Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.86 Кб
Скачать

«Қаржы және есеп» кафедрасының мәжілісінде талқыланған

Хаттама №__ __________________20__ ж.

Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген

Хаттама №__ __________________20___ ж.

«Корпоративтік қаржы» пәні бойынша дәрістер жинағы: «Қаржы» мамандығы студенттеріне арналған./Құрас.: Э.ғ.к, доцент Махамбетова А.У, магистр, оқытушы Абельдинова М.Т., магистр, оқытушы Бекбаева М.К.

1-тақырып. Корпорациялар  қаржысы: ұйымдастыру  негіздері және олардың  қаржы ортасының  мазмұны

Лекцияның мақсаты:

Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру  негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұнын оқып-үйрену.

Негізгі сөздер: Корпорациялар қаржысы, жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары.

Негізгі сұрақтар:

  1. «Корпоративтік қаржы» түсінігі мен  мазмұны, атқаратын қызметтері

  2. Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру принциптері

  3. Корпорация қаржысы ұйымдастырудың ішкі жүйесі

  4. Корпорацияның қаржылық саясаты 

    1. Корпорациялар қаржысы – бұл корпорацияның  негізгі және айналым капиталын, ақшалай қаражат қорларын қалыптастыру және оларды пайдалану процесінде пайда  болатын қаржы немесе ақша қатынастары.

«Корпоративтік қаржы» пәні бұл корпорациялардың, яғни шаруашылық субъектінің қаржылық ерекшеліктерін зерттейді. Мұнда корпорацияеның қаржылық жағдайын бағалау, қаржылық жоспар мен болжамдар құру, экономиканың тұрақсыздығында корпорацияның қызмет ететін түрлі салаларда дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау жағдайы сияты мәселелер қарастырылады.

Корпорацияның қаржылық қатынастарын экономикалық мазмұнына  қарай келесі бағыттарда топтастыруға болады:

  • корпорацияны  құру сәтінде жарғылық капиталды  құрумен байланысты құрылтайшылар арасында пайда болатын қатынастар;

  • өнімді өндірумен байланысты корпорация мен ұйымдар арасындағы 

  • қатынастар;

  • корпорация  мен оның бөлімшелері арасындағы  қатынастар;

  • табыстарды  бөлу және пайдалану, акциялар  мен облигацияларды шығару және орналастыру, сыйақылар мен дивидендтерді төлеу және т.с.с. барысында корпорация мен қызметкерлер арасындағы қатынастар;

  • корпорация  мен жоғарғы ұйымдар, корпорацияның  мүшелік ететін одақтар мен  ассоцияциялар арасындағы қатынастар;

  • корпорация  мен мемлекеттің қаржы жүйесі  арасындағы қатынастар;

  • корпорация  мен банк жүйесінің арасындағы  қатынастар;

  • корпорация  мен сақтандыру компанияларының  арасындағы қатынастар;

  • корпорация  мен инвестициялық институттар  расындағы қатынастар.

 Корпорация қаржысының мәні оның атқаратын қызметтерімен айқындалады. Корпорациялар қаржысы келесідей қызметтерді орындайды:

      -ұдайы  өндірістік;

      -бөлу;

      -бақылау.

1.2 Корпорациялық қаржыны ұйымдастыру принциптері

Корпорация және кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру принциптері есеп қызметімен және мақсатымен нақтылы ұйымдастырылған құжаттармен тығыз байланысты. Қаржыны ұйымдастыру принциптеріне келесілерді жатқызуға болады:

1. шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу;

2. өзін-өзі қаржыландыру және өздігінен орнын толтыру;

3. қарыз және меншік айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін бөлу;

4. қаржы резевтерінің болуы;

Өзін-өзі реттеу принципі ғылыми-техникалық даму және кәсіпорынға өндірісті іске асыруда толық дербес шешім қабылдауымен тұжырымдалады, яғни қаржылық және еңбектік, материалдық резервтерден басқа. Кәсіпорын шығарған өніміне сұраныстан басқа даму перспективасын анықтап, тікелей өзінің қызметін жоспарлайды.

Өздігінен орын толтыру принципі корпорацияның дамуына салынған қаражаттар табыспен басқа да меншік қаржылық ресурстарымен орын толтыруын болжайды. Бұл қаражаттар кәсіпорынның меншік капиталына жататын нормативті экономикалық тиімділікті қамсыздандыруды талап етеді.

