
- •1.4 Корпорацияның қаржылық саясаты
- •Тақырып 3 Корпорацияның ұзақ мерзімді активтері
- •3. Негізгі құралдардың қозғалысын және тиімді пайдаланылуын бағалау.
- •Тақырып 4 Корпорацияның айналым капиталы
- •3. Отандық тәжірибеде өндіріс шығындары экономикалық элементтері бойынша жоспарланады. Шығындарды элементтері бойынша жоспарлау өндіріс шығындарының сметасы бойынша жүзеге асады.
- •2. Корпорация табысының жіктелуі және рентабельділігі.
- •3. Табыстарды жоспарлау. Корпорация пайдасын жоғарылату үшін оны алдын-ала жоспарлау қажет. Жалпы барлық корпорацияда пайда алдын-ала жоспарланады.
- •Негізгі оқу әдебиеттері
- •Қосымша әдебиет
- •Тақырып 7 Компанияның меншік капиталы
- •Қосымша әдебиет
- •Тақырып 8 Корпорацияны қарыз көздерінен қаржыландыру
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі оқу әдебиеттері
- •Қосымша әдебиет
- •3. Қаржылық жоспарлау бірнеше сатыдан тұратын күрделі процесті қамтиды:
- •Қосымша әдебиет
- •Тақырып 10 Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары
- •3. Корпорация өтімділігі негізінен алғанда баланс өімділігімен сипатталады. Сондықтан корпорация өтімділігін талдау үшін баланс өтімділігі көрсеткіштері зерттеледі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі оқу әдебиеттері
- •Қосымша әдебиет
- •Тақырып 11 Корпорацияның қаржылық қабілетсіздігі және қаржылық сауықтырылуы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі оқу әдебиеттері
- •Қосымша әдебиет
- •Тақырып 4 Корпорацияның айналым капиталы
- •Тақырып 5 Корпорация өнім өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындары және басқа да шығыстары
- •Тақырып 6 Корпорация табыстарының қалыптасуы және бөлінуі
- •Тақырып 7 Компанияның меншікті капиталы
- •Тақырып 8 Корпорацияны қарыз көздерінен қаржыландыру
3. Табыстарды жоспарлау. Корпорация пайдасын жоғарылату үшін оны алдын-ала жоспарлау қажет. Жалпы барлық корпорацияда пайда алдын-ала жоспарланады.
Пайданы жоспарлау – қаржылық жоспарлаудың белгілі бір бөлігі болып табылады. Ол корпорация қызметінің барлық түрлері бойынша жеке-жеке жүргізіледі. Негізгі істі қаржы менеджері атқарады. Мұның барлығы арнайы әдістерді қажет етеді. Қаржылық жоспарды өңдеу процесі кезінде пайда көлеміне әсер ететін барлық факторлар ескеріледі және әр түрлі басқару шешімдерін қабылдауға байланысты қаржылық нәтижелер қарастырылады.
Жалпы экономикасы дамып келе жатқан елдердің корпорацияларында пайданы 3 жылдан 5 жылға дейін алдын-ала жоспарлап алады. Ал экономикасы тұрақтанбаған елдерде аз уақытқа, яғни жарты жылға жоспарланып отырады.
Пайда жоспары корпорацияның қаржылық моделі ретінде көрінеді. Осы жоспарлаулдың жобасы бойынша әр түрлі басқару шешімдердің тиімділігі қарастыорылады. Мұнда еңбек шығынын азайту ретінде компьютерлік технологияны пайдалану қолданылады.
Жалпы табысты жоспарлаудың келесідей негізгі әдістері бар: тікелей есептеу және аналитикалық.
Тікелей есептеу әдісі өнім ассортименті аз болған жағдайда қолданылады. Оның мәні табыстың өнім өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімінің өзіндік құнының айырмашылығы ретінде есептелуінде.
Табысты жоспарлаудың аналитикалық әдісі өнім көп ассортиментпен өндірілген жағдайда қолданылады. Бұл әдістің артықшылығы табысқа жекеленген факторлардың әсерін анықтауға үмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
Кәсіпкерліктің дамуындағы табыстың орны анықтау керек. Корпорацияның табыстылығы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Шартты есептер құрастырыңыз. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші ұғымын айтыңыз. Корпорация табыстарына есепті кезеңдегі активтердің көбеюі /ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын/ және міндеттемелердің азаюы /өтелінуі/ негізінде капиталдың көбеюін /үлес қосушылардың жарналарынан басқа/ яғни экономикалық пайда табуды есептеп беріңіз.
Корпорация табысының жіктелуі және рентабельділігін түсіндіріңіз.Негізгі қызметтен алынған табыстарға корпорация жүйесінде не жатады? Ал корпорацияның негізгі емес қызметінен түскен табыстары дегеніміз не? Корпорациядағы таза пайдасын көздер бойынша бөліңіз.
Корпорация пайдасын жоғарылату үшін оны алдын-ала жоспарлау қажет. Мысал келтіріңіз.
Табысты жоспарлаудың аналитикалық әдісі өнім көп ассортиментпен өндірілген жағдайда қолданылады. Бұл әдістің артықшылығын анықтаңыз.
Негізгі оқу әдебиеттері
Кадерова Н.Н. Корпоративтік қаржы:Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2008.-376бет
Бұлақбай Ж.М. Корпоративтік қаржы.Оқу құралы.-Астана, 2010.-228бет
Закон РК "О регистрации сделок с ценными бумагами в РК" от 5.03.2008 г.
Закон РК "Об акционерных обществах" от 10.07.2008 г. № 281-1
Закон РК № "О финансовом лизинге" от 5.07.2009 г.
Закон РК "О банкротстве" от 21.01.2007 г.
Бейли Р., Майерс С. Принципы корпоративных финансов. - М.: Олимп-Бизнес, 2007 г.
Жуйриков К.К. Финансы хозяйствующих субъектов. Учебное пособие, тип «Комплекс», 2006г.
Жуйриков К.К. Финансы предприятия в условиях рынка. Алматы, изд. «Бастау», 2008г.
Жуйриков К.К., Раимов С.Р. Корпоративные финансы. Учебник.-Алматы:Алматинская академия экономики и статистики, 2009.-512с.