
- •5.31. Сурет. Соңғы станцияның структуралық сұлбасы
- •5.32 Сурет. Цтж соңғы станциясының уақыттық диаграмасы
- •5.33 Сурет. Цтж уақыт спектрі
- •4.2 Цифрлы тарату жүйесінің (цтж) синхронизациялау принципі
- •Сөз 4.1 цтж тактілік синхронизация принциптері.
- •Сөз 4.2 Цифрлы тарату жүйесінің (цтж) генераторлық жабдығы
№4 Дәріс. ИКМ – де көпарналы аппаратураның құрылуы
ЦТЖ шеткі станциясының құрамына телефон сигналдарын тарату үшін жеке және топтық жабдықтар кіреді. N – арнаның жеке құрылғы түйіндері ьір типті және 5.31- суретте бір арналы жеке жабдығы көрсетілген.
Абоненттен сигнал арнаның кірісіне екі сыммен кіреді және дифференциялды жүйе арқылы трактіге таратылады. Жеке жабдықтың әрбір арна үшін тарату бөлігі ТЖ күшейткіші ТЖС, ТЖЖ АИМ сигналынан тұрады. ТЖС – де таратылатын сигнал (Fa = 3,4 кГц ) спектрмен шектеледі, ол сигналды сигменттеу үшін қажет. Модуляторда аналогты сигнал уақыт бойынша дискреттеледі, нәтижесінде АИМ арналы сигнал қалыптасады, ол арналық санаулардың тізбектелуін көрсетеді. Араналық АИМ сигналдар барлық арналары үшін топтық АИМ сигналға бірігеді.
Тарату трактінде топтық жабдықтар кодалау алдында топтық АИМ1 сигнал АИМ2 түріне түрленеді (5.32 – суретті қара). Кодалап құруда АИМ сигналдың тізбектелген сызықты емес санаулардың кодалануы жүзеге асады. Нәтижесінде кодер шығысында ИКМ топтық цифрлық сигнал қалыптасады. Төменде белгіленгендей жүйенің тарату циклында ақпараттық символдардың қалыптасуы үшін қосымша сигнал қатарын қосу керек. СУВ сигналы АТС – ке түсу үшін таратушы бөліктің кірісіне сәйкестендіруші құрылғы да (СҚ) сигналдар цифрлы түрге түрленеді. Нәтижесінде ФЦ шығысында толық цифрлы ағын қалыптасады, оның циклдык құрылымы бар, негізгі параметрлері қатаң регламенттелген. Цифрлы сигнал ЦҚ шығысында өрістік цифрлық ағынды көрсетеді.
Байланыс жолында мұндай сигналды тарату қиынға түседі сондықтан өрістік екілік кода (КТ) түрлену кодасына таратылғанда екіполярлы кодаға түрленеді, параметрлері сұранысқа жауап береді.
Сызықтық трансформаторлар көмегімен (СТ) аппаратпен байланыс жолының сәйкестігін қамтамасыз етеді және қайтагенерациялау сызығымен қашықтан қоректендіру (ҚҚ) блоктары қосылады. 5.31 суретте көрсетілген- дей қашықтан қоректендіру осы кезде тізбектегі тұрақты ток болады (СТ) орта нүктесін қолданады) «сым – сым» жүйесі бойынша.
Қабылдау күре жолында цифрлы сызықты сигнал станциялық қайта генерациялауға (СҚ) бұрмалану арқылы түседі, мұнда сигналдың негізгі параметрлері қалыпқа келтіріледі (амплитуда, ұзақтық, период). Кода түрлендіру (КТ) шығысында өрістік екілік сигнал қалпына келтіріледі, синхросигнал қабылдағышы (СҚ) көмегімен циклдік сигнал және асқын- циклді синхросигнал бөлінеді,генераторлық жабдық (ГЖ) қабылдауын бас- қарушылар: сигналды басқару және нақтылығы (СБН) және ДИ символдары,
Декодалық құрылғы (ДҚ) жеке арна топтарын декодалайды, декодер шығысында топталған АИМ сигнал пайда болады. Жабдықтың басты бөлігінде қабылдау уақыт селекторы (УС) көмегімен топтық АИМ сигналың арнасын бөледі.