Өзін-өзі іске асырудан қайта қаржыландырудың айырмашылығы ол тек қана рентабельді жұмысты ғана емес, сонымен бірге қаржылық ресурстардың коммерциялық негізде қалыптасуы ұдайы өндірістік жай ғана емес күрделігін қамтамасыз етудің, бюджет жүйесінің кірісін болжайды.

Өзін-өзі қаржыландыру принципінің дамуы салық және несиенің есеп айырысу тәртібін, кәсіпорынның келісімшарт міндеттемесіне материалдық жауапкершілікті нығайтуды болжайды.

Акционерлік қоғамда қаржылық резевтер заңды түрде таза табыстан қалыптасады. Басқа шаруашылық субъектілерінің құрылуы ұйымдастырылған құжаттармен тәртіптелінеді.

Тәжірибеде берілген принциптерді іске асыру үшін шаруашылық субъектілерді қаржы басқару ұйымын және қаржы саясатын жетілдіруді жүзеге асыру қажет. Бұл жағдайда мақсатты ескеру керек:

1. Қызмет саласын (коммерциялық және бейкоммерциялық);

2. Қызмет (экспорт, импорт) түрлері (бағыт);

3. Құрам жабдық сомасы (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік, құрылыс, сауда және т.б.)

4. Кәсіпкер қызметінің ұйымды-құқықтық формасы.

1.3 Корпорация  қаржысы  ұйымдастырудың  ішкі  жүйесі- бұл корпорацияның қаржылық  міндеттемелерін орындауға, ағымдағы шығындарды және өндірісті дамытумен байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған меншікті ақшалай кірістер мен түсімдердің жиынтығы.

Корпорацияның қаржы ресурстары қалыптасу көздеріне  байланысты меншікті, қатыстырылған  және қарыз деп бөлінеді.

Корпорацияның ақшалай қорларына келесілер  жатады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке  ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары.

1.4 Корпорацияның қаржылық саясаты

Қаржылық саясат – корпорацияның белгілі бір ұйымдастырылған құжаттарымен техникалық және стратегиялық мақсаты бағытталған қаржылық жетістіктерді пайдалануын көрсетеді. Мысалы: нарықтағы тауар позициясының нығаюы, сату көлемінің жетістіктері, өзінің капиталы және активте рентабельділігі және табысы, балансты жою және төлем қабілеттілігін сақтау, акционерлер иелігінің өсуі.

Қаржылық саясаттың мазмұны көп шектенген және келесі топтарды қосады:

  1. Корпорацияның қаржылық тасқыны концепциясын оптимальды өңдеу; коммерциялық тәуекелден қорғау жоғары кірістердің үлесін қамтамасыз ету;

  2. Орташа перспектива ( жыл және одан әрі ұзартылған кезең) және ағымдағы период ( он күндік ( декада), ай ( квартал)) қаржылық ресурстарды іске асыруда негізгі бағытын айқындау. Бұл жағдай өндірістік тауар қызметінің даму мүмкіндігі есепке алынады. Бәрінен бұрын бұл макроэкономикалық конъюктураның күйіне жатады ( салық салу, банк пайызының есептік ставкасы, банктерді резевтеу үшін міндетті норма, негізгі құралдарға амортизациялық аударымдар және т.б.)

  3. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу бағытталған практикалық іс - әрекетін жүзеге асыру ( қаржылық анализ және бақылау, корпорацияны қаржыландыру әдістерін таңдау, қаржылық активтер және нақты инвестициялық жобаны бағалау және т.б.)

Шешілетін есеп негізіне және ұзақтығынан соң, қаржылық саясат, қаржылық стратегия және тактикаға бөлінеді.

Стратегиялық басқарудағы қазіргі заманғы концепция басымдылық бәсекелестігі және стратегия бәсекелестігі теорисымен құрылады, өткен ғасырдың 80 ж. АҚШ ғалымы М. Портермен зерттеген.

Бақылау сұрақтары:

  1. Корпорациялар қаржысына түсініктеме беру керек.

