен қолданушылық қасиеттерін анықтау үшін керек.

Арнайы қозғалмалы құрылым жобалау ғылыми-зерттеу ұйымдарының жасаған үлгілеріне сәйкес жүргізіледі.

Шанақты арнайы қозғалмалы құрылымның негізгі типтері (автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер): бортсыз платформа; самосвалды платформа; фургон; цистерна; қаңқалы құрылым.

Арнайы қозғалмалы құрылымның салмақтық параметрлері мен габариттік өлшемдері стандарттың талаптарына сай келуі тиіс.

Габариттік ені бойлық осьге перпендикуляр жазықтықтағы көліктік құралдың немесе тасылатын жүктің бүйір беттеріндегі шеткі нүктелерден жүргізілген вертикаль сызықтардың проекцияларының ең кіші аралығымен өлшенеді.

Габариттік биіктік шиналарда номиналды ауа қысымы болғанда жол бетінен көліктік құрал немесе тасылатын жүк элементтерінің ең жоғары орналасқан нүктесіне дейінгі аралықпен өлшенеді.

Габариттік ұзындық бойлық ось арқылы жүргізілген жол жазықтығына перпендикуляр жазықтықтағы автокөліктік құралдың немесе тасылатын жүктің алдыңғы және артқы шығып тұрған элементтерінің шеткі нүктелерінен жүргізілген вертикаль сызықтардың проекцияларының ең кіші аралығымен өлшенеді.

Ұзындық бойынша салбыратып тасылатын жүктің шығып тұрған бөлігінен көліктік құралдың артқы габариттік нүктесіне дейінгі аралық 2 м аспауы тиіс.

Жобаланатын автокөліктік құралда габариттік шектеулерден шығып тұратын жүкті тасымалдануы көліктік инспекциямен келісілген техникалық құжатта арнайы көрсетілуі тиіс.

Маманданған автокөліктік құралдың ең үлкен ұйғарынды массасы осьдер санымен және орналасуымен, оларға түсетін ұйғарынды жүктемемен, сонымен қатар негізгі автомобильдің (таңдалған шассидің немесе автомобиль – тартқыштың) тарту мүмкіншіліктерімен шектеледі.

Маманданған автопоездің меншікті қуаты толық массаның 1 кг шаққанда 6 ат күшінен кем болмауы тиіс (6 ат күші/т).

Толық массалы маманданған автопоездің өтетін ең үлкен қыры төменгі берісте құрғақ тегіс қатты жолда қозғалғанда 10 % кем болмауы керек. Қалалық жағдайларда қолданғанда кей кездерде 5 % дейін деп қабылдауға болады.

Маманданған автопоездің ең үлкен сыртқы бұрылу радиусі 15 м артық болмауы тиіс.

Алдыңғы жүргіштік бұрышы автомобиль – тартқыш бойынша анықталады және 30о кем болмауы керек. Артқы жүргіштік бұрышы маманданған автопоездің жүктелген соңғы звеносы бойынша анықталады және 25о кем болмауы тиіс. Бөлінбейтін габаритсіз жинастырған темір бетонды салбыратып тасығанда артқы жүргіштік бұрышты 15о дейін азайтуға болады.

Маманданған автопоездің тиеу биіктігі ұйғарынды габариттік биіктік, жолдағы жүктелген автопоездің орнықтылығы және рама астындағы ең үлкен жолға дейінгі саңылау шарттары бойынша белгіленеді. Тиеу биіктігі жүк қойылатын беттен жол бетіне дейінгі ең кіші аралықпен анықталады және қозғалмалы құрылым жүктелмеген жағдайында шиналарда номиналды ауа қысымы болғанда өлшенеді.

Автопоезд ізі автомобиль – тартқыш ізіне сәйкес болуы керек, ал жолға дейінгі саңылау автомобиль – тартқыштың жолға дейінгі саңылауынан кем болмауы тиіс. Автопоездің жеке звеноларының жалғайтын өлшемдері стандарттың талаптарын ескере отырып белгілейді.

Маманданған автопоездердің техникалық қарауының дүркіндігі белгіленген тәртіп бойынша бекітілген нормативтік – техникалық құжаттарға сәйкес келуі керек және, негізінде, автомобиль – тартқыштың техникалық қарау дүркіндігіне тең болуы тиіс. Гидравликалық жетекті механизмдер үшін қолданатын майлардың және арнайы сұйықтар ассортименті негізгі автомобиль – тартқышта қолданатын майлар мен арнайы сұйықтарға сәйкес келуі тиіс.

Маманданған қозғалмалы құрылымды бояу талаптары жүктік автомобильдердің бояу талаптары сияқты болуы тиіс.

Сыртқы жарықтандыру аспаптарының саны, қойылу орындары, түсі және көріну бұрыштары, тежегіш жүйелері мен тежелу қасиеттері бекітілген нормаларға сәйкес келуі тиіс.

Маманданған қозғалмалы құрылым жобалағанда жұмыс істеу жағдайлары оС және салыстырмалы ылғалдылық 80 % дейін болатындығы, сонымен қатар жол қозғалысы Ережелерінің талаптары мен халық аралық стандарттар ескерілуі керек.

Автокөліктік құралдардың жіктелуі

Қазіргі кезде ТМД елдерінде барлық автокөліктік құралдар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:

- қолдану бойынша көліктік және арнайы қажеттікті автомобильдер деп бөлінеді. Көліктік автомобильдерге жүктер мен жолаушыларды тасуға арналған қозғалмалы құрылым жатады. Арнайы автомобильдерге арнайы мәселелерді шешуге арналған қозғалмалы құрылым жатады, мысалы, өрт сөндіргіш автомобильдер, автокрандар, қозғалмалы жөндеу шеберханалары және т.б.

Көліктік автомобильдер жүктік және жолаушылар тасуға арналған автомобильдер деп бөлінеді. Жолаушылар тасуға арналған автомобильдер, өз кезегінде, автобустар және жеңіл автомобильдер деп бөлінеді. Жеңіл автомобильдерге жолаушылар сыйымдылығы жүргізушіні есептемегенде 8 адамнан аспайтын автомобильдер жатады. Жолаушылар сыйымдылығы 8 адамнан асатын автомобильдер автобустар деп есептеледі;

- құрылыстық схемасы бойынша жеңіл, жүктік автомобильдер және автобустар деп бөлінеді;

- өлшемдері бойынша автокөліктік құралдар кластарға бөлінеді, сонда жүктік автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер жүк көтергіштігі мен толық массасы бойынша (2.1-кесте), жеңіл автомобильдер қозғалтқыштың жұмыстық көлемі (литрмен өлшенген) бойынша, ал автобустар габариттік ұзындығы бойынша (2.2-кесте) бөлінеді;

2.1-кесте – Жүктік автомобильдердің жіктелуі

АКҚ класы

Жүк көтергіштігі, т

Толық маса, т

Өте кіші

Кіші

Орта

Үлкен

Өте үлкен

0,5 дейін

0,5 – 2,0

2,0 – 5,0

5,0 – 15,0

15,0 жоғары

1,2 дейін

1,2 – 2,0

2,0 – 8,0

8,0 – 14,0

14,0 – 20,0

20,0 – 40,0

40,0 жоғары

2.2-кесте – Жеңіл автомобильдер мен автобустардың жіктелуі

Жеңіл автомобильдер

Автобустар

АКҚ класы

Қозғалтқыштың жұмыстық көлемі, л

АКҚ класы

Габариттік ұзындығы, м

Өте кіші

Кіші

Орта

Үлкен

Жоғары

1,1 дейін

1,1 жоғары 1,8 дейін 1,8 жоғары 3,5 дейін

3,5 жоғары

Жұмыстық көлем шектелмеген

Өте кіші

Кіші

Орта

Үлкен

Өте үлкен

(мүшеленген)

5,5 дейін

6,0 – 7,5

8,0 – 10

11 – 12

16,5 – 24,0

(екі звенолы 18,0 дейін)

- әртүрлі категориялы жолдарда пайдалану мүмкіншілігі бойынша (осьтік салмақ шамасы бойынша) барлық АКҚ жолдық және жолсыздық автомобильдер деп бөлінеді.

Жалпы желідегі жолдарда жұмыс істеуге арналған АКҚ екі топқа бөлінеді:

- А тобы. Бұл топтағы АКҚ ең үлкен жүктелген осьіндегі осьтік салмақ 6 т жоғары 10 т дейін;

- Б тобы. Бұл топтағы АКҚ ең үлкен жүктелген осьіндегі осьтік салмақ 6 т дейін.

Жолсыздық АКҚ жалпы желідегі жолдардан тыс пайдаланады, өйткені бұл АКҚ ең үлкен жүктелген осьіндегі осьтік салмақ 10 т жоғары болады.

БҰҰ Европалық экономикалық комиссиясының ішкі көлігі бойынша Комитеті (ЕЭК ООН Ережелері) жасаған АКҚ жіктелуі 2.3-кестеде келтірілген.

Европалық жіктеу бойынша барлық АКҚ төрт категорияға бөлінеді және L, M, N, және O әріптерімен белгіленеді.

L категориясына доңғалақтар саны төрттен кем, толық массасы 1 т аспайтын АКҚ кіреді.

2.3-кесте – ЕЭК ООН қабылдаған автокөліктік құралдардың жіктелуі

АКҚ категориясы

Автокөліктік құралдың типі

Толық масса, т

Ескерту

М 1

Жолаушыларды тасымалдауға арналған қозғалтқышты АКҚ және орындықтар саны 8 орыннан аспайды (жүргізуші орнын қоспағанда)

Регламентациялау жасалмаған

Жеңіл автомобильдер

М 2

Алдындағы сияқты және орындықтар саны 8 орыннан артық (жүргізуші орнын қоспағанда)

5,0 дейін

Автобустар

М 3

5,0 жоғары

Автобустар, мүшеленген автобустарды қосқанда

N 1

Жүк тасымалдауға арналған қозғалтқышты АКҚ

3,5 дейін

Жүктік және арнайы автомобильдер

N 2

3,5 жоғары 12,0 дейін

Жүктік, арнайы автомобильдер мен автомобиль - тартқыштар

N 3

12,0 жоғары

O 1

Қозғалтқышсыз АКҚ

0,75 дейін

Тіркемелер мен жартылай тіркемелер

O 2

0,75 жоғары 3,5 дейін

O 3

3,5 жоғары 10,0 дейін

O 4

10,0 жоғары

М категориясына жолаушылар тасымалдауға арналған доңғалақтар саны төрттен кем емес немесе толық массасы 1 т асатын үш доңғалақты АКҚ жатады. Бұларды жеңіл автомобильдер, микроавтобустар және автобустар құрайды.

