- •1.4 Корпорацияның қаржылық саясаты
- •Тақырып 3 Корпорацияның ұзақ мерзімді активтері
- •3. Негізгі құралдардың қозғалысын және тиімді пайдаланылуын бағалау.
- •Тақырып 4 Корпорацияның айналым капиталы
- •3. Отандық тәжірибеде өндіріс шығындары экономикалық элементтері бойынша жоспарланады. Шығындарды элементтері бойынша жоспарлау өндіріс шығындарының сметасы бойынша жүзеге асады.
- •2. Корпорация табысының жіктелуі және рентабельділігі.
- •3. Табыстарды жоспарлау. Корпорация пайдасын жоғарылату үшін оны алдын-ала жоспарлау қажет. Жалпы барлық корпорацияда пайда алдын-ала жоспарланады.
- •Негізгі оқу әдебиеттері
- •Қосымша әдебиет
- •Тақырып 7 Компанияның меншік капиталы
- •Қосымша әдебиет
- •Тақырып 8 Корпорацияны қарыз көздерінен қаржыландыру
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі оқу әдебиеттері
- •Қосымша әдебиет
- •3. Қаржылық жоспарлау бірнеше сатыдан тұратын күрделі процесті қамтиды:
- •Қосымша әдебиет
- •Тақырып 10 Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары
- •3. Корпорация өтімділігі негізінен алғанда баланс өімділігімен сипатталады. Сондықтан корпорация өтімділігін талдау үшін баланс өтімділігі көрсеткіштері зерттеледі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі оқу әдебиеттері
- •Қосымша әдебиет
- •Тақырып 11 Корпорацияның қаржылық қабілетсіздігі және қаржылық сауықтырылуы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі оқу әдебиеттері
- •Қосымша әдебиет
- •Тақырып 4 Корпорацияның айналым капиталы
- •Тақырып 5 Корпорация өнім өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындары және басқа да шығыстары
- •Тақырып 6 Корпорация табыстарының қалыптасуы және бөлінуі
- •Тақырып 7 Компанияның меншікті капиталы
- •Тақырып 8 Корпорацияны қарыз көздерінен қаржыландыру
Тақырып 4 Корпорацияның айналым капиталы
Корпорацияның айналым капиталы – бұл корпорацияның ағымдағы активтерге, яғни айналым құралдарына (қаражаттарына) салған капиталының үлесі.
Дебиторлық қарыздар – белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ, жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады.
Дебиторлық қарыз – бұл иелік ету құқын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған болашақтағы экономикалық тиімділік болып табылады
Өндірістік запастар – бұл өндіріс кезеңіне енгізілуге дайындалғвн еңбек құралдары және олар шикізат, жанар май, жартылай фабрикаттар, тара, және т.б.-дан тұрады.
Қысқа мерзімді бағалы қағаздар- айналым мерзімі қысқа болып келетін, тез ақша қаражатына айнала алатын, сол немесе басқа кәсіпорынның бағалы қағаздары жатқызылады.
Тақырып 5 Корпорация өнім өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындары және басқа да шығыстары
Шығындар – бұл активтердің азаюы (материалдардың, ақшалай қаражаттардың) немесе міндеттемелердің өсуі (көп жағдайда кредиторлық қарыздар).
Тұрақты шығындар - өндіріс көлеміне байланысты болмайды. Оған құралдардың құны, корпорацияның міндеттемелері, амортизациялық аударымдар, күзетшілер еңбек ақылары, жал төлемі, басқару персоналының еңбек ақысы және т.б. жатады.
Тұрақсыз шығындар - өндірілетін өнімнің көлеміне байланысты болады, яғни шикізат, материалдар, жұмыскерлердің еңбек ақысы және тағы басқалар.
Абзоршен-костинг - өткізілген өнім мен қоймадағы өнім қалдығы арасындағы барлық шығындарды бөлумен байланысты өнімнің өзіндік құнын есептеу әдісі;
Директ-костинг – барлық шығындарды тұрақты және тұрақсыз деп бөлу арқылы өнімнің өзіндік құнын есептеу әдісі.
Тақырып 6 Корпорация табыстарының қалыптасуы және бөлінуі
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар мен пайдалардың сомасы.
Табыстар – дегеніміз қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады.
Корпорацияның негізгі қызметтен алынатын табыстары - олардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады.
Корпорацияның негізгі емес қызметінен түскен табыстары дегеніміз – субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды орындауы барысында тапқан табыстарын айтады.
Жалпы пайда - өнімді өткізуден түскен пайда сомасы, негізгі құралдар және тағы басқа корпорацияның сатудан тыс операцияларынан түскен кіріс болып табылады.
Пайданы жоспарлау – қаржылық жоспарлаудың белгілі бір бөлігі болып табылады. Ол корпорация қызметінің барлық түрлері бойынша жеке-жеке жүргізіледі.
Тақырып 7 Компанияның меншікті капиталы
Жарғылық капитал дегеніміз – корпорацияның жекеменшік қорларының негізгі алғашқы қайнар көзі, негізгі және айналым капиталдарының ақшалай көрінісі.
Резервтік капитал – бұл кәсіпорынның кейбір жағдайларына байланысты құрылған ақша қорлары.
Жинақ қоры - өндірісті дамытуға бағытталған ақша қорлары.
Тұтыну қоры - әлеументтік қажеттілік, өндірістік саладағы емес объектілерді қаржыландыру және т.с.с. бағытталған ақша құралдары.
Валюталық қор – бұл корпорацияның даму саясаты үшін өнімдерді экспортқа шығару нәтижесінде валюталық түсім алу мақсатында корпорацияларда қалыптасады.
Негізгі құралдардың айналымдылығы – бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни корпорацияның есепті кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды.
Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті – ол өнімді сатудан түскен табысты баланс бойынша меншікті капиталдың есепті кезеңдегі орташа шамасына бөлгенге тең болады.
Ағымдағы активтер /мобильдік қаржылар/ немесе айналым капиталының айналымдылық көэффициенті- сатудан түскен түсімді ағымдағы активтердің орташа шамасына бөлу арқылы анықталады.
Материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті – ол сатылған өнімнің толық өзіндік құнын өндірістік қорлардың орташа өзіндік құнына бөлу арқылы анықтаймыз
Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті – ол өнімді сатудан түскен табысты баланс бойынша есепті кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасына бөлу арқылы анықталадлы.
Дебиторлық қарыздардың айналымдылық коэффициенті – ол сатудан түскен түсімді дебиторлық қарыздардың есепті кезеңдегі орташа шамасына бөлгенге тең
Кредиторлық қарыздардың айналымдылық коэффициенті – ол сатудан түскен түсімді кредиторлық қарыздардың орташа шамасына бөлу арқылы анықталады.
Бір акцияға түскен табыс – инвестор акция сатып алғанда әрқашан дивиденд түрінде алатын болашақ табысты қарастырып отырады.