      Корпорацияның қаржылық қатынастарын экономикалық мазмұнына  қарай қандай бағыттарда топтастыруға болады?  Корпорациялар қаржысы қандайқызметтерді орындайтынын атап өту керек. Корпорация қаржысы ұйымдастырудың ішкі жүйесі анықтау. Корпорацияның ақшалай қорларына не жатады? Корпорациялар қаржы қызмет орындарының мәселелері  белгілі бір қағидаларға негізделеді, олардың қатарына не жататынын анықтау керек. 

Негізгі оқу әдебиеттері

  1. Ібрішев Н.Н. Корпоравтивтік қаржы Алматы 2012

  2. Бигельдиева, З.А.   Корпоративтік қаржы   Алматы   2010  

  3. Кадерова Н.Н. «Корпоративтік қаржы, Алматы. Экономика, 2008.

Қосымша әдебиет

  1. Кашанина, Т.В. Корпоративные финансы, Алматы, 2009

  2. Макарова, О.А. Корпоративное право:Курс лекций, Москва, 2009

  3. Колпакова, Г.М.  Корпоративные финансы, Алматы, 2009

  4. Яновская, О.А. Корпоративное управление  [Электронный ресурс]: учебник / О.А. Яновская, Н.В. Никифорова.- Алматы: Экономика, 2008.

2- тақырып. Қаржы – несие  шешімдерін қабылдауға қаржы-экономикалық есептеудің математикалық  негіздері

Лекцияның мақсаты: Қаржы – несие шешімдерін қабылдауға қаржы-экономикалық есептеудің математикалық негіздерін оқып-үйрену.

Негізгі сөздер: Дискондтау, компаудтау, ақшаның  уақытша  құны

Негізгі сұрақтар:

1.Ақшаның   уақытша  құны түсінігі

2.Дискондтау

3. Компаудтау

1.Ақшаның уақытша құны түсінігінің мәні неде.

     Ақша ежелгі заманда пайда  болды.Құнның жалпы құндық формасы  ақша формасына айналды .Ірі  еңбек бөлінісінің нәтижесінде  мал бағушылардың бөлініп шығуымен  мал айырбас құралына айналды.Ақшаның  мәні оның 3 қасиетінің бірігуінен  көрініс табады.

1.Жалпыға  тікелей айырбасталуы.

2.Айырбас  құнының дербес формасы.

3.Еңбектің  сыртқы заттық өлшемі.

 Ақшаның  әрбір қызметі ақшаның тауар  айырбастау процесінен туындайды.

Тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретінде әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездайді.Ақша 5 түрлі қызмет атқарады.

1.Айналым құралы.

2.Қор жинау  құралы.

3.Құн өлшемі.

4.Төлем құралы.

5.Дүниежүзүлік  ақша.

2. Дискондтау  дегеніміз не?

Дискондтау дегеніміз ағымдағы ақшаның құны белгілі болғандағы болашақ ақша құнын табу.Дисконд – дегеніміз несие және берілетін сумма

көлемі арасындағы айырма , яғни есеп ставкасы арқылы алынатын пайда.

P=S\1+(Д+К)і.

      

Қарызды өтеу соммасы  базалық қабылдау кезінде (100%).

Бұл жағдайда есептік  ставка d қолданылады.

Өсірілген сомманы  мына формула бойынша есептеуге  болады.

S=P\1-пd=P\1-а\kd

     Мұнда   п - ссуда мерзімі

               а  - есептік  ставка

               1-пd- дисконттық көбейткіш

 Басқа да  шарттар қойылған кездегі есептік  ставка кезенің анықтау  формулалары.

п=S-P\Sd

d=S-P\Sп=S-P\Sа К

п=S-P\рі

а=S-P\рі К

і=S-P\рп

і=S-P\ ра К

Р=S(1- пd)

 

Мысалы. Есеп 1.

20млн. теңге. Вексель  Аудару  мерзімі 2 жыл. Жылдық коммерциялық банкпен есептік ставкасы 20%

1) Жай есептік  ставка бойынша несие алушының ақша соммасы және

банктің  дисконты қанша. 

S=20млн.                      Жай есептік ставка бойынша Р=S(1-dп)

п=2                                 Р=20(1-2  0,2)=12млн.

d=0,2                              Д=8млн

Табу керек, Р,Д

                                       Күрделі есептік ставка бойынша

Р=20(1-0,2)2=12,8млн

Д=7,2млн. 