N категориясы барлық жүктік автомобильдерді, атап айтқанда, пикаптардан бастап карьерлік самосвалдарға дейін, біріктіреді. Мынаны ескеру керек, яғни тұғырлы тартқыштарды жіктегенде есепке біртұтас автопоездің толық массасы алынбай тек қана автомобильдің толық массасы алынады (автомобильдің жабдықталған массасы мен тұғырға түсетін ұйғарынды жүктеме). Бұл категорияға төрт және оданда көп доңғалақты жүктік АКҚ қатар толық массасы 1 т асатын үш доңғалақты жүктік автомобильдер жатады.

О категориясына тіркемелер мен жартылай тіркемелер жатады. Жартылай тіркеменің толық массасын оның жабдықталған массасы мен жүк көтергіштігі құрайды.

Автокөліктік құралдарды белгілеу жүйесі

Қазіргі кезге дейін АКҚ белгілеу жүйесі 1966 жылы іске енгізілген салалық нормаль ОН 025270-66 бойынша жүргізілді. Сонда дефис арқылы жазылған әріптік белгінің үйлесімі түрінде болды (Мысалы, ГАЗ-53, КамАЗ-5320 және т.б.).

Әріптік белгі (марка) жасаушы заводтың аббревиатурасы немесе шартты аталуы.

Цифрлік қиыстыру (индекс) АКҚ белгілеу жүйесінде цифр тізбектерінен тұрады. Олардың түсіндірілуі төменде келтірілген.

Бірінші цифр АКҚ класын көрсетеді: жеңіл автомобиль үшін қозғалтқыштың жұмыстық көлемі бойынша; автобус үшін габариттік ұзындық бойынша; жүктік автомобиль, тіркеме мен жартылай тіркеме үшін толық масса бойынша. Екінші цифр АКҚ типін көрсетеді: жеңіл автомобиль 1 цифрмен белгіленеді; автобус – 2; жүктік автомобиль немесе пикап – 3; тұғырлы тартқыш – 4; самосвал – 5; цистерна – 6; фургон – 7; резерв – 8; арнайы АКҚ – 9. Тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін екінші цифр автомобиль – тартқышқа сәйкес тіркемелі құрылымның типін көрсетеді, яғни 1 – жеңіл автомобильге арналған, 2 – автобусқа арналған жолаушылар тіркемесі және т.б. Үшінші және төртінші цифрлер модельдің реттік номерін көрсетеді, ал бесінші цифр – негізгі модель емес, оның модификациясы екенін көрсетеді. Алтыншы цифр орындалу түрін көрсетеді, яғни 1 – салқын климат үшін; 6 – қоңыр жай климат үшін экспорттық орындалу; 7- тропиктік климат үшін экспорттық орындалу.

Кейбір АКҚ белгіленуінде тире арқылы бөлінген қосымша, яғни 01; 02; 03 және т.б., болады. Бұл цифрлер осы АКҚ моделі өтпелі немесе әлдеқандай жиынтықтауы бар екенін көрсетеді.

ОН 025270-66 сәйкес 2.4, 2.5, 2.6-кестелерде жүктік және жеңіл автомобильдерге, автобустарға, тіркемелер мен жартылай тіркемелерге берілетін индекстің алдыңғы екі цифрі келтірілген.

2.4-кесте – Жүктік және арнайы автомобильдердің индекстері

Толық масса, т

Автомобиль типтері

Бортты платформалы

Тұғырлы тартқыштар

Самосвалдар

Цистерналар

Фургондар

Арнайы

1,2 дейін

1,2 жоғары 2,0 дейін

2,0 жоғары 8,0 дейін

8,0 жоғары 14 дейін

14 жоғары 20 дейін

20 жоғары 40 дейін

40 жоғары

13

23

33

43

53

63

73

14

24

34

44

54

64

74

15

25

35

45

55

65

75

16

26

36

46

56

66

76

17

27

37

47

57

67

77

19

29

39

49

59

69

79

2.5-кесте – Жеңіл автомобильдер мен автобустардың индекстері

Жеңіл автомобильдер

Автобустар

Қозғалтқыштың жұмыстық көлемі, л

Индекс

Габариттік ұзындық, м

Индекс

1,2 дейін

1,2 жоғары 1,8 дейін

1,8 жоғары 3,5 дейін

3,5 жоғары

11

21

31

41

5,0 дейін

6,0 – 7,5

8,0 – 9,5

10,5 – 12

16,5 және одан да үлкен

22

32

42

52

62

АКҚ белгіленуінің түсініктемесі.

Мысалы, Урал-6563 – толық массасы 20т жоғары 40 т дейін болатын жүктік автомобиль – самосвал (алдыңғы екі цифр), Урал автомобиль заводы шығаратын автомобильдерінің 63-моделі.

2.6-кесте – Тіркемелер мен жартылай тіркемелердің индекстері

Тіркеме типтері

Тіркемелер

Жартылай тіркемелер

Жеңіл автомобильдерінікі

Автобустар үшін

Жүктік (бортты)

Самосвалды

Цистерналар

Фургондар

81

82

83

85

86

87

91

92

93

95

96

97

ОН 025270-66 енгізілу алдында автомобильдердің, тіркемелер мен жартылай тіркемелердің негізгі модельдеріне индекс берілуі келесі түрде жүргізілді: жасаушы заводтың әріптік белгіленуінен (маркасынан) кейін дефис арқылы екі немесе үш цифр берілді. Мысалы, ЗИЛ-130, Урал-375, жартылай тіркеме ОдАЗ-885. Сонда әрбір завод белгілі аралықта индекс қолданды. Мысалы, ЗИЛ 100-ден 200-ге дейінгі цифрлерді пайдаланды, ГАЗ 10-нан 100-ге дейінгі цифрлерді қолданды және т.б. Жаңартылған және модификацияланған автомобильдік техника үшін негізгі белгіленуге дефис арқылы әріп немесе екі цифр қосты. Мысалы, ЗИЛ-130-76, ГАЗ-24-10.

Тапсырма. АҚҚ қойылатын жалпы талаптарды, ТМД және шет елдерде автокөліктік құралдардың жіктелуін, автокөлікті мамандандыруда автопоездердің атқаратын рольін, автопоездердің жіктелуін, үйлестіру схемаларын, тарту есебінің ерекшеліктерін, олардың тартқыштарының құрылыстық ерекшеліктерін оқып білу керек.

Әдебиеттер: екінші дәріс материалдары, 1 [13-30].

Бақылау сұрақтары:

1) АҚҚ қойылатын жалпы талаптарды айтыңыз.

2) ТМД және шет елдерде автокөліктік құралдар қалай жіктеледі?

3) Автопоездердің негізгі жіктейтін белгісі болып не табылады?

4) Автопоездерді жобалағанда қозғалтқыш пен трансмиссияның параметрлерін үйлестіру бойынша шешілетін практикалық есептерде математикалық модельдеудің атқаратын рольі.

5) Автопоездің меншікті қуаты мен негізгі берістің беріліс санын үйлестіру жолдары.

6) Автопоезд тартқыштарының құрылыстарының ерекшеліктерін айтыңыз.

3 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Автопоездердің тіркегіш құрылғыларының құрылысы

Мақсаты: Тіркегіш құрылғылардың құрылысына қойылатын талаптарды, құрылыстарының ерекшеліктерін және есептеуін оқып білу.

Жалпы мәліметтер

Тарту – тіркегіш құрылғылар (ТТҚ)

Біраз шет елдік фирмалар (Rockinger, Ringfeder, V. Orlandi және т.б.) тарту –тіркегіш құрылғылардың өндірісімен айналысады.

ТМД елдерінде мұндай құрылғыларды автомобиль заводтары шығарады. Мұндай механизмдер жоғары сенімділікті болуы тиіс және де оларға автопоездің қозғалысы кезінде оның керекті иілу бұрыштарын қамтамасыз ету, тез және қауіпсіз тіркеу – ажырату мүмкіндігі, динамикалық жүктемелерді амортизациялау жүктеледі. Шын мәнісінде тарту – тіркегіш құрылғы тіркеу – ажырату және амортизациялау – сіңіру механизмдерінен, сонымен қатар бекіту элементтерінен тұрады.

Тіркеу – ажырату механизмінің типі бойынша тарту – тіркегіш құрылғылар үш негізгі типке бөлінеді: ілмектік (ілмек – тұзақ жұбы), кіндікті (кіндік – тұзақ жұбы) және шарлық (шар – жартылай сфера жұбы).

Шар – жартылай сфера (шар – тұзақ) типті тарту – тіркегіш құрылғыларды толық массасы 3,3 т аспайтын жеңіл тіркемелерді көліктік құралдармен сүйрету үшін қолданады. Тартқыш рольін жеңіл автомобильдер атқарады, мысалы, пикаптар, микроавтобустар және азғантай жүк көтергіштікті жүктік автомобильдер. Бұл тарту – тіркегіш құрылғыларға қойылатын барлық талаптар ISO 1103 стандартында және сәйкес ГОСТ 28248-89, ГОСТ 30600-97 және ОСТ 37.001.096-84 стандарттарында берілген. Сүйрейтін тіркемелер жеңіл (толық массасы 750 кг аспайды) және ауыр (толық массасы 750 кг астам) деп бөлінеді. Шар мен шарлық тарту – тіркегіш құрылғының бекітілу типі бойынша әртүрлі орындалады, яғни A, B, C, F, G, H және N. Азғантай жүк көтергіштікті автомобильдер (Соболь, Газель, Бычок) жүк көтергіштігі 2 т болатын екі бекітетін тесігі бар шары соғып жасалған F типті тарту – тіркегіш құрылғымен жабдықталады.

«Ілмек - тұзақ» типті тарту – тіркегіш құрылғының құрылысы қарапайым, жасауға жеңіл, массасы аздау және үлкен иілгіштік бұрыштары болады.

Бұл тіркегіш құрылғыларға тән кемшіліктерге қарамастан барлық алдыңғы қатарлы жасаушылар оларды жаңартып, шығарып жатыр. Ілмектік құрылғылар ілмектің және құлыптың орындалуы бойынша әртүрлі болады. Саңылаусыз тіркеуді іске асыру үшін біршама фирмалар «ілмек - тұзақ» типті тарту – тіркегіш құрылғылардың арнайы құрылыстарын жасаған, сонда бұларда саңылау конустық роликтер көмегімен автоматты түрде жойылады (Coder Ture фирмасы), әлде серіппелер немесе пневматикалық құрылғылар көмегімен «саңылаусыз ілмек» немесе «саңылаусыз тұзақ» принциптерін іске асырады (Utility Trailer фирмасы). Ілмектік тарту – тіркегіш құрылғылар үшін осындай жүйелерді V. Orlandi және SAF-Holland компаниялары шығарады. Бұлар құрылғы құлыбындағы саңылауды автоматты түрде жоятын пневматикалық жетекпен жабдықталған. Күштік элемент ретінде раманың артқы арқалығының артқы жағына қойылған қозғалмалы штокты пневматикалық камера пайдаланады. Дегенмен саңылаусыз тіркегіштер үлкен қолданыс таба алмаған, өйткені олардың құрылысы және көрсетілетін техникалық қарау әжептәуір күрделі болады, сонымен қатар өзіндік масса тіпті үлкейіп кетеді (60 кг дейін).