5.31. Сурет. Соңғы станцияның структуралық сұлбасы
ФНЧ көмегімен АИМ арнасының кемуі бөлінеді, кіріс аналогты сигнал қалпына келтіріледі, олар УНЧ арқылы күшейтіліп ДС арқылы абонентке түседі.
Соңғы станцияның негізгі түйінднрінің жұмысын (ГЖ) генераторлық жабдық басқарады, керекті импульстер (мысалы,дискретизация жиілігі Рл , такті жиілігі Ғт және т.б.)
5.32 суретте уақыт диаграммасы көрсетілген, цифрлы тарату жүйесі (ЦТЖ) соңғы станция жұмысын түсіндіреді. Сигналдардың бұрмалаусыз шарты және m= 4 ( бақылау нүктелері 5.31 суретте көрсетілген).
Цифрлы тарату жүйесі (ЦТЖ) цифрлы топтық сигналдың үзіліссіз циклін береді (циклдік тарату арналарды уақытша бөлу талабына негізделген). Таратылу циклімен уақыт интервалын білеміз, онымен жеке кодалық комбинациялар (немесе разрядтар) бүкіл N арналы тарату жүйесі және nсл қызмет сигналдарға керекті символдар (СУB, ДИ және т.б.синхросигналдар) таратылады.
ЦТЖ үшін, аналогты – цифрлы түрлендіргіштер болатын сигналдарды кодалау ( мысалы,ИКМ – 30, ИКМ – 15) цикл ұзақтығы Гц дискретизация периодына Тд тең алынады, Гц = Tд = 125мкс (Рл 8кГц тең кезінде).
Тц циклының ұзақтығы n импульсті позицияның ортақ саны қатаң сақталады және қызмет сигналдарын әртүрлі ақпараттарды жібереді. Сонымен, циклдің әрбір импульсті позициясы анықталған түрдің сигналына бекітеді.
Базалық ЦТЖ (мысалы, ИКМ – 30) тарату цикілі (5.33 сурет) арналық интервалдар Л бөлінеді, сондықтан NКИ = Nинф + Мсл,
мұнда - Nинф – ақпараттық интервал саны, арна санына N тең,
Мсл – қызмет арнасының интервал саны, қызметтік сигналдарды тарату үшін бөлінген.
Негізі келесі арналық интервалдың номерленуі қабылданады: КИ0 , КИ6 , КИ2 ,КИ3 ...КИлг – 1.
Көріптұрғанымыздай, арна интервалының ұзақтығы Тки = Тц / Мки . Әрбір арна интервалы m импульс позициясынан тұрады (m = 8, өйткені сегізразрядты сызықты емес код қолданылады), оларды тактілік интервал (ТИ) деп те атайды.
5.32 Сурет. Цтж соңғы станциясының уақыттық диаграмасы
ТИ ұзықтығы, Тти = Тки/ m , ал ТИ тарату цикілінде ортақ саны n=mNки. Әрбір тактілік интервалда екілік символ ( 1 немесе 0) таратылуы мүмкін, көбінесе импульстерді тарату 2 тең.,импульс ұзақтығы(1)Ти = 0.5Тти.
5.33 Сурет. Цтж уақыт спектрі
СУВ тарату үшін барлық N телефон арналарында М цикілынан тұратын асқынцикл ұйымдастырылады. (5.33 суретті қара). Әрбір циклдің асқынцикілі СУВ – ді таратуы бір КИ – да кезек бойынша тек бір немесе екі телефон арнасында беріледі. Екінші M = N/2+ l. Цикілдің асқынцикілінде келесі номерлеу қабылданған: Ц0 , Ць , U2 , асқын цикілді синхросигнал таратылады, ол асқынциклдің басын білдіредіжәне қабылдау станцияларында телефон арнасында СУВ дұрыс бөлуді қамтамасыз етеді. СУВ тарату барлық телефон арнасының әрбір цикілінда асқынциклдің ұйымдастырылуы болмаса қызмет ақпаратының көлемінің үлкейіп кетуіне әкеледі, негізі ең қысқа басқару сигналы және әсерлері тарату цикілін он есе көбейтеді. Қызмет ақпаратың көлемінің өсуі тарату жылжамдығын өсіреді (ақпарат арналарының саны сақталатын болса) немесе ақпарат арналарының санының кемуіне әкеп соғады.