Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.86 Кб
Скачать

3. Негізгі құралдардың қозғалысын және тиімді пайдаланылуын бағалау.

Негізгі құралдардың  қозғалысы жаңару, істен шығу, өсім, айналым коэффиценттері, сондай-ақ негізгі құралдардың техникалық күй-жайын сипаттайтын коэффициенттер арқылы бағаланады.

Жаңару коэффициенті (Кж) негізгі құралдарды жаңартудың интенсивтілігін бейнелейді және жаңа келіп түскен негізгі құралдардың (НҚж) жыл соңындағы негізгі құралдар құнына (НҚжс) қатынасымен анықталады:

Кж=НҚж/НҚжс

Істен шығу коэффициенті (Кіш) негізгі құралдардың істен  шығу интенсивтілігін сипаттайды және істен шыққан негізгі құралдар құнының (НҚіш) жыл басындағы негізгі құралдар құнына (НҚжб) қатынасымен анықталады:

Кіш=НҚіш/НҚжб

Негізгі құралдардың  өсім коэффициенті (Кө) белгілі бір кезеңдегі негізгі құралдардың немесе оның жекеленген топтарының өсім деңгейін сипаттайды және негізгі құралдардың өсім құнының (НҚө) олардың жыл басындағы құнына (НҚжб) қатынасымен анықталады.

Кө=НҚө/НҚжб

Негізгі құралдардың  айналым коэффициенті (Ка) белгілі бір кезеңдегі айналымда жүрген негізгі құралдардың үлесін бейнелейді. Ол келіп түскен және істен шыққан негізгі құралдар құнының жыл басындағы негізгі құралдар құнына қатынасымен анықталады:

Ка=(НҚж+НҚіш)/НҚжб

Негізгі құралдардың  техникалық күй-жайын сипатайтын жалпылама көрсеткіштерге тозу коэффициенті мен жарамдылық коэффицинеті жатады.

Тозу коэффициенті (Кт) тозған негізгі құралдар құнының (НҚт) негізгі құралдардың бастапқы құнына (НҚбқ) қатынасымен анықталады.

Кт=НҚт/НҚб

Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті (Кж) негізгі құралдардың қалдық құнының (НҚқ) олардың бастапқы құнына (НҚб) қатынасымен анықталады.

Кж=НҚқ/НҚб=1-Кт.

Негізгі құралдардың  тиімді пайдаланылуының негізі жалпылама  көрсеткіші қор қайтарымы болып  табылады. Ол өндірілген өнім көлемі мен негізгі құралдардың орта жылдық құнына қатынасы ретінде анықталады:

Ққ=Ө/НҚ,

мұндағы: Ққ –  қор қайтарымы, Ө - өндірілген өнім көлемі, НҚ – негізгі құралдардың орта жылдық құны.

Егер қор қайтарымы  өндіріс нәтижелері қатынасын бейнелесе (өнім көлемі мен өндіріске салынған негізгі құралдар), оған кері шама негізгі құралдардың қор сиымдылығы өнімнің 1 тг-не келетін негізгі құралдар шығынын анықтайды. Қор сиымдылғының төмендеуі қор қайтарымының өсуін бейнелейді және келесі формуламен анықталады:

Қс=НҚ/Ө,

мұндағы: Қс –  қор сиымдылығы. 

Бақылау сұрақтары:

 Корпорацияның негізгі капиталы, құрамы. Корпорация жүйесіндегі негізгі құралдар дегеніміз не екенін анықтау керек. Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай қандай топтарға бөлінетінін білу керек. Материалдық активтер сатып алыну мақчсатына қарай қанша топқа бөлініп есептелінеді? Мысалы, корпорацияның қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалану мақсатында сатып алынған көлік құралының негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлы-материалдық қорлар құрамында есептеледі.  «Инвестиция» термині латынның «invest» сөзінен аударғанда қандай  мағынаны білдіреді?  Инвестициялық қызмет объектілері  болып не табылады? Инвестициялық қызмет субъектілері. Инвестициялық саясатты өңдеу кезінде ҚР-ның экономика министрлігімен нұсқау берілетін қандай  негізгі принциптерді қалыптастыру қажет? Инвеситициялық саясатты анықтау барысында қандай факторлар есепке алынады? Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары қандай негізгі бөлімдерді қамтиды:

      Корпорацияның инвестициялық саясатын  өңдеу кезінде тәуекелділік деңгейін  бағалау қажет. 

Амортизация, оны есептеу және негізгі капиталды  жаңартудағы орны.  

Негізгі оқу әдебиеттері

  1. Ібрішев Н.Н. Корпоравтивтік қаржы Алматы 2012

  2. Бигельдиева, З.А.   Корпоративтік қаржы   Алматы   2010  

  3. Кадерова Н.Н. «Корпоративтік қаржы, Алматы. Экономика, 2008.

Қосымша әдебиет

  1. Кашанина, Т.В. Корпоративные финансы, Алматы, 2009

  2. Макарова, О.А. Корпоративное право:Курс лекций, Москва, 2009

  3. Колпакова, Г.М.  Корпоративные финансы, Алматы, 2009