- •Жоспар:
- •Белоктардың жалпы сипаттамасы
- •Белоктардың құрамы және құрылысы.
- •Белоктардың биологиялық маңызы.
- •Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері
- •Белок молекуласының 1, 2, 3 және 4 реттік құрылымы.
- •Белоктарды бөлу және тазалау әдістері
- •Лактатдегидрогеназаның және пепсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттер, атқаратын қызметі.
- •Ақуыз синтезінің проблемасы
- •Альбумин мен трипсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттер, атқаратын қызметі.
- •Миоглобин мен химотрипсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттер, атқаратын қызметі.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Миоглобин мен химотрипсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттер, атқаратын қызметі.
Миоглобин
Миоглобин
Миоглобин (мио және глобин – гемоглобиннің ақуызды бөлігі) – күрделі ақуыз, омыртқалы жануарлар мен адамның бұлшық еттерінде оттекті тасымалдайтын глобулярлы ақуыз. Ет тінінде молекулалық оттекті клеткалардың тотықтыру жүйесіне тасымалдайды. Миоглобинның молекуласы бір полипептидтік тізбектен (153 амин қышқылдары қалдықтары бар) және гемнен (2 валентті темірі бар порфириннің кешенді қосылысы) тұрады. Оның молекулалық массасы 17000. Ет тіні жиырылғанда капилляр қантамырларының жиырылуы нәтижесінде оттектің парциалды қысымы кенет төмендеген кезде Миоглобиннен жұмыс істеп тұрған бұлшық етке қажетті оттек бөлініп шығады. Миоглобин, әсіресе, теңіз сүтқоректілерінің (әсіресе, су астында ұзақ уақыт тіршілік ететін) – дельфиндер (3,5%) мен итбалықтардың (7,7%) бұлшық еттері Миоглобинге бай болады. Миоглобиннің үш өлшемді құрылымы рентгендік құрылымдық талдау әдісімен анықталған бірінші ақуыз (1957 – 60 жылдары)
Химотрипсин ішекте асқорытылу жағдайында, аминқышкылдарының. ақуыздарының, пептидтерінің, амидтерінің және күрделі эфирлерінің ыдырауын шапшандататын, я баяулататын ұйқыбез сөлдері ферменті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Сағатов К. «Биологиялық химия» Оқу құралы, Алматы, Ы. Алтынсарин 1998 ж. 208 б. 2. Сейтембетова Амангүл, Лидодии Станислав «Биологиялық химия» Алматы, «Білім» 1994 ж. 304 б. 3. Несіпов, Төлқұтай «Адам және жануарлар физиологиясы» Алматы, «Ғылым» 2005 ж. 304 б. 4. Төленбек Исатай «Хайуанаттар мен адамдардың биофизикасы» Алматы, «Білім» 2002 ж. 328 б. 5. Аблаев, Нйколай Романович «Биохимия в схемах и рисунках» Алматы, «Ғылым» 2001 ж. 288 стр.