3.Компаудтау дегеніміз не?   Ағымдағы ақша құны белгілі болған жағдайда болашақ ақша құнын табу дискондтау болатын, ал өсірілген сомма көлемін табу компаудтау деп аталады.

 Компаудтау  кезінде жай және күрделі ссудалық пайыздар қолданылады.

Жай ссудалық пайыздар қандай жағдайда қолданылады.

1.Жай ссудалық  пайыз.

S=P(1+пі)

S=(1+\к*і)

S=P(1+\360*і)

S=1+\365(366)*і)

2.Жай есеп пайызы .

S=P\1-пd

S=P\1-к*d

п-S-P\Sd

d=S-р\Sп                     d=S-р\S*K

3.Инфляция   ескерілгендегі  жай есеп ставкасы

Sr=P(1-і)*(1+r)

Sr=P(1+\к*і)*(1+\k*r)

4.Инфляция ескерілгендегі жай есеп ставкасы.

Sr=P(1+ \k*r)=P(1+\k*r)1-\k*d

Sr=P\1-\k*dr

dr=d+r\1+\k*r

5.Жай ссудалық пайыздарды дискондтау.

P=S\1+пі

Р=S-P\Pі *k

і=S-Pп  і=S-P\P*k

6.Жай есептік ставка бойынша дискондтау.

P=S(1-nd)

n=S-P\Sd

d=S-p\Sn       d=S-P\S*k

Күрделі ссудалық пайыздар қандай жағдайда қолданылады.

1.Күрделі ссудалық  пайыз.

n

S=P(1+і)

mn

S=P(1+j\m)

mn

S=P(1+j\m)       (1+і*j\m)

2.Күрделі есеп ставкасы.

n

S=P\(1-dc)

mn

S=P\(1-j\m)

mn

S=P\(1-j\m)      (1-I*j\m)

3.Инфляция ескерілгендегі  күрделі есеп пайызы.

n            n

Sr=P(1+іс)        (1+r)

mn          n

Sr=P(1+j\m)      (1+r)

4.Инфляция  ескерілгендегі күрделі есеп ставкасы.

mn         n

Sr=P(1-dn\m)      (1+r)

mn

Sr=P\(1-dur\m)

5.Күрделі ссудалық  пайыздарды дискондтау

n

P=S\(1+і)

mn

P=S\(1+j\m)

6.Күрделі есептік ставка бойынша дискондтау.

n

P=S(1-dc)

n=P\S(1-dc)       n=P\S\(1-j\m)

 

Бақылау сұрақтары:

Ақшаның  уақытша  құны түсінігінің мәні неде.  Ақшаның мәні оның қандай  қасиетінің бірігуінен көрініс табады. Ақша қандай  қызмет атқаратынын білу керек. Дискондтау  дегеніміз не? Басқа да шарттар қойылған кездегі есептік ставка кезенің анықтау формулалары. 1) Жай есептік  ставка бойынша несие алушының ақша соммасы және банктің  дисконты қанша.Компаудтау дегеніміз не?   Жай ссудалық пайыз. Инфляция   ескерілгендегі  жай есеп ставкасы. Жай ссудалық пайыздарды дискондтау. Жай есептік ставка бойынша дискондтау. Күрделі ссудалық пайыздар қандай жағдайда қолданылады. Күрделі есеп ставкасы. Инфляция ескерілгендегі күрделі есеп пайызы. Күрделі ссудалық пайыздарды дискондтау. Күрделі есептік ставка бойынша дискондтау.

Негізгі оқу әдебиеттері

  1. Ібрішев Н.Н. Корпоравтивтік қаржы Алматы 2012

  2. Бигельдиева, З.А.   Корпоративтік қаржы   Алматы   2010  

  3. Кадерова Н.Н. «Корпоративтік қаржы, Алматы. Экономика, 2008.

Қосымша әдебиет

  1. Кашанина, Т.В. Корпоративные финансы, Алматы, 2009

  2. Колпакова, Г.М.  Корпоративные финансы, Алматы, 2009

  3. Яновская, О.А. Корпоративное управление  [Электронный ресурс]: учебник / О.А. Яновская, Н.В. Никифорова.- Алматы: Экономика, 2008.