Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 к. ТҚН каз ОБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.69 Mб
Скачать

Ақ және тж басқару органдары мен қызметтері

АҚ шаралардың орындауды қамтамасыз ету үшін мына органдар құралады:

- ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органы мен оның құрылымдық аумақтық органдары;

- орталық және жергілікті атқарушы органдардың АҚ бөлімдері (қызметкерлері);

- ұйымдарда АҚ штабтарды немесе АҚ бастығына тікелей бағынатын АҚ мен ТЖ жөніндегі босалқы мамандар.

ТЖ басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары лауазым бойынша АҚ тиісті орынбасарлары болып табылады.

АҚ арнайы шараларын орындауды және осы мақсаттағы күш пен құралды даярлауды камсыздандыру үшін республикалық, облыстық, аудандық, қалалық АҚ және ТЖ қызметтері, сондай-ақ қажет жағдайда АК, бастығына тікелей бағынатын ұйымдардың АҚ және ТЖ қызметтері құрылады.

АҚ және ТЖ қызметтері ҚР Үкіметінің қаулысымен, облыс, қала, аудан әкімдерінің, ұйымдар басшыларының шешімдерімен құрылады.

АҚ және ТЖ республикалық қызметтерінің тізбесін ҚР Үкіметі аңықтайды. Олар туралы ережені ҚР орталық атқарушы органы бекітеді.

АҚ және ТЖ нүктелерінің, күштері мен құралдарының, қызметтерінің әзірлігі жөніндегі жауапкершілік олардың негізінде құрылған орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледі.

Орталық, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарда АК, көшіру шараларын ұйымдастыру мақсатында көшіру, көшіру-қабылдау комиссиялар құрылады.

Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау

Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен апат қауіпі төнген немесе болған кезде) және дау шабуылы қауіпі кезінде төнген қауіп туралы халыққа дер кезінде және сенімді хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшін электр сиреналары мен өндірістік гудоктар және "Баршаңыздың назарыңызға !" АҚ ескерту дабылының берілгендігіне өзге де құралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлау қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің) шұғыл хабарын тыңдаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек.

Соғыс уақытында жау шабуылуы мен әуе радиоациялық, химиялық және бактериологиялық қауіп төнген кезде де "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы беріледі, оның артынша халықтың алдағы іс-әрекеті мен панаханалардың орналасқан жері туралы ақпарат беріледі.

Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігі қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халықты экономиканы, республика аумағы осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зілзаладан, ірі авария мен апаттан қорғау мақсатындағы жалпы мемлекеттік шараларының құрамдас бөлігі болып табылады.

Азаматтық қорғаныстың рөлі мен орны елдің геосаяси жағдайын, шектес мемлекеттермен және алып державалармен саяси қарым-қатынасының жәй күйін, экономикасының даму деңгейін, әскери доктрина мен әскери іс саласындағы мемлекеттік саясатын аңықтайды.

Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тіршілігін ұйымдастыру үшін бірінші кезектегі міндет жүктеледі.

Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдайда халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі негізгі міндеттері "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында аңықталған.

Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, меншіктің барлық нысанындағы объектілер орындауға міндетті. Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]