Тарту – тіркегіш құрылғының типтік өлшемі тіркеменің толық массасына байланысты таңдалады. Олардың негізгі параметрлері халық аралық стандарттармен ISO 1102, ISO 3584 және ISO 8755, әлде ұлттық нормативтік құжаттармен белгіленген. ТМД елдерінде ГОСТ 2349-75 пайдаланады.

Біраз шет елдерде жалпы қажеттікті тіркемелі автопоездердің көпшілігі «кіндік – тұзақ» тіпті тіркегіш жүйелерімен жабдықталады. Қос тілді немесе кіндікті тарту –тіркегіш құрылғылар тіркеменің тіркейтін тұзағы кіретін қос тілден, оны бекітетін кіндіктен тұрады. Қысқа мерзімде пайдаланғанда тартқыштарда кей кездерде оңайлатылған құрылысты саусақ тәрізді сүйрету істік құралдары қолданады. Бағыттаушы аппаратпен және жартылай автоматтандырылған немесе автоматты бекітпелі өте күрделі тарту – тіркегіш құрылғылардың құрылыстары белгілі. Қос тілді тарту – тіркегіш құрылғылар байланыстағы саңылаулар өте кішілігімен ерекшеленеді, автопоездің тез және қауіпсіз тіркеу – ажыратуын қамтамасыз етеді, олардың кіндікті және тіркейтін тұзақты алмастыру мүмкіншілігі болуына байланысты әжептәуір ресурсі болады.

Кейбір компаниялар кіндікті құралдар шығарады, оларда тіркеу – ажырату жұмыстары пневматикалық жетектің көмегімен жүргізіледі, сонда кіндіктің вертикаль жылжуын қамтамасыз етіледі. Сонымен, кабина ішінен, рамадан немесе шанақтан басқару көмегімен технологиялық процесс іске асырылады және де әжептәуір тездетіледі. Кейбір құралдарда кіндік орнын бақылайтын электрлік қадаға қойылады, сонда тарту – тіркегіш құрылғының жағдайын аралықта бақылау қамтамасыз етіледі. «Кіндік – тұзақ» типті тарту – тіркегіш құрылғылардың ең жетілген түрлеріне құрылғының жағдайын, сонымен қатар тартқыш пен тіркеменің дұрыс тіркелуін немесе ажыратылуын электронды таблода көрсететін бірнеше сенсорлы қадағаларды пайдаланатын жүйелерді жатқызуға болады.

Тұғырлы – тіркегіш құрылғылар

Тұғырлы – тіркегіш құрылғылардың екі типі белгілі: кіндікті (кіндік – қармаушы жұбы) және роликті немесе кіндіксіз (ілмек – ролик жұбы). Солардың ішінде кіндікті тұғырлы – тіркегіш құрылғы ең көп тараған.

Ажырату – тіркеу механизмі автопоезд звеноларының арасындағы жүктемелерді беру үшін қолданады және ол жартылай тіркеменің горизонталь жазықтықта тіркейтін кіндік осьі арқылы бұрылуын қамтамасыз етеді. Ажырату – тіркеу механизмі жартылай автоматтандырылған және автоматтандырылған деп екіге бөлінеді, қармаушы саны бойынша – екі қармаушылы және бір қармаушылы болады. Бір қармаушылы ажырату – тіркеу механизмі көбірек тараған, олар екі қармаушылы тарту – тіркегіш механизмдерімен салыстырғанда сенімділігі біршама жоғары болады және де үлкен қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Екі қармаушылы механизмдерде тарту және тежелу жүктемелері тек қана қармаушылармен және саусақтармен қабылданады, ал бір қармаушылы механизмінде тарту жүктемесі үлкен бекітетін жұмырға беріледі де қармаушыға тек қана қысу күштері әсер етеді.

Тежелу жүктемелері тіреніш плитасына беріледі, сонда қармаушының саусағы бойлық күштерден арылған. Қармаушының кіндікті жоғарғы тұсынан ұстауының арқасынан кіндікке және оның бекіткішіне әсер ететін иетін моменттер шамасы азаяды.

Тапсырма. Тіркегіш құрылғылардың құрылысына қойылатын талаптарды, тарту – тіркегіш және тұғырлы – тіркегіш құрылғылардың құрылыстарын, тіркегіш құрылғылардың тетіктерін есептеу ерекшеліктерін оқып білу керек.

Әдебиеттер: үшінші дәріс материалдары, 1 [30-39], плакаттар.

Бақылау сұрақтары:

1) Тіркегіш құрылғылардың құрылыстарына қандай талаптар қойылады?

2) Тарту – тіркегіш құрылғылар қалай бөлінеді?

3) Тұғырлы – тіркегіш құрылғының негізгі жіктейтін белгісін айтыңыз.

4) Тіркегіш құрылғылардың тетіктерін есептеу ерекшеліктерін атыңыз.

4 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Тіркемелі құрылымның құрылыстық ерекшеліктері

Мақсаты: Тіркемелі құрылымның жіктелуін, оның құрылыстарының ерекшеліктерін оқып білу

Жалпы мәліметтер

Тіркемелі құрылымға қойылатын негізгі талаптар

1) Салмақтық параметрлері мен габариттік өлшемдері ГОСТ 9314-59 сәйкес келу керек.

2) Жолға дейінгі ең кіші саңылау (ауыр жүк таситын көліктік құралдарды қоспағанда) тартқыштың жолға дейінгі саңылауынан кем болмауы тиіс. Тіркемелі құрылым тартқыш ізімен жүруі қажет.

3) Толық салмағы 750 кг астам тіркемелердің барлық доңғалақтарында тартқыштың жетегімен іске қосылатын тежелу жүйесі болуы керек. Егер тіркеменің толық массасы 2500 кг аспаса және тартқыштың толық массасының 65% кем болса, онда екпіндік инерциялық тежегішті қолдануға болады.

4) Тіркеме – босатқыштан басқа тіркемелер тартқыштан басқарылатын қозғалтпайтын тежелу жүйесімен жабдықталуы тиіс. Жүктелген тіркемені қозғалтпайтын тежелу жүйесі 16% еңісте, ал жүксіз тіркемені 31% еңісте ұстап тұруы қажет.

5) Тіркеме, жартылай тіркеме тартқыштан кенет ажырағанда тіркемелердің, жартылай тіркемелердің тежелу жүйелері автоматты түрде тежелуі тиіс. Тежегіштері жоқ тіркемелер, сонымен қатар барлық бір осьді тіркемелер төтенше шынжырлармен немесе тростармен жабдықталуы керек.

6) Жартылай тіркемелер тіреніш құрылғыларымен жабдықталуы керек. Тіреніш құрылғының механикалық жетегі болса, онда тұтқадағы күш 150 Н аспауы тиіс.

7) Бір осьді тіркеменің жалғыз тертесінің тұзағындағы жүктеме 500 Н аспауы керек (жеңіл автомобильдердің тіркемелеріндегі жүктеме 250 Н аспауы тиіс).

8) Автопоезд құрамындағы тіркеменің тартқышпен салыстырғанда әр жаққа бұраңдауы габариттік еннің 3% аспауы қажет.

9) Бортты платформалардың бекіткіш құрылғылары мен фургондардың, тіркемелердің, жартылай тіркемелердің (жүктелген жағдайында) есіктері тіреніш беттен 1,9 м аспайтын биіктікте орналасуы тиіс.

Тіркемелі құрылымды үйлестіру схемалары және бағалау параметрлері

Тіркемелі құрылым жасаудың қазіргі кездегі даму тенденциясы ретінде мыналарды көрсетуге болады: жүк көтергіштігі 16...22 т болатын екі немесе үш осьді тіркемелер, жартылай тіркемелер қолдану; домаланатын арбаша қолдану, сонда жартылай тіркемені тіркемеге айналдыруға және кез келген тартқышпен пайдалануға болады.

Тіркемелі құрылым келесі көрсеткіштермен бағаланады:

- ыдыс коэффициенті Кт (материал сыйымдылықты сипаттайды);

- аудан бойынша меншікті жүк көтергіштік коэффициент Кг (жүк көтергіштіктің жүктік платформа ауданына қатынасы);

- шанақтың меншікті сыйымдылық коэффициенті Кв (жүк көтергіштіктің шанақ көлеміне қатынасы).

Тіркемелі құрылымның негізгі жіктейтін белгі болып осьдер саны мен олардың орналасуы, ал қосымша белгі болып бұратын құрылғы табылады.

Тіркемелер

ТМД елдерінде бір және екі осьді тіркемелер сериялы шығарылады.

1) Жүк көтергіштігі 500 кг жалпы қажеттікті бір осьді тіркемелер (газ-704, уаз-8109). Бұлардың құрылыстық ерекшеліктері:

- тартқыштың тіркейтін құрылғысындағы жүктеме 500 кг аспайды;

- жалғыз тертеде реттелінетін тірек міндетті қолданады; егер тіркеме массасы 3 т аспаса, реттеліну дискретті, ал бұлай болмаған жағдайда тірек домкрат түрінде болады

Екі осьді тіркемелерге қарағанда бұл тіркемелерді пайдаланудың артықшылықтары:

- автопоездің артқа қарай жүргенінде маневр орындау жеңілденеді;

- бірдей жүк көтергіштікте бір осьді тіркеме 200...700 кг жеңіл болады, яғни ыдыс коэффициенті төмендеу болады: Кт = 0,35...0,6 және жүк көтергіштік өскен сайын төмендейді.

Европа елдерінде бір осьді тіркемелер саны 50% құрайды.

2) Жалпы қажеттікті екі осьді тіркемелер мыналар жатады: ГКБ-710В – жүк көтергіштігі 2000 кг; СМЗ-8325 – жүк көтергіштігі 2100 кг; ГКБ-817 – жүк көтергіштігі 5500 кг; ГКБ-8350 – жүк көтергіштігі 8040 кг; СЗАП-8352 – жүк көтергіштігі 10000 кг; МАЗ-8926 – жүк көтергіштігі 8240 кг.

Бұл тіркемелердің ыдыс коэффициенті Кт = 0,46...0,75 құрайды.

Тіркемелердің көпшілігі 90о...120о бұрышқа бұрылатын алдыңғы бұрылатын осьді иемденеді. Бұрылатын алдыңғы доңғалақтар әдетте төменгі рамалы тіркемелерде жасалады. Тіркеменің табаны үлкен болған жағдайда барлық доңғалақтар басқарылатын болады.

Жартылай тіркемелер

ТМД елдерінде бір, екі және үш осьді жартылай тіркемелер сериялы шығарылады. Ең көп тараған болып келесі жартылай тіркемелер табылады:

1) Жалпы қажеттікті бір осьді жартылай тіркемелер: ОдАЗ-885 – жүк көтергіштігі 7800 кг; КАЗ-93 – жүк көтергіштігі 11500 кг; МАЗ-93801 – жүк көтергіштігі 13750 кг;

2) Жалпы қажеттікті екі осьді жартылай тіркемелер: 9370 моделі – жүк көтергіштігі 14200 кг; 9385 моделі – жүк көтергіштігі 25000 кг; МАЗ-9397 – жүк көтергіштігі 20900 кг;

3) Жалпы қажеттікті үш осьді жартылай тіркемелер: МАЗ-9398 – жүк көтергіштігі 25350 кг.

Тіркемелермен салыстырғанда жартылай тіркемелердің кішілеу ыдыс коэффициенті болады: бір осьді жартылай тіркемелер үшін Кт = 0,27...0,35; екі және үш осьді жартылай тіркемелер үшін Кт = 0,27...0,6.

Ескерту – Тіркемелі құрылымды қарастырғанда қазіргі кезде шығарылатын жалпы қажеттікті тіркемелер мен жартылай тіркемелер келтірілген.

Осылармен қатар әртүрлі тіркемелер мен жартылай тіркемелер шығарылады, атап айтқанда, тіркеме шассилер, самосвалды тіркемелер мен жартылай тіркемелер, тіркеме және жартылай тіркеме цистерналар, жартылай тіркеме контейнер тасығыштар, жартылай тіркеме рефрижераторлар және фургондар, тіркеме босатқыштар, ауыр жүк тасуға арналған тіркемелер мен жартылай тіркемелер.

Көрсетілген заводтардан қатар маманданған автокөліктік құралдардың қозғалмалы құрылымын басқа ұйымдар мен фирмалар шығарады.

Жартылай тіркемелердің құрылыстық ерекшеліктері

Жартылай тіркемелердің бұратын және тіркейтін құрылғыларымен, осьдер саны мен олардың орналасуымен қатар маңызды құрылыстық ерекшелік болып еденнің құрылысы мен оның доңғалақтарға қарағанда орналасуы табылады. Осьдер санына қарамай олардың негізгі үш схемасын қарастыруға болады.

1) Ұзындық бойынша тегіс еденді жартылай тіркеме. Бұлардың артықшылығы болып мыналар табылады: құрылысы қарапайым, ыдыс коэффициенті төмендеу, жүк ыңғайлы орналасады және өзі тиегіштерді қолдануға болады. Бұлардың кемшіліктері ретінде мыналарды көрсетуге болады: тиеу биіктігі үлкендеу және жүк көлемі азғантай болады, сонымен қатар масса центрі басқа схемалармен салыстырғанда жоғары орналасады.

2) Сатылы еденді жартылай тіркеме, сонда еденнің біраз бөлігі тегіс және доңғалақтарға арналған қуыстар жоқ. Бұлардың артықшылықтары болып келесілер табылады: бірінші схемамен салыстырғанда тиеу биіктігі кішілеу және пайдалы биіктік үлкендеу (фургондарға маңызды). Ал кемшіліктері ретінде мыналарды көрсетуге болады: метал сыйымдылығы үлкен және құрылысы күрделі болады.

3) Сатылы еденді және доңғалақтарға арналған қуыстар көзделінген жартылай тіркемелер. Артықшылықтары: тиеу биіктігі ең кіші, пайдалы жүк биіктігі ең үлкен, ең жақсы орнықтылық. Кемшіліктері: құрылысы күрделі, метал сыйымдылығы тіпті үлкен. Сонымен қатар, еденнің тегіс болмауы жүктерді орналастыруды қиындатады және өзі тиегіштерді пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Жартылай тіркемелердің шартты белгіленуі

П – тіркеме; ПП – жартылай тіркеме; Р – босатқыш; ПТ – ауыр жүк таситын тіркеме; ПН – төмен рамалы тіркеме.

Мысалы, 2-ПП-20,9-МАЗ-9397 былай түсіндіріледі: 2 – осьдер саны; ПП – жартылай тіркеме; 20,9 – тоннамен есептелген жүк көтергіштік; МАЗ-9397 – завод маркасы.

Тапсырма. Тіркемелі құрылымның жіктелуін, оған қойылатын негізгі талаптарды, тіркемелі құрылымның құрылыстық элементтерінің ерекшеліктерін білу керек.

Әдебиеттер: төртінші дәріс материалдары, 1 [39-55], плакаттар.

Бақылау сұрақтары:

1) Тіркеме – босатқыш деген не?

2) Тіркемелі құрылымның аспаларының құрылыстарының ерекшеліктерін айтыңыз.

3) Тіреніш құрылғылардың қажеттігі мен құрылыстарының ерекшеліктерін айтыңыз.

4) Тіркемелі құрылымдарда қандай бұратын құрылғылар қолданады?

5 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Автопоездердің тежегіш жүйелерінің ерекшеліктері

Мақсаты: Автопоездердің тежегіш жүйелерінің құрылыстық ерекшеліктерін оқып білу

Жалпы мәліметтер

Автопоездердің жұмыстық тежегіш жүйелеріне қойылатын ерекше талаптарға мыналар жатады:

1) Жоғары тиімді әрекет, ол, өз кезегінде, бәсеңдеу шамасымен және тежелу жолының ұзындығымен бағаланады. Тежелу кезінде, әсіресе төтенше тежелуде, бәсеңдеу мейлінше үлкен болуы тиіс, ал тежелу жолы, керісінше, мейлінше азғантай болуы керек.

Тежегіш жүйенің жоғары тиімді әрекетіне былай қол жеткізуге болады: жеке осьтер бойынша жалпы тежегіш күштерді дұрыс үлестіру арқылы автопоезд звеноларының ілініс салмақтарын толық пайдалану; жетектің тез іске қосылуы; тартқыш пен тіркелетін звеноның тежелуін синхрондау;

2) Жалғыз автомобиль тежегіштерінің тиімді әрекетінен кем түспейтін, автопоездердің салмағы мен құрылысына тәуелді болмайтын тежегіш жүйелердің бірдей тиімді әрекеттері. Бұл талапты орындау автопоездердің орташа қозғалыс жылдамдығын және олардың өнімділігі үлкейтуге мүмкіншілік береді және де автокөліктік құралдардың жалпы ағынында автопоездердің пайдалану қауіпсіздігін жоғарылатуға себебі тиеді;

3) Тежегіштердің әжептәуір энергия сыйымдылығы, сонда тежегіш механизмдерінің қызып кету қауіптілігін болдырмай және олардың әрекеттерінің тиімділігін төмендетпей автопоездердің тежелуін көп санды және ұзақ жүргізуге мүмкіндік туындайды; Тежегіш механизмдерінің барабандарының қызуы 70...80 оС аспауы тиіс;

4) Автопоездердің тежегіш жүйелерінің олардың барлық жұмыс жасау мерзімінде тоқтаусыз әрекеті. Автопоездің басқа механизмдерімен салыстырғанда тежегіштердің тоқтауы көп жағдайларда ауыр жол – көліктік оқиғалармен аяқталады. Тежегіштер әрекеттерінің сенімділігін жоғарылатудың мүмкіндік жолдарының біреуі болып бірнеше дербес контурлы тежегіш жетегін қолдану табылады. Бұл контурлардың біреуі істен шыққанда автопоездің тежелу қабілеті толық жойылмайды;

5) Тежегіш жүйесінің бақылаушы әрекеті болуы, сонда бұл автопоезд тежелуін жүргізушінің тежегіш баспасына немесе рычагына әсер ету күшіне сәйкес керекті қарқындылықпен жүргізуге мүмкіндік береді;

6) Автопоезд тежегіш жүйесінің жеңіл басқарылуы. Бұл талапты орындау үшін басқару органдарының баспалары мен рычагтарының жүрістерін және жетектің беріліс санын дұрыс таңдау арқылы, жетекке әртүрлі күшейткіштер қою арқылы, тежегіш механизмдерінің тиімді құрылыстарын таңдау арқылы іске асыруға болады. Күшейткіш болмаған жағдайда тежелудің керекті тиімділігі тежегіш баспасындағы күш 300...400 Н болғанда қол жеткізілуі тиіс;

7) Автопоезд тежелгенде оның орнықтылығы мен басқарылуы сақталуы, сонда доңғалақтардың бір тұтастануына байланысты туындайтын автопоездің бүктетілу қауіпті құбылысы орын алмауы керек. Тежелу тәртіптеріндегі керекті орнықтылықты барлық тежелетін доңғалақтардағы ілініс салмағын жарым-жартылай пайдалану арқылы, сонымен қатар тежегіш механизмдерінде арнайы бір тұтастануға қарсы құрылғыларды қою арқылы алуға болады;

8) Автопоездің тіркейтін құрылғысы үзілгенде жағдайда тіркелген звеноның автоматты түрде тежелуі;

9) Автопоезд ұзақ уақыт тұрғанда оның сенімді тежелу мүмкіншілігі;

10) Тежегіш жетегі мен тежегіш механизмдерінің реттелінуінің тұрақтылығы және оларды орындау жеңілдігі;

11) Тежегіш жүйесі іске қосылғанда және тежегіш механизмдерінің әрекеті кезінде жағымсыз шулардың және сықырлардың болмауы;

12) Тежегіш механизмдері мен тежегіш жүйесінің аспаптарының шаңнан, ылғалдан және майдан қорғалуы.

Тапсырма. Автопоездердің тежегіш жетектерін, тартқышқа тіркеменің (жартылай тіркеменің) бастырмалап кету құбылысының мәнін, автопоездердің тежегіш жүйелерінің ерекшеліктерін оқып білу керек.

Әдебиеттер: бесінші дәріс материалдары, 1 [56-78], плакаттар.

Бақылау сұрақтары:

1) Автопоезд қандай тежегіш жүйелерімен жабдықталады?

2) Қандай жағдайларда тіркемелердің меншікті тежегіш жүйесі болмауы рұқсат етілген?

3) Электро – пневматикалық тежегіш жетегі қалай жұмыс істейді?

4) Тіркеменің қозғалтпайтын тежегішінің құрылысын айтыңыз.

6 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Автопоездердің басқарылуы мен орнықтылығы

Мақсаты: Автопоездердің басқарылуы мен орнықтылығының ерекшеліктерін оқып білу

Жалпы мәліметтер

Тіркелетін звенолардың (тіркемелердің, жартылай тіркемелер мен тіркеме – босатқыштардың) бұратын құралғылары олардың жетекші звеноның соңынан қозғалғанда қозғалыс бағытын өзгерту үшін және автопоездердің орнықты тура қозғалысын ұстап тұру үшін керек.

