
- •Жоспар:
- •Белоктардың жалпы сипаттамасы
- •Белоктардың құрамы және құрылысы.
- •Белоктардың биологиялық маңызы.
- •Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері
- •Белок молекуласының 1, 2, 3 және 4 реттік құрылымы.
- •Белоктарды бөлу және тазалау әдістері
- •Лактатдегидрогеназаның және пепсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттер, атқаратын қызметі.
- •Ақуыз синтезінің проблемасы
- •Альбумин мен трипсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттер, атқаратын қызметі.
- •Миоглобин мен химотрипсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттер, атқаратын қызметі.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар:
Кіріспе
Қарастырылатын сұрақтар:
Белоктардың аминқышқылдық құрамы, құрылысы, қасиеттері, биологиялық маңызы.
Белоктардың физикалық-химиялық қасиеттері.
Белок молекуласының 1 және 2 реттік құрылымы.
Белок молекуласының 3 және 4 реттік құрылымы.
Белоктарды бөліп алу және тазарту әдістері.
Лактатдегидрогеназаның және пепсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттер, атқаратын қызметі.
Белоктар құрамын анықтау әдістері (сапалық, сандық мөлшері, химизмі. C-шеткі және N-шеткі амин қышқылдарын анықтау).
Альбумин мен трипсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттер, атқаратын қызметі.
Миоглобин мен химотрипсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттер, атқаратын қызметі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Белоктардың жалпы сипаттамасы
Тіршілік – материя қозғалысының ерекше, күрделі формасы. Оның маңызды белгілері – тітіркену, өсіп - өну, көбею. Материяның ең жоғарғы формасы – ойлау. Бұлардың барлығының негізінде зат алмасу жатады. Тіршіліктің мәнін құрайтын да – осы зат алмасу. Зат алмасу белоктармен және нуклеин қышқылдарымен тығыз байланысты. Белоктар – тіршіліктің негізгі нышаны. Белок жоқ жерде тіршілік те жоқ. Белоктар өмірдің материалдық негізі болып есептелінеді.
Белок деген ат ең алғаш құс жұмыртқасының ақ затына берілген. Ол қыздырғанда ерімейтін ақ затқа айналып ұйып қалады. Кейіннен дәл сондай заттар жануарлар мен өсімдіктердің организмінен де бөліп алынады.
1839 жылы голландия ғалымы Мульдер бұл заттың тіршіліктегі аса маңызына көңіл аударып белокты «протеин» (грек. Protos – ең басты, ең маңызды) деп атауды ұсынды.
Белоктар немесе протеиндер деп молекуласы α – амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы органикалық қосылыстарды айтады.
Белок – организмдегі заттардың ең күрделісі, ал оның элементтік құрамы айтарлықтай қарапайым болып келеді. Онда 50-55% көміртек, 21-24 % оттек, 15-18 % азот, 6,5-7,5 % сутек, 0,3-2,5 % күкірт,1-2 % фосфор болады.
Кейбір белоктарда өте аз мөлшерде (0,3-0,00001 %) темір, мыс, йод, марганец, бром, кальций, мырыш және т.б. кездеседі.
Организмде белок алуан түрлі қызмет атқарады. Белоктың ең басты қызметі – жеделдету (катализаторлық). Себебі, барлық тірі организмдерде зат алмасу реакциялары ферменттердің барлығы белоктардан құралған.
Көпшілік гормандар белоктар болып келеді. Мысалы, оған жататындар : ұйқы безінің гормоны – инсулин, қалқанша безінің гормоны – тироксин, бүйрек үсті безінің гормондары – адреналин, ми қабатының гормондары – соматотропин, окситоцин, вазопрессин және т.б.
Заттарды тасымалдауда да белоктын маңызы зор. Заттардың клетка мен органоидтар ішінде қозғалуын белок реттеп отырады, яғни оларды активті түрде тасымалдайды. Соңғы кезде клетка мембранасының құрамында түрлі тасымалдаушы белоктардың (АЦБ) болатыны анықталды.
Белок қорғаныштық қызмет атқарады. Ол организмнің иммундық (ауруға төтеп беру) қасиеттерін жүзеге асырады.
Қанның ұюы да белоктың қорғаныстық қасиетіне мысал бола алады. Қанның сарысуындағы фибриноген белогы фибринге өзгеріп, ақыры – фибрин шөгіп ұйыққа айналады. Сөйтіп, жарақаттанған қан тамыры түтігін бітеп, организмнің қансырауына жол бермейді.
Гемоглобин және миоглобин белоктарының арқасында өкпедегі және тканьдегі газалмасу, яғни тыныс алу және тыныс шығару жүзеге асырылады.
Белоктар – энергияның көзі. 1 г белок тотыққанда 17,2 кДж (4,1 ккал) энергия босап шығады. Сонымен бірге белоктың тағы бір маңызды қызметінің бірі – оның құрылыс материалдары ретінде пайдаланылуы. Олар тіреу, бұлшықет және жабын тканьдерінің (сүйек, шеміршек, сіңір, тері) негізін құрайды.