- •Жоспар:
- •Белоктардың жалпы сипаттамасы
- •Белоктардың құрамы және құрылысы.
- •Белоктардың биологиялық маңызы.
- •Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері
- •Белок молекуласының 1, 2, 3 және 4 реттік құрылымы.
- •Белоктарды бөлу және тазалау әдістері
- •Лактатдегидрогеназаның және пепсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттер, атқаратын қызметі.
- •Ақуыз синтезінің проблемасы
- •Альбумин мен трипсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттер, атқаратын қызметі.
- •Миоглобин мен химотрипсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттер, атқаратын қызметі.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ақуыз синтезінің проблемасы
Белокты синтездеу проблемасының теориялық және практикалық маңызы бар. Белок молекуласының күрделі болуына байланысты қазіргі уақытқа дейін ақуыз синтезі толық іске аспай отыр. Белок молекулалары үздіксіз қозғалыста болады. Белок молекулаларын синтездеуге әрекет жасаған ғалымдардың сәтсіздіктерінің себебі де осында болуы мүмкін. Белок молекулаларының үздіксіз өзгеруін анықтайтын заңдылықтарды түсіну — қазіргі ғылымның ең басты міндеттерінің бірі. Жоғары деңгейлі ағзаларда ақуыз биосинтезі таңғаларлықтай тез жүреді: 350аминқышқылынан тұратын полипептид бар болғаны 10 секундта түзіледі! Белок синтезінің құпия сырын ашу көптегек вирус ауруларын жеңуге мүмкіндік береді, жаңа химиялық талшықтар мен пластмассалар жасауға, тамақ және химия өнеркәсібінде жаңа өндіріс процестерін ойлап табуға көмектеседі.Алғаш рет қарапайым ақуызды заттар, гипофиздің гормондары вазопрессин мен окситоцин алынды. Одан басқа ақуыз синтездеудегі зор табыстарға инсулин мен интерферон алу жатады. Полипептидтік теория ашылғаннан бері ақуыздық қасиеттері бар полипептидтер синтезделіп, жемдік қоспа, дәрі-дәрмек ретінде қолданылып жүр.Қазіргі замандағы маңызды міндеттердің бірі — синтездік тағам жасау проблемасы. Соның ішінде ақуыздық тағам түрлерін алу бірінші кезекте түр. Бұл салада академик A. Н. Несмеянов бастаған ғалымдар тобы жұмыс істеп, біраз жетістіктерге жетті. Мысалы, сапасы жөнінен табиғи түрінен кем соқпайтын қара уылдырық синтездеп алды.
Альбумин мен трипсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттер, атқаратын қызметі.
Альбумин (лат.albus-ақ) -деген мағынаны береді.Альбумин-бұл адам организминде соның ішінде, қанда болатын маңызды белок компаниенті болып табылады. Табиғатта оны жұмыртқаның ақ уызынан немесе кейбір өсімдіктерден синтездеп алуға болады.Альбумин адам бауырында аса маңызды қызмет атқарады.Қанның құрғақ затында 60% болады.Бұл ретте альбуминның молекулалары едәуір жас, сол себептен альбумин плазманың осмот қысымына жауап береді.Альбуминнің тағы бір қызметі - қан тасымалдау.Альбуминнің молекуласының ілігіне және кішілігіне байланысты олар организмге өте қажет.Мысалы: билирубин.
Альбумин
Трипсин —
асқазан безінің ферменті —белоктарды амин қышқылдарына
дейін ыдыратады. Шіріген ұлпаларды,
ұйыған қаиды, бездердің шығаратын қою
затын жібітеді. Қабыну процесін басады.
Бұл ферменттің қасиеті периодонтитті
электрофорез әдісімен емдегенде, яғни
тіс түбіріне тұрақты ток арқылы
бағыттағанда байқалады. Тіс каналын микробтан және
жұмсарған дентин қалдықтарынан
арылтып,периодонтит бетін
қайтарады. Трипсин
— протеолиттік фермент.
Өте таңдамалы қызмет атқарады. Негізгі
амин-қышқылдарыныц (лизин,аргинин)
арасындагы байланысты ыдыратады.
Белоктардың бірінші сатылы құрылымын
зерттеуде және белоктар мен
нуклеопротеидтерді беліп алу үшін-
кеңінен қолданылады. Қызметіне ыңгайлы
рН—7,8—8,0. Вирусологияда тканьдарды
езіп торшалар өсіндісін алу және оларды
шыны бетінен сылу үшін қолданылады.