Бұратын құрылғылар ретінде автопоездердің тіркелетін звеноларының басқарылатын осьдері мен доңғалақтарын бұру үшін қолданатын механизмдерді түсінеді. Бір осьді тіркемелер, бір осьді және екі осьді жартылай тіркемелердің көпшілігі, сонымен қатар тіркеме – босатқыштар бұратын құрылғыларсыз орындалады. Бұратын құрылғылар негізінде тіркемелі құрылымның арнайы құрылыстық типтерінде қолданады: кейбір жолаушылар тіркемелерінде (автобустар мен троллейбустардың мүшеленген тіркелетін секцияларында), ұзын табанды жартылай тіркемелерде, ферма тасығыштарда және босатқыштарда.

Бұратын құрылғылардың құрылыстарына қойылатын талаптар үш топқа бөлінеді:

1) Бұратын құрылғылардың негізгі қажеттігіне байланысты және автопоездердің қисық сызықты және тура қозғалыстарының ерекшеліктерінен туындайтын талаптар;

2) Тіркелетін звенолардың және бұратын құрылғылардың өздерінің құрылыстық – үйлесімдік ерекшеліктерінен туындайтын талаптар;

3) Басқа қолданушылық талаптар.

Автопоездердің қозғалысының ерекшеліктері мен бұратын құрылғылардың қажеттігіне байланысты олардың құрылысына келесі талаптар қойылады:

- басқарылатын доңғалақтардың жолдың қисық сызықты учаскелерінде қозғалысында шиналардың бүйірлік сырғанаусыз домалауы үшін керекті бұрыштарға бұрылуы;

- конструкторлық үйлесу, яғни бұрылыстағы қозғалыста тіркелетін звеноның траекториясының центрге жылжуын болдырмау;

- тіркелетін звенолардың орнықты (бұлаңдамай) тура қозғалысы;

- автопоездің артқа қозғалу мүмкіндігі;

- автопоездің бүктетілуі болуы мүмкіндігі.

Тіркемелердің, жартылай тіркемелер мен босатқыштардың құрылыстық – үйлесімдік ерекшеліктері бұратын құрылғылар мен олардың тетіктерінің құрылысына маңызды әсерін тигізетін, бірақ олардың негізгі қажеттігіне байланысты болмайтын жұмыс істеу және жүктелу жағдайларын жасайды.

Бұратын құрылғылар жұмысының бұл ерекшеліктері екінші топтағы талаптарды құрастырады және олар негізінде бұратын осьдері (арбашалары) бар тіркелетін звенолардың бұратын құрылғыларына жатады:

- тарту, тежелу және инерция күштерін, сонымен қатар автопоездер бұрылыстарында және жол жағынан болатын кездейсоқ соғулар нәтижесінде пайда болатын бүйірлік күштерді қабылдау және беру;

- жартылай тіркеменің салмағынан және жол жағынан болатын кездейсоқ соғулар нәтижесінде пайда болатын вертикаль белгісі айнымалы күштерді қабылдау;

- доңғалақтар мен осьдер бұрылу үшін керекті күштерді беретін, сонымен қатар жол жағынан басқарылатын доңғалақтарға әсер ететін күштерді қабылдайтын басқару жетегінің тетіктерінің жеткілікті қаттылығы.

Бұратын құрылғылардың құрылыстарына қойылатын қолданушылық талаптар мыналар:

- құрылысының қарапайымдылығы;

- бұратын құрылғылар тіркейтін құрылғылармен біріктірілген құрылымдарда тіркеу және ажырату операцияларын орындау ыңғайлылығы;

- техникалық қарау мен жөндеу операцияларын жүргізу ыңғайлылығы;

- техникалық қарау жүргізуге кететін керекті еңбек шығындарын азайтып, оның дүркіндігін үлкейту;

- үйкелістегі тетіктерді сенімді майлау және олардың шаңнан, ылғалдан және ластан қорғау;

- басқарылатын доңғалақтар мен осьдердің әр жаққа мейлінше ұйғарынды бұрыштарға жеңіл бұрылуы (екі осьді және көп осьді тіркемелердің бұрылатын осьдері мен бұрылатын арбашалары 90о кем емес бұрышқа бұрылуы);

- бұрылатын осьдер мен арбашалар тіркеме рамасының астынан алыну мүмкіншілігі, сонымен қатар олардың мейлінше азғантай еңбек шығындарымен орнына қойылуы және бұл жұмыстарды орындау ыңғайлылығы.

Тапсырма. Автопоездердің басқару ерекшеліктерін, тіркемелі құрылымның басқару жүйелерінің құрылыстарын, автопоездер орнықтылығының көрсеткіштерін, автопоезд орнықтылығын анықтағанда қолданатын жеңілдетілген есептік схемаларды оқып білу керек.

Әдебиеттер: алтыншы дәріс материалдары, 1 [79-103], плакаттар.

Бақылау сұрақтары:

1) Тіркемелі құрылымның басқару жүйелерінің жіктелуін айтыңыз.

2) Тіркемелі құрылым басқарудың құрылысын айтыңыз.

3) Автопоездің орнықтылығын қандай параметрмен бағалайды?

4) Автопоездің орнықтылығын анықтағанда пайдаланатын жеңілдетілген есептік схемаларды көрсетіңіз.

7 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Автомобиль – самосвалдардың жіктелуі және қолдану саласы

Мақсаты: Автомобиль – самосвалдардың құрылыстарының ерекшеліктерін оқып білу

Жалпы мәліметтер

Үйлесім алдыңғы қатардағы және конструкторлық жұмыстың маңызды кезеңі болып табылады. Үйлесім жасағанда самосвалдың техникалық сипаттамасының барлық негізгі параметрлері анықталады.

Үйлесімді жүргізу үшін келесі негізгі бастапқы мәліметтер керек:

- жасалатын автомобиль – самосвалдың негізі болатын жүктік автомобильдің модельі;

- автомобиль – самосвалдың негізгі қажеттігі;

- бұл самосвалдың жылдық өндіріс көлемі.

Автомобиль – самосвал үйлесімін жасау кездегі орындалатын конструкторлық жұмыстар әдетте келесі тізбектен тұрады:

- самосвалдың принципиалды схемасын таңдау және дәлелдеу;

- негізгі агрегаттарды эскиздік жасалуы; стандартты және кірме тораптар мен агрегаттарды таңдау;

- механизмдерді орналастыру, есептеу және кинематикалық әрекеттесу болған кезде оларды әртүрлі орындарда сызу;

- статикалық және динамикалық жүктемелерді көтеретін негізгі тораптар мен тетіктерді беріктікке есептеу;

- салмақтық параметрлерді анықтау.

Гидравликалық көтеру механизмін орналастыру бойынша самосвалдың әртүрлі үйлесімдік схемалары болады, атап айтқанда, гидравликалық көтеру механизмді шанақтың алдына және шанақтың астына орналастыру.

Гидравликалық көтеру механизмі шанақтың алдына орналастыру мынадай артықшылықтарға ие болады:

- платформаның көтеру жүйесіне әсер ететін шоғырланған жүктеме болмайды;

- гидравликалық цилиндрге әсер ететін күш аздау болады (бұл сұйықтың белгілі қысымында цилиндрдің диаметрін азайтуға мүмкіндік береді);

- цилиндрдің жылжымалы звеноларының және тығыздалатын тораптардың саны азаяды;

- цилиндрге техникалық қарау жүргізу жеңілденеді.

Бұл үйлесімдік схема самосвалдардың көпшілігінде қолданған, мысалы, КамАЗ-5511, Урал-63685.

Самосвалдардың бұл үйлесімінде шанақ тек қана артқа қарай аударылады.

Гидравликалық көтеру механизмі шанақтың астына орналасқан үйлесімдік схема, мысалы, көтеретін рычагты жүйе шанақ астына орналасқан схеманың мынадай артықшылықтары болады:

- цилиндрдің горизонталь орналасуы оны үйлестіру жағдайларын жақсартады;

- көп сатылы телескоптық цилиндрге қарағанда бір сатылы цилиндрдің сенімділігі жоғары болады, осыған байланысты гидравликалық жетектің сенімділігі де жоғары болады;

- рычагты жүйе платформаны артқа аударғанда оның бүйір жаққа жылжуына біршама кедергі жасайды, сонда самосвалдың бүйірлік орнықтылығы жоғарылайды.

Бұл схеманың кемшіліктеріне рычагты жүйенің үлкен метал сыйымдылығы мен еңбек сыйымдылығы жатады.

Қарастырылған үйлесімдік схемалар жүктік автомобильдер негізінде жасалған самосвалдарда қолдануымен қатар тіркемелі құрылымдар негізінде жасалған самосвалдарда қолданады.

Тапсырма. Самосвалдардың жіктелуін, қолдану жол жағдайларын, олардың үйлесімдік схемаларын, самосвал шанақтарының құрылыстарының ерекшеліктерін оқып білу керек.

Әдебиеттер: жетінші дәріс материалдары, 1 [103-105], плакаттар.

Бақылау сұрақтары:

1) Қолдануы бойынша автомобиль – самосвалдар қалай бөлінеді?

2) Самосвалдардың қолдану жол жағдайларын айтыңыз.

3) Самосвалдардың негізгі үйлесімдік схемаларын айтыңыз.

4) Самосвал шанағының көлемі қалай анықталады?

8 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Автомобиль – самосвалдар шанақтарын аударғыш құрылғылар

Мақсаты: Автомобиль – самосвалдар шанақтарын аударғыш құрылғыларының құрылыстарының ерекшеліктері мен есептеу әдістерін оқып білу.

Жалпы мәліметтер

Платформаны көтеру әдісі бойынша қазіргі кездегі самосвалдар үш топқа бөлінеді:

1) Өздігінен аударылатын самосвалдар. Самосвал платформасы өз салмағының және жүк салмағының әсерімен қисаяды. Бұл самосвалдардың құрылысы қарапайым болады. Шанақ өздігінен аударылу принципі вагон тәрізді алғашқы самосвалдарда қолданды. Бұл әдістің кемшілігі болып самосвал шассиі платформа қисаю соңында өте үлкен динамикалық жүктемелерді қабылдайды. Өздігімен аударылу әдісі кіші және орташа жүк көтергіштікті самосвалдарда, арнайы қысқа табанды құрылыстық машиналарда пайдаланады;

2) Жартылай самосвалдар. Бұларға жүк түсіру орнында тұрақты кран көмегімен платформаларын қисайтатын тіркемелер мен жартылай тіркемелер жатады. Жартылай самосвалдар тұрақты қабылдайтын орын болғанда және жүктердің жаппай тасуы болғанда пайдаланады. Мұндай жағдайларды олар рентабелді болады, өйткені оларда платформаны көтеруге арналған қымбат аударғыш механизмдер болмайды. Бұлардың артықшылығы болып жүк түсірген кезде бүйірлік орнықтылық жойылмайтыны саналады, ал кемшілігі болып олардың шектелген қолдану саласы болуы табылады;

3) Платформасы еріксіз көтерілетін самосвалдар. Қазіргі кезде бұлар өте көп тараған болып табылады. Самосвалда шанақ аударғыш механизмдер қойылады. Көтергіш механизм жетегінің энергия қайнар көзі ретінде адам күші немесе самосвалдағы жүкті түсіруге арналған орында орналасқан тұрақты энергия қайнар көзі пайдалануы мүмкін (көпшілік жағдайларда самосвалда қойылған электрлік қозғалтқыш электр желісіне қосылуы мүмкін), дегенмен самосвалдардың көпшілігінде негізгі автомобильдің қозғалтқышы пайдаланады.

Қазіргі кездегі самосвалдарда телескоптық гидравликалық бір бағытта жұмыс істейтін цилиндрлер қолданады, сонымен қатар платформа астына берістер қорабындағы қуат алу қорабына қойылатын сораптар пайдаланады. Гидравликалық жүйенің іске қосылуы басқару краны арқылы жүргізіледі. Қысылған май цилиндрге келтірілгенде, оның звенолары біртіндеп шыға бастайды, сонда шанақтың бір жағы көтеріледі. Шанақтың қисаю бұрышын шектеу үшін және гидравликалық жүйенің сенімділігін жоғарылату үшін бұрыш шектегіш қойылады.

Гидравликалық көтеру механизмін жобалағанда принципиалды кинематикалық және гидравликалық схемаларды таңдайды; әсер ететін күштерді, платформа көтеруге керекті қуатты есептейді, кинематикалық есеп жүргізеді; гидравликалық жүйенің элементтерін жасайды, таңдайды және есептейді; гидравликалық көтергіш механизмнің негізгі тораптарын бірыңғайлайды.

Тапсырма. Автомобиль – самосвалдар шанақтарын аудару әдістерін, аударғыш құрылғының гидравликалық жетегінің құрылыстық элементтерін, аударғыш құрылғыларды есептеу ерекшеліктерін оқып білу керек.

Әдебиеттер: сегізінші дәріс материалдары, 1 [115-140], плакаттар.

Бақылау сұрақтары:

1) Аударғыш құрылғылардың көтергіш механизмдері қалай бөлінеді?

2) Самосвал шанағының аударғыш құрылғысының гидравликалық жетегі қалай жұмыс істейді?

3) Аударғыш құрылғының гидравликалық жетегінің негізгі элементтерін айтыңыз.

4) Самосвалдар шанақтарының аударғыш құрылғыларының есептеу ерекшеліктерін айтыңыз.

9 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Ұзын өлшемді, ауыр жүктерді және құрылыстық құрылымдарды тасуға арналған автопоездер

Мақсаты: Бұл автопоездердің жіктелін, технологиялық жабдықтарының ерекшеліктерін, тіркемелі құрылымның негізгі үйлесімдік ерекшеліктерін оқып білу.

Жалпы мәліметтер

Ұзын өлшемді, ауыр жүктерді және құрылыстық құрылымдарды тасуға арналған автопоездер ерекше автопоездер типіне жатады. Автопоездер – босатқыштарды ерекше топқа бөлу олардың құрылыстары мен үйлесімдерінің өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты болады.

Автопоезд – босатқыштар ұзын өлшемді жүктерді тасуға арналған, атап айтқанда, құбырлар, сортты прокаттар, ағаш және т.б. Мұндай автопоезд тұғырмен жабдықталған тартқыштан және бір немесе екі осьді тұғырлы тіркеме – босатқыштан тұрады.

Соңғы жылдары құрылыста өндірістік әдіс дамуына байланысты ірі габаритті құрылыстық бұйымдарды тасуға арналған маманданған автопоездер кеңінен қолданады (автопоезд – ферма тасығыштар, панель тасығыштар және т.б.). Бұл автопоездердің тіркемелі құрылымы сериялы шығарылатын босатқыштар немесе жартылай тіркемелер негізінде жасалады, сонымен қатар босатқыштар мен жартылай тіркемелердің схемалары бойынша жаңадан жасалады.

Тіркемелі немесе жартылай тіркемелі жүк көтергіштігі 10 т болатын автопоездер ауыр жүк таситын деп аталады және ірі габаритті бөлінбейтін жүктерді тасуға қолданады (катоктарды, трансформаторларды,жол машиналарын және т.б.).

Ауыр жүк таситын тіркемелер құрылыстары бойынша кіші және орташа жүк көтергіштікті тіркемелер салыстырғанда өте айрықша болады. Ауыр жүк таситын тіркемелердің негізгі құрылыстық – үйлесімдік ерекшеліктеріне мыналар жатады:

- кіші тиеу биіктігі (800...1000 мм). Бұған кіші диаметрлі шиналар, сатылы рама қолдану арқылы, кей кездерде аспа қойылмауы мүмкін;

- жүктік платформаның кішкентай ауданы;

- алдына домаланатын арбашалар мен осьдер қолдану;

- тиеу – түсіру жұмыстарын жеңілдетуге арналған істік құралдар көзделуі (шалқайтпа басқыштар, шығырлар және т.б.);

- осьдер мен доңғалақтар санын үлкейту.

Жүк көтергіштігі 20 т және 40 т болатын ауыр жүк таситын тіркемелер әдетте үш осьді, ал бұдан да үлкен жүк көтергіштікті ауыр жүк таситын тіркемелер төрт осьді және одан да осьді болады.

Автопоездердің жүргіштігін жоғарылатудың тиімді тәсілі болып тіркемелі звеноларға әсерлі жетек қолдану, яғни тіркеме немесе жартылай тіркеме доңғалақтарына негізгі тартқыш автомобиль қозғалтқышынан қуат келтіріледі. Көп звенолы автопоездерде әсерлі жетек қолдану бойынша кейбір елдерде жұмыстар жүргізіліп жатыр (АҚШ, Канада және басқалары).

Автопоездің жетекші звеносынан (тартқыш автомобиль қозғалтқышынан) тіркелетін звеноларға қуат беру механикалық, электрлік немесе гидравликалық жетек көмегімен іске асырылуы мүмкін.

Тапсырма. Ұзын өлшемді, ауыр жүктерді және құрылыстық құрылымдарды тасуға арналған автопоездердің, олардың арнайы технологиялық жабдықтарының құрылыстық ерекшеліктерін оқып білу керек.

Әдебиеттер: тоғызыншы дәріс материалдары, 1 [141-175], плакаттар.

Бақылау сұрақтары:

1) Қажеттігі бойынша ұзын өлшемді, ауыр жүктерді және құрылыстық құрылымдарды тасуға арналған автопоездер қалай бөлінеді?

2) Ағаш таситын автопоездердің технологиялық жабдықтарының ерекшеліктерін айтыңыз.

3) Жүксіз автопоезде тіркеме – босатқыш қалай тасымалданады?

4) Ұзын құбырлар қалай тасымалданады?

10 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Мұнай өнімдерін тасуға арналған автомобиль – цистерналар және автопоезд – цистерналар

Мақсаты: Автомобиль – цистерналардың жіктелуін, оларға қойылатын талаптарды, технологиялық жабдықтарының жұмыс істеу принципін, технологиялық жабдыққа кіретін арнайы құрылғылардың құрылыстарының ерекшеліктерін оқып білу.

Жалпы мәліметтер

Автомобиль – цистерналар тасымалдайтын мұнай өнімдеріне жанармай мен майлар жатады. Олардың сапасын бағалау үшін жиырмаға таман физикалық – химиялық көрсеткіштер стандарттарда келтірілген. Цистерналардың құрылысына, олардың қолдануы мен техникалық қарауына әсерін тигізетін көрсеткіштерді, сонымен қатар мұнай өнімдерін тасымалдағанда және қоймаларда сақтағанда міндетті ескерілетін көрсеткіштерді қарастырамыз.

Тығыздық шассиге және цистерна элементтеріне түсетін жүктемені, сораптың сипаттамасын анықтайды. Әдетте мұнай өнімінің көлемі өлшенетін болғандықтан оның массасын анықтау үшін тығыздықты білу керек. Автокөліктік кәсіпорын жағдайларында тығыздық ареометрмен өлшенеді. Мұнай өнімдерінің тығыздықтары анықтамаларда беріледі.

Тұтқырлық сорап сипаттамасына әсер етеді және мұнай өнімінің аққыштық қасиетін сипаттайды. Мұнай өнімдерінің тұтқырлықтары анықтамаларда келтіріледі.

Қату температурасы деп мұнай өнімі аққыштық қасиетін жоғалтып, өте қою жағдайына өткенде болатын температураны түсінеді. Ол қыздыру жүйесін және цистерна мен технологиялық жабдықта жылулық жекелегіш қолданудың керектігін анықтайды

Қаныққан бу қысымы цистернаның беріктік көрсеткіштері мен тыныс клапандарының және сораптардың сипаттамаларын анықтайды.

Коррозиялық күкірт қосындыларының, органикалық қышқылдардың, сонымен қатар суда еритін қышқылдар мен сілтілердің салдарынан пайда болады. Ол цистерна мен технологиялық жабдықтың материалдарын және коррозияға қарсы төсемдерді таңдауға әсерін тигізеді.

Су және механикалық қоспалар тазарту құралдарын, олардың құрылыстарын және қарау дүркінділігін анықтайды.

Мұнай өнімінің электрлігі оның құю жылдамдығын шектейді.

Өрт және жарылғыш қауіптілігі өртке қарсы жабдықтардың құрылысын анықтайды.

Мұнай өнімдерінің улылығы автомобиль цистерналарымен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасын анықтайды.

Тапсырма. Автомобиль – цистерналардың жіктелуін, оларға қойылатын жалпы талаптарды, технологиялық жабдықтардың жұмыс істеу принципін, оларды құрастыратын арнайы құрылғылардың құрылыстық ерекшеліктерін оқып білу керек.

Әдебиеттер: оныншы дәріс материалдары, 1 [175-186], плакаттар.

Бақылау сұрақтары:

1) Автомобиль – цистерналар қалай жіктеледі?

2) Автомобиль – цистернаны жобалағанда ескерілетін жүктердің физикалық – химиялық қасиеттерін айтыңыз.

3) Автомобиль – цистернаның технологиялық жабдығының жұмыс істеу принципін айтыңыз.

4) Тыныстық құрылғының құрылысы мен жұмыс істеу принципін айтыңыз.

11 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Сусымалы және жартылай сұйық жүктерді тасуға арналған автомобиль және автопоезд - цистерналар

Мақсаты: Сусымалы және жартылай сұйық жүктерді тасуға арналған автомобиль – цистерналардың жіктелуін, құрылыстарының ерекшеліктерін, бетон араластырғыштардың кейбір көрсеткіштерін анықтауға арналған формулаларды оқып білу.

Жалпы мәліметтер

Бұл жүктердің айрықша қасиеттеріне мыналар жатады:

Төгілгіштік – сусымалы және төгіп тасталатын жүктердің салмақ күштің немесе сыртқы динамикалық әрекеттің әсерімен жылжу қабілеттілігі. Жүктің төгілгіштік қасиетін табиғи құламалық бұрышымен және ысыруға кедергімен сипаттайды.

Табиғи құламалық бұрышы – жүк жазықтығы мен үю негізінің горизонталь жазықтығының арасындағы екі жақты бұрыш (жүк жатқан аудан). Тыныш қалыптағы және қозғалыс кезіндегі табиғи құламалық бұрыш деп бөлінеді. Табиғи құламалық бұрышының шамасы жүктің затына, түйіршіктелу құрамы мен ылғалдылығына байланысты болады. Динамикалық жүктемелердің әсерімен (әсіресе дірілдің) табиғи құламалық бұрышы азаяды және ол нольге тең болуы мүмкін. Осыған байланысты әрқашан қозғалыс кезіндегі табиғи құламалық бұрышы тыныш қалыптағы табиғи құламалық бұрыштан кіші болады.

Ысыруға кедергі жүк бөлшектерінің арасындағы үйкеліс және ілініс күштері болуымен түсіндіріледі. Ылғалды және сусымалылығы төмендеу жүктер (тұтқыр материалдар) зат бөлшектерінің арасындағы ілініс күштерінің ең үлкен шамаларын иемденеді. Жүктің ылғалдылығы өскен сайын ілініс күштері үлкейе бастайды, бірақ кейбір жүктердің (құм, топырақ) ылғалдылық шамасының аумалы мәні болады, сонда ылғалдылық шамасы бұл мәнге жеткенде жүк бөлшектерінің арасындағы ілініс күшінің кенет төмендеуі басталады.

Тығыздалу қабілеті. Жүктің тығыздалуы статикалық және динамикалық жүктемелердің әсерінен болады, олардың әсерімен жүк бөлшектерінің арасындағы бос кеңістіктер жойылады және бөлшектердің өзара ықшам орналасуы іске асады. Тығыздалу дәрежесі жүктің түйіршіктік құрамына, оның кеуектілігіне және қуыстығына байланысты болады және автокөліктік құралдың статикалық жүк көтергіштігін жоғарылатудың негізгі факторы болып табылады.

Шаңдану – заттың өте кішкентай бөлшектерінің ауамен тұрақты қоспалар жасай алу және олардың әжептәуір аралықтарға ауа ағындарымен жету қабілетін түсінеді. Бұған мысал ретінде ұн, цемент, көмір, дәнді дақыл тасымалдағанда және тиеу – түсіру жұмыстарын істегенде шаңдану құбылысын айтуға болады. Жүктің шаңдануы адамдардың жұмысын ауырлатады және жұмыс істегенде арнайы қорғаушы құралдарды қолдануды талап етеді. Жүктердің шаңдануын былай азайтуға болады: ыдыстар мен орауыштарды жетілдіру; арнайы қозғалмалы құрылым, тиеу – түсіру құрылғылары мен қойма жабдықтарын жасау керек.

Абразивтік – жүк бөлшектерінің олармен жанасатын қозғалмалы құрылымның, тиеу – түсіргіш машиналардың, жүк ұстағыш құрылғылардың, басқа жабдықтардың беттерін тоздыру қабілетін түсінеді.

Басылып қалу – жүк бөлшектерінің өзара ілінісу салдарынан, автокөліктік құралдардың шанақтарына, жүк ұстағыш құрылғылардың беттеріне жабысып қалу салдарынан әжептәуір берік біртұтас масса жасау қабілетін түсінеді. Басылып қалу себептері болып мыналар саналады: жоғары орналасқан қабаттардың қысымымен жүк бөлшектерінің нығыздалуы; зат массасының ішінде жүретін химиялық реакциялар; тұздардың кристалдануы және т.б. Басылып қалу дәрежесіне жүктің қасиеттері мен сипаттамасы, сақтау тәртібі және жергілікті климаттық жағдайлар әсерін тигізеді.

Күмбезде пайда болуы – қозғалмалы құрылым бункерінің шығаратын тесігіне күмбезде пайда болу процесі. Бұл сусымалы және төгіп тасталатын жүктерге тән қасиет. Күмбезде пайда болуы тыныш қалпында тұрған жүк бөлшегіне қозғалыстағы бөлшектердің ілінісіп қалу нәтижесінде болады.

Тұтқырлық – сыртқы күштердің әсерімен сұйық бөлшектерінің өзара жылжуына кедергіні сипаттайтын қасиет.Тұтқырлық бөлшектер арасындағы ішкі үйкелісті сипаттайды және молекулалық ілініс күштерімен түсіндіріледі.

Ылғал тартқыштық – жүктердің ауадан ылғалды сору қабілеті.

Ылғалдылық – жүк массасындағы ылғалдың проценттік шамасы. Біршама жүктердің ылғалдылығының жоғарылауы олардың басылып қалуын, тоңазуын, қатпар пайда болуын күшейтеді, сонымен қатар шанақтардың, бункерлердің, жүк ұстағыш құрылғылардың ішкі беттеріне жүктің жабысып қалуы үлкейеді.

Тапсырма. Сусымалы және жартылай сұйық жүктерді тасуға арналған автомобиль – цистерналардың жіктелуін, құрылыстарының ерекшеліктерін, бетон араластырғыштардың кейбір көрсеткіштерін анықтауға арналған формулаларды оқып білу керек.

Әдебиеттер: он бірінші дәріс материалдары, 1 [186-196], плакаттар.

Бақылау сұрақтары:

1) Автомобиль – цемент тасығышқа сипаттама беріңіз.

2) Бетон араластырғыштың технологиялық жабдығының жұмыс істеу принципін айтыңыз.

3) Ауыл шаруашылық жүктерін тасу үшін қандай қозғалмалы құрылым пайдаланады?

4) Бетон араластырғыштың кейбір көрсеткіштерін анықтауға арналған формулаларды жазыңыз.

12 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Контейнер тасығыштар

Мақсаты: Автомобиль – цистерналардың орнықтылығын есептеуді, контейнер тасығыштардың жіктелуін, контейнерлік көліктік жүйенің маңызы, жартылай тіркеме – контейнер тасығыштарға қойылатын талаптарды оқып білу.

Жалпы мәліметтер

Контейнердің техникалық – қолданушылық негізгі параметрлеріне мыналар жатады:

- номиналды жүк көтергіштік;

- контейнердің өзіндік массасы;

- ең үлкен масса брутто (өзіндік масса мен жүк көтергіштіктің қосындысы);

- габариттік өлшемдер: ұзындығы, ені, биіктігі;

- ішкі кеңістіктің көлемі (м3);

- есік өлшемдері (қылта).

Контейнерлерді пайдалану мыналарды қамтамасыз етеді:

- тиеу – түсіру жұмыстарын механикаландыру;

- автокөліктік құралдардың тиеу – түсіру жұмыстарына кететін уақыты азаяды;

- жүктердің сақталуы;

- ыдысқа және орауышқа жұмсалатын шығындар азаяды.

Контейнерлер келесі үш белгі бойынша жіктеледі: қажеттігі, құрылысы, өлшемі.

Қажеттігі бойынша контейнерлер жан-жақты және мамандандырылған деп бөлінеді.

Жан-жақты контейнерлер кең номенклатуралы даналық және аз санды жүктерді тасу үшін пайдаланады.

Брутто массасының шамасы бойынша жан-жақты контейнерлер үш топқа бөлінеді, атап айтқанда, кіші тонналық (2,5 т дейін), орташа тонналық (2,5...10 т) және ірі тонналық (10 т астам).

Ірі тонналық контейнерлер төрт серияға бөлінеді: 1Д – 10 т; 1С – 20 т; 1В – 25 т; 1А – 30 т.

Мамандандырылған контейнерлер жүктердің нақты түрлерін тасуға арналған. Бұл контейнерлер топтық және дербес деп екі топқа бөлінеді.

Топтық мамандандырылған контейнерлер қасиеттері мен тасымалдау шарттары бойынша бірдей болатын жүктер тобын тасуға арналған. Бұл контейнерлер өздерінің құрылыстық ерекшеліктері бойынша әртүрлі болады (изотермиялы, цистерналар, рефрижераторлар және т.б.).

Дербес мамандандырылған контейнерлер айрықша жүктерді тасуға арналған, сонда басқа жүктерден кейін бұл жүктерді тасуға болмайды, әлде бұл жүктерден кейін басқа жүктерді тасуға болмайды (улы заттар).

Құрылыстары бойынша контейнерлер ашық, жабық, алмалы-салмалы, жинақталатын, жұмсақ болуы мүмкін.

Ашық контейнерлердің жабық контейнерлерге қарағанда бір немесе бірнеше құрылыстық элементтері болмайды (төбесі, бүйір қабырғалары).

Жабық контейнерлер жүкті сыртқы әсерден, жауын-шашыннан қорғайды. Жан-жақты контейнерлер әдетте жабық болады, олар жүкте жауын-шашыннан және механикалық зақымданудан қорғайды.

Алмалы-салмалы және жинақталатын контейнерлер жүксіз кезінде сақтау және тасымалдау ыңғайлы болады.

Жұмсақ контейнерлер – тиеу – түсіру кезінде өздерінің пішіндері мен өлшемдерін өзгертеді. Мамандандырылған контейнерлер жұмсақ болуы мүмкін және сусымалы және сұйық жүктерді тасуға қолданады.

Өлшемдері бойынша контейнерлер халық аралық стандартарға сәйкес жіктеледі. Сонда халық аралық жүк тасымалы іске асырылады.

Тапсырма. Автомобиль – цистерналардың орнықтылығын есептеуді, контейнер тасығыштардың жіктелуін, контейнерлік көліктік жүйенің маңызы, жартылай тіркеме – контейнер тасығыштарға қойылатын талаптарды оқып білу керек.

Әдебиеттер: он екінші дәріс материалдары, 1 [196-206], плакаттар.

Бақылау сұрақтары:

1) Қозғалыс кезінде автоцистернаның орнықтылығы қандай көрсеткішпен бағаланады?

2) Контейнерлер қалай жіктеледі?

3) Жартылай тіркеме – контейнер тасығышқа сипаттама беріңіз.

4) Жартыла тіркеме – контейнер тасығыштарға қандай талаптар қойылады?

13 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Жүк көтергіш құрылғылары бар автокөліктік құралдар

Мақсаты: Шанақтары түсіріліп тасталатын автокөліктік құралдардың жіктелуін, артықшылықтарын, автомобиль – фургонның жүк көтергіш бортының құрылысы мен жұмыс істеу принципін, шанақтары түсіріліп тасталатын автокөліктік құралдардың түрлерін және құрылыстық ерекшеліктерін оқып білу.

Жалпы мәліметтер

Қазіргі кезде автомобиль - өзі тиегіштер қажеттіктері мен құрылыстық типтері бойынша әртүрлі автокөліктік құралдар модельдерінің негізінде жасалады. Осыған байланысты автокөліктік құралдардың негізгі жіктелу белгісі болып құрылыстық ерекшеліктер мен қолданушылық қасиеттер табылады (тасылатын жүктің типі, автокөліктік құралдың сипаттамасы, жүк көтергіш құрылғының сипаттамасы). Бұл автокөліктік құралдар өздері жүкті тиеп – түсірумен қатар, тек қана тиейтін немесе тек қана түсіретін құрылғылармен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Тасылатын жүктің типі бойынша автомобиль - өзі тиегіштер былай бөлінеді: ыдысты – оралған және даналық жүктерді жеткізуге арналған, контейнерлер мен пакеттерде тасылатын жүктерді тасуға арналған, ұзын өлшемді пакеттелген және пакеттелмеген жүктерді, ұнтақ, төгіп тасталатын, сұйық жүктерді, түсіріліп тасталатын шанақтарды тасылатын жүктерді, ауыр және ірі габаритті жүктерді тасуға арналған, технологиялық жабдықтарды тасуға арналған.

Тиеу – түсіруге арналған жабдықтар орналастырылатын негізгі автокөліктік құралдың сипаттамаларына оның типі, құрамы, жүк көтергіштігі және жүргіштігі жатады.

Негізгі автокөліктік құралдың типі бойынша автомобиль - өзі тиегіштер жалпы қажеттікті және мамандандырылған деп бөлінеді (жіктелу құрылыстық ерекшеліктерге байланысты жүктік автокөліктік құралдар сияқты).

Негізгі автокөліктік құралдың құрамы бойынша автомобиль - өзі тиегіштер жалғыз автомобиль түрінде, тіркемелі немесе тұғырлы автопоезд түрінде болуы мүмкін.

Негізгі автокөліктік құралдың жүк көтергіштігі бойынша кіші – 2,5 т дейін, орташа – 2,5...6 т, үлкен – 6 т астам және өте үлкен – масса бойынша жол талаптарының белгілеген шегінен үлкен.

Негізгі автокөліктік құралдың жүргіштігі бойынша жолдық, жоғарылатылған және жоғары жүргіштікті, сонымен қатар жолсыздық деп бөлінеді.

Жоғарыда көрсетілгеннен басқа автомобиль - өзі тиегіштердің маңызды қолданушылық қасиеттеріне мыналарды жатқызады.

Негізгі автокөліктік құралға жүк көтергіш құрылғыны орнату күрделігі. Орнату жасайтын заводта орындалатын тұрақты жүк көтергіш құрылғылары бар автокөліктік құралдар, өйткені негізгі автомобильдің құрылысын өзгертуге тура келеді (әдетте шанақты) және негізгі автомобиль құрылысын өзгертуді талап етпейтін түсіріліп тасталатын жүк көтергіш құрылғылар.

Тиеу – түсіру операцияларының орындалу ыңғайлығы автомобиль - өзі тиегіштің тиеу және түсіру жұмыстарында еңбек және уақыт шығындарының қаншалықты болатынын ескерілгенін көрсетеді. Бұл қасиет автомобиль шанағының құрылысына байланысты болады және жүкті тиеу биіктігімен бағаланады, сонымен қатар тиеу – түсіру жұмыстарының шанақтың бір, екі немесе үш жағынан, қызмет көрсету ауданының өлшемі мен шолулығымен, басқару пультінің орналасуымен анықталады.

Тиеу – түсіру операцияларын орындауға даярлық жүк көтергіш құрылғыны жұмысқа дайындауға кететін және оны жұмыстық жағдайынан тасымалдау жағдайына өткізуге керекті уақытпен сипатталады. Бұл уақыт автокөліктік құралдың тиеу – түсіруде тұру уақытын қысқартуға әсерін тигізеді және даярлық уақыттың автомобиль - өзі тиегіштің бір тонна пайдалы жүк көтергіштігіне немесе автокөліктік құралдың тиеу – түсіру операциясын орындауға кететін барлық уақытқа қатынасымен бағаланады.

Автомобиль - өзі тиегіштің жүк көтергіштігінің азаю дәрежесі жүк көтергіш құрылғының өзіндік массасына байланысты болады және жүк көтергіштік шығынының коэффициентімен бағаланады және ол жүк көтергіш құрылғы массасының негізгі автомобильдің жүк көтергіштігіне қатынасымен анықталады.

Автомобиль - өзі тиегіштің тиеу – түсіру операциясын орындау кезіндегі маневрлігі оның жұмыс орнында тұрған жүк көтергіш құрылғымен қозғалу қабілеттілігін сипаттайды. Тиеу – түсіру операцияларын орындау кезінде маневрлік мүмкіндігін иемденетін автомобиль - өзі тиегіштер мұндай мүмкіндіктері жоқ автокөліктік құралдармен салыстырғанда оларды орындау үшін аз уақыт жұмсайды. Дегенмен тиеу – түсіру кезінде маневр жасау керектігі бұл операцияларды орындағанда қосымша уақыт шығындарына душар болады.

Автомобиль - өзі тиегіш көмегімен тиеу – түсіру операцияларын орындау еңбек сыйымдылығы бұл процестің механикалану дәрежесін сипаттайды және бір тонна жүкті тиеуге немесе түсіруге керекті еңбек шығындарымен бағаланады (адам – сағат).

Негізгі автомобиль қозғалтқышынан жүк көтергіш құрылғыға қуат келтірілетін автомобиль - өзі тиегіштің отын үнемділігі жасалған жүк массасының бірлігіне немесе жүк көтергіш құрылғының жұмыс уақытының бірлігіне шағып алынған отын шығынымен бағаланады. Әрине мұндай жетек болуы тиеу – түсіру операцияларын орындауға байланысты қосымша отын шығындарына әкеледі.

Автомобиль - өзі тиегіштің әртүрлі жағдайларды пайдалану ыңғайлығы тіркемемен жұмыс істеу және басқа автомобильдерде тиеу – түсіру жұмыстарын жүргізу мүмкіншілігімен бағаланады.

Тапсырма. Шанақтары түсіріліп тасталатын автокөліктік құралдардың жіктелуін, артықшылықтарын, автомобиль – фургонның жүк көтергіш бортының құрылысы мен жұмыс істеу принципін, шанақтары түсіріліп тасталатын автокөліктік құралдардың түрлерін және құрылыстық ерекшеліктерін оқып білу керек.

Әдебиеттер: он үшінші дәріс материалдары, 1 [206-223], плакаттар.

Бақылау сұрақтары:

1) Мамандандырылған автомобильдерде қойылатын стандартты жүк көтергіш құрылғылардың түрлерін айтыңыз.

2) Автомобиль – фургонның жүк көтергіш борты қалай жұмыс істейді?

3) Шанақтары түсіріліп тасталатын автокөліктік құралдардың құрылыстарының ерекшеліктерін айтыңыз.

4) Шанақтары түсіріліп тасталатын автокөліктік құралдардың шанақтарын орталыққа дәл келтіру қалай іске асырылады?

14 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Автомобиль және автопоезд – фургондар

Мақсаты: Фургондардың жіктелуін, оларға қойылатын жалпы талаптарды, құрылыстарының ерекшеліктерін, изотермиялы қозғалмалы құрылымның қажеттігін, рефрижератордың шанағы мен жабдығына қойылатын талаптарды оқып білу.

Жалпы мәліметтер

Автомобиль – фургондардың кең қолдануы олардың келесі негізгі артықшылықтарына байланысты болады:

- тасылатын жүктің сапасы мен мөлшері өте жақсы сақталады (әдетте өте қымбат жүктер);

- жеңіл жүктерді тасығанда жүк көтергіштікті пайдалану коэффициенті біршама үлкейеді, жүктерді үлкен биіктікке қалу арқасында жүктің жолшыбай сақталуы қамтамасыз етіледі;

- тасымалдау кезінде жүк жіберушінің пломбасы болуына байланысты жүктерді алып баратын экспедиторлардың керектігі болмайды;

- ыдысқа және жүкті орауға кететін шығындар азаяды.

Дегенмен автомобиль – фургондарды пайдаланғанда олардың кемшіліктерін ескеру керек, олардың негізгілеріне мыналар жатады:

- негізгі моделдермен салыстырғанда жүк көтергіштіктің азаюы;

- шанақ – фургонның құны үлкен болады;

- қозғалмалы құрылымның техникалық қарауы мен жөндеуіне кететін шығындар жоғарылайды;

- кей кездерде жүктерді тиеу және түсіру процестері күрделі болуы мүмкін.

Тапсырма. Фургондардың жіктелуін, оларға қойылатын жалпы талаптарды, құрылыстарының ерекшеліктерін, изотермиялы қозғалмалы құрылымның қажеттігін, рефрижератордың шанағы мен жабдығына қойылатын талаптарды оқып білу керек.

Әдебиеттер: он төртінші дәріс материалдары, 1 [223-233], плакаттар.

Бақылау сұрақтары:

1) Автомобиль – фургондармен қандай жүктер тасылады?

2) Автомобиль – фургондарды жобалағанда қандай талаптарды ескеру керек?

3) Автомобиль – фургондарға қойылатын қосымша құрылғыларды айтыңыз.

4) Рефрижераторларды кластарға бөлу қандай параметрге негізделген?

15 – практикалық сабақ

Тақырыбы: Изотермиялы фургондардың жылу техникалық есебі

Мақсаты: Изотермиялы фургондардың жылу техникалық есебін жүргізу тәртібін оқып білу.

Тапсырма. Изотермиялы фургондардың жылу техникалық есебінің мақсаты мен мәселелерін, есепті жүргізу үшін керекті бастапқы мәліметтерді таңдауды, есепті жүргізу тәртібін оқып білу керек.

Әдебиеттер: он бесінші дәріс материалдары, 1 [233-238].

Бақылау сұрақтары:

1) Изотермиялы қозғалмалы құрылымның жылу техникалық есебі қандай мақсатпен жүргізіледі?

2) Есепті жүргізу үшін қандай бастапқы мәліметтер керек?

3) Есепті жүргізгенде қандай әдіс қолданады?

4) Есептік жылу беріс коэффициенті қалай анықталады